Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Иллюстративный материал:

1. СЛАЙД Су нысандарында химиялық заттарды гигиеналық нормалау.

2. СЛАЙД Гигиеналық нормалаудың сатылары.

5. Әдебиет

  1. Гончарук Е.И. «Общая гигиена. Пропедевтика гигиеның. – Киев. 1991.

  2. Гончарук Е.И. «Коммунальная гигиенаң, Киев, 2006.

  3. Измеров Н.Ф., Саноцкий И.В. Принципы и методы установления ПДК вредных веществ. – М.- 1993.

  4. Красовский Г.Н. Принципы эколого-гигиенического регламентирования качества воды водных объектов. – Водные ресурсы.- 1995. - №2

  5. Мазаев В.Т., Королев А.А., Шлепнина Т.Г.. «Коммунальная гигиенаң, Часть 1.- М.- 2005.

  6. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң.-Алматы.-2004.

  7. Принципы и методы оценки токсичности химических веществ. Часть І. // Гигиенические критерии состояния окружающей среды, 6., – Женева.- 1994.

  8. Санитарно-эпидемиологические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения. СанПиН РК № 3.02.002.04.

  9. Санитарно-эпидемиологические требования по охране поверхностных вод от загрязнения. СанПиН РК № 3.02.003.04.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжатты білесіз?

2. Су нысандарында химиялық заттарды гигиеналық нормалау.

3. Химиялық заттарға гигиеналық стандарттар бекітудің әдістері.

4. Гигиеналық нормалау.

5. Химиялық затардың трансформациясы.

4 кредит

1 – дәріс.

1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.

2. Мақсаты: Студенттреге топырақты қорғаудың қазаіргі заманғы мәселелерін таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

  1. Жер қыртысы гигиенасының даму тарихы.

  2. Топырақтың гигиеналық маңызы.

  3. Тпырақтың эпидемиологиялық маңызы

  4. Топырақтың биогеохимиялық маңызы.

  5. Агрохимикаттар.

  6. Жер қыртысын санитарлық бағалау.

Жер қыртысы гигиенасының даму тарихы

Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктеріне сәйкес топырақты орасан зор табиғи лаборатория деп есептеуге болады, өйткені онда күрделі органикалық заттардың ыдырауы мен синтезі жүреді, жаңадан органикалық емес қосылыстар жүреді. Топырақ жер беті және жер асты ауыз суымен қамтамасыз ету көздерінің табиғи су құрамын қалыптастыратын негізгі биосфераның элементі болып табылады. Топырақ арқылы жануар және өсімдік текті тағамдық өнімдердің химиялық құрамын анықтауға болады. Адам тұтынатын фитобиомасса топырақтың табиғи химиялық құрамына байланысты, сондай-ақ адамның іс-әрекеті нәтижесінде түзілетін топыраққа түсетін экзогенді заттарға да байланысты.

Топырақ жергілікті климатқа сондай-ақ атмосфераның химиялық құрамына да әсер етеді. Топырақтың құрамындағы химиялық заттар буланып ауаның жер бетілік қабатына жоғары концентрацияда түсуі мүмкін. Бұл көбіне топырақтың техногенді ластануы кезінде сирек табиғи жағдайда байқалуы мүмкін.

Адам бұрыннан топырақты тұрмыстық қалдықтарды көму үшін пайдаланған, ал қазіргі таңда ағынды суды, сонымен қатар өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тазарту және залалсыздандыру үшін пайдаланады. Гигиеналық көзқарас жағынан топырақты залалсыздандыру өте тиімді болып табылады. Ерте заманнан бастап-ақ адам топырақты «тазаң топырақ және «ласң деп бөле отырып, өзінің денсаулығына әсер ететін фактор деп санаған.

Табиғи ортадағы барлық нысандардың ішінде су мен атмосфералық ауа көбірек, ал топырақ азырақ зерттелген. Егерде бүгінгі таңда атмосфералық ауаға 600 астам (ШРЕК және БРЕД) гигиеналық нормативтер өңделген, су үшін 1000 астам (ШРЕК және БЕД), ал топырақ үшін небәрі 200 ғана. Топырақ гигиенасы бойынша ғылыми басымдар саны да төменгі орындарға ие.

