Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Биогеохимиялық провинциялар

Жер қыртысы литосфераның сыртқы бөлігі болып саналады, сон­дықтан ол аналық жер жыныстарының негізгі химиялық құрамын бейне­лейді. Біздің ғасырдың 30-шы жылдарында академик В.Ч.Вернадский ге­охимиялық үрдістерді зерттей отырып жер қыртысының химиялық құра­мының өзгеруі тірі организмге әсер ететіндігін анықтаған. Сон­дықтан биогеохимия деген ғылым пайда болды, ол ары қарай А.П.Виног­радовтың, В.В.Ковальскийдің және т.б. жұмысында дамыды. Сондай-ақ биогеохими­ялық провинциялар туралы ілім пайда болды. Белгілі-бір территория­ларда жер қыртысында кейбір химиялық элементтердің (немесе элемент­тің) жетіспеуі немесе тым көп болуы, сондықтан тірі организмдерде патологиялық өзгерістердің пайда болуы биогеохимиялық провинциялар деп аталады.

Биогеохимиялық провинциялар табиғи және жасанды (техногенді, антропогенді - адам тіршілігінің арқасында пайда болады) болуы мүмкін. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда жасанды түрінің маңызы зор. Бірақ алғашқыда биогеохимиялық провинциялардың табиғи түрі зерттел­ген.

Қытайдың және Кореяның кейбір аудандарының жер қыртысында кальцийдің жетіспеуі, ал стронций мен барийдің тым көп болуы уров ауруының (Кашин-Бек ауруы) дамуына яғни, адамдар мен жануарлардың сүйек жүйесінің зақымдалуына әкеліп соғады. Шотландияның жер қыртысында темірдің жетіспеуі қаны аздық аурудың дамуына әкеліп соғады, ал Англия мен Арменияда молибденнің тым көп болуы эндемия­лық құян (подагра) ауруын пайда болдырады. Сондықтан санитарлық дәрігер тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалай отырып, өзіне қарасты территорияда осындай провинциялардың бар-жоқтығын білуі қажет.

1958 жылдардың өзінде ғана бұрынғы ССРО-ның территориясында 14 биогеохимиялық провинциялар анықталған.

Мұндай провинци­ялар Қазақстанның территориясында да бар. Бірақ гигиенистер көбінесе қоршаған ортаны химиялық заттармен өте күшті ластайтын шығу көздерінің айналасында пайда бо­латын техногендік биогеохимиялық провинциялармен жұмыс істейді. Егер адамға қауіпті әсерінің дәрежесі бойынша бағаласақ және қоршаған ортаға түсетін жүктемесін ескерсек, онда бірінші орында ауыр металдар, хлорлы көмірсутектер, нитраттар және пестицидтер тұрады.

Қазіргі уақытта өндірістік тастамалардың әсерінен антропагенді химиялық ластану ерекше байқалуда. 20 ғасырдың 2-ші жартысында антропогендік немесе техногендік деп аталатын жасанды биогеохимиялық провенциялар анықталды. Олар 10 жылдар бойы қуатты өндірістік кешен есебінен пайда болады. Мысалы, Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанда ірі түсті металлургия нысандарының маңында техногенді биогеохимиялық провенциялар пайда болды (Өскемен, Лениногорск, Зыряновск, Балқаш).

Қазақстанның ғалымдары көптеген жылдар бойы осы аумақтада зерттеулер жүргізіді. Олар алғаш рет қоршаған ортаның оның ішінде топырақтың ауыр металдармен интенсивті ластанғандығын анықтады және ауыл-шаруашылық малдарынды және жергілікті халықтардың биологиялық субстраттарынан ауыр металдардың жинақталуын анықтады. Шығыс Қазақстан обласының аумағында қоршаған ортаның ауыр металдармен орасан ластанған кең биогеохимиялық провинцияны анықтады.

Гигиенистер, биологтар және клиникалық дәрігерлер кәсіптік патологияны зерттеді. Өскемен қаласының орталығында гигиена және кәсіптік аурулар ғылыми зерттеу институтының филиалы құрылды. Шығыс Қазақстан облысын кешенді түрде зерттеу нәтижесінде бұл аймақты экологиялық апат аймағына жатқызуға болатындығы туралы мәселе көтерілді.