Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материалдар:

  1. СЛАЙД Дәріс бойынша негізгі нормативтік құжаттар.

  2. СЛАЙД Жер асты суынң сызбасы.

  3. СЛАЙД Қорытылған көрсеткіштер.

  4. СЛАЙД Түзілетін заттар.

  5. СЛАЙД Органолептикалық көрстекштер.

5. Әдебиеттер:

  1. Амросьева Т.В. и др. Современные подходы к изучению и оценке вирусного загрязнения питьевой воды . – Гиг. и сан. – 2002.-№1.- С.76-79.

  2. ГОСТ 2761 – 84 Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения.

  3. Дмитриев А.Н., Шитов А.В. Техногенное воздействие на природные процессы Земли. Проблемы глобальной экологии. – Нов-ск. – 2003.

  4. Жолдакова З.И. и др. Экспериментальная оценка и прогноз образования хлорорганических соединений при хлорировании воды, содержащей промышленные загрязнения. – Гиг. и сан.– 2002.-№3.- С.26-29.

  5. Мазаев В.Т. и соавт. «Коммунальная гигиенаң. – М., 2005.

  6. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң.-Алматы.- 2003.

  7. Неменко Б.А. «Коммунальная гигиенаң.-Алматы.- 2004.

  8. Плотников Н.А. Проектирование и эксплуатация водозаборов подземных вод. - М. – 1990.

  9. Ревич Б.А., Авалиани С.Л., Тихонова Г.И. «Экологическая эпидемиологияң – М. – 2004.

  10. Руководство по контролю качества питьевой воды. Женева.- 1988.

  11. Руководство по контролю качества питьевой воды. Т. 1-3. – ВОЗ. – 1993

  12. СанПиН РК № 3.02.002.04. Санитарно-эпидемиологические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения.

  13. Черкинский С.Н. Руководство по гигиене водоснабжения. М. – 1975

  14. Хотько Н.И, Дмитриев А.П. Водный фактор в передаче инфекций. – Пенза. – 2002.

6. Бақылау сұрақтары:

    1. Дәріс бойынша қандай нормативтік құжаттарды білесіз?

    2. Табиғи судың негізгі түрлерін атаңыз.

    3. Инфильтарциялық және арна астылық су дегеніміз не?

    4. ГОСТ 2761-84 «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабженияң құжатының негізгі мәліметтері.

    5. Орталықтандырылған-шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдаудың реттілігі қандай?

    6. Жер асты суын жасанды толтыру қалай жүргізіледі?.

    7. Санитарлық күзет аумағы дегеніміз не?

    8. Санитарлық күзет аумағының қанша белдеуі бар?

    9. Санитарлық күзет аумағы туралы мәліметтер қандай құжатта берілген?

    10. Санитарлық күзет аумағы қалай бекітіледі?

2 кредит.

4 – дәріс.

1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.

2. Мақсаты: Студеттерге су тазарту әдістерін таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

  1. Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы.

  2. Қоспаларды коагуляциялау.

  3. Суды тұндыру және оны сүзу.

  4. Тазарту қондырғыларының барьерлік ролі.

  5. Арнайы тазарту әдістері.

Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы

Әдетте, берілетін су көзінің суы гигиеналық талаптарына сәйкес келмегендіктен, оны шаруашылық- ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тікелей қолдануға болмайды. Тұрғындарға суды тұтынуға берер алдында суды тазарту және оны залалсыздандыру, кей жағдайда судың тұзды құрамын түзету үшін суды кондинционерлеу, яғни қажетті кондицияға дейін жеткізу қажет болады. Суды конденциялау негізінен тұзды және тұздылау су көздерін ауыз су мақсаты үшін пайдалану кезінде, оны дистилляция кейін немесе суды арнайы ыдыстарға дайындау кезінде қолданылады.

Суды тазарту кезінде адам денсаулығы үшін зиянсыздығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрамындағы өлшенді заттарды қалыпты деңгейге дейін төмендету керек. Тазарту кезінде судың құрамындағы қоспалар тек гигиеналық норматив деңгейіне ғана төмендетіледі. Тазардың негізгі әдістеріне түссіздендіру, мөлдірлендіру және залалсыздандыру жатады.

Суды мөлдірлендіру дегеніміз судың құрамындағы өлшенді заттарды жою. Ал түссіздендіру дегеніміз судың құрамындағы табиғи боялған гуминдік заттарды жою, залалсыздандыру дегеніміз судан вирулентті микроорганизмдер - бактериялар мен вирустарды, гельминттердің жұмыртқаларын және қарапайымдарды жою. Судың заласыздандыруда толық стирелизация жүргізу негізгі мақсатына жатпайды, тек гигиеналық регламентке дейін ғана жеткізеді. Судың құрамындағы арнайы табиғи химиялық қосындыларды (фтор, темір және басқа да) жою үшін су өңдеудің арнайы әдісі қолданылады.

Судың сапасын жақсарту әдістері мен тазарту қондырғыларының құрамы су көзінің түрі мен судың құрамына байланысты. Негізгі тазарту әдісінен бұрын фито және зоопланктондардан алдын ала тазартудың маңызы зор. Өйткені олар тазарту қондырғыларының жұмысын қыйындатады. Сонымен бірге, ыдыраған планктондар судың органолептикалық қасиетін төмендетеді, яғни лайлылығын жоғарлатып, жағымсыз иіс және дәм пайда болады.

Судан планктондарды жою үшін сүзгі торлары бар көп қырлы барабандары бар микросүзгілер мен барабанды торлар қолданылады. Су микрофильтрдің ішінде түсіп және торлар арқылы сүзіліп, камераға түседі, ал одан кейін келесі қондырғыларға барады. Микросүзгілер зоопланктондарды толығымен ұстап қалады. Ал фитопланктондарды 60-90 пайызға дейін ұстайды.

Судың органолептикалық қасиеттерін жақсарту үшін негізгі әдіс мөлдірлендіру қолданылады, ол суға лайлылық қасиет беретін өлшенді заттардан тазартады. Судың лайлылығын зерттелетін су сынамасын стандартты суспензиялармен салыстыра отырып, фотометрлік жолмен анықтайды. Каолин суспензиясын қолдану кезінде өлшеу нәтижесі мг/дм3 бірлігі немесе формазин суспензиясын қолдану кезінде ЛБ/дм3 (лайлылық бірлігі) бірлігімен анықталады. Кейде бұл соңғы Формазин бойынша лайлылық бірлігі немесе (ФЛБ) батыс терминологиясы бойынша FTU. 1 FTU=1ФЛБ=1ЛБ/дм3.