- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
Пәннің даму тарихы
Жоғарыда айтып кеткендей, коммуналдық гигиена – жас гигиеналық пән, оның құрылуы адамның іс-әрекетімен тікелей байланысты. Алғашқы (ертедегі) қауымдық құрылыстың өзінде-ақ отты пайдаланғанда атмосфераға көп мөлшерде көмір тотығы, түтін, күл бөлінген. Қоршаған ортаның ластануы ертедегі цивилизация кезеңінде және де Жерде адам пайда болғанға дейін-ақ байқалған. Бірнеше жүз жыл бүрын Гипократ - қарапайым түрде елді мекендерді жоспарлау мәселесін көтерген, ал XІІІ ғасырда Англия королі Эдуард І көмірді отын ретінде пайдалануға, өлім жазасымен қорқытып тыйым салған. Оңтүстік Қазақстанның территориясынан ХІ ғасырға тән ежелгі су құбыры табылған. Беткейлік ағынды суларды ағызу туралы нұсқау Петр І үкімдерінде болған, ал Мюнхен қаласының санитарлық дәрігері Макс Петтенкофер тұрғын ғимараттар гигиенасы және сумен қамтамасыз ету гигиенасының мәселелерімен кеңінен айналасқан.
Ресейде Паркстың, Беккерельдің, Рубнердің және басқа да XІX ғасыр зерттеушілерінің орыс тіліне аударылған еңбектері үлкен орын алды. Бұл жинақты басшылық оқулықтарда пән өз бетінше бөлініп шықпастан бұрын-ақ коммуналдық гигиенаның элементтері болған болатын.
Россияда бірінші гигиена кафедрасын 1871 жылы Петербургтағы әскери-медицина академиясының базасында осы мекеменің түлегі А.П. Доброславин үйымдастырды. Кафедрада гигиеналық зертхана ұйымдастрылды, А.П. Добраславин екі томдық “Гигиена. Қоғамдық денсаулық сақтау курсы” деген еңбектің авторы. Екінші кафедраны 1882 ж. Ф.Ф. Эрисман ашты. сондай-ақ ол елді мекендерді сауықтыру жөніңде секция құрды. Оның қаламынан коммуналды гигиена саласындағы көптеген еңбектер шықты: Петербургтағы тұрғын үй жағдайы туралы, түнеп шығатын үйлер т.б.. Ф.Ф.Эрисман сонымен қатар санитарлық станция ұйымдастырды, қазір ол Ф.Ф.Эрисман атындағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру ғылыми зерттеу институтына айналды.
А.П. Добраславин мен Ф.Ф. Эрисманның базалық білімдері гигиенистер емес, олар клиницистер екендігін айтып кеткен дұрыс. Сондықтан кафедраны ашпастан бұрын оларға шетелде Петтенкофер мен Фойттан ұзақ уақыт сабақ алуға тура келді. Ф.Ф. Эрисман, болашақ дәрігер-офтальмолог, Швейцарияда жүрген кезінде (әйелімен Москваға келместен бұрын) оқушылыардың жақыннан көргіштіктің дамуы бірқатар гигиеналық факторларға, көбіне жұмыс орнының жарықтануына байланысты екендігін байқаған. Кейінгі жылдары Ресейде бұл ғалым балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және коммуналдық гигиенаға қатысты сұрақтарды көтере бастады. Бұл уақытта Ресейде гигиена пәні жеке бағытта бөлінбеген болатын, осы екі ғалым отандық гигиенаның негізін қалаушы болып табылды, олар гигиена пәні бойынша оқулық жазды.
А.П. Добраславин еңбектерін гигиенаның жеке сұрақтарына арналды, коммуналдық гигиенаның жеке гигиеналық пән ретінде бөлініп шығуына септігін тигізді. Ф.Ф. Эрисман гигиена курсы бойынша өз дәрістерінде климат, адмның тұрғын үйі, елді мекеннің гигиеналық жағдайлары (сумен қамтамасыз ету, канализация, территорияны тазарту) жеке бөлім болып берілді. XІX ғасырдың аяғында өндіріс орнының және қалалардың дамуымен қатар келді. Осы кезеңде коммуналдық гигиенаның нақты сұрақтарымен Ф.Ф. Эрисманның оқушысы Г.В. Хлопин көп үлесін қосты. Ол еңбектері сумен қамтамасыз ету және тұрғын үй гигиенаына, су объектілерін санитарлық қорғауға арналған. Кейінгі жылдары 4 томдық “Суды, ауаны, топырақты санитарлық зерттеу әдістері” атты еңбегі, сондай-ақ “Ресейді сауықтыру бойынша мәліметтер” атты еңбектері жарық көрді. Өнеркәсіптік өндірістің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы, әсіресе суаттардың ластануы жоғарылай бастады. 1900 ж. Г.В. Хлопин су объектілеріне ағынды суларды ағызу жөніндегі рұқсат етілген деңгейі туралы сұрақты және бұл процестің адам денсаулығына әсер мүмкіндігі туралы да мәселелерді де көтерді. 1907 ж. Г.В. Хлопин ағынды суларды ағызудың заңдылық регламентациясы, яғни гигиеналық нормалаудың негіздерін ұсынды.
