
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
Жер беті су көздерінен су алатын жерді таңдауды екі көрсеткішке байланысты жүргізген жөн:
Сапалық көрсеткіш - судың тазалығын қамтамасыз ету мүмкіншілігі.
Сандық - тұтынушыларды жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз ету.
Сондықтанда су алатын орын ластану зонасының әсерінен алыс жерлерде және тереңдігі тұрақты, суы жеткілікті участоктерде орналасуы қажет.
Су қабылдағыштардың түрлері:
а) Жағалық. Жағаға жақын жерлердің тереңдігі (2,5 м) жеткілікті болса жасалады. Су алатын құрылым жағада орналастырылады, суды тікелей суаттан алады;
б) Арналық. Жағаға жақын жерлердің тереңдігі жеткіліксіз болған кезде жасалады. Су алатын орын өзеннің арнасына орналастырылады да, ол жерден су жағалық құдыққа жиналады.
в) Ожау тәрізді. Жасанды жолмен құрастырылған бұғаздар - өзен арнасындағы ожау. Өлшенді заттарды азайтады және су алатын құрылыстарды қорғайды.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
Ауыл тұрғындарының көпшілігі өздерінің суға қажеттілігін орталықтандырылмағын су көздерімен қамтамасыз етеді. Бұл инфильтрациялық, шахталық және құбырлы құдықтар, бұлақтар каптаждары, ал бірқатар ауандарда - жер беті су көздері.
Инфильтрациялық құдық. Ашық су көздерінің жағасы су өткізгіш жыныстардан (ірі түйіршікті құм, галечник) тұратын жағдайда жасалады. Платинадан төмен және жағада, суатқа дейінгі қашықтығы 3-5 м жерден қазылады. Су жағадағы құмды жер арқылы сүзіліп, өлшенді заттардан тазаланып, органолептикалық сапасы бойынша тазартылып құдыққа келіп құйылады. Бірақ көпшілік жағдайда залалсыздандыруды талап етеді.
Шахталық құдықтар. 30-40 м, сирек жағдайда 50 м тереңдікте жатқан жер асты суларын алу шін пайдаланады. Ертеректе шахталық құдықтарды 10-15 м тереңдікте қазатын болған. Механизацияны, яғни құдық қазатын машиналарды пайдаану, көп тереңдіктен қазуға мүмкіншілік тудырып отыр. Саяз құдықтардың шахтасы ағаш қималарымен бекітіледі, тереңіректері бетон шеңберлерімен бекітіледі.
Су алатын құрылымдардың жетілген түріне құбырлы құдықтар жатады:
олар жер беті лас сулармен және жер бетіне жақын орналасқан сулармен ластанбайды;
суының сапасы жақсы, терең жатқан сулы горизонтты пайдалануға мүмкіндік береді;
суды тек насос арқылы көтереді, ол судың тазалығын сақтайды.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етуде санитарлық-техникалық талаптарды сақтау өте маңызды орын алады. Ол "Санитарные правила по устройству и содержанию колодцев и каптажей родников, используемых для децентрализованного хозяйственно-питьевого водоснабжения" берілген.
Сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық күзету зонасы
Жер асты және жер беті суларын ластанудан сақтайтын негізгі шаралардың бірі - сумен қамтамасыз ету көздеріне санитарлық күзету зонасын ұйымдастыру болып табылады. Санитарлық күзету зонасы (СКЗ) - бұл халыққа берілетін судың сапасының нашарлауын болдырмау мақсатында, сумен қамтамасыз ететін су көздерінің және су құбыры құрылымдарының айналасында арнайы тәртіп орнатылған территория.
Европада алғашқы су көздерін күзету зонасы Франция мен Германияда ұйымдастырылды. Россияда су көздеріне СКЗ-орнатудың қажеттігі жөніндегі ойды 1881 ж. гигиенист С.В.Шидловский айтқан болатын. Бірінші санитарлық күзету зонасының жобасы 1900 жылы Москва өзеніндегі Рублев су құбырына арналып дайындалды. Бірақ зонаның өзі 1915 жылы ұйымдастырылды.
Санитарлық күзету зонасын ұйымдастыруды жергілікті Кеңестердің атқару комитетін міндеттейтін алғашқы нұсқау 1924 жылы басылымнан шықты, ал 1937 жылы “О санитарной охране водопроводов и источников водоснабжения” қаулысы шықты. Бұл сұрақ бойынша бүгінгі күнгі негізгі құжаттар: “Положение о порядке проектирования и эксплуатации зон санитарной охраны источников водоснабжения и водопроводовов хозяйственно-питьевого назначения” және СНиП “Водоснабжение. Наружные сети и сооружения”. Олар 1937 жылғы қаулы негізінде және 1970 жылғы “Основ водного законодательства Сюза СССР и союзных Республик” негізінде құрастырылған.
Ережелерге сәйкес санитарлық күзету зонасы ведомостволық тәуелділігіне қарамасан шаруашылық-ішу мақсатында қолданылатын жер беті және де жер асты су көздерінде, сонымен бірге жасанды түрде толықтырып отыратын жер асты су көздерінде ұйымдастырылады.
Санитарлық күзету зонасы ІІІ белдеуден тұрады:
І белдеу (қатаң тәртіптегі белдеу) - барлық су құбыры қондырғылары мен су жүретін канал орналасқан территорияны қамтиды.
ІІ және ІІІ белдеулер (шектеу белдеулері) су көздерін ластанудан қорғауға арналған территорияны қамтиды.
Су құбырын санитарлық қорғау - санитарлық қорғау алқабын орнатумен қамтамасыз етіледі.
Барлық су көздерінің СКЗ-нің 1-ші белдеуі су алатын орында және су құбыры қондырғылары орналасқан жерде судың кездейсоқ не болмаса әдейілеп ластану мүмкіншілігін болдырмау үшін орнатылады. СКЗ-нің 2, 3 белдеулерінің мақсаты сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланатын су көздерінің ластануының алдын-алу. Бұлардың шекарасы жер асты су көздері үшін есептеу жолымен анықталады.
Жер асты су көздерінен су алу өндірістік кәсіпорындардың және тұрғын мекен территорисынан тыс жерде болуы қажет.
1 белдеудің радиусы қорғалған су үшін - 30 м-ден, ал аз қорғалған су көздері үшін - 50 м-ден кем болмауы керек. Егер топтық жер асты су құбырларын пайдаланатын болса, онда көрсетілген шекара ең шеткі скважинадан бастап есептелінеді.
Жасанды түрде толтырылатын жер асты су көздері үшін 1-ші белдеудің шекарасы 50 м-ден кем болмауы керек және де инфильтрациялық құрылымдардан (бассейндерден, каналдардан) 100 м -ден кем болмауы керек.
Арна астындағы су көздерінің СКЗ-ның шекарасы жер беті су көздері шекарасы сияқты анықталады.
СКЗ-ның екінші белдеуінің шекарасы, егер осы шекарадан тыс жерде сулы горизонтқа тұрақсыз микробты ластанулар түсетін болса, олар су алатын жерге дейін жетпейтін жағдайды ескере отырып есептелінеді. Ластаушылардың 2-ші белдеу шекарасынан су алу орнына дейінгі жылжу уақыты (Тм), патогенді микроорганизмдердің өмір сүру қабілеті мен вируленттілігін жоюға кететін уақытқа есептелген болуы қажет. ІІІ-ІV климаттық аудандар үшін ол 400 немесе 200 тәулік, ал І-ІІ аудандар үшін – 400 немесе 200 тәулік болуы керек. Демек, СКЗ-ның 2 белдеуі су алатын жерде суды микробтармен ластанудан қорғауға арналған.
СКЗ-ның 3-ші белдеуі жер асты суларын тұрақты химиялық ластанудан қорғауға арналған. Бұл белдеудің шекарасы, белгіленген белдеу территориясынан тыс жерде сулы горизонтқа тұрақты химиялық ластаушылар түсетін болса, олар су алатын жерге дейін жетпейтін жағдайды ескере отырып есептелінеді, ал егер жететін болса есептелген уақыттан кейін жетуі қажет. Ластаушылардың СКЗ-ның 3-ші белдеуінен су алу орнына дейінгі жылжу уақыты су алу қондырғысының орташа эксплуатациялық уақытынан артық болуы қажет, яғни 25 жылдан кем болмауы керек.
Сулы горизонт тұрақты көзден ластанатын болса, тек СКЗ-ны ұйымдастыру жеткілікті, бірақ территорияның қарқынды антропогенді ластануы кезінде тек СКЗ-ны ұйымдастыру жеткіліксіз, сондықтан қосымша шаралар қарастырылады. Солардың бірі суды қорғау зоналарын ұйымдастыру. Суды қорғау зонасы деп – сулы горизонттың қоректену аймағын қамтитын территорияны айтады. Санитарлық күзету зонасынан айырмашылығы, белгілі-бір су алу орны ғана емес, сулы горизонт толығымен қорғалады.
Жер беті су көздерінен су алу.
СКЗ-ның бірінші белдеуі келесі аралықтарда орнатылады:
Ағысы бар сулар үшін (өзендер, каналдар): ағыстан жоғары қарай – су алу орнынан 200 м-ден кем болмауы керек; ағыстан төмен қарай - су алатын жерден 100 м кем болмауы керек; су алатын орынға жақын жатқан жағадан – жаздық-күздік судың тартылуы кезінде судың жер бетімен қиылысқан жерінен кем дегенде 100 м; қарсы жатқан жағаға дейінгі: ені 100 м-ден аз болса - барлық су акваториясы және қарсы жатқан жағаның 50 метр жерін қамтиды; ағысы бар судың ені 100 м-ден артық болса - ені 100 м-ден кем емес акваторияның алқабын қамтиды.
2. Ағысы жоқ сулар үшін (су қоймалары, көлдер):
- су алатын жерден акваторияның барлық бағытында 100 м-ден кем болмауы керек;
- су алатын жерге жақын жатқан жағадағы шекара, судың шетінен алғанда 100 м-ден кем болмауы керек.
СКЗ-ның екінші белдеуінің шекарасы ағысы бар сулар үшін судың бактериялардан өздігімен тазаруын қамтамасыз ететін шартпен орнатылады. Бұл жағдайда судың ағу жылдамдығы және де жергілікті климатты да ескереді. Жаз уақытында 2 тәулік ішінде судағы ішек таяқшасының 96 пайызы жойылады. Қыста бактериялардан өздігінен тазару үрдісі жаз мерзімімен салыстырғанда 2-3 есе баяулайды.
Сондықтан І А,Б,В,Г және ІІ А климаттық аудандар үшін СКЗ-ның 1-ші белдеуінің өзен ағысынан жоғары жағындағы шекарасынан аққан судың су алатын жерге дейінгі жету уақыты 5 тәуліктен кем болмауы керек, ал басқа климаттық аудандар үшін 3 тәуліктен кем болмауы қажет. Орташа және үлкен өзендер үшін бұл қашықтық шамамын 30-60 км. СКЗ-ның екінші белдеуінің өзен ағысынан төменгі жағындағы шекарасы су алатын жерден 250 м-ден кем болмауы керек. Ол әсіресе ағу жылдамығы аз кезде, желмен кері ағудың әсерін болдырмау үшін орнатылады.
2 белдеудің бүйір жақтарының шекарасы - жердің рельефі тегіс болса - судың шетінен есептегенде 500 -ден кем болмауы қажет, таулы рельефте - бірінші қыраттың төбесіне дейін, жайпаң еңістер болса 750 метрден, тік еңістер болса 1000 метрден артық болмауы керек. Ағысы жоқ суаттарда, желдің су алатын жерге қарай тұру саны 10 пайызға дейін болса СКЗ-ның бірінші белдеуінің шекарасы су алатын жерден барлық бағытта 3 км қашақтықта, ал желдің су алатын жерге қарай тұру саны 10 пайыздан жоғары болса - 5 км қашақтықта болуы қажет.
Су құбыры қондырғылары.
СКЗ-ның бірініші белдеуінің шекаралары: резервуарлардың қабырғасынан, сүзгілерден, контактылы түссіздендіргіштерден, насостық станцияларднан - 30 м-ден кем болмауы керек; басқа құрылымдардың қабырғаларынан және суды қысыммен ағызатын мұнаралардан 1 м-ден кем болмауы қажет; суды қысыммен ағызатын мұнаралардан 10 м-ден кем емес. Жеке тұрған суды қысыммен ағызатын мұнаралар СЭС-тің келісімі бойынша СКЗ-ның бірінші белдеуі ұйымдастырылмауы да мүмкін.
Су тасымалдайтын құбырлар: Су тасымалдайтын жолдарды күзету - санитарлық күзету жолағын құрумен қамтамасыз етіледі. Оның ені ең шеткі сызықтардан: құрғақ топырақта - құбырдың диаметрі 1000 мм болғанда 10 м кем емес, диаметрі үлкен болғанда 20 м-ден кем емес, ал ылғалды топырақта: диаметріне байланыссыз 50 м-ден кем болмауы қажет.
СКЗ-ның территориясындағы суды қорғау шаралары.
Бірінші белдеуіне:
- су көздеріне қатысы жоқ құрылыстардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынады;
- тұрғын және тұрмыстық-шаруашылық ғимараттарды орналастыруға, адамдардың тұруына, сонымен бірге қызмет жасайтын адамдардың тұруына тыйым салынады;
- улы химикаттарды және тыңайтқыштарды пайдалануға тыйым салынады;
- ғимараттар канализациялануы қажет, оның ағынды суларын жақын орналасқан канализация жүйесіне қосу керек не болмаса белдеуден тыс жердегі жергілікті тазарту құрылыстарына ағызылуы қажет;
- жер асты су көздерін пайдаланғанда скважиналардың конструкциясына қойылатын талаптарды қатаң орындаған жөн;
- жер беті су көздерін пайдаланғанда белдеу территорияына кез-келген ағынды суларды жіберуге, шомылуға, кір жууға, мал суғаруға және судың ластануының барлық түрлеріне тыйым салынады. Акватория (су бетінің шектелген участкесі) қоршалуы қажет, ал кеме жүретін суаттар жарығы бар бакендермен қоршалуы қажет;
- белдеудің территориясы беткейлік ағынды суларды ағызу үшін қолайлы етіп жоспарлануы қажет, көгалдандырылуы, қоршауы болуы және күзетпен қамтамасыз етілуі қажет.
Жер асты су көздерінің 2 және 3 белдеуінде: су горизонтын ластайтын қауіпі бар ескі, іске аспай тұрған, кемістігі бар скважиналардың барлығы анықталады, бітеледі не болмаса жөнделеді; жаңа скважиналарды қазу және жаңа құрылыстардың кез-келген түрлерін жүргізу міндетті түрде жергілікті СЭС-пен келісіліп реттеледі; ағынды суларды жер асты горизонтына айдауға, қатты қалдықтарды жердің астында жинауға және де егер жер асты суларын ластандыратын болса, жер қойнауында даярлау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ:
Жанар май материалдарының, улы химикаттардың, минералды тыңайтқыштардың қоймаларын, өндірістік ағынды суларды жинағыштарды, қалдықтарды сақтайтын жерді орналастыруға тыйым салынады. Дегенмен жергілікті СЭС органдарының келісімі бойынша, жер асты суларының қорғалған жағдайда, арнайы шаралар жүргізілетін болса СКЗ-ның үшінші белдеуінде көрсетілген нысандарды орналастыруға болады.
2-ші белдеу шекарасында бейіттерді, мал көметін жерлерді, ассениация және сүзу алаңдарын, суғару алаңдарын, көң сақтағыштарды, силос орларын, мал және құс шаруашылық нысандарын орналастыруға тыйым салынады.
Жер беті су көздерінің 2 және 3 белдеулерінде келесі шараларды жүргізу қажет:
Елді мекендер, сауықтыру мекемелері, өндірістік және ауыл-шаруашылық нысандары үшін жер бөлуді шектеу және реттеу;
Суаттарды ластайтын нысандарды анықтау және қорғау шараларының жоспарын құру.
СанПиН 4630-88 “Охрана поверхностных вод от загрязнения” құжаты талабына сай келмейтін ағынды суларды сумен қамтамасыз ететін су көздеріне құюға тыйым салу.
Жер асты су көздерінің СКЗ 2-ші белдеуіне орналастыруға болмайтын нысандарды, жер беті су көздерінің екінші белдеу террриориясында орналастыруға тыйым салу.
Кеме жүретін болса су қорғау шараларының жоспарын дайындау қажет.
Екінші белдеу территориясындағы су көздеріне суға түсуге, балық аулауға, туризм үшін пайдалануға тек қана белгіленген жерлерде СЭС органдарының келісімі бойынша рұқсат етіледі.
Су жүретін құбырлардың санитарлық күзету зонасы:
Зона территориясында топырақты және грунт суларын ластайтын көздер (әжетхана, жуынды төгетін шұңқырлар, көң сақтайтын орындар, қалдық жинайтын жерлер т.б.) болмауы қажет.
Су жүретін құбырларды қоқыс төгілетін территория, ассенизациялық алаңдар, фильтрация алаңы, суғару алаңдары, бейіттер территориясы арқылы тартуға тыйым салынады.
Сондай-ақ өндіріс және ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының териториясымен магистралды су құбырларын тартуға тыйым салынады.
Су жүргізетін құбырлар ластану көздерімен шектелген участоктер арқылы тартылатын болса, пластмассадан не болмаса болаттан жасалған құбырларды пайдаланған жөн.
Сақтық санитарлық бақылау үрдісінде шаруашылық ішер сумен қамтамасыз ету жобаларына, тек оның санитарлық күзету зоналарының жобасы болса ғана сараптау жүргізіледі. Әдетте сумен қамтамасыз ету жобасын даярлау кезінде, санитарлық күзету зонасын негіздеу үшін, қажетті гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілсе, ал оны пайдалану кезінде - суды қорғау шаралары жүргізілсе, онда жер асты суларының ластанбайтынын санитарлық бақылау практикасы көрсетіп отыр.
Керісінше, егер СКЗ-ның белдеулерінің шекарасы қажетті деңгейде негізделмесе, онда судың сапасы біртіндеп нашарлайды да, соңында су көзі шаруашылық ішу мақсатында пайдалануға жарамсыз болады.
СКЗ-ның жобасының құрамына кіру керек:
Мәтіндік бөлімі.
Картографиялық материал.
Жергілікті атқару органдарының шешім жобасы.
Мәтіндік бөлімінің құрамына кіреді: сумен қамтамасыз ету көзінің санитарлық жағдайы; су сапасының мерзімдік анализдері; жер беті су көздері болса - гидрологиялық мәліметтер, жер асты су көздері болса - гидрогеологиялық мәліметтер, су көзі айналасындағы құрылыстың келешегі туралы мәліметтер, СКЗ-ның 1,2,3-ші белдеулерінің шекараларын негіздеу, белгіленген ластану көздерін жою туралы шаралардың тізімі және оларды орындау мерзімі.
Картографиялық материалдардың құрамына кіреді: сумен қамтамасыз ету көздерінің және оны қоректендіретін бассейндердің (жер беті сулары болса) ағып келетін суларының СКЗ-ның 2, 3-ші белдеулерінің шекаралары көрсетілген ситуациялық жоспар; қоректену аймағының гидрогеологиялық кескіні (жер асты су көзі болса), СКЗ-ның 1,2,3 белдеулерінің жоспары.
Санитарлық шаралар атқарылады:
СКЗ-ның бірінші белдеуінде - коммуналды шаруашылық органдары орындайды.
СКЗ-ның екінші және үшінші белдеулерінде - су көздерінің сапасын төмендететін нысандардың иелері орындайды.
СКЗ-ның 1, 2, 3 белдеулеріндегі суды қорғау шараларының орындалуына жергілікті СЭС органдары мемлекеттік санитарлық бақылау жүргізеді.