Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Кәсіпкерлік білім беру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Кәсіпкерлік оқыту процесінің теориялық негіздемесі

  2. Кәсіпкерлік оқыту жүйесінің методологиясы

  3. Кәсіпкерлік оқыту жүйесінің технологиясы

Кәсіпкерлік оқыту процесінің теориялық негіздемесі А.Смиттің классикалық экономикалық теориясына, Дж.М.Кейнстің экономиканың неоклассикалық теориясына, «адамдық капитал» теориясына, бәсекеге қабілеттілік теориясына (Й.Шумпетер) сүйенеді.

Мысалы, А. Смит өз теориясында білімнің экономикалық дамудағы ролін айқындаған болатын. Бұл қазіргі таңдағы білім экономикасы көзқарасының алғашқы негізгі идеясы. Яғни, инновациялық экономиканың басты тірегі ғылым мен білім жүйесі, сондықтан интеллектуалдық ресурстарды нысаналы пайдалану қажеттілігі тұр.

Ал, адам капиталын → инвестиция нәтижесінде қалыптасатын және қорланатын, қоғамдық өндірістің кез келген сферасында немесе азаматтық өмірде мақсатты пайдаланатын, адамның болашақ қанағаттарының және өспелі табыстарының көзі, сондай-ақ, қоғамдық өндірістің және экономикалық өсудің басты факторы болып табылатын белгілі бір білім, дағды, іскерлік, денсаулық және мотивациялар қоры ретінде түсінеміз.

Кәсіпкерлік оқыту жүйесінің методологиясы (парадигмалардың өзара байланысын анықтау):

1. Табиғат - қоғам-адам

2.Адам – экономика – кәсіпкерлік білім – кәсіпкер тұлға

3. Адам → мұқтаждық → ресурс – қызығушылық → кәсіпкерлік

4. Нарық → экономика → ресурс → кәсіпкерлік қызмет → табыс табу → кәсіпкерлік қоғам → кәсіпкерлік тұлға

Кәсіпкерлік оқыту жүйесінің технологиясы:

1. Оқу материалының нарықтық құндылықтарын анықтау

2. Нарықтық сабақтарды құру

3. Нарықтық мазмұнды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру

4. Оқу бағдарламалары мен оқулықтарға нарықтық мазмұнды материалдар ендіру

Білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. М.Ә. Құдайқұловтың «Нарықтық оқытудың жүйесі мен технологиясы» еңбегіне талдау жасаңыз

2. «Табиғат - қоғам-адам» объективті заңдылығын түсіндіріңіз.

3. Кәсіпкерлік оқыту жүйесінің технологиясын түсіндіріңіз.

№3 Дәріс. Кәсіпкерлік мәдениет

1. Кәсіпкерлік мәдениет. Кәсіпкерлік білім - әлеуметтік-экономикалық білімнің құрамды бөлігі ретінде

2. Бәсекелестікке қабілеттілік, негізгі параметрлері

3. Кәсіби құзырлылық деңгейі - бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші ретінде

4. Корпоративтік мәдениет

5. Кәсіпкерлік іскерлік пен этика

Кәсіпкерлік мәдениет, мәні мен құрылымы. Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік  қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі. Ол мәдениеттің жалпы түсініктеріне  негізделеді және онымен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік мәдениеттің  қалыптасуын айқындайтын факторлар.

Кәсіпкерлік қабілеттілік деген адамдардың ерекше таланттылығы. Оны оқу-білім арқылы ашуымыз керек. Кәсіпкерлік негіздерін оқыту мақсаты - болашақ мамандарға кәсіпкерліктің негізгі экономикалық жағдайы; нарыққа тауар, қызметтер ұсыну; тауарлардың, қызметтердің түрлерін; тұтынушылардың ақша-қаражат көлемін; жұмыс орнын, жұмыс күшінің артық-кемуін, еңбекақы қорын; кәсіпкерлік қабілет, тәуекелділік; кәсіпкерліктің түрлерін, кәсіпорындардың негізгі формаларын түсіндіру және Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы, капитал айналымы туралы түсініктер беру болып табылады. Бұл тек экономист мамандарына ғана емес барлық мамандық түрлеріне керекті білім.

«Бәсекелестік» сөзінің этимологиялық түбірі. Әртүрлі авторлар ұсынған «бәсекелестік» түсінігі, жүйеліліктің және кешенділіктің талаптарына толық қанды сәйкес емес, олар бәсекелестіктің аз ғана аспектлерін мазмұндайды. Мамандардың бәсекелестікке қабілеттілік параметрлері: техникалық-технологиялық, конструктивтік, эстетикалық, нормативтік, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-ұйымдастыру.

Маманның кәсіби құзырлылық деңгейі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің өлшем белгісі (критерийі) ретінде.

ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады

Кәсіпкерлік мәдениет жалпы  мәдениеттің  құрамында  қарастырылады, кәсіпкерлік ұйымның  мәдениетінің қалыптасуымен,  кәсіпкердің  іскерлігі және этикасына байланысты сипатталады.

Кәсіпкерлік мәдениет құрамындағы корпоративтік басқару, принциптерін ендіру қажеттілігі.  Корпоративтік  басқару жүйесінің  синергетикалық  тәсілге негізделуі.  Корпоративтік басқарудың артықшылықтары.

Кәсіпкерлік іскерлік  және этика. Кәсіпкерліктегі этикалық нормалар. Кәсіпкер  имиджінің қалыптасуында кәсіпкерлік этикетті сақтау маңыздылығы.

Кәсіпкерлік мәдениет деңгейінің жеке тұлғаның іскерлік қасиеттерінің қалыптасу деңгейіне байланысты болуы.

Кәсіпкерлік мәдениеттің бірнеше компоненттерден тұруы: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, этикалық, педагогикалық.

Білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Кәсіпкерлік білім туралы жалпы түсінік. Кәсіпкерлік – болашақтың кепілі

2. Кәсіпкерлік білімнің даму тарихы

3. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары

4. Білім беру мекемелері қызметіндегі кәсіпкерліктің рөлі

5. Кестедегі қарым-қатынас жасау ережесінің үлгілік тізбесін толтырып, аяқтаңыз.

6. Сіздің бойыңыздан кейбір іскер қасиеттерінің қаншалықты айқын байқалатынын түсіну үшін өз-өзіңізді тестілеп шығыңыз.

№4 Дәріс. Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру