- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Мазмұны
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •«5В070200 – «Ақпараттық жүйе», мамандығы бойынша «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен силлабус
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •3. Пән бойынша глоссарий
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •4. Лекциялық сабақтардың тезистері
- •Дәріс 3. Тақырыбы: Өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары (проблемалық лекция)
- •2. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
- •Дәріс 9. Тақырыбы: Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
- •2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
- •5. Ұсынылатын әдебиет:
- •7. Сөж, соөж өткізу жоспары
- •8. Практикалық сабақтар жоспары
- •9. Бақылау сұрақтары (аралық бақылау) Семестрлік тапсырма сұрақтары.
- •Емтихан сұрақтары:
- •10. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •11.Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
- •12.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
Дәріс 3. Тақырыбы: Өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары (проблемалық лекция)
Мақсат: Нарықтық жағдайда, өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуымен, еңбек өнімділігінің өсуі ж/е басқару техникасының жетілдірумен сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланысты болуымен осы аталған негіздерді біліп түсіну.
Жоспар:
1. Өндірісті шоғырландыру және кәсіпорын ауқымы
2. Өндірістің мамандануы және кооперациялануы
3. Өндірістің құрамдасуы
Негізгі ұғымдар тізбесі: Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, ғылыми-техникалық прогресс, кәсіпорын шамасы, ірі кәсіпорындар, Ірі кәсіпорындардың саладағы немесе бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағын анықтау үшін статистика бойынша белгілі бір интервалдарды белгілей отырып, топтау әдісі, шоғырлану деңгейі, өндіріс факторлары, ресурстар, өнімнің ұтымды көлемі, сыртқы факторлар, шикізат базасының көлемі, тік шоғырлану, көлденең шоғырлану
1. Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел жамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуінің, басқару техникасының жетілдіруімен, сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланыста болады.
Өндірістің шоғырлану деңгейін негізгі екі көрсеткішпен анықтауға болады:
А) кәсіпорынның шамасымен;
Б) ірі кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес салмағымен.
Ірі кәсіпорындардың саладағы немесе бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағын анықтау үшін статистика бойынша белгілі бір интервалдарды белгілей отырып, топтау әдісін пайдаланады.
Шоғырлану деңгейін бағалағанда өнеккәсіпте өндіріс ішіндегі және сыртқы факторлардың әсері есепке алынады. Өндіріс ішіндегі факторлары ресурстарды максималды пайдаланып, өнімнің ұтымды көлемін шығарумен тығыз байланысты. Сыртқы факторларға көлікпен тасымалдау, шикізат базасының көлемі, ресурстары, табиғи жағдайы және т.б.
Тік шоғырлану - бұл кәсіпорында шикізат өндірумен өнімді өткізуге дейінгі өндіріс сатылары кешенінің шоғырлануы. Тік шоғырлану - өндірістің шоғырлануының дайындау сатыларының бірі.
Көлденең шоғырлану – өзара технолоигялық байланыспаған өндірістерді білдіретін әр түрлі салалардың фирмалары мен кәсіпорындарының бір басқару мен бақылауға шоғырлануы.
Капиталдың шоғырлануы - капиталдық жинақталу есебінен өсу үрдісі, яғни қосымша құнның бір бөлігінің капиталға айналуы.
Өндірістің шоғырлануы - өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі.
Басқарудың шоғырлануы – белгілі бір объектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару функцияларының жинақталуы. Бұл өндірісті басқару жүйесінің құрылымының ұйымдастыру сипаттамаларының бірі. Деңгейі тігінен басқару функцияларының бөлінуіне байланысты басқарудың орталықтануынан өзгеше басқарудың шоғырлануы басқару функцияларының басқарушы буындары арасында көлденең бөлінуімен анықталады.
Мамандандыру – кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі бір өнімінің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.
Маманданудың үш нысаны бар:
А) заттық; Б) бөліктік; В) технолоигялық (сапалық)№
Кооперациялау деп белгілі бір өнім түрін бірігіп дайындайтын фирмалар арасындағы ұйымдық, өндірістік және басқа да байланыстар жиынтығын айтады.
Фирманың өндірістік ресурстарын және мамандарын тиімді пайдалануда, қоғамдық еңбек шығындарын өндіріс және айналым аясында қысқарта отырып жүргізуде кооперациялаудың маңызы зор.
Кешенділеу (комбинирлеу) – бір фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын үйлестіру. Бұл шикізатты өніду сатысындағы өзгерістерді қамтиды.
Комбинаттар келесі белгілермен сипатталады:
-әр түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі;
-өндірістің техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы;
-энергетикалық жүйенің бірлігі;
-бір аймақта орналасуы;
-негізгі өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің орталықтандырылған қызмет көрсетуі;
-басқару бірлігі.
Қазіргі кезде кешенделудің бағыттарына мыналар жатады:
А) өнімді өндіру сатыларының үйлесімділігі;
Б) шикізатты, мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу;
В) қалдықтарды тиімді пайдалану
