Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

4. Көрнекілік материал:

  1. СЛАЙД Судың табиғаттағы айналымы.

  2. СЛАЙД Адам организміндегі судың ролі.

  3. СЛАЙД Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулар.

  4. СЛАЙД Су арқылы жұғатын соматикалық аурулар.

  5. СЛАЙД Жұмыс бағдарламасының сызбасы.

  6. СЛАЙД Бақылауды қажет ететін көрсеткіштер.

5. Әдебиеттер:

  1. Гончарук Е.И. «Коммунальная гигиенаң, - Киев. – 2006.

  2. Неменко Б.А «Коммунальная гигиенаң, - Алматы. – 2004.

  3. Мазаев В.Т. и соавт. «Коммунальная гигиенаң – М., 2005.

  4. Кучма Р.В. «Оценка риска влияния факторов окружающей среды на здоровье детейң. Гиг. и сан. – 2002. - № 6. – с.51-53.

  5. Природоохранные нормы и правила проектирования (справочник). – М.- 1998.

  6. Руководство по коммунальной гигиене (под ред. С.Н. Черкинского), т. 2. – М.- 1962.

  7. Черкинский С.Н. «Руководство по гигиене водоснабженияң. – М.- 1975.

  8. Кику П.Ф. «Гигиенические аспекты формирования здоровья населения в условиях техногенного изменения окружающей средың. – Автореф. Дис. …д-ра мед. Наук. – Иркутск. – 2000.

  9. «Водоснабжение. Наружные сети и сооруженияң, СНиП РК № 4.01.02-2001.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Судың адам денсаулығы үшін маңызы.

  2. Қандай аурулар су арқылы беріледі?

  3. Жұқпалы аурулардың қандай түрі су арқылы беріледі?

  4. Қандай соматикалық аурулар су арқылы беріледі?

  5. Ауыз су сапасына өндірістік бақылауды кім жүргізеді?

  6. Ауыз суды бақылаудың жұмыс бағдарламасына не кіреді?

  7. Жұмыс бағдарламасын кіммен келісу қажет?

  8. Су сапасының қандай көрсеткіштерін бақылау қажет?

  9. Судың тұздылығын қандай көрсеткіштер анықтайды?

  10. Кермектілік неге байланысты?

2 кредит

2 – дәріс.

1. Тақырыбы: «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарң.

2. Мақсаты: Студеттерге «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарменң таныстыру.

3. Дәріс жоспары:

  1. Мәселенің тарихы мен жағдайы.

  2. СанПиН құжатының негізіндегі гигиеналық принциптер.

  3. Ауыз су сапасына қойылатын талаптар. СанПиН № 3.02.002 – 04 құжаты.

  4. Өндірістік бақылаудың жұмыс бағдарламасы.

Мәселенің тарихы

Қазіргі замандағы адамдардың көбі, таза судың болуын факт түрінде қабылдайды. Сонымен бірге біздің әлеміміздегі тұрғындардың көп бөлігі, адам өміріне қауіпсіз - ауыз суды пайдаланады.

Ауыз судың сапасын нормалау санитарлық заңдылықтар негізіне жатады. Осы бағыттың дамуы бірнеше сатылардан өтті, оның әр қайсысы сол уақыттың ғылыми білімінің деңгейі сәйкес келді. Ғасырымыздың көптеген жылдарында ауыз судың сапасы туралы қозғағанда оның лайлылығы, түстілігі, исі мен дәмі туралы ғана қозғады.

Тек XVІІІ ғасырда ауыз судың сапасын бағалау үшін минералдылығын, хлоридтерді, сульфаттар мен нитраттарды анықтау үшін химиялық талдау әдістері жүргізіле бастады, ал XІX ғасырда жер беті және грунттық сулардың химиялық құрамы жиі зерттеле бастады. Сол жылдардың өзінде кейбір су көздерінің көпшілігіне тән мөлшерінің судың химиялық құрамының сәкес еместігіне байланысты мәселелер қарастырыла бастады. Бірақ ештеңемен негізделмеген шартты параметрлерді ауыз судың стандарты деп есептеуге болмайды.

Дүние жүзі бойынша алғашқы рет ауыз судың сапасы бойынша стандарт 1914 ж. АҚШ-та, ал екіншісі 1937 ж. А.Н. Сысиннің басшылығымен РСФСР-да құралған “Су құбыры-шаруашылық суының сапасын тазартудың уақытша стандарты” болып табылды. Стандарт уақытша болды, бірақ Европада алғашқы стандарт болып табылды.