Топырақ адамға өте сирек түрде ғана тікелей әсер етуі мүмкін, көбіне жанама түрде ғана әсер етеді. XX ғасырдың 70-жылдарына дейін бірде бір ел топырақтағы химиялық заттарды нормалауды ғылыми негіздеу жүргізілген жоқ, ал тұрғындардың денсаулығына жер қыртысының әсері туралы мәселе қозғалған да жоқ. Бірақ ірі өндірістік қалаларда өндірістік тастамалардың әсерінен, тұрмыстық қалдықтардың салдарынан топырақтың интенсивті ластануы жүреді. Ауыл шаруашылығындда пестицидтердің және минералды тыңайтқыштардың кең қолдануы нәтижесінде жер қыртысына, суға және тағамдық өнімдерге түсіп, адам денсаулығына зияныны тиізеді.

Макс Жозеф Петтенкофердің (1818-1901), аурулардың таралуындағы жер қыртысының локалистикалық теориясының негізі осында жатыр. Ол жылдары инфекциялардың қоздырғыштары белнгісіз болғандықтан ғалым аурушаңдықтың жиілігі адамдар тұрып жатқан мененнің жер қыртысының түріне және грунт суларының деңгейіне байланысты деп есептеген. Петтенкофер көрсеткендей теория қате болған, ол сол кезеңнің ғылым деңгейімен түсіндірілді, бірақ қазіргі кезде жер қыртысының бірқатар аурулардың таралуындағы рөлі күмән келтірмейді.

1883 жылы неміс бактериолог-ғалым Роберт Кох Египтегі холера эпидемиясы кезінде осы аурудың қоздырғыштарын тауып жұқпалы аурулардың этиологиясында микроорганизмнің рөлі туралы мәселені көтерді. Петтенкофер Кохтың бұл пікірімен келіспеді, өзінің топырақтық локолитекалық теориясын дәлелдеу үшін өзіне тәжірибе жүргізді. 1892 жылы 74 жастағы профессор холера вибриондарының дақылын ішті бірақ холерамен ауырған жоқ, тек бірнеше күн өзін нашар сезінді. М. Петтенкофердің шәкірті – Р. Эммерих ұстазының тәжірибесін қайталады, нәтижесі ұстазындағыдай болды. Бірақ Петтенкофердің – екінші шәкірті Оргель, өзіне ұқсас тәжірибе жасап, холераның классикалық түрімпен ауырып, қайтыс болды.

Топырақты санитарлық қорғауды бірініші кезеңіне (1852 ж) ерте заманнан бастап Луи Пастердің жаңалығына дейінгі кезеңді жатқызуға болады. Екінші кезең (1852-1952) топырақтың физико-химиялық қасиеттерін және тірі нысандарды зерттейтін кезең. Осы кезеңде ғалым Виноградовтың А.П. табиғи биогеохимиялық провенциясы туралы, қалдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданатын орта туралы зертеле бастады. Үшінші кезең (1952-1972) топырақтың улы химиялық заттармен, патогенді микроорганиздемен топырақтың ластануымен сипатталады. Ол ауыл-шаруашылығын жаппай химияландыру, топырақтың пистициттер ластану кезеңімен байланысты болды. Сондықтан төртінші кезең топырақты экзогенді химиялық заттарды нормалаудың әдістемесін ғылыми негіздеу болып табылады.

XІX ғасырдың аяғында Доброславин А.П. Петербург қаласының топырағын зерттеді, кейінірек Бубнов С.Ф. және Орлов С.С. – Москва қаласының топырағын зерттеді. Хецров И.Р. Москва қаласының топырағын қаладағы салынатын метрополитен құрысына байланысты зерттеді, ал 1938 ж. қаланың санитарлық дәрігері Винокуров Л.И. бұл зерттеулерді кеңейтті. Бұл зерттеулердің барлығы микробиологиялық тәжірибелер ғана болды, ал топырақтың химиялық қасиеті, оған бекітілетін норматив туралы мәселелер қозғалған жоқ.

Тек 1971 ж. ғана Горбов В.А. топырақтағы зиянды заттарды нормалау туралы мәселені қозғады, одан кейін Спын Е.И. және оның қызметкерлерітопырақтағы пестицидтерді нормалау принциптерін өңдеп, дүние жүзі бойынша бірінші рет 4 хлор органикалық препараттарға болжамды ШРЕК бекітілді.