XІX екінші жартысында Ресейде адам денсаулығына тұрғын үй жағдайының әсерін бекітетін зерттеулер жүргізілді. Жабық бөлмелерде метеорологиялық факторлардың ролі және тұрғын бөлмелердің ауасын химиялық талдау әдістері туралы өңдеу жұмыстары жүргізілді. А.П. Доброславин, Ф.Ф. Эрисман, Г.В. Хлопин лабораторияларынан осы сұрақтар бойынша бірқатар диссертациялар мен монографиялар шықты. Зерттеу жұмыстарына гигиенистермен бірге клиникалық медицинаның өкілдері де қатысты. Земство (жалпы мемлекеттік) дәрігерлері жұқпалы ауруларды изоляциялау және жеке типтік ауылдық ауруханаларды ұйымдастыру арқылы аурухана гигиенасының негізін қалады.
Отандық гигиенистер тұрғын құрылысы, тұрғын және қоғамдық ғимараттар, инсоляция, сондай-ақ осы факторлардың адам денсаулығына әсері туралы мәселелерді көтерді. Бұл сұрақтар комуналдық гигиена пән ретінде қалыптаспағанымен, сол пәнге тікелей қатысты болды. Бұл әрине өзіндік бағыт еді. ХХ ғасырдың басында елді мекенді жоспарлау гигиенасы шектеулі түрде ғана дамыды.
Ұзақ уақыт бойы гигиеналық өңдеулер негізінен қоршаған орта объектілерін зерттеу, яғни санитралық-техникалық бағытта жүрді. Тәжірибелік жануарларға тәжірибе жүргізу нәтижесінде гигиеналық талаптарды ғылыми негіздеуге мүмкіндік туды. Осындай зерттеулер гигиеналық негіздеудің базасы болып табылады.
Коммуналдық гигиена кеңестік денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттық кезеңін құру кезінде пайда болған пән. Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін елді мекенді сауықтыру бойынша арнайы съезд болды. Кеңестік үкіметтің алғашқы жылдарында коммуналдық гигиенаның ғылыми-зерттеу институты Москвада, Харьковта ұйымдастырылды.
Қазан төңкерісінен кейін Ленинградта З.Г. Френкельдің инициативасы бойынша санитарлық дәрігерлерді дайындауда үлкен роль атқаратын коммуналдық және әлеуметтік гигиена мұражайы құрылды. Осы ғалымның ұйымдастыруымен 1922 ж. алғашқы рет бұрынғы ССРО-да дәрігерлердің білімін жетілдіру Институтында коммуналдық гигиена кафедрасы ашылды, оны З.Г. Френкель 31 жыл басқарды. Елімізде гигиеналық нормалау бойынша жұмыстар кеңінен жүргізіле бастады, осы бағытта әлемдік жетістікке отандық гигиенистердің жетуіне мүмкіндік туды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында практикалық коммуналдық гигиенаның медициналық ғылымнан алшақтаған кезеңі болыды. Бұл кезед гигиенистер қоршаған орта объектілерінің ластануын зерттеу немесе адам денсаулығымен байланысыз оның басқа да параметрлерін зерттеді. Бұндай тенденция әр түрлі факторлардың, әсіресе адамға ұзақ уақыт әсер ететін интенсивтілігі аз факторлардың организмге әсерін анықтауға кедергі болды, бұл гигиеналық нормалауды шектеді. Бұл тенденцияның алға шығуы Ұлы Отан соғысынан кейін басталды және физиологиялық және санитарлық-токсикологиялық тәжірибелер кеңінен дамыды.