Тек 1958 ж. Денсаулық сақтаудың Бүкіл Дүние Жүзілік Ұйымы дүние жүзінде ауыз судың сапасының талаптарын толығымен біріңғайлау үшін алғаш рет Ауыз судың халық аралық стандарттарын шығарды. Бұл идея рационалды емес деп есептелді, бірақ басқа елдерде осыған ұқсас нормалар жасауға үлгі болып табылды.

Кейінірек 1987 ж. БДҰ үш томдық Ауыз судың сапасын бақылау бойынша басшылық атты кітабы шықты, ал екінші басылымы 1993 ж. шықты. Ол кітапта адам денсаулығына ауыз судың әсері туралы ақпараттар сол уақыт бойынша толық және айғақты мәліметтер алуға болады. Бұл ақпаратты әлемдік мәліметтер есебінде қарастыра отырып, регионалдық ерекшеліктерді есепке алып, ұлттық стандартты өңдеуге және жетілдіругае мүмкіндік туады.

Сондықтан 1940 ж. отандық гигиенист С.Н. Черкинский ауыз судың жаңа стандартын жасады, ол кейіннен ГОСт 2874-45 “Вода питьевая” құжаты болып бекітілді. Ғылыми өңдеулердің нәтижесінде ГОСТ 2874-54 және 2874-73 құжаттары шығарылыды, ал кейінгі жылдары елімізде ГОСТ 2874-82 “Вода питьевая – гигиенические требования и контроль за качествам” құжаты күшінде болды.

Ұзақ уақыттық ғылыми және практикалық бақылаулардың нәтижесінен 1996 ж. Ресей Федерациясы бекіткен СанПиН “Питьевая вода. Гигиенические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжении. Контроль качества”, ал Қазақстанда 3.01.067-97 номерімен қайта қарастырылып бекітілді. 2004 ж. Санитарлық ережелер мен нормалар 3.02.002-04 номерімен “Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” атты нормативтік құжат бекітілді. Оның мазмұндық негізі СанПиН “Питьевая вода” құжатына сәкес келеді. Қазіргі таңда ауыз судың сапасы осы нормативтік құжат арқылы бақыланады.

Соңғы СанПиН негізіне соңғы жылдардағы есепке алынып, бірқатар гигиеналық принциптер ұсынылды. Оның негізгісіне ауыз судың эпидемиологиялық, радиациялық қауіпсіздігін, химиялық құрамы бойынша зиянсыздығын және органолептикалық қасиеттері бойынша жағымдылығын қаматамысыз ететін ауыз су сапасының гигиеналық критерийлер принципі болып табылады. Қауіпсіздік және зиянсыздық деңгейлері медициналық, гигиеналық зерттеулер негізінде бекітілді.

СанПиН құжатының ерекшелігі ауыз судың құрамының нормативінде онда болуға қажетті компоненттер емес, ондағы кездесуге болмайтын заттардың, яғни кездескен жағдайда белгілі-бір рұқсат етілген деңгейде болу қажеттігі ескеріледі. Сондықтан СанПиН химиялық заттардың немесе биологиялық агенттердің болуының жоғарғы деңгейін бекітеді.

Ауыз судың құрамы үшін біріңғай эталаон құру мүмкін емес, өйткені ауыз судың құрамы бірдей емес, ол негізінен көптеген қасиеттерге байланысты: су көзінің геохимиялық ерекшеліктеріне, жыл мезгіліне және антропогендік жүктемелерге байланысты. Сондықтан СанПиН құжатында берілген гигиеналық нормативтер ауыз сапасының эталоны емес, ол жеке су құбырынан алынған ауыз сапсына бақылаудың жұмысша бағдарламасын құрастыру үшін қажет.

Сондықтан да СанПиН құжатының екінші принципі еліміз үшін гигиеналық нормативтердің біріңғай қабылданған, бірақ әрбір жеке су құбыры үшін бақыланатын көрсеткіштері жеке болып табылатын регламентация үшін регионалдық сәкестілік принципі. Сонымен су көзі суының жеке құрамын анықтайтын, яғни бақылауға арналған көрсеткіштерді таңдау регионалдық табиғи және антропрогендік ерекшеліктерге байланысты.

