- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Мазмұны
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •«5В070200 – «Ақпараттық жүйе», мамандығы бойынша «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен силлабус
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •3. Пән бойынша глоссарий
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •4. Лекциялық сабақтардың тезистері
- •Дәріс 3. Тақырыбы: Өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары (проблемалық лекция)
- •2. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
- •Дәріс 9. Тақырыбы: Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
- •2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
- •5. Ұсынылатын әдебиет:
- •7. Сөж, соөж өткізу жоспары
- •8. Практикалық сабақтар жоспары
- •9. Бақылау сұрақтары (аралық бақылау) Семестрлік тапсырма сұрақтары.
- •Емтихан сұрақтары:
- •10. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •11.Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
- •12.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
Дәріс 9. Тақырыбы: Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
Мақсат: Еңбек ресурстарын басқару процессін біліп түсіну.
Жоспар:
Кәсіпорын кадралары және олардың құрылымы
Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
Негізгі ұғымдар тізбесі: еңбек процесі, еңбек шығындары, жұмыс орнын, нормалар, талдау әдісі, хронометраж, жұмыс күнін суреті, бақылауды дайындау, бақылау, бақылаудың нәтижелерін талдау, операцияның ұзақтығы, қорытынды шығару, уақыт нормасы – белгілі бір ұыймдық техникалық
1. Нарық экономикасында еңбек ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірісітің инвестициялық бағыты, ғылыми-техникалық процестің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчествалық жағынан қарауға және жоғарғы дәрежеге мамандар дайындауға ықпал жасайды.
Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз – жұмысшыларды еңбек функцияларын атқарған кезде өздерінің барлық мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда қолдауына әсер ететін принциптер мен әдістердің жиынтығы. Еңбек ресурстарын басқару мынадай бағыттардан тұрады:
еңбек ресурстарын жоспарлау;
өндіріске қажетті еңбек ресурстарын анықтап, оған кететін шығындарды есептеп шығару;
еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдау;
жұмыс орындарына кандидаттар дайындау, конкурс ұйымдастыру арқылы жұмыскерді таңдап алу;
жұмыскердердің еңбекақысын анықтау, еңбекақылы құрылымын анықтау;
жұмысқа алынған адамдарды кәсіпорынмен, қйыммен, және оның басқа да бөлімшелерімен таныстырып, болашақ жұмыс орны жайлы түсінік беру;
берілген жұмысты неғұрлым тиімді орындау үшін еңбек ресурстарын оқыту және оқыту бағдарламасын жасау;
жұмыскерлердің еңбек іс-әрекетін бағалау, және бағалау әдістерін жасап, онымен жұмыскерді таныстыру;
еңбек етушінің жұмысын өсіру, төмендету, жұмыстан шығару, бір қызметтен басқа қызметке ауыстыру;
басқарушы кадрларды дайындау, келісім-шартты тоқтату; басқарушы кадрларды дайындаудың бағдарламасын жасау; басқарушы кадрлардың еңбек тиімділігін арттыру жеке мүмкіншіліктерін арттыруға бағыттау;
еңбек қарым-қатынастарын жақсарту;
халыұты жұмыспен қамтамасыз ету.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын басқару әдістері үш топтан тұрады:
әкімшілік;
экономикалық
әлеуметтік-психологиялық.
Осы топтаулар арқылы еңбек ұжымына, не болмаса жеке жұмыскерге әсер ету әдістері анықталады.
Кәсіпорындарға кадрларды басқаратын негізгі бөлімше – кадр бөлімі. Олар жұмысқа алу, жұмыстан шығару, жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыруды, іс қағаздарын дайындау және т.б. көптеген функцияларды атқарады.
Еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдап және олардың қызметін әрі қарай өсірудің негізгі талаптары:
жоғарғы кәсіпкерлік квалификация және оқытуға бейімділік;
араласу тәжірибесі мен бірге жұмыс жасауға дайындығы
Кадрларды жұмысқа қабылдаудағы маңызды құжат – еңбек келісімі
немесе контракт.
Еңбек келісімі – жұмысқа алушы мен жұмысқа кіру адамның арасындағы келісім-шарт. Онда – жұмысқа кірушінің еңбек функциясы, жұмыс орны, қызметтік міндеттемелері, еңбекақысының көлемі, жұмысқа кірген уақыты, мерзімі көрсетіледі.
Кәсіпорында жұмыс жасайтын барлық жұмыскерлер екі категорияға бөлінеді:
өнеркәсіптік-өндірістік персонал (өндіріс процесінде еңбек етушілер);
кәсіпорынға қарайтын бейөнеркәсіп жұмысшылар (тұрғын-үй шаруа-шылығының, балабақшалардың, емдеу ұйымдарының және т.б. қызметкерлері).
Сонымен қатар, жұмыскерлер - инженерлік-техникалық мамандар (ИТМ), қызметкерлер және жұмысшылар болып бөлінеді.
Инженерлік-техникалық мамандар өндіріс процесін ұйымдастырып, оны басқарумен айналысады.
Қызметкерлерге - қаржы-есеп, жабдықтау, сату және т.б. функцияларды атқарушы жұмыскерлер жатады.
Жұмысшылар – материалдық өнімдірді шығарушы немесе өндірістік және тасымалдау қызметін атқарушы кәсіпорын қызметкерлері. Олар – негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі жұмысшылардың коэффициенттік саны былай анықталады:
=1-
/
- кәсіпорындағы, цехтағы, учаскелердегі көмекші жұмысшылардың орташа саны, адам
– кәсіпорындағы цехтағы, учаскелердегі барлық жұмысшылардың орташа саны, адам.
Еңбек ұжымы жұмыскерлердің жалпы санына қарай кәсіпкерлік біліктілігіне сай әрқашан да өзгерісте болады: біреулер жұмысқа кіріп жатса, біреулер шығып жатады. Мұндай өзгерістер кадрлар ағымдылығы деп аталады.
Кәсіпорындағы кадрлар жағдайы мына коэффициенттер арқылы анықталады:
Жұмысшылардың шығып кету коэффициенті
=
/
- жұмыстан әр түрлі себептермен шығып кеткен жұмысшылардың саны (берілген уақыт аралығында), адам
Ж – жұмысшылардың орташа саны, адам
Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау коэффициенті
=(
/Ж)
-
белгілі
бір уақыт аралығында жұмысқа қабылданған
жұмысшылардың орташа саны, адам
Кадрлардың тұрақтылық коэффициенты
=
1 -
-
кәсіпорыннан
өз
еркімен,
болмаса
еңбек
тәртібін
бұзғаны
үшін
шығып
кеткен
жұмысшылардың
саны
Ж – кәсіпорында есеп жылдың алдыңдағы мерзіміндегі жұмысшылардың орташа саны
- есеп
жылындағы
жұмысқа
қайта
кірген
жұмысшылардың
саны
Кадрлардың ағымдылық коэффициенті
=(
/Ж)