Сондай-ақ 1971 ж. Москвада Елді мекенді және топрыақа санитарлық қорғау бойынша Бүкілодақтық мәжіліс өтті, ал 1973 ж. «Қоршаған орта гигиенасының ғылыми негіздерің атты Бүкілодақтық проблемалық комиссияның ішінде «Жер қыртысы гигиенасы және елді мекенді санитарлық тазартуң секциясы құрылды. Комиссия мәжілісінде топырақты санитарлық қорғау мақсатында оның құрамындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен практикасын өңдеу ресми түрде ұсынылды. Осы кезеңнен бастап ССРО-да жер қыртысы гигиенасы кең түрде дами бастады.

Жер қыртысын санитарлық қорғау бойынша зерттеулерде топырақтағы экзогенді химиялық заттарды нормалаудың әдістемемесін ғылыми негіздеу негізгі мәселе болып табылды, бұл зертеулермен Гончарука Е.И бастағын украин гигиенистері айналысты. ЭХЗ-ды нормалаудың принципиальді схемасы Киев жалпы және коммуналдық гигиена ҒЗИ-да (бұрын А.Н. Марзеев атындағы Гигиена және медициналық экология институты деп аталған) өңделді. Топырақтағы ЭХЗ-ды нормалау теориясы 1972 ж. Москвада гигиенистердің XVІ Бүкілодақтық съездінде мақұлданды.

Профилактикалық медицина үшін елді мекеннің жер қыртысының маңыздылығы келесідей анықталады:

  • патогенді бактериялар мен вирустардың топырақта өмір сүру қабілетілігі;

  • геогельминттер мен шыбындардың дамуындағы топырақтың маңызы;

  • топырақта улы заттардың болуы;

  • топырақтың радиоактивтілігі;

  • топырақтың өзін-өзі тазартуға қабілеттілігі;

  • табиғи судың сапасына ластанған топырақтың әсері;

  • атмосфераның тазалығына ластанған топырақтың әсері;

  • топырақтың микроэлементтік құрамы және оның өсімдік тағамдарының құрамына әсері;

  • топырақтың адам денсаулығына әсері.

Топырақтың гигиеналық маңызы.

Гигиеналық және эпидемиологиялық көзқарас жағынан елді мекендердің санитарлық маңызы үш негізгі тұрғыдан анықталады: гигиеналық, эпидемиологиялық және биогеохимиялық. Жер қыртысының гигиеналық маңызы анықталады: жер қыртысының адам организміндегі жұқпалы емес патологияның дамуына әсерімен, жер қыртысының өзін-өзі тазарту мүмкіндігімен - ағынды суларды тазарту әдістері мен тұрмыстық қалдықтарды жою осыған негізделген, ластанған топырақтың өсімдікті өнімдердің сапасына әсерімен, жер қыртысының атмосфералық ауаның химиялық заттармен екіншілік ластануына әсерімен.

Жер қыртысының эпидемиологиялық маңызы анықталады: вегетативті өмір сүру қабілеттілігі, жер қыртысының гельминттер дамуының аралық тізбегі ретіндегі рөлі, жер қыртысының шыбындардың таралуындағы рөлі. Жер қыртысының биогеохимиялық рөлі мемлекеттің, областың, ауданның территорияларында биогеохимиялық провенциялардың (табиғи және техногенді) болуымен анықталады.

Жер қыртысы туралы ғылымның негізіні қалаушы В.В. Докучаевтің айтуы бойынша, топырақ - табиғи жыныстардың материаларынан микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың, жергілікті жердің климаты мен уақытының әсерінен пайда болған, көп құрамды дисперсті жүйе болып табылады. Гигиенистер барлық топырақты шартты түрде 3 түрге бөледі:

  • елді мекеннен тыс жерлердегі табиғи топырақ;

  • табиғи топыраққа антропогенді қоспалардың қосылу нәтижесінде пайда болған, елді мекендердегі жасанды топырақ;

  • жасанды жабындымен жабылған топырақ (асфальт, бетон т.б.).

ТМД территориясында 80 астам топырақ түрлері кездеседі, яғни оның жеті түрі негізгісі болып табылады: тундыралық, сортаң, серые лесные, қара топырақ, сарғылт, сұр топырақ және қызғыш топырақ. Қазақстан территориясының көп бөлігінің құғақ даласында сарғылт топырақ және жартылай жазық далада қоңыр топырақ.