Әрбір жеке су құбырына бақылаудың жұмысшы бағдарламасын құру кезінде, СанПиН-да келтірілген ауыз су сапасының біріңғай мемлекеттік нормативі негізінде регионалдық гигиеналық сәйкестілік ескеріледі. Қазақстан үшін оның территориясының үлкен болуына, әр түрлі регионалдық табиғи және әлеуметтік- экономикалық, санитарлық жағдайларға байланысты регионалдық сәкестілік маңызды болып табылады. Ол судың шынайы құрамын көрсететін әр су құбырын бақылауға жұмысшы бағдарлмасын құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл көптеген су құбырларында шектелген көрсеткіштер тізімі бойынша судың химиялық құрамын бақылауға мүмкіндік береді.

Келесі принципке химиялық қауіпсіздіктің алдында микробиологияллық критерийдің приоритенттілігі жатады, негізінен химиялық ластанудың популяциялық қауіпсіздігі микробиологиялыққа қарағанда әлдеқайда аз болып табылады. Ауыз судың органолептикалық қасиеттерін регламентациялау қалыпты физиологиялық қасиетін қалыптастыру ғана емес, яғни тұрғындардың эпидемиялық қауіпсіздігін қаматамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда су құбырының ауыз суымен 75 пайыз тұрғындар қаматамасыщз етілген, ал орталықтандырылмаған сумен 22 пайыз, 3 пайыз қазақстандықтар тасылып алып келетін сумен қамтамасыз етілген. Соңғы категорияға негізінен Маңғыстау, Атырау облысының тұрғындары жатады, онда табиғи тұщы су көзі жоқ. Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген, ал 1 пайызы ауыз су мақсатында ашық суаттарды пайдаланылады.

СанПиН құжаты тек орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде пайдаланылады. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі дегеніміз суды алу, өңдеу (немесе өңдеусіз), сақтау және тұрғындарға жеткізу қондырғылары.

СанПиН-нің жалпы жағдайлар бөлімінде ауыз судың сапасының ерекшеліктеріне регионалдық сәйкестілік ескерілген және қажетті терминдері берілген.

Сумен қамтамасыз ету жүйесін эксплуатациялауда СанПиН –нің қосымшасында берілген әдістеме бойынша өндірістік бақылаудың жұмысшы бағдарламасы құрастырылады. Бағдарлама мемлекеттік Санэпид бақылау ұйымымен келісіледі және жергілікті басқару (әкімшілікпен) ұйымымен 5 жылға бекітіледі. Бұл үшін соңғы 3 жылдан кем емес мезгілдегі су көзі туралы мәліметтер, оның ластануы туралы, статистикалық есеп беру, гидрометеореологиялық мәліметтер, табиғатты қорғау және санитарлық бақылаудың басқа мәліметтер болуы қажет.

Жұмыс бағдарламасында судың сапасының бақылау көрсеткіштерінің тізімінен басқа талдауды анықтауды жиілігімен әдістемесі апаттық жағдай кезінде нормативтерді қолданудың реті көрсетілуі қажет. 3.7.3 пунктінде көрсетілгендей жергілікті басқару ұйымы ауыз суды қолдануды шектеу немесе рұқсат бермеу туралы хабарламаны, оның сапасы туралы, апаттық жағдайды жою шараларын, сол жағдайда тұрғындардың әрекеті туралы ұсыныстарды тұрғындарға міндетті түрде жеткізілуі қажет.

  • эпидемиялық қауіпсіздіктің бірінші көрсеткішіне жалпы микроб саны (ЖМС – 37 градус С температурада қоректік ортада колония түзу қабілеті бар микроорганизмдердің мөлшері) жатады. Нормативтік мәннен жоғарылауы (1 мл-да 50-ден жоғары емес) су дайындау технологиясында бұзылыстың бар екендігінің белгісі болып табылады. Бақылаулар нәтижесі суда бактерия-сапрофиттерінің көп мөлшерде кездесуі онда патогендік микроорганизмдердің болуын көрсетеді. Тарату торабының суында ЖМС-ның өсуі органикалық заттардың жиналуы немесе герметикалығының бұзылуы нәтижесінде, соған байланысты ластанған грунт суының сорылуынан санитарлық жағдайының бұзылуын көрсетеді.

  • Сонымен қатар ауыз судың микробиологиялық нормалануына санитарлық - көрсеткіштік микроорганизмдер (ішек таяқшалар тобы), 4 түрлі бактериялар: Cіtrobakter, Enterobakter, Klebsіella және Escherіchіa жатады. Бұл микроорганизмдер адам ішегінде үнемі тіршілік етеді, бірақ олардың суда болуының санитарлық маңызы әртүрлі.

Алғашқы 3 микроорганизм түрі адам немесе жануардың нәжісімен ластанбаған қоршаған ортада кең тараған, сондықтан санитарлық көрсеткіштік маңызы жоқ. Кейбір эшерихий түрлерінің кездесуі жаңадан нәжістік ластануды үнемі көрсете бермейді, сондықтан СанПиН құжатында негізгі тест ретінде термотолерантты ішек таяқшалары – Escherіchіa colі таңдалды. Таза суаттарда ішек таяқшаларының болмайтындығы дәлелденген және оның судағы мөлшері нәжістік ластануға тікелей байланысты. Термотолерантты ішек таяқшалары 43-44 градус темперетура өмір сүруге қабілетті және оның суда болуы эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңадан нәжістік ластанудың тура белгісі болып табылады.

- СанПиН-де термотолерантты ішек таяқшаларымен бірге жалпы ішек таяқшаларын да анықтау берілген. Олар антропогендік өнімнің органикалық заттары көп болатын суда кездеседі, онда клебсиелла, ішек вирустары, гельминт жұмыртқалары, қарапайымдылар цисталары кездесуі мүмкін. Жалпы колиформдар тесті жаңадан нәжістік ластану болмаған кезде, хлорлаудан кейінгі судың қауіпсіздігін бағалау үшін маңызы ерекше. Жалпы және термотолеранттты колиформды бактериялардың 100 мл ауыз суда болмауы судың эпидемиялық қауіпсіздігінің негізгі критериі болып табылады.

- Ішек таяқшаларымен салыстырғанда, ішек вирустары табиғи ортада, тахзарту қондырғыларында қолданылатын дезинфекциялық заттарға да әлдеқайда тұрақты.Сондықтан ауыз судың вирустық ластануының санитарлық көрсеткішіне ішек таяқшаларының вирустары таңдалды. Escherіchіa colі – колифагтар қоршаған ортада үнемі кездеседі. 100 мл тазартылған ауыз суда колифагтар болмауы қажет.

Сульфитредуцирлеуші клостридий споралары залалсыздандыратын агентке ерекше тұрақты келеді және суды тазарту процесінде залалсыздандыруға тұрақты болатып келетін ішек микроорганизмдерінен босататын жанама көрсеткіш болып табылады. Сульфитредуцирлеуші клостридий спораларын жер беті су көзінің суын өңдеу тиімділігін бағалау үшін анықтайды, сондықтан су құбырының тарату торабының суынан оны іздеудің қажеттігі жоқ. Паразитарлық қатынасы жағынан ауыз судың қауіпсіздігін бақылау үшін СанПиН-де лямбля цисталары көрсеткіштері берілген, норматив бойынша 50 литр суда болмауы қажет.

Ауыз судың сапасының микробиологиялық көрсеткіштері сәйкес келмеген жағдайда санитарлық эпидемиологиялық бақылау ұйымының шешімі бойынша ішек тобының патогенді бактерияларын және ішек вирустарының болуына зерттеу жүргізіледі. Мұндай зерттеулерді су құбырының өндірістік бактериологиялық лабораториясы жүргізбейді, оны арнайы лицензиясы бар зертханалар жүргізеді.

Ауыз судың химиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері СанПиН-дегі 2.3. кестеде және 2-ші қосымшада берілген. Олардың маңызы адамның денсаулығы және өмір сүру жағдайы үшін бірдей, оларды кестелерге бөлу ауыз суда кездесу жиілігін көрсету мақсатында келтірілген. Құжатта табиғи суда едәір жиі кездесетін, суды өңдеу процессінде қосылатын және түзілетін, суға адамның шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде түсетін химиялық заттар берілген.

Сонымен 1-ші кестеде берілген химиялық заттардың ауыз суда кездесу сенімділігі жоғары. Бұл заттар табиғи су үшін едәуір тән (алюминий, барий, берелий, бор, темір, марганец, мыс, молибден, мыщьяк, нитраттар, қорғасын, селен, стронций, мырыш, сульфаттар, фториттер, хлориттер), сонымен қатар өте қауіпті антропогендік ластаушылар (қорғасын, кадмий, сынап, никель, хром, цианиттер және т.б) да берілген.

