
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Мазмұны
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •«5В070200 – «Ақпараттық жүйе», мамандығы бойынша «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен силлабус
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •3. Пән бойынша глоссарий
- •4. Лекциялық сабақтардың тезистері
- •Дәріс 3. Тақырыбы: Өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары (проблемалық лекция)
- •2. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
- •Дәріс 9. Тақырыбы: Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
- •2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
- •5. Ұсынылатын әдебиет:
- •7. Сөж, соөж өткізу жоспары
- •8. Практикалық сабақтар жоспары
- •9. Бақылау сұрақтары (аралық бақылау) Семестрлік тапсырма сұрақтары.
- •Емтихан сұрақтары:
- •10. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •11.Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
- •12.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
2. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
Негізгі өндірісті ұйымдастыру келесі құрама бөліктерден тұрады:өндірісті ағымды ұйымдастыру; өндірістің ағымдық әдістерін енгізуге дайындық; негізгі өндірістің процестерін реттеуді және бақылауды ұйымдастыру
Ағымдық әдістерді енгізуге дайындық технологиялық варианты таңдаудан, өндірістік мөлшерлеуді жасаудан, ағымның құрылымын жобалаудан тұрады.
Технологиялық вариантты таңдау олардың әр-қайсысын қолдану тиімділігін салыстырмалы есептеулермен негіздейді. Тиімділікті көрсеткіштердің жиынтығын анықтайды, олардың ішінде маңыздысы болып: өнімді дайындау сыйымдылығының азаюы, өндірістік цикл ұзақтығының қысқаруы, өндірістік қуаттылықты өсіру, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету және т.б жатады. Бұл көрсеткіштер технологиялық варианттың экономикалық тиімділігін анықтау үшін қолданылады.
Сонымен қатар олар тек өнімнің жаңа түрлерін меңгеру кезінде емес, технологияны жетілдіруде, құрал-жабдықтардық жаңалануы кезінде және т.б жағдайда қолданылады. Вариант таңдалғаннан кейін, бөлшектік процестердің саны және олардың операцияларын құрайтындар, орнатылған жабдықтар түрі анықталынады және әрбір жұмыс орнында өндірістік ауданның өлшемдері табылады. Жұмыс орындары бойынша еңбек заттарының қозғалысын жобалауға өтеді, ол үшін машиналарды қолданудың прогрессивті технико-экономикалық мөлшерлері, шикізаттар мен материалдар шығындарының технико-экономикалық мөлшерлері, дайын өнімді және өндірістік қалдықтарды шығару мөлшерлері, барлық бөлшектік процестерге жұмыс уақытының мөлшері және оларды құрайтын өндірістік операциялар керек.
Негізгі өндірісті енгізуге дайындықтан кейін өндірістік ағымды ұйымдастыруға болады. Өндірісті ағымды ұйымдастыру келесі көрсеткіштерден тұрады:
- ағымның алдынғы қатарлы машиналарын жүктеуді есептеу;
- ағымның жұмыс орнында өндірістік тапсырманы орындау;
- ағымның жұмыс орындары бойынша еңбек құралдарының қозғалуын жобалау.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамту қажет:
- өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
- кейбір бөлісулердің өндіріс учаскілері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
- өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарлыстығы;
- өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жолының анықталуы;
- өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар.
Өндірістің шоғырлануы немесе кәсіпорындардың іріленуі, яғни өндірістің ірі кәсіпорындарға айналуы ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуымен, машина қуаттарының өнімділігінің өсуінің, басқару техникасының жетілдіруімен, сонымен қатар өндірілетін өнім көлемінің өсуімен тығыз байланысты, және өндірістің шоғырлану деңгейі келесі көрсеткіштермен сипатталынады: кәсіпорынның шамасы; ірі кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптегі алатын үлес салмағымен.
ДӘРІС 4. ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
Мақсат: Дербес өндірістік болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын кәсіпорын қызмтімен танысу.
Жоспар:
1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары
2. Кәсіпорын және бәсекелестік орта
3. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру
Негізгі ұғымдар тізбесі:
Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі, кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары, кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары, бәсекелестік-нарықтық, классикалық экономика.
Экономиканың дамуының барлық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншікк түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, саяси-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.
Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды тұлғалар тобы жатады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады. Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қалыптасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бболып жеке азамат та, олардан құралған топ та саналады.
Өндірістік кәсіпорын – деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.
Кәсіпорынның қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады. Әдетте кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:
-өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;
-жоғары сапалы өнім өндіру;
-технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;
-қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;
-жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу.
Басты мақсатқа жету кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады: қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек;
-бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек;
-өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;
-қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек;
-қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;
-өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.Осы мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі оның жалпы іскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-әрекеттердің нақты жоспарына айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады:
А) кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;
Б) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-әрекеттерді анықтау.
Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:
-кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін анықтау;
-кәсіпорынның әлсіз жақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;
В) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анықтау.
Нарықтық экономиканың басты факторы болып бәсеке саналады және оның айқын көрінісіне бәсекелестік жатады. Ол-бұл нарықтағы бірдей тауар өндірушілерді жоғары табыс табу үшін тұтынушылардың неғұрлым көп санын тартудағы экономикалық бақталас сайысы.
Бәсекелестік-нарықтық жүйедегі бақылаудың басты әдісі. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизм ретінде тұтынушылар қалауын өндіруші-кәсіпорындарға, ал ол арқылы ресурстармен жабдықтаушыларға жеткізеді.
