- •5В010300– Педагогика және психология
- •5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- •5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •2. Рупд
- •3.Силлабус
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- •5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- •12. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
- •Кәсіпкерлік оқыту процесінің теориялық негіздемесі
- •Кәсіпкерлік оқыту жүйесінің методологиясы
- •Кәсіпкерлік оқыту жүйесінің технологиясы
- •Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
- •Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызметтің түрлері
- •Тауар өнімдерін өндіру бойынша кәсіпкерлік қызметті білім беру мекемелерінде ұйымдастыру.
- •2. Еңбек нарығы мен білімдік қызмет көрсету нарығының өзара әрекеттері
- •3. Білім беру рыногын зерделеу мақсаты мен әдістері
- •7. Семинар сабақтардың жоспары
- •9. Оқу жұмыс жоспарында курстық, зертханалық жұмыстар қарастырылмаған.
- •10. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11. Жұмыстық оқу бағдарламасында пән бойынша практика қарастырылмаған.
- •12. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар
- •А) аралас сабақ;
- •13. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қолдау.
7. Семинар сабақтардың жоспары
№1.Тақырыбы: Кәсіпкерлік білім туралы жалпы түсінік.
Кәсіпкерлік білім беру анықтамасы?
Қызмет түрі ретінде кәсіпкерлік білім беру мәні?
Ғылым ретінде кәсіпкерлік білім беру мәні қандай?
№2. Тақырыбы: Кәсіпкерлік білімнің даму тарихы.
Кәсіпкерліктің алғашқы элементтер.
Орта ғасырдағы қазақ даласындағы экономикалық байланыстар.
Кәсіпкерлік экономикалық тұрғыдан қалыптасуы.
№3. Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары
1. Кәсіпкерлік білім беру ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан қарастыру.
2. Кәсіпкерлік білім беру жайында қандай көзқарастарды білесіздер?
3. Әдіснама дегеніміз не, және кәсіпкерлік білім беру әдіснамасын қалай түсінесіздер?
№4. Тақырыбы: Экономикалық мәдениет
1. Кәсіпкерлік білім беру әдіснамасы.
Кәсіпкерлік білім беру ұғымын классикалық психологиялы тұрғысынан түсіндіру?
Кәсіпкерлік білім берудің теориялық негіздері
№5. Тақырыбы: Білім беру мекемелеріне тән кәсіпкерлік қызмет түрлері, ерекшеліктері
Кәсіпкерлік білім беру зерттеудің классикалық әдістеріне сипаттама беріңіздер?
Психикалық процесті, күйді, қасиеттерді басқаруды қалай жүзеге асыруға болады?
Психикалық білім беруді басқаруды қалай жүзеге асыруға болады?
Психикалық белсенділікті, іс-әрекетті, жүріс-тұрысты басқару ды қалай жүзеге асыруға болады?
Кәсіпкерлік білім беру ақпараттық технологиялар?
№6. Тақырыбы: Ақылы негізде білім беру және қосымша білім беру қызметі
Кәсіпкерлік білім беру талпыну әдісін қалай қолдануға болады?
Кәсіпкерлік білім беру сендіру әдісін қалай қолдануға болады?
Басқарудың әкімшілік әдістер? Басқарудың әлеуметтік –психологиялық әдістері?
Басқарудың экономикалық әдістері? Кәсіпкерлік білім беру басқарудың қандай стильдерін білесіздер?
№7. Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметтің формаларын жіктеу
Кәсіпкерлік білім беру ұйымдастырушылық жұмысты қадлай жүзеге асруға болады?
Кәсіпкерлік білім беру бәсекеге қабілеттіліктің анықтамасы? Психологиядағы супервизия түсінігі?
Кәсіпкерлік білім беру әдістемелік жұмысты ұйымдастыру қандай роль атқарады?
№9. Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі маркетинг
1. Білім беру қызметінің маркетингі.
2. Білім беру саласындағы маркетингтің негізгі проблемалық бағыт-бағдары
3. Маркетингілік орта. Білім беру мекемесінің маркетингілік ортасын талдау.
№10. Тақырыбы: Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі
1. Білім мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі.
2. Қазақстандағы заңдар, жарлықтар, қаулылар, мен бұйрықтар түрінде бірқатар нормативтік – құқықтық құжаттар
3. Білім беру мекемелеріндегі маркетингтілік зерттеулер мәселесі
№11. Тақырыбы: Бизнес-жоспарды дайындау - кәсіпкерліктің маңызды мәселелерінің бірі
1. Бизнес-жоспар –бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтын құжат
2. Бизнес-жоспардың бөлімдеріне
3. Білім беру мекемесінің бизнес-жоспарын құру
№12. Тақырыбы: Білім беру мекемелері қызметкерінің имиджі
Білім беру мекемелерінің имиджінің құрылымы
Тауардың, қызметкердің имиджі.
3. Білім беру мекемесінің имиджін көтеру қағидалары
№13. Тақырыбы: Білім беру саласындағы консалтинг
1. Басқарушылық кеңес берудің әдіснамалық негіздері
2. Білім беру консалтингі саласындағы зерттеуші, эксперт, кеңес беруші
3. Басқарушылық-педагогикалық кеңес беру
№14. Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында қабылданған Қазақстан заңдары, жарлықтар, қаулылар мен бұйрықтары
1. Негізгі білім беру саласындағы нормативтік құжаттар
2. Кәсіпкерлік саласындағы құжаттар
3. Білім беру қызметін лицензиялау
8. ПӘННІҢ ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ
Лекция білімді оқытудың басты әдісі болып отыр.Кей жағдайда оқулықтар жетіспегенде (курс жаңа болса), керекті материалдар оқулықтар мен оқу құралдарында шашырап берілсе де, оқу материалын өз бетімен меңгеруде қиындықтар болса, яғни лекция ең тиімді әдіс болып саналады. Лекция білімді алудың үнемді тәсілі. Мұнда білім жалпыланған, жүйеленген түрде, яғни студент білімді жылдам және сенімді түрде алады.
Әрбір лекция конспектісінде мынадай шарттар орындалуы қажет:
тақырыбы (дәл,анық,толық);
мақсаты мен міндеті;
әдебиеттер тізімі (міндетті және қосымша);
мәтін мазмұны (негізгісі, жанамасы бөлінген);
өз бетіндік жұмысқа тапсырма.
Лекцияға дайындалу кезеңдері:
бағдарламаны және оқулықтарды оқу;
әдебиеттер тізімін құрастыру;
әдебиеттерді оқу, мазмұнын іріктеу;
көрнекі құралдарды таңдау (кесте, сурет, бейнелу, музыка, өнер шығармалары, көркем әдебиеттерден үзінді, фото, техникалық құралдар, киноаппарат, магнитафон және т.б.).
Тексеру түрлері:
студенттер үшін – бақылау бұл білімді сапалы меңгеруді, қателіктерді түсініп, уақытында түзеуге мүмкіндік беріп, алдағы өтетін оқу материалын жаңа түсінуге, сонымен қатар өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
оқытушы үшін – бақылау материалды меңгеру сапасы және жүрісі туралы ақпарат беріп, оқушының қызығушылығын ескеріп, сабақ беру процесі кезіндегі дидактикалық кемшіліктерді түзеуге мүмкіндік береді.
Бақылаудың түрі мен формалары.
Көлемі мен сипатына қарай бақылау 2 түрге бөлінеді:
Нәтижелерді меңгерудің аралық бақылауы.
Қорытыныды бақылау.
Аралық бақылауда белгілі бір шек қойылмайды. Ол оқытушының ойлануы мен шығармашылығына байланысты жүргізіледі. Мұндай бақылау формалары әртүрлі болады. Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Бірақ сіздерге сұрақтан тұратын тест жұмыстары берілген Бұл тест жұмыстарын емтиханға дейін тапсыру қажет. Бақылаудың барлық формалары топтық болып табылады.
Қорытынды бақылау – бұл соңғы нәтижені тексеру. Бақылаудың бұл түріне семестрлік немесе емтихандар жатады. Бұлардың әртүрлі дидактикалық функциялары болады. Емтихан тақырып немесе бөлім аяқталғаннан кейін өткізіледі. Оның негізгі функциясы – білім берушілік және тексерушілік. Емтихан тест сұрақтары, яғни студенттер білімнің барлық элементтерін қамтитындай болып құрылды. Емтихан тест түрінде қабылданады. Топтың барлық мүшелері кезек бойынша қатысады.
Емтихан оқытушының топпен, яғни оқытушы жауаптың дұрыстығы мен әрбір студенттің білімді меңгеру сапасын бағалаумен аяқталады. . Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады
