Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары 1...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
553.47 Кб
Скачать

Мезгіл үстеулер.

1) Мезгіл үстеулерге келесі сөздер жатады: always-әрқашан, қашанда, often-жиі, seldom-сирек, ever-қашан да болса, never-еш уақытта, ешқашанда, just-қазір ғана, already-енді, әлдеқашан, still-тағы, әлі, soon-жақын арада, usually-әдетте.

He always comes early. Ол әрқашан ерте келеді.

2) Келесі үстеулер сөйлемнің басында немесе сөйлемнің соңында тұрады: todаy- бүгін, tomorrow-ертең, yesterday-кеше, afterwards- аяғында, sometimes- кейде, then-сол уақытта, сол кезде, сонда, онда, now- қазір, енді.

I shall go there tomorrow. Tomorrow I shall go there. Мен онда ертең барамын.

I go there sometimes. Sometimes I go there. Мен онда кейде барамын.

3) Келесі сөздер ереже бойынша сөйлемнің соңында тұрады: lately- соңғы уақытта, recently- жақында, жақын арада, before- бұрын, since- содан бері.

I have seen this film before. Мен бұл фильмді бұрын көрдім.

I have not been there lately. Мен соңғы уақытта сонда болған жоқпын.

Мөлшер үстеулер.

Мөлшер үстеулерге келесі сөздер жатады: very-өте, тым, аса, too-тым, өте, so- сондай, rather-әжептәуір, едәуір, almost, nearly-дерлік, hardly, scarcely-әрең, much far, by far-анағұрлым, едәуір, quite-мүлде, not at all-мүлде басқа, much-көп, little- аз.

He is very old. Ол өте қарт кісі.

This story is rather interesting. Әңгіме едәуір қызықты.

I could hardly understand him. Мен оны әрең түсіндім.

Қимыл – сын үстеулер.

Қимыл – сын үстеулерге келесі сөздер жатады: well-жақсы, fast, quickly-тез, slowly-ақырын, бәсең, quietly-тыныш, қозғалмай, асықпай, жай, easily-оңай, жеңіл.

He walked slowly. Ол ақырындап жүрді.

The sun shines brightly. Күн сәулесін төгіп тұр.

Үстеулердің шырайлары.

1)Бір буынды үстеулер салыстырмалы шырайын -er жұрнағы, ал күшейтпелі шырайын -est жұрнағы арқылы жасайды.

Fast- тез faster-тезірек fastest-өте тез

Late-кеш later-кештеу latest-өте кеш

Soon-шапшаң sooner-шапшаңырақ soonest-бәрінен шапшаң

Early-ерте earlier-ертерек earliest-өте ерте

2)Сын есімнен –ly жұрнағын жалғап жасалған үстеулердің салыстырмалы шырайы more, ал күшейтпелі шырайы сын most сөздері арқылы жасалады.

Clearly –түсінікті more clearly- түсініктірек most clearly- бәрінен түсінікті.

Correctly-дұрыс more correctly- дұрысырақ most correctly-бәрінен дұрыс

3)Бұл үстеулерді жаттап алу керек:

well-жақсы better- жақсырақ best-бәрінен жақсы

badly- жаман worse- жамандау worst-бәрінен жаман

much-көп more-көптеу most-бәрінен көп

little-аз less-аздау least-бәрінен аз

far –алыс farther-алысырақ farthest-бәрінен алыс

Exercise: Write the comparative and superlative degrees of the following adjectives and adverbs. Translate them into Kazakh

Big, near, much, hot, happy, simple, fine, clear, thin, sad, far, little, bad, beautiful, useful, necessary, important, polite, exciting, old, narrow, lucky, clever, early, fast, often, slowly, distinctly, easily, hard, close, closely, near, complete, dry, shy, unusual, heavy, famous, remarkable.