Гигиенистер үшін топырақтың механикалық құрамы бойынша оны бағалаудың маңызы зор, өйткені топырақтың кеуектілігі, ылғал өткізгіштігі, ауа өткізгіштігі сүзу қабілеттілігі, органикалық ластанудан топырақтың өзін-өзі тазарту процесіне әсер ететін қасиеттері және химиялық заттардың суға және өсімдіктерге миграциялануы да осыған байланысты. Топырақтың механикалық құрамы арнайы елеуіш Кнопп арқылы елеп, Качинский жіктелуі бойынша анықтайды.

Көрсетілген жіктелу бойынша жер қыртысы келесі бөлшектерге бөлінеді:

• 3 мм жоғары көлемдегі – тас және гравилер;

• 3-тен 1 мм – ірі құм;

• 1-0,25 мм – орташа құм;

• 0,25 мм төмен – майда құм, шаң, балшық.

Әртүрлі диаметрдегі тесіктері бар Кнопп елеушісі арқылы топырақ сынамасын сәйкес фракцияларға бөліп, оның механикалық құрамы туралы болжам жасауға болады.

Екі топырақ горизонтының гигиеналық маңызы жоғары: беткейлік қабат, грунт суының деңгейіне дейін. Беткейлік қабаттың қалыңдығы 25 см аспайды, онда органикалық заттардан топырақтың өзін-өзі тазарту процесі интенсивті жүреді және экзогенді химиялық заттардың тағамдық өсімдіктеріне, атмосфераға және грунт суларына миграциясы жүреді. Топырақтың екінші қабатында беткейлік қабаттан кейін грунт суының пайда болу қабаты, қалдықтар мен ағынды суларды зарарсыздандыру, сондай –ақ су құбырларын және канализациялық тораптарды орналастыру жүреді.

Грунт суларын құрайтын топырақ горизонты Гофман зонасы деп аталады және олар су өткізбейтін қабатқа дейін жетіп, атмосфералық жауын-шашышдар жиналып сулы горизонтты түзеді. Су өткізбейтін қабатқа негізінен гранит, майлы саз, сондай-ақ тығыз құмдақ жатады. Су горизонттағы су топырақтың капилларлығына байланысты жоғары көтеріліп, грунт суларының капиллярлық көтерілу зонасын түзеді.

Топырақтың механикалық құрамына оның кеуектілігі, саңылаулардың мөлшері, ауа өткізгіштік және сүзілу қабілеттілігі байланысты. Ірі саңылаулы топырақтар мысалы құмды, ауаны, суды, әртүрлі ластануды жақсы өткізіп, грунт сулары тез ластанады. Ұсақ саңылаулы топырақтар керісінше сүзілу қабілеттілігі төмен, суды ұстап қалады, нашар аэроциаланады, онда ластаушалардан өзін-өзі тазарту мүлдем жүрмейді.

Капиллярлық қасиеті жоғары топырақтарда грунт суларынан деңгейі жоғары орналасқанмен де үйлерде дымқылдану жүреді. Гигиенистер ғимараттарды салу кезінде ағында суларды зарарсыздандыру, қалдықтардыға арналған полигондарды орналастыру сұрақтарын шешуде осы заңдылықтарды ескеру қажет.

Жер қыртысының эпидемиологиялық маңызы

ХІХ ғасырда Макс Петтенкофер айтқандай, топырақтың жер қыртысының эпидемиологиялық маңыздылығының пракатикалық ролі зор.

Жоғарыда жер қыртысының химиялық заттармен техногенді ластану­ының әсері зерттелді. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда жер қыртысының тұрмыстық қалдықтармен органикалық ластануының да маңызы зор, себе­бі жер қыртысының инфекциялық және паразитарлық ауру­лардың пайда болуында ролі өте зор. Органикалық қалдықтармен лас­танған жер қыртысы сақтау ортасына айналады және патогенді ішек таяқшаларының, вирустардың және гельминттердің жұмыртқаларының қарқынды дамуына әкеліп соғады.

Осымен қатар жер қыртысына түскен патогенді микроорганизмдер­дің негізгі массасы тіршілік етуге қолайлы жағдай таппайды, сон­дықтан ақырындап жойылады. Бірақ бұл мерзім әр-түрлі уақытқа созы­луы мүмкін, ол жер қыртысының физико-химиялық құрамына, аэрациялану жағдайына, рН-на, ылғалдылыққа, температураға, күн көзі сәулесінің тікелей әсеріне және басқа да факторларға байланысты болады.

Жер қыртысының жоғарғы қабатының (5 см дейін) эпидемиология­лық тұрғыдан қауіптілігі өте зор. Терең орналасқан қабаттарында микроорганизмдердің тіршілік ету мерзімі өте аз болады. Жер қырты­сына ішек таяқшалары тек нәжіспен ғана түсетінін, яғни олардың дамуына қолайлы орта дамитынын ескеру қажет. Тыңайтылмаған жер қыртысында және 10-20 см тереңдікте көптеген бактериялар 10-12 күнде өледі.

Ішек таяқшасы тобының патогенді бактериялары жер қыртысына ауру адамдардың нәжістері арқылы түседі. Сондықтан патогенді қоз­дырғыштарды тікелей бөліп алу санитарлық практикада сирек кездесе­ді. Жер қыртысы жанама көрсеткіштер бойынша, яғни судың эпидемиологиялық қауіпсіздігінің де көрсеткіші болып саналатын ішек таяқшасымен бағаланады.

Жер қыртысының тұрмыстық қалдықтармен ластануы – гельминтоздармен ластануының негізгі жолы. Гельминттер жұмыртқасы жер қыртысында бір жылдан артық сақталады және бактериялар мен ви­рустардан айырмашылығы - терең қабаттарда орналасады. Жер қыртысы­ның беткі қабатында күн сәулелерінің әсерінен жұмыртқалардың негізгі мас­сасы тез қырылады, бірақ 40-60 см тереңдікте олар 42 айға дейін тіршілігін сақтайды.

Гельминттер даму циклына байланысты 3 түрге бөлінеді: геогельминттер, биогельминттер және контактылы гельминт­тер. Геогельминттерге аскаридалар мен власоглавтар жатады, олардың дамуының бір стадиясы жер қыртысында өтеді. Адамға жер қыртысында гельминт жұмыртқаларының личинкалары дамығаннан кейін ғана қауіпті болып саналады.

Биогельминттерге сиыр және шошқа цепені (солитеры) жатады. Адамның ішегінен бұл жұмыртқалар жер қыртысына түседі, содан соң жануарлардың жеміне түседі және сол сияқты. Адамға гельминттер личинка сатысында малдардың еті арқылы жұғады.

Аскаридалардың, трихоцефалдардың жұғуының негізгі жолы - лас­танған жер қыртысымен тікелей жанасу және сол жерде өскен көкөніс, жемістерді тамаққа пайдалану. Сондықтан балалар мекемелерінің территориясындағы топырақтың маңызы зор.

Жер қыртысында ботулизм қоздырғышы да ұзақ уақыт сақталады. Сонымен қатар, қолайлы жағдайларда ботулизм споралары вегетативті түріне айналады және қарқынды дамиды. Бұған жер қыртысындағы шіріген органикалық заттар, анаэробтық орта және қолайлы темпера­тура себеп болады.

Сіреспе ауруының таяқшасы да тіршілікке қабілеттілігін көп уақыт сақтайды. Бұл үшін ылғалдылығы жоғары қара топырақты жер және құнарлы заттардың көптігі қолайлы болады. Құмды жерлерде сіреспе таяқшасы тіршілігін көп сақтай алмайды.

Түйнеме ауруының эпидемиологиясында жер қыртысы маңызды роль атқарады. Топырақтағы жоғарғы температура, бейтарап реакция, аэрация және құрамында шіріген заттардың көп болуы осы инфекцияның қоз­дырғыштары үшін ең қолайлы орта болып табылады. Түйнеме ауруының ең көп тараған жері - оңтүстік далалық региондар және осы аурулар­дың 10 %-ті жер қыртысымен тікелей жанасқанда пайда болады.

Қазіргі классификация бойынша бірқатар нозологиялық түріне байланысты келесі топқа бөлуге болады:

  1. Бактерия текті ішек инцфекциялары: дизентерия, іш сүзегі;

  2. этиологиясы вирустық ішек инфекциялары;

  3. геогельминтоздар: аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз;

  4. қоздырғышы табиғи топырақта болатын инфекциялар: сіреспе (столбняк), ботулизм, газды гангрена;

  5. зооноздар: бруцеллез, сібір жарасы;

  6. кеміргіштермен таралатын инфекциялар: оба, тулеремия.