Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

1. Өндірістік ағынды суларға сипаттама.

2. Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары.

3. Су нысандарының өндірістік ағынды сулармен ластануы.

4. Су нысандарын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.

Өндірістік ағынды суларға сипаттама.

Тұрмыстық және өндірістік мақсатта пайдалануда түзілген суларды ағынды сулар деп атайды. Суаттарға түсетін ағынды сулар үш негізгі топтан тұрады: тұрмыстық, өндірістік, беткей сулар. Сондай-ақ бұл топқа суарылатын жердің дренаждық сулары, мал шаруашылығы кешендерің ағындары, елді мекен териториясынан шығатын және өндіріс және ауыл-шаруашылық алаңдарынан шығатын ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған сулар жатады. Тұрмыстық ағынды сулардың құрамы бір типьті, жақсы зертелген, арнайы зертеулерді қажет етпейді, ал оның тұрғындардың су тұтыну нормасына байланысты. Ал өндірістік ағындыс сулар арнайы бағалауды қажет етеді.

Өндірістік ағынды сулардың 4 түрі бар. Біріншісіне реагент, еріткіш ретінде технологиялық процестерде қатысып, соның нәтижесінде түзілетін, зиянды заттармен ластанған сулар жатады. Екінші түріне өндіріс өнімдерін, технологиялық аспаптарды, агрегаттарды суыту үшін қолданылған көмекші операцияларға қатысатын ағындыс уларды айтуға болады. Бұл сулар аз ластанған, температурасы жоғаы, оларды «шартты таза ағынды суларң деп атайды.

Үшінші түріне өндірістің қойма цехтарында (шикізат қоймалары, дайын өнім, отын қоймалары, от жағатын орын) пайдаланған суларды айтады. Бұл сулар әр түрлі деңгейде, әр түрлі заттармен ластанған болуы мүмкін. Төртінші түріне атмосфералық жауын-шашынның жиілігіне байланысты интенсивті түрде ластанған өндіріс териториясынан ағып шығатын суларды айтады.

Өндірістік ағынды сулар Өндірістік ағынды сулар жиі улы қасиетке ие, бірақ кей жағдайда эпидемиологиялық қатынасы жағынан да қауіпті болуы мүмкін (тері заводтары, сарысу өндіретін фабрикалар мен биокомбинаттар). Бірақ әрбір белгеле бір жағдайда санитарлық дәрігер су нысандарынң ластану қауіптілік мүмкіндігін бағалау үшін, сол нысанның ағынды суының гигиеналық сипттамасы туралы мәліметтерді білуі қажет.

Өндірістік сулардың мөлшері мен құрамы әр түрлі ғана емес, сонымен қатар оның мөлшері мен құрамы өндірістің дамуына, өндірілетін өнімнің түрі мен мөлшеріне, қолданылатын қондырғылар мен басқа да факторларға байланысты жиі өзгеріп отырады. Кейде бір кәсіптегі өнеркәсіптің ағынды суларының мөлшері мен құрамы әр түрлі болуы мүмкін, негізінен толығымен алғанда өнідіорілетін өнімнің мөлшеріне байланысты. Қазіргі таңда жүздеген өндіріс орнынан түзілетін ағынды сулардың құрамы толық зерттелмеген.

Ағынды судың сапасы кей жағдайда ған құрамына қарй өзгеруі мүмкін, ал мөлшері кең түрде ауытқып отырды, кейде тәулігіне 100 және 1000 куб метрге дейін өзгеруі мүмкін. Сондықтан біз Қазақстан Республикасына тән су нысандарын едәуір ластайтын, өндіріс салаларында ағынды сулардың түзілу жағдайын қарастырамыз.

Осындай өндіріс орындарына мұнай және газ өңдеу, түсті және қара металлургия, көмір және химиялық өндіретін кәсіпорындар, сонадй-ақ басқа да ұсақ салалар жатады. Жаңа технологиялық процессті енгізу және соған орай, аындардың химиялық құрамының өзгерісіне алып келетін жағдай аса күрделі мәселеге жатады. Сондықтан ағынды сулардың санитарлық сипаттамасы туралы мәліметтерді толық лабораториялық тексеруден кейін немесе көрсетілген процесс қабылданатын жартылай өндірістік қондырғыдан кейін ғана байқауға болады.