ХХ ғасырдың белгілі коммуналдық гиена ғалымдарының ішінен А.Н. Сысинді, А.Н. Марзеевті, В.А. Рязановты, С.Н. Чекинскийді, кеінгі жылдары Г.И. Сидоренконы, Г.Н. Красовскийді, М.А. Пинигинді, Ю.Г. Фельдманды, Ю.А. Кротовты, Ю.Д. Губернскийді, Е.И. Гончаругты В.А. Рудейконы және басқа да көптеген ғалымдарды атап айтуға бролады. Олардың барлығы отандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қалыптасуына өз үлестерін шексіз қосты.
Бұл қызметтің қалыптасу тарихы айтарлықтай ұзақ емес. Бірінші санитарлық бюро 1876 жылы Москва земствосында құрылды, екіншісі 1878 жылы Петербург земствосында. Бірінші Земстволық санитарлық станция 1887 жылы Пермде ашылды, алғашқы кеңестік санитарлық станция 1922 ж. Гомельде ашылды. 1922 ж. 1922 жылдың қырқүйек айында "Республиканың санитарлық органдары туралы" декреті шықты. Бұл декрет осы қызметтің міндеті мен бағытын анықтады және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерді құрудың бастамасы болды. 1927 жылы Украинада санитарлық-эпидемиологиялық мекеме құрылды, ал 30-шы жылдардың басында басқа да одақтас республикаларда ашылды. 1940 жылы елімізде шамамен 2000-дай санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іске қосылады, 1946 ж. олардың саны 2 есеге өсті. 1988 ж. еліміздегі СЭС-тің саны 4572 болды. 1933 ж. Мемлекеттік санитарлық инспекция құрылған болатын.
1927 ж. санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құқығы мен міндеті туралы ереже бекітілді. Міндеттерінің ішінде, басқаларын есептемегенде:
суды, ауаны, топырақты санитарлық қорғау;
елді мекендерді санитарлық қорғау;
тұрғын үйлерді және қоғамдық пайдаланатын орындарды санитарлық қорғау көрсетілген.
Қазіргі кезде ТМД-да бұл мәселелермен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен басқа медициналық жоғарғы оқу орындарының ондаған профильдік кафедралары мен ғылыми зерттеу институттары айналысады.
Солардың ішіндегі көп жылдар бойында еліміздегі ең бастысы бұрынғы ССРО Медицина Ғылым Академиясының А.Н.Сысин атындағы жалпы және коммуналдық гигиена ғылыми зерттеу институты болып отыр. 24 жыл бойына (1932-1956 жж.) институтты А.Н.Сысин басқарды. 1962 жылдан институттың директоры елді мекендерді жоспарлау және ауа гигиенасы саласындағы аса ірі ғалым В.А.Рязанов болды. Оның докторлық диссертациясы “Түтін мәселелеріне байланысты қалаларды жоспарлау” деп аталды. Қазір институт адам экологиясы және қоршаған орта гигиенасы ҒЗИ болып өзгертілді. Оны академик Ю.А. Рахманин басқарды.
1936 ж. А.Н. Марзеев, А.Н. Сысин, В.Я. Яковенко екі томдық “Коммуналдық гигиенаның негіздері” деген оқу құралын шығарды, көптеген жылдар бойы сәйкес оқулық ретінде пайдаланылды. Елімізде коммуналдық гигиенадан алғашқы оқулық 1951 ж. шықты. Оның авторы А.Н. Марзеев 25 жыл бойы коммуаналдық гигиена Украина ҒЗИ-ның директоры болып жұмыс істеді (осы мәселе бойынша ССРО-дағы екінші ірі институт). Оқулықтың келесі басылымы 1958 ж., яғни негізін қалаушы қайтыс болғаннан кейін, ал 3-ші және 4-ші 1968, 1979 жылдары В.М. Жаботинскиймен бірге шығарылды. 1961 ж. басылымнан 3 томдық “Коммуналдық оқу құралы” шықты, онда негізгі бөлімдері сәйкес бағыттағы атақты ғалымдармен дайындалды.
С.Н.Черкинский су гигиенасы және суаттарды санитарлық қорғау саласындағы көрнекті ғалым 40 жылдан аса уақыт Н.М.Сеченов атындағы Москваның 1 медициналық институтының коммуналдық гигиена кафедрасының меңгерушісі болған. Бұл ғалым судағы химиялық заттарды гигиеналық нормалаудың негізін қалаушы болып табылады. 1949 ж. ол суаттарды санитарлық қорғаудың әдістемелік схемасын дайындады, қазіргі күннің өзінде санитарлық дәрігерлер үшін теориялық және ғылыми-практикалық негіз болып есептеледі. Барық су-санитарлық заңдылықтарының дамуы С.Н. Черкинскийдің қатысуымен, оның басшылығымен жүргізілді.
