Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

3Кезең – созылмалы эксперимент.

Зертханалық жануарларға 6 ай бойы жасалады.Егер жедел жеделдеу және созылмалы тәжірибе нәтижесі бойынша, қосылыс 2 класс қауіптілікке жатқандығы анықталса эксперимент аяқталады.Егер зат жоғары токсигенді болса, келесі соңғы кезеңге көшеді.

4 Кезең – толық ашылған кесте.

Аса қауіпті заттарды нормалау үшін канцерогенді және басқа да алыстатылған эффектіні орнатуда өмір бойы эксперимент жүргізіледі. Кезеңді нормалау ПДК орнату мерзімін 10-20 рет қысқартады, көптеген заттар үшін толық эксперимент жүргізу дәрежесіне ие болмайды.

Кейінгі жылдары су объектілерінде химиялық заттарды этапты нормалау С.Н.Черкинский ұсынған әдіс құрылымы негізінде жаңа ғылыми еңбек аспектілері қатарымен толтырылған, олар өзгеріссіз қалды.Қазіргі уақытта 6 кезеңнен тұратын нормалау кестесі ұсынылған.Ол зат трансформациясының және тұрғындардың денсаулық жағдайын ескере отырып ПДК-ны өңдеу үшін эпидемиологиялық бақылауды зерттеуді қарастырады. Соңғысы су күзет шарасының жоғары эффективтілігі бойынша гигиеналық шараларды бере алады.

Химиялық заттардың трансформациясы

Сулы ортадағы химиялық заттарды нормалау бойынша зерттеудіңмаңызды қосылыстар бөлігінегигиеналық аспектілерді және олардың тұрақтылығын, таралуын оқып-білу жатады. Трансформация – бұл сулы ортадағы заттардың биологиялық белсенділігін және химиялық құрылымының аз токсинді қосылыстар түзуімен өзгеруі. Мысалы : метил сынаптан металл сынап, ауыз суын хлорлаудағы хлораформ . Заттың тұрақты объективті мінездемесіне оның жартылай ыдырау уақыты жатады. Егер ол 7 күн немесе одан жоғары болса , зат тұрақты болып саналады. Бұндай жағдайда зерттеу тоқталады және анықталатын заттың гигиеналық нормалау кестесі орындалады. Егер зат тұрақты емес болса, бұл жағдайда түзілген продукт трансформациясының саны және табиғаты орнатылып, осы продуктымен ары қарай зерттеу болады, жеке зат ретінде жүргізіледі.

Продуктының трансформациясының токсигенділігін нақты бағалау үшін жоғары сезімталдықпен, қарапайым және тез нәтиже алумен ерекшеленетін гидробионтқа тәжірибе жасау ұсынылады. Егер продукт трансформациясы жоғары токсигенділік көрсетсе басқа заттармен салыстырғанда , онда жылы қанды жануарларға зерттеу жүргізіледі. Жалпы токсигенділіктің әсерін түсіну үшін жедел жеделдеу және созылмалы тәжірибе қойылады. Егер анықталатын зат алыстатылған эффектке ие болса онда трансформацияның продуктысының барлығы үшін алыстатылған зардабы анықталады.

Осы зерттеу аяқталған соң «Кң трансформацияның продуктысына салыстырмалы қауіптілік коэффиценті саналады. Трансформация продуктысының токсигені анықталған зат токсигенінен жоғары болса (К>1) , онда бұл жағдайда трансформация продуктысы норманалады, егер коэффицент К<1 болса анықталған затта продукт трансформациясы норманалады. Химиялық заттың трансформациясын есептеу гигиеналық нормалау эффект үшін айтарлықтай кеңейтеді, сонымен қатар су оъектісінде біріншілік ластануында болмайтын екіншілік токсикантты ескеруге көмектеседі. Айтылғанға нақты мысал болып, металды сынаптың биологиялық трансформациясының 2-ші продукциясына жататын және Японияда пайда болған Минамата ауруына дейін көп жылдар бойы мүлдем ескірілмеген су қоймасының металл сынаппен ластануы жатады.