Осы көрсеткіштерде жұмыс бағдарламасына сол су көзіне қатысты заттарды қосады. 1-ші кестеде сонымен қатар судың химиялық құрамының біріккен көрсеткіштері (рН, жалпы минералдылығы, кермектілігі, перманганаттық тотыққыштығы, мұнай өнімдерінің болуы, беткейлік активті заттар, фенолдық индекс) берілген. Бұл көрсеткіштер әрбір су құбырының жұмыс бағдарламасында болуы қажет.

Мұнай өнімдерінің қосындысы. Су нысандарының мұнай өнімдерімен ластануы – ХХ ғасырдағы гигиенистердің негізгі проблемасы. Ол негізінен Қазақстан үшін маңызды, себебі мұнай қоры үнемі өсу үстінде және мұнай өнімдерінің өндірістері қоршаған ортаны ластауда. Ауыз суды тұтыну кезінде мұнай өнімдерінің улылығы байқалынбайды, бірақта организмге су арқылы түсу жолдарына қарағанда мұнайдың улылық концентрациясы өте жоғары. Мұнай өнімдері судың органикалық қасиеттерін өзгертеді – арнайы иісі болады және суаттардың бетінде түрлі-түсті жұқа қабықша пайда болады. Сол себептен су дайындау кезінде су құбырының тазарту қондырғыларында «керосиндің иісті толық жоя алмайды.

Сутектік көрсеткіші (рН). Судағы рН СанПиН нормативтінің жоғарғы деңгейіне дейін өзгерісі адам организміне теріс әсерін тигізбейді. Судағы «негізгі иондардыңң биологиялық мүмкіндігі мен еру қабілеттілігі рН мөлшеріне байланысты және 6,0-ден 9,0-ге дейінгі шамадағы бұл иондардың концентрациясы улылық әсерін көрсетпейді.

Перманганатты тотыққыштығы. Ауыз сумен қамтамасыз етілетін су көздері шығу тегі әртүрлі органикалық заттардан тұрады, яғни олар тотығу үшін оттегінің саны арқылы бекітіледі. Көп жағдайда бұл әдіске калий перманганатты тотықтыру - перманганатты тотыққыштығы пайдаланылады.

Фенолды индекс. Жер беті су көздерінде фенол қосындылар көп кездеседі. Аз көлемдегі фенол концентрациясы суда арнайы иіс береді, ал оны хлорлаған кезде хлорфенолды зат түзіліп, жағымсыз иіс түзеді. Сол себептен ауыз судың сапасына бақылау жасаған кезде фенолды индексті анықтайды, яғни әрбір су нысандары үшін жеке және тұрақты шамасын, судағы фенол қосылыстарының біріккен құрамын анықтау арқылы анықталады.

2-кестеде реагенттердің қалдық мөлшерін нормалау мен олардың трансформациялану өнімдерін нормалау мәліметтері жұмыс бағдарламасына қосылған. СанПиН құжаты бойынша затардың комбинирленген әсерін есепке алу 1,2 класс қауіптілігіне жататын затар үшін шектелген, ал радиациялық қауіптілік қосынды альфа-, бета- активтілік бойынша бағаланады (кесте 5).

Органолептикалық көрсеткіш бойынша судың сапасын бағалауға адамның сезім мүшесінің интенсивтілігі жатады. Судың исі, дәмі, түстілігі мен лайлылығы абсолюттік түрде зиянсыз болған күннің өзінде жағымсыз болмауы қажет. Бірақ мұндай нақты жағдай білім деңгейімен анықталады.

Сонымен 20 гр.С температурада 60 гр.С қыздырғанда исі 2 балдан аспау керек, дәмділігі 20 гр.С температурада 2 балдан аспау керек, түстілігі 20 гр.С-тан және лайлығы бойынша өлшенді заттардың мөлшері 1,5 мг/л-ден аспау керек. Бірақ лайлылығын анықтайтын сазды бөлшектерде вирустардың негізгі бөлігі сорбцияланады және судың лайлылығының төмендеуіне байланысты оны залалсыздандыру қажет. Судың лайлылық көрсеткіші органолептикалық және судың эпидемиялық қауіптілік көрсеткіші болып табылады.

Ауыз судағы химиялық қосылыстардың адам денсаулығына қауіптілігі туралы мәселе кітапта берілгендіктен Қазақстанға ғана тән элементтер мен қосылыстарға қысқаша тоқталып өтейік. Бұл университеттің түлектері республиканың әртүрлі территориясында жұмыс істейтін болғандықтан бұл жайлы білген дұрыс.

Республикада асбестің жиналған қоры бар (Қостанай обласы) және ол жерде Жетіқара қаласында асбестік комбинат жұмыс істейді. Осының әсерінен минералдың талшықтары қорған ортаға, суға түседі. Табиғи суда асбестің концентрациясы 1 л суда 1-10 мил. талшық кездеседі. Минерал ауыз суға асбестік цементтік су құбырлары арқылы түседі. Сондай-ақ адам организміне ингаляциялық жағдайда асбестік концерогендік әсер беретіндігі белгіленген. Көптеген қазіргі заманғы зерттеулерде де асбестің ауыз су арқылы зияндылығының жоқтығын ластайды.

Бор қосылысы алхмиктер кезінен бастап кеңінен қолданылған, бірақ бұл элементті француз оқымыстысы Гей-Люссак тек 1808 жылы ғана ашқан. Элемент жем-шөптік және жемістік өнімдерді үшін бор қоспаларының құрамына тыңайтқыш ретінде кіреді, ал оның топырақта жетіспеушілігі егіннің төмендеуінен байқалады.

Қоршаған ортада бор қосылысының жоғарғы мөлшерінің биогеохимиялық провенциясы белгілі, оған мысал ретінде Батыс Қазақстанда кездеседі. Бұл территорияның ауыз суы арқылы адам организміне түсіп тұрады. Сумен қамтамасыз ету көзін таңдау кезінде бор зерттеу бағдарламасына кіреді.

Бор асқазан, ішек жолдарында жақсы сіңеді, организмнен өте баяу шығады. Ауыз суда бордың жоғары концентрациясы тәжірибе жүзінде және шынайы жағдайда жыныс қызметін бұзып, эмбриотоксикалық әсер көрсетеді. Бордың ауыз суда концентрациясы адам организмі үшін қауіпті. Суда бордың ШРЕК – 0,5 мг/л.

Қазақстан полиметалдық кендері мен түсті металдар қорына бай, ол республикада жақсы дамыған. Бұл қоршаған ортаның, су объектілерінің ластануына алып келеді. Осы заттардың ішінде ауыр металдар адам денсаулығына өте қауіпті. Оған қорғасын, кадмий, мырыш, никель және т.б. кіреді.

Өткен жылдары батыс Европа елдерінде су құбыры суын тұтыну кезінде қорғасынмен ауыр түрде улану жағдайы байқалған, бұл қорғасын құбырларын су құбыры жүйесінде пайдвалану нәтижесінде болған. Бұрынғы ССРО-да және Қазақстанда шаруашылық ауыз-су жүйесінде қорғасын құбырларын қолдануға санитралық заңдылықпен тыйым салынған. табиғи судың қорғасынмен ластануы түсті металлургия әсерінен ағынды сулар арқылы түседі.

Қорғасын сүйекте жиналып, нерв жүйесін, бүйректі зақымдап, атеросклерозға алып келеді, үлкендерге қарағанда балалар организмі қорғасынды 4 есе жиі сіңдіреді. Сондықтан суда қорғасынның ШРЕК-і 0,03 мг/л.

Улылығы жоғары ауыр металдардың біріне кадмий жатады. Ол атомдық, ракеталық техникада, сілтілі аккмулятор өндірісінде қоладынлады, арнайы еріткіш құрамына кіреді, сондай-ақ су құбыры практикасында қолданылатын антикоррозиялыұ жабынды ретінде пайдаланылады. Сондықтан металдық құбырларды және суды жіберу және сақтау үшін гальваникалық жабындысы бар резервуарларды қолдану кезінде судағы кадмийдің мөлшері 4 мг/л-ге дейін жоғарылауы мүмкін (судағы кадмийдің ШРЕК-і қорғасынның ШРЕК-інен 30 есе төмен, яғни 0,001 мг/л-ді құрайды).

Табиғи суда никель литріне жүздеген, мыңдаған бөлшек мг деңгейінде кездеседі, никель кені бар жерлерде бірнеше есе жоғарылайды, бұндай орынға Ақтөбе облысы (Батамшы) жатады. Суаттардың никельмен ластануы түсті металлургия және металөңдейтін, химиялық өндіріс орындарының ағынды суларының әсерінен болады. Никель қосылысы тыныс алу, тері органдарына тітіркендіргіш әсер береді, аллерген болып табылады, организмнің иммундық статусын бұзады. Судағы ШРЕК-і – 0,1 мг/л.

Сынап табиғи суларда органикалық емес сынап едәуір улы органикалық қосылыстарға айналып, метилденуге қабілетті, оның ластану шамасы 0,1 пайызға жетеді. Адам оргнизмінде металл ешқандай физиологиялық қызмет атқармайды, бірақ сынап жоғары улы, кумулятивті. Оның органикалық емес қосылыстары бүйрек пен бауырды зақымдайды, ал органикалық қосылысы нейротоксикалық, эмбриотоксикалық (Миномата ауруы) әсер береді.

Қоршаған ортада сынаптың циркуляциясы жер қыртысында, өсімдік, ануар организмінде жиналу арқылы жүреді. Бұл синтетикалық каучук жасауда сынапты катализатор ретінде қолдануда, Темір-тау қаласында байқалды. Өндірістік ағынды сулар нұр өзеніне құйылады, осыған байланысты элементтің қоршаған ортада жедел түрде таралуына алып келді. Суда сынаптың ШРЕК-і 0,0005 мг/л.

Қоршаған ортада хром да кең тараған, бірақ оның табиғи судағы концентрациясы ерігіштігі төмен болғандықтан гигиеналық мағыналық мөлшерге жетпейді. Сондықтан адам организміне қауіптілігі өндіріс қалдықтарының су объектілеріне түсуінен болады (ағынды сулар, қатты қалдықтар). Ластану негізінен заводтардың ағынды суларынан, қатты қалдықтарды көму орныдарының миграциясы нәтижесінде болады. Бұл жағдайларды біздік ғалымдар жазып жүр, Қазақстанда (Ақтөбе облысы) хром кенінің қоры бар, ал облыстық орталықта оны өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді.

Табиғи жағдайда хром үш валентті, ал он.ың өнімі мен қалдығында алты валентті хром кездеседі. Хромның адам организміне зияны бүйрекке, бауырға әсер беруден көрінеді. Үш валентті хроим мысалы хром тотығы канцерогендік қасиетке ие, ал алты валентті қосылысының улылық, теріге тітіркендіргіш әсері бар, репродукция процесіне әсер етеді. Суда хромның ШРЕК-і 0,05 мг/л.

Қазақстанда (Қостанай облысы) маргенец кенінің табиғи қоры көп, жер асты суындағы оның концентарциясы 300 мг/л және одан да жоғары болады. Әдеби мәліметтерде маргенецтің ауыз су арқылы улылығы туралы мәліметтер жоқ. Марганецтің токсикалық әсері төмен, ал азғантай концентрацияда судың түсін өзгертіп, пайдалануға жарамсыз етеді. Суда марганецтің ШРЕК-і – 0,1 мг/л, бірақ ВОЗ-дың ДЖДСҰ-ның мәліметінде 0,5 мг/л-ге дейін деңгейде ауыз суда адам организміне зиянын тигізеді делінген.

Мыс. Табиғи жер асты суларында болмашы концентрацияда кездеседі, ішер суға мыстан жасалған құбырлардың тотығуы кезінде түседі. Жер беті сулары өндірістік ағынды сулармен ластануы мүмкін. Судағы мысты регламенттеу оның органолептикалық қасиетіне әсер етуіне байланысты. Мыстың жоғары концентрациясы суға ашылау дәм береді. ШРЕК 1,0 мг/л.

Қазақстан территориясының кейбір жерлердегі табиғи сулары сульфаттарға бай болып келеді. Сульфатты суларды пайдаланғанда әлсірететін қасиет береді, әсіресе орта жастағы адамдар сезімтал келеді.

Сулфаттардың судағы концентрациясы 500 мг/л-ден аспау керек. Сонымен қатар, әртүрлі техникалық қажеттілікке пайдаланатын су­лар үшін төмен концентрациясы ұсынылған: сыра дайындайтын өндірісте – 100 мг/л; сүт өнімдеріне – 60 мг/л; қант және консерві өндірісіне – 20 мг/л.