Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНА ЖӘНЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ГИГИЕНАСЫ КАФЕДРАСЫ,

ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ КУРСЫ

ҚҰЖАТТЫҢ АТЫ

1.3 Дәріс комплекстері № 1 кредит

1 – дәріс.

1. Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиенасы пәні және әдістері. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасының дамуындағы Қазақстан және Ресей ғалымдардың рөлі.

2. Мақсаты: Студенттерге коммуналдық гигиена пәнінің әдістері мен даму тарихымен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

  1. Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.

  2. Пәннің даму тарихы.

  3. Санитарлық қызметтің құрылымы.

  4. Санитарлық заңдылықтар.

  5. Санитарлық бақылауды ұйымдастыру.

Коммуналды гигиена - елді мекен гигиенасы.

Коммуналдық гигиена салыстырмалы түрде алғанда жас жас гигиеналық пәнге жатады. Алғашқы кезде қазіргі заманғы гигиена бағыттары (еңбек, балалар мен жасөспірімдер, коммуналдық, радиациондық, тағамтану гигиенасы) жеке дара бөлінген жоқ, олар жалпы гигиена құрамына кірді. Бірақ гигиена ғылымының дамуына орай, оның барлық бөлімдерін терең зерттеу қажеттігі туды. Бұндай терең зерттеу жалпы гигүиена деңгейінде қажеттігі жоқ, сондықтан санитарлық іс-әрекетте өзгерістер, яғни гигиеналық пәндердің жеке бөлініп шығуына алып келді.

Бұл процесс біртіндеп жүрді және коммуналдық гигиена жалпы гигиенадан ХХ-ғасырдың ортасында бөлініп шықты. Егер жалпы гигиена судың, ауаның, топырақтың адамға әсерін зерттесе, ал жеке гигиена бұл факторлардың қандай-да бір жағдайда, мысалы өндірісте, дала жағдайында, сондай-ақ елді мекен жағдайында әсер етуін зерттейді. Дәл сол соңғы жағдаймен коммуналдық гигиена айналысады.

Коммуналдық гигиенаның негізгі және едәуір күрделі сұрақтарына интенсивтілігі төмен факторлар адам денсаулығы арасындағы себеп-салдарлықты бекіту болып табылады. Бұл сұрақты ғылыми тұрғыда шешу өткен ғасырдың аяғында қолға алынды, ал қазіргі таңда бұл мәселе бойынша белгілі–бір қиындықтар тууда. Бірақ оны шешудің қажеттігі қолайсыз факторлардың маңыздылығын бекіту үшін, сауықтыру шараларының тиімділігін бағалау үшін туып отыр.

Коммуналдық гигиена пәні адам организміне елді мекеннің табиғи және антропогендік факторларының әсерін зерттеу, сондай-ақ тұрғындардың денсаулығы мен қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін шаралар мен нормативтерді өңдеу болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл – елді мекен гигиенасы, яғни қалалар мен ауылдық жерлердің (commune –община, қауым; поселение, елді жер, халықты орын; французша). Коммуналдық гигиена ғылыми пән ретінде елді мекен жағдайында сауықтыру шараларын өмірге енгізуде, санитарлық заңдылықтар бекітуде санитарлық қызметтің практикалық іс-әрекеті үшін негізгі қызмет атқарады. Коммуналдық гигиена негізгі гигиеналық пәндердің бірі болып табыла­ды және ол келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы (шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз судың сапасы, су тұтыну нормасы, сумен қамтамасыз ету көздері, суды тазарту әдістері, суды залалсыздандыру әдістері, су құбыры схемалары, сумен қамтамасыз ету жобасын санитарлық сараптау).

  2. Су обьектілерін санитарлық қорғау (судағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау, қалалық ағынды сулар, өндірістік ағынды сулар, ағынды суларды тазарту әдістері мен схемалары, ағынды суларды ағызу жағдайы, канализация жобаларын санитарлық сараптау, су обьектілерін санитарлық қорғау шараларының жүйесі).

  3. Атмосфералық ауа гигиенасы (атмосфераның ластану көздері, атмосферадағы химиялық заттарды нормалау, атмосфералық ауа жағдайын бағалау, атмосфераның ластануының халық денсаулығына әсері, атмосфералық ауа тастамаларын тазарту, өндіріс обьектілерінің санитарлық қорғаныс зонасын ұйымдастыру).

  4. Жер қыртысын немесе топырақты санитарлық қорғау және елді мекендерді тазарту гигиенасы (жер қыртысы гигиенасы, топырақтағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау, елді мекенді санитарлық тазарту).

  5. Физикалық факторлардың гигиеналық маңызы (елді-мекендердегі шу мәселесі, транспорттық шу, шуды нормалау мәселелері, электромагниттік өріс, вибрация, физикалық факторлардың адам денсаулығына әсері және оның алдын-алу ша­ралары).

  6. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы (бөлмелердің табиғи және жасанды жарықтандырылуы; желдету мен жылытуды гигиеналық бағалау; қоғамдық ғимараттардың ықшам климаты; бөлмені жоспарлауды гигиеналық бағалау).

  7. Жоспарлау гигиенасы (аудандық жоспарлау, елді мекенді жоспарлау, елді мекендерді жоспарлау жобаларын сараптау, жоспарлауды гигиеналық бағалау).

Осы аталған мәселелердің бәрі санитарлық-гигиеналық факультетінің ІV-V курс студентеріне арналған коммуналдық гигиена бағдарламасына кіреді. ІV курстың бағдарламасына алғашқы екі бөлім кіреді, V курста қалған бөлімдер, ал VІ курста алған теориялық білімді бекіті және оны практикада СЭС базасында қолдана білу.