Бәсекелестік өндірістің кеңеюіне және бағаның өндіріс шығындарына сәйкес деңгейге дейін төмендеуіне себеп болады. Бәсекелестіктің экономика мен оның тиімділігіне әсері мұнымен шектеле қоймайды. Бәсекелестік кәсіпорындарды ғылыми-техникалық жетістіктермен толығуына, инновациялық техника және технология, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдануға итермелейді.
Бәсекелестікке кері ұғым – монополия. Монополия жағдайында нарықта тек бір сатушы және көптеген тұтынушылар қалыптасып, берілген тауардың тек жалғыз өндірушісі болуынан тауарға монополды жоғары баға тағайындау мүмкіндігіне ие болады. Соның нәтижесінде тауарларды сатып алатындар саны салыстьырмалы түрде азаяды да, мұндай тауар үшін көбірек төлеу қажеттілігі туады.
Классикалық экономикада (Адам Смит теориясында) «көрінбейтін қол» термині бар. Оның мазмұнына бұл өз табысын көбейтуді көздейтін және шиеленіскен бәсекелестік ортада қызмет ететін өндіруші кәсіпорындар және ресурстармен жабдықтаушыларды «көрінбейтін қолмен» бағыттап, сонымен қатар мемлекет және қоғамның мүдделерін де қатар қорғап отырады. Бәселекелтік ортада кәсіпорындар берілген өнім көлемін өндіру үшін ресурстардың ең тиімдісін пайдалануға тырысады. Нәтижесінде «көрінбейтін қол» тұжырымдамасы кәсіпорындардың табысын арттыруға, өнім көлемін көбейтуге ықпалын тигізеді.
3. Маркетинг теориясы нарықтың тауарлармен толысуынан және өнім өткізуде болған әр түрлі қарама-қайшылықтарға байланысты пайда болды және дами бастайды. Сондықтан да бұл пәнді АҚШ-тың көптеген университеттерінде оқыта бастайды. Ал 50-ші жылдың басында маркетинг жұмыстарының тәжірибелік нәтижелерінің негізінде алғашқы маркетингтің қағидалары анықталды да осы уақыттан бастап, «маркетинг дәуірі» басталды. Дүниежүзілік әдебиеттерде 200-ден астам маркетингтің анықтамалары берілген.
Маркетинг («market» ағылшын сөзі – «нарық») – деп нарық пен экономикалық конъюнктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасын айтады.
Ф.Котлердің берген анықтамасы бойынша маркетинг дегеніміз қажеттілік пен тұтынушылықты айырбастау арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрін айтады.
Американдық маркетологтар ассоциясы маркетингке тауарлар мен қызмет түрлерін дайындау, баға саясаты, тауарлардың нарықта қозғалуы және оларды сату жұмыстарын жоспарлау мен басқару үрдістерін жеке адамдар және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізуін айтады деп анықтама берген.
Өндірістік кәсіпорынның маркетингтік қызметінің негізгі мақсаты болып өнімге сұранысты қалыптастыру және оның ынталандыру, кәсіпорынның жұмыс жоспары мен басқару жұмыстарында ұтымды шешімдер қабылдай білу және өнімнің нарықта алатын үлес салмағын арттыру, сату көлемін арттыру арқылы табысты молайту болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып табылады.
Кәсіпорынның маркетингтік жұмысының негізгі қағидаларына сауда өндірістік жұмыстарды басқару жүйесінің негізгі ережелері мен түрлерін анықтау жатады.
Оларға кәсіпорынның өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктерін, экономикалық конъюнктураны талдау және нарықты терең, жан-жақты ғылыми-тәжірибелік тұрғыда зерттеу, нарықты сегментке бөлу (сегменттеу), нарық сұраныстарына өндіріс пен өнім өткізудің икемді болуы, инновациялық жаңалық енгізу, жоспарлау және тағы басқалары жатады.
Кәсіпорыннның маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына:
-нарықты кешенді зерттеу (талдау, болжау, конъюнктура);
-кәсіпорынның өндірістікк-өнім өткізу мүмкіндіктерін талдау;
-маркетинг стратегияы мен бағдарламасын жасау;
-тауар саясатын жүргізу;
-баға саясатын қалыптастыру және жүргізу;
-коммуникациялық саясатты жүргізу.
Нарықты кешенді зерттеудің мазмұны мен бағыттылығы келесіде:
А) тарауға нарықтың қоятын талабын зерттеу, яғни тұтынушылар талабына сәйкес өнімнің тұтынушылық қасиеттерін арттыру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру шараларын жүргізу және оларды дайындау;
Б) нарықты кешенді зерттеу – экономикалық конъюнктураны тыңғылықты зерттеу.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар.
Кәсіпорынның жұмысының негізгі қағидаларына сауда өндірістік жұмыстарды басқару жүйесінің негізгі ережелері мен түрлерін анықтау. Сондықтан, кәсіпорынның өнім өндіру және өткізу мүмкіндіктерін, экономикалық конъюнктураны талдау және нарықты терең, жан-жақты ғылыми-тәжірибелік тұрғыда зерттеу, нарықты сегментке бөлу (сегменттеу), нарық сұраныстарына өндіріс пен өнім өткізудің икемді болуы, инновациялық жаңалық енгізу, жоспарлау және тағы басқаларды оқып білу қажет.
ДӘРІС 4. ТАҚЫРЫБЫ: Өндірісті ұйымдастырудың ағындық әдістерінің негіздері және оның тиімділігі
Мақсат: Өндірісті ұйымдастырудың көптеген әдістерінің негіздері мен тиімділік деңгецін біліп түсіну
Жоспары:
1. Ағындық өндірістің жалпы сипаттамасы
2. Ағындық сызықтық (желінің) түрлері және оның негізгі есептемелері
3. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру негіздері
Негізгі ұғымдар тізбесі: ағындық өндