Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материал:

1. СЛАЙД Заласыздандырудың әр түрлі әдістері.

2. СЛАЙД Хлорлау үрдісінің сызбасы.

3. СЛАЙД Ауыз суды залалсыздандырудың химиялық әдістері.

5. Әдебиет

  1. Жук Е.Г. Гигиенические основы обеззараживания воды физическими методами.: автореф. дис… д-ра.мед.наук.- М.,-1984.

  2. Захарченко М.П. и др. – Гигиеническая диагностика водной среды. –СПб.- 1996.

  3. Кирьянова Е.В. Гигиеническое обоснование условий обеззараживания воды озоном и механизм его действия на бактериальную клетку: автореф. дис. канд.мед.наук.- М.,-1997.

  4. Кульский Л.А. Основы химии и технологии воды. – Киев. – 1991.

  5. Руководство по контролю качества питьевой воды. – Женева. –1994. – т.1.

  6. Семенова М.А. Обеззараживание воды комплексным воздействием УФ-облучения и окислителей.: автореф. дис. канд.тех. наук.- М.-1992.

  7. Санитарный надзор за применением ультрафиолетового излучения в технологии подготовки питьевой воды: МУ 2.1.4.719-98.-М.-1998.

  8. Пасль Л.Л. и др. Справочник по очистке природных и сточных вод. – М. – 1994.

  9. Хилл К. Применение ультразвука в медицине .- М. - 1989.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Тақырып бойынша қандай нормативтік құжатты білесіз?

2. Ауыз суды залалсыздандырудың негізгі әдістерін атаңыз.

3. Ауыз суды залалсыздандырудың дәстүрлі әдістерін атаңыз.

4. Ауыз суды залалсыздандырудың химиялық әдістерін атаңыз.

5. Ауыз суды залалсыздандырудың физикалық әдістерін атаңыз.

6. Ауыз суды залалсыздандырудың комбинирленген әдістері дегеніміз не?

7. Озондау сапасынң артықшылығы неде?

8. Физикалық әдістердің артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.

3 кредит

1 – дәріс.

1. Тақырыбы: Су нысандарын санитарлық қорғау.

2. Мақсаты: Студенттерге су нысандарын санитарлық қорғау әдістерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Дәрістің жоспары:

1. Қалалық ағынды сулар және канализация жүйелері.

2. Ағындарды механикалық тазарту.

3. Ағындарды биологиялық тазарту.

4. Қалалық ағынды суларды залалсыздандыру.

5. Ағындарды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.

Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.

Қалалық ағынды сулардың тазарту сапасы таңдаған схемаға байланысты. Шет елде тұщы судың тапшылығына байланысты, ағындарды толық биологиялық тазартудан өткізгеннен кейін, түбегейлі тазарту әдісі (терең немесе үшіншілік тазарту) кең қолданылады. «Терең тазартуң термині биологиялық тазартудан кейін жүргізілетін кез-келген тазарту жүйесін айтады. «Үшіншілк тазартуң термині терең тазартудың синонимі, егер механикалық тазартуды біріншілік тазрту деп есептесек, ал биологиялық екіншілік деп аталады.

Биологиялық тазарту өткен ағынды суларды түбегейлі тазарту кезінде, жиі микросүзгілер мен барабанды торлар, сондай-ақ дәнді жүктеме сүзгісінен өткізу арқылы сүзу қолданылады. Олар белсенді тұнбаның бөлшектерін ұстап қалуды және өлшенді заттардың құрамын төмендетуді қамтамасыз етеді. Антрацитті-құмды сүзгілерді қолдану кең таралған, оның құрылымы жедел сүзгілерге ұқсас болады.

Сақтық санитарлық бақылаудың маңызды тапсырмаларының бірі ағынды суларды тазартудың принципиалды схемаларын бағалау болып табылады, әдетте ол канализация жобасын сараптауда жүзеге асырылады. Тазарту схемасын таңдау ағынды судың мөлшеріне, яғни елді-.мекеннің үлкендігіне және жайластырылу жағдайына байланысты. Осыған байланысты тазарту схемаларының 3 түрін ажыратады. үлкен канализация-ағынды сулардың тәуліктік мөлшері 10 000м3-тан асатын елді-мекендерде қолданады (құрамына құм ұстағыш, тұндырғыш, аэротенктер, биосүзгілер кіреді); кіші канализация-ағынның тәуліктік мөлшері 25-тен 10 000 м3-ға дейін болады (оның құрамына құм ұстағыштар, кіші сүзу, суғару алаңдары, биологиялық тоғандар, биосүзгілер жатады); жергілікті канализация - ағындардың тәуліктік мөлшері 25м3-қа дейін болады (оның құрамына септиктер, жер асты сүзу және суғару алаңдары, қуаттылығы төмен биосүзгілер, сондай-ақ кіші сүзуші қондырғылар - құдықтар, траншеялар жатады) (27-сурет).

Тазартудың принципиалды схемалары өте көп, бірақ гигиеналық және экономикалық тұрғыда жоғарыдағы аталған жіктеме негіз ретінде алынады.

Күнделікті санитарлық бақылаудың мақсаты - канализация жұмысына және оның дұрыс эксплуатациясына, сондай-ақ ағынды суларды тазарту мен залалсыздандыру сапасына бақылау жүргізу. Санитарлық бақылаудың нысандарына үй канализациясы (ағындарды қабылдау), канализациялық тораптың өзі, бақылау құдықтары жатады. Құбырлар бітіп қалған жағдайда ағынды сулардың жердің бетіне шығуын болдырмау қажет.

Канализациялық тораптар механикалық жағынан берік және грунт суларына ағын сулардың өту мүмкіндігін болдырмау үшін су өткізбейтін болуы қажет. Жартылай канализацияланған қалаларда құю станцияларына ерекше көңіл аударылады. Олар канализацияланбаған нысандардан шығатын сұйық қалдықтарды қабылдау және тораптарға жіберу үшін ұйымдастырылады. СанПиН № 3.01.008 97 «Санитарные правила устройства и содержания сливных станцийң құжаты бойынша, пайдалануға беру және талаптарының орындалуын санитарлық бақылауда оның жобаға сәйкестігін анықтау қажет.

Тазарту қондырғыларының жұмысын санитарлық бақылау 2 сатыдан тұрады. Біріншісі қондырғыны санитарлық тексеруден тұрады, оған кіретіндер: канализация жобасымен танысу; елді-мекеннің канализация жүйесімен қамтылу дәрежесін бағалау; канализацияның және эксплуатация тәртібінің канализация жобасына сәйкестігін анықтау; құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестігін анықтау; ауытқуларды анықтау және оларды жою үшін қолданылатын шараларды ұйымдастыру.

Екінші сатысында тазарту қондырғыларының жұмысына, зертхананың жабдықталуына, зерттеу көлеміне және қойылған тапсырмалар сәйкестігіне байланысты зертханалық бақылау жүргізуін тексеру. Ағынды суларды залалсыздандыру тәртібіне және оларды су қоймасына ағызылуына ерекше көңіл бөлу керек. Санитарлық дәрігер ағынды суға бақылау зерттеулерін мезгіл-мезгіл жүргізіп қадағалап, ведомствалық зерттеулердің мәліметтерімен салыстырп отырады.

Дәрігердің көмекшісінің қатысуымен жүретін тексеру механикалық тазарту қондырғыларынан (торлар, құм ұстағыштар, тұндырғыштар) басталады. Әсіресе биологиялық тазарту қондырғыларына ерекше көңіл бөлу керек.