
- •1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит
- •1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.
- •Пәннің даму тарихы
- •4. Көрнекілік материал:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Кредит
- •1. Тақырыбы: Санитарлық заңнамалар коммуналды гигиенасы саласындағы маманның іс әрекетінің негізі. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы және қызметі.
- •3. Дәріс тезистері.
- •Санитарлық бақылауды ұйымдастыру
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық міндеттері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету және су тұтыну
- •Сумен қамтамасыз ету жүйелері
- •Су құбырының тарату жүйесі
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер
- •6. Бақылау сұрақты:
- •Қазақстанның тұщы су ресурстары қандай?
- •№2 Кредит
- •1. Тақырыбы: Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратудағы су факторының ролі.
- •3. Дәріс тезистері: Аурудың таралуындағы су факторының ролі.
- •2. Суды тазартуды, зарарсыздандыруды нашар жүргізуден.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс жоспары:
- •Мәселенің тарихы
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз сумен қамтамасыз ету көзін таңдау. Санитарлық қорғау аймақтары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Сумен қамтамасыз ету саласындағы сақтық санитарлық бақылау.
- •Су көздерінің жіктелуі
- •Жер асты су көздерінен сумен қамтамасыз ету
- •Жер беті су көздерімен сумен қамтамасыз ету.
- •Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.
- •4. Көрнекілік материалдар:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды тазартудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •Қоспаларды коагуляциялау
- •Суды тұндыру және сүзу
- •Тазартудың арнайы әдістері.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Ауыз суды заласыздандырудың әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары
- •Суды залалсыздандыру әдістері
- •Суды хлорлау 1853 ж. Орыс дәрігері п. Карачаров, хлордың антисептикалық қасиетін 1881 жылы р.Кох жазды.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ағынды суларды тазартудың тиімділігі және санитарлық бақылау.
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қалалық іркінді сулар. Санитарлық сипаттамасы. Тазалау және зиянсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері: Дәрістің жоспары:
- •Қала ағынды сулары және канализация жүйелері.
- •Механикалық тазарту
- •Биологиялық тазарту
- •Ағынды суларды залаласыздандыру
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймаларын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Өндірістік ағынды суларға сипаттама.
- •Мұнай және басқа да өндіріс түрлерінің ағынды сулары
- •4.Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Су қоймалары суындағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау. Негізгі принциптері мен әдістері. Заңнама.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Химиялық заттардың улылығы мен қауіптілігі.
- •Алыстатылған зардап
- •Кезеңдік гигиеналық нормалау
- •2 Кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
- •3Кезең – созылмалы эксперимент.
- •4 Кезең – толық ашылған кесте.
- •Химиялық заттардың трансформациясы
- •Клиника – гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулер.
- •4. Иллюстративный материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың гигиеналық маңызы. Топырақты қорғаудың қазіргі проблемалары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Биогеохимиялық провинциялар
- •Агрохимикаттар.
- •1) Санитарлық-химиялық көрсеткіштер:
- •2) Санитарлы - микробиологиялық көрсеткіштер:
- •3) Санитарлы-гельминтологиялық көрсеткіштер.
- •4) Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Топырақтың санитарлық жағдайын бағалаудың критерийлері. Топырақты ластанудан қорғаудың шаралары.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қатты тұрмыстық қалдықтар (қтқ)
- •Елді мекендерді қалдықтардан тазарту жүйелері
- •Тағамдық қалдықтарды жинау
- •Қала территориясын тазарту
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Қатты және сұйық қоқыстарды зиянсыздаңдырудың негізгі әдістері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Қтқ зарарсыздандыру және қайта өңдеу
- •Елді мекендерді санитарлық тазартуды бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6.Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфера ауасын қорғаудың қазіргі проблемалары. Атмосфера ауасын ластаушы көздер.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфералық ауаның ластануы мәселесінің маңыздылығы.
- •Атмосфераның физикалық қасиеттері
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ластануының халықтың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері, қауіпты факторлар.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Атмосфера ластануының жедел әсер ету жағдайлары
- •Атмосфера ластануының адамға созылмалы түрде әсер етуі.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Литература
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Атмосфераның ауа сапасын санитарлық бағалау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Ауадағы химиялық заттардың қажетті регламентациясы.
- •Атмосфералық ластаушыларды гигиеналық нормалаудың ерекшеліктері
- •Канцерогендерді нормалау.
- •Атмосфералық ластаушылардың таралу заңдылығы.
- •5. Әдебиет
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәрістің жоспары:
- •Атмосфералық ауаны қорғаудың шаралары.
- •Атмосфералық ауаның тазалығына санитарлық бақылау жүргізу.
- •Әдебиеттер.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Тұрғын үй, әлеуметтік проблема ретінде. Тұрғын үйлердің микроклиматын нормалаудың ғылыми негіздері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Микроклиматты нормалауды гигиеналық негіздеу
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Жаңа құрылыс материалдарын гигиеналық тұрғыдан бағалау және олардың адамдардың денсаулығына әсері.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Тақырыбы: Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.
- •3. Дәріс тезистері:
- •Дәрістің жоспары:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •Палаталық бөлімдерге қойылатын талаптар.
- •Жұқпалы ауруханаларды жобалау және пайдалануға қабылдау.
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Шу және оның көздері
- •Шудың адам организміне әсері
- •Шудың таралу заңдылықтары және оны гигиеналық нормалау
- •Шудан қорғау
- •Шу көзіне санитарлық бақылау
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Аудандық жоспарлау.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •Елді мекенді жоспарлау және жобалық құжаттар.
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Көрнекілік материал:
- •5. Әдебиет
- •6. Бақылау сұрақтары:
Су көздерінің жіктелуі
Суларды жер беті және жер асты суларына бөледі. Гигиеналық тұрғыда, жер асты су көздеріне жоғары баға беріледі. Сондықтан да XX ғасырда сумен шаруашылық-ішу мақсатында қамтамасыз ету үшін, өндіріс пен ауыл-шаруашылығының қажеті үшін де жер асты суларын пайдалану өте тез өсіп кетті.
Техникалық экономикалық мақсатта кейбір елдерде жер асты тұщы суларын үнемдеу тенденциясы байқалды. Мысалы, АҚШ-та 1970 жылы жер асты суын пайдалану жылына 450 км3 болса, ал 2000 жылы 370 км3 су пайдаланылды.
Орналасу жағдайларына байланысты жер асты сулары 2 түрге бөлінеді: грунт сулары және жердің қатты қабаттарының арасындағы сулар. Грунт сулары - су жиналатын табақшасының болуымен және су тірелетін төбесінің жоқтығымен сипатталады. Грунт сулары жоғарыдан топырақ жабыны арқылы өтетін, суды төменгі қабаттарға өткізбейтін горизонтта орналасады. Су өткізбейтін қабаттары әдетте граниттерден, лайдан, тығыз құмды қабаттан, әкті тастардан тұрады. Грунт сулары - жауын, еріген қар суларының немесе жер бетіндегі су нысандарының сүзіндісі. Грунт суларының үстінде, яғни су өткізетін қабаттардың кейбір жерлерінде, су өткізбейтін жерлері - линзалары болады. Солардың үстінде (жер бетіне ең жақын орналасқан сулар) верховодка деп аталатын су жиналады.
Грунт суларының орналасу тереңдігі бірнешеден ондаған метрге дейін ауытқуы мүмкін. Олардың сапасы гигиеналық тұрғыдан қарағанда, жоғары жатқан горизонттың санитарлық жағдайына байланысты. Осыған байланысты грунт суының тазалығы жабын ретіндегі топырақ қабатының ластану дәрежесіне және орналасу тереңдігіне байланысты.
Грунт суларының эпидемиялық, химиялық органолептикалық сипттамасы олардың қоректену аймағының санитарлық жағдайына байанысты. Грунт сулары әдетте өзі сүзіліп өтетін жыныстардың химиялық құрамын көрсетеді. Дегенмен де грунт сулары неғұрлым терең жатса, соғұрлым олардың санитарлық сапасы жоғары болады. Егер олар жоғары орналасқан болса, сүзілу қабатының қалыңдығы болмашы болады да, суға тек органикалық ластағыш заттар ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығында пайдаланатын хмиялық заттардың да өтуі мүмкін. Барлық жер асты суларының ішінде интенсивті ластануына және ыстық климат жағдайына минералдануы жоғары болуына байланысты, верховодка суы сумен қамтамасыз ету мақсатында өте аз пайдаланылады.
Жердің қатты қабатының арасындағы сулар - су тірелетін табақшасының және су тірелетін жабынының болуымен сипаталады. Егер су тірелетін табақшасы мен жабыны арасындағы кеңістік сумен жартылай ғана толса, қатты қабаттың арасындағы сулар қысымсыз деп аталады, ал кеңістік суға толы болса қатты қабаының ортасындағы сулар қысымды су немесе артезиан (мұндай суды XІІ ғасырда Францияда Артуа провинциясында пайдаланған, соның аты бойынша артезиан деп атаған) суы деп аталады.
Жер асты суларының жеңілдеу бөлігі қоректенетін бөлігінен неғұрлым алшақ болса, соғұрлым су ластанудан жақсы қорғалған болады. Әдетте артезиян суларында микробтар жоқ деуге болады, жақсы органолептикалық қасиеттерге ие.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда жердің қатты қабаттарының арасынағы сулар ең қолайлы сулар болып саналады және оларды тұтынушыларға беру алдында ешқандай дайындықты талап етпейді. Дегенмен де олардың да ластануы мүмкін. Бұл, негізінен, су өткізбейтін жабынының бүтіндігі бұзылуынан (гидрогеологиялық терезелер) болуы мүмкін. Мысалы, әртүрлі мақсаттағы бұрғылау скважиналарынан болуы мүмкін. Сонымен қатар, кейде бұл суларың минералдануы өте жоғары концентрацияға жетіп, ішу мақсатында пайдалануға жарамсыз болуы мүмкін.
Жер бетіндегі сулар. Санитарлық тұрғыдан алғанда үміттілігі төмендеу сулар. Суды тұтынудың өсуі тек жерасты суларын пайдаланумен шектелуге мүмкіндік бермейді, кейбір жерлерде жер асты суларын пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз (қорларының аздығы, терең орналасуы). Жер бетіндегі суларға әр түрлі ағысы бар сулар (өзендер, каналдар), көлдер және су қой- малары жатады.
Өзен сулары әдетте аз минералданған, өйткені жақсы топырақтармен және тау жыныстарымен тікелей шектесіп жатады. Құрамында өлшенді заттары көп және мөлдірлігі нашар болады. Әдетте органикалық заттарының және бактериалды ластануының жоғары болуымен сипатталады, рН мағанасы стандарттық шамасында (6,5-8,5), оттегі жеткілікті мөлшерде болады. Санитарлық тұрғыдан алғанда, жер беті суларының су өтетін қабаты арқылы, көбінде алллювиалды тұнба арқылы сізілу нәтижесінде пайда болатын арна астындағы және инфильтрациялық сулардың үміттілігі көбірек болады.
Бірақ ретке келтірілмеген ағыны бар суларды пайдалану барлық уақытта су тұтыну мәселелерін шеше бермейді. Сондықтан көп елдерде ол су қоймаларын жасау арқылы іске асады. Жер шарында қазіргі кезде 30 мыңнан астам су қоймаларын пайдаланады.
Су қоймаларындағы судың бастапқы химиялық құрамы оны жасайтын ағысы бар судың құрамымен бірдей болады. Бірақ су қоймасындағы судың булануы нәтижесінде минералды тұздардың концентрациясы біртіндеп өсе бастайды. Бұл үрдіс неғұрлым су қоймасының ауданы үлкен және тереңдігі аз болса соғұрлым қарқынды түрде жүреді.
Өзен суларымен су қоймасына азот, фосфор сияқты көп биогенді элементтер түседі. Бұл судың "түстенуіне", яғни жаппай су өсімдіктерінің пайда болуына ықпал жасайды, осыған байланысты су шаруашылық ішу мақсатында пайдалануға жарамсыз болады. Суда жағымсыз иіс, дәм пайда болады, ал балдырлар сумен қамтамасыз етуде кедергі жасайды. Мұндай оңтүстік аймақтарға тән құбылысты эвтрофикация деп атайды және бірқатар жағдайларда су қоймаларының өлуіне, яғни толық шөп басуына алып келеді. Бұл өндірістік және беткейлік ағынды сулармен ластанған көлдер мен тоғандарда өте жиі байқалады.
Ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздері ретінде суы терең өзенерді немесе антропогенді ластануға ұшырамайтын (биік таулы) су көздерін пайдаланылады. Ретке келтірілген су қоймаларының санитарлық жағдайын анықтаушы басты фактор оларды дұрыс пайдалану тәртібі болып табылады. Бұл бірінші кезекте су қоймаларының маңында өндірістік кәсіпорындарды және елді мекендерді орналастыруды шектеу.
2761-84 ГОСТ-ы "Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения. Гигиенические, технические требования и правила выбора". Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланаты су көздеріне, сондай-ақ тұзды және тұздылау су көздеріне таралады.
Негізгі мәліметтері:
Су көзін, оның санитарлық үміттілігін және «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарң құжаты талаптарына сәйкес келетін суды алуға мүмкіндігін ескере отырып таңдайды.
Судың пайда болу жағдайын және жер асты суларының жату тереңдігін, сондай-ақ жер беті су көздерін және олардың айналасындағы территорияны санитарлық тұрғыда бағалау жүргізіледі.
Сумен қаматамасыз ететін су көзіндегі судың сапасы мен мөлшері бағаланады.
Су алатын жердің орналасуы бағаланады.
Су көзінің санитарлық жағдайына болжау жасалады.
Сынама алатын жерді таңдау, сынаманы алу және оны талдауды санитарлық қызмет жүзеге асырады.
Су көзінің жарамдылығы жөніндегі қортындыны тек СЭС береді.
Тұщы су көздеріндегі судың құрамы келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:
Құрғақ қалдық - 1000 мг/дм3 (СЭС-тің келісімімен 1500 мг/дм3 дейін).
Хлоридтер - 350 мг/дм3-ден артық емес.
Сульфаттар - 500 мг/дм3-тен артық емес.
Жалпы кермектілігі - 7 мг/ экв/дм3 артық емес (СЭС-тің келісімімен - 10 мг экв/дм3 дейін).
Химиялық заттардың концентрациясы шаруашылық-ауыз суы мен мәдени-тұрмыстық пайдаланатын суларға арналып бекітілген ШРЕК-тен аспауы қажет.
Мұндай талаптар міндетті түрде судың одан әрі өңделуіне байланыссыз қойылады. Суды өндеудің қажетті дәрежісіне байланысты су нысандары үш класқа бөлінеді. Бұл жағдайда тек 1 класқа жататын жер асты суларын ғана сумен қамтамасыз ету үшін тазартпай және залалсыздандырмай пайдалануға болады, себебі ішер су сапасына қойылатын талаптарға сай келеді. 2-ші, 3-ші класа жататын жер асты сулары және жер беті суларының барлық үш класы да өндеуді талап етеді. Орталықтандырылған шаруашылық ішу мақсатында пайдаланатын су көздерісанитарлық үміттілігі бойынша келесі ретпен орналасады:
-жердің қатты қабаттарының арасындағы қысымды сулар;
-жердің қатты қабаттарының арасындағы қысымсыз сулар;
-грунт сулары;
-жасанды түрде толтырылатын жер асты сулары;
-арнаның астындағы сулар;
-жер беті сулары.
Су құбырының қуаттылығы, қайтарылмайтын шығынды қоса есептегенде су көзінен алынатан судың шегінен аспауы қажет. Су көздерінің дебиті (французша- шығын) – бұл су көздерінің уақыт бірлігінде беретін суының мөлшері. Сек, мин, сағат, тәулігіне л/м3 – пен өлшенеді.
Жер астындағы сулардың қоры жеткіліксіз болған күнде де оларды пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Бұл жағдайларда оларды жасанды түрде толықтырып отыру тәсілдері қолданылады. Оның мәні жер беті суларын табиғи инфильтрация (ашық жүйе) жолымен немесе грунтқа айдау (жабық жүйе) жолымен жер астына аудару.
Бұл:
жер асты суларының өнімділігін арттырады;
жер беті суларының өте жоғары ластануы кезінде сапасы жоғары су алуға мүмкішілік береді;
температурасы төмендеу (12-130С) су алуға мүмкішілік береді;
жер асты суларын жер беті суларымен (кермектілігі төмендеу) араластыру арқылы кермектілігін төмендеуге мүмкіндік береді.
Жер асты суларын жасанды түрде толықтырудың барлық үрдістері негізгі 2 сатыдан тұрады:
1. Егер қажет болса суды тазарту.
2. Бассейндер немесе траншея арқылы инфильтрациялау. Траншеяның ұзындығы бірнеше км, бассейндер - 200-300 м болуы мүмкін. Бассейндер күрделі, жеңілдетілген және осы екуінің аралығындағы түрлері болуы мүмкін. Олардың түбіне бір қабат құм төселеді.
Сонымен, су көздерін таңдаудың негізгі көрсеткіші - оның сан-лық тұрғыда сенімділігі. Осы мақсатта барлық су көздерінің ішінен санитарлық күзету зонасын ұйымдастыруға болатынын ғана таңдап алады. Су көздерін тандау үшін келесі мәліметер болуы қажет:
Жер асты сулары үшін:
судың сапасының талдамасы,
пайдаланатын сулы горизонттың геологиялық сипаттамасы;
су алатын ауданның санитарлық сипаттамасы;
топырақты және сулы горизонтты ластаушы көздер туралы мәліметтер;
жер асты суларының баланстық қоры.
Жер беті су көздері үшін:
судың сапасының талдамасы,
пайдаланатын сулы горизонттың гидрологиялық сипаттамасы;
су алатын ауданның ластаушы көздері туралы мәліметтер;
су шығыны және оған су алу мөлшерінің сәйкестілігі.
Су алатын жердегі судың сапасын бағалау үшін, кемінде соңғы үш жылдық талдамалардың мәліметтері болуы қажет. Бүл жер астындағы судың құрамының тұрақтылығын бағалауға және жер беті суларының ластану динамикасын жорамалдауға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда санитарлық заңдылықтар бір жылдағы 4 мезгілдік талдамалармен шектелуге мүмкіндік береді.
Жер асты суларын зерттеу бағдарламасына химиялық зиянсыздығы мен эпидемиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері кіреді. Химиялық құрамы бойынша: перманганаттық тотыққыштығы, күкіртсутегі, бос көмір қышқыл газы. Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша: (микробтар саны мен коли-индекстен басқа):
ішек инфекциясының қоздырғыштары (салмонеллалар, шигеллалар, энтеровирустар).
жаңадан нәжіспен ластануының көрсеткіштері.
вирустармен ластанғанының көрсеткіштері.
Бұл зерттеулер коли-индекс 3-тен асқан кезде жүргізіледі. Жер асты суларының 1 л мөлшерінде ішек инфекцияларының қоздырғыштары (салмонеллалар, шигеллалар, энтеровирустар) болмауы керек. Судың 1 л мөлшерінде коли-фагтардың 100 түйін түзуші бірлігінің болуы судың вирустық ластану мүмкіндігін көрсетеді. Бұл жағдайда энтеровирустарға тікелей тексеру жүргізу керек. Судың 1 л мөлшерінде эшерихи-коли мен энтерококтар 10 нан артық болса жаңадан нәжіспен ластанғанын көрсетеді. Қосымша көрсеткіштерді анықтау жер беті суларын зерттеу бағдарламасына да енгізілген. 1 л суда салмонеллалар, шигеллалар, энтеровирустар болмауы қажет (тек 3-ші класты су көздерінің сынамаларының 10 пайызы).
1 литр суда эшерихий коли 1000-нан артық болса және энтерококктар 500-ден артық болса жаңадан нәжіспен ластанғанын көрсетеді. 1 л судағы колифагтар саны 1000-ға жетсе, вирустармен ластанғандығын көрсетеді.
Осылардың бәрінен кейін СЭС су көздерінің сумен қамтамасыз етуге жарамдылығы жөнінде қорытынды береді. Бұл қорытындыда мына мәліметтер болуы қажет:
Сумен қамтамасыз ету нысаны туралы және су көзінің санитарлық сипаттамасы.
Су көзі суының сапасы туралы және есептелген мерзімге болжам.
Санитарлық күзету зонасын үйымдастыру жөніндегі шаралар туралы.
СанПиН “Питьевая вода” құжатының талабына дейін жеткізу үшін суға жүргізілетін өңдеу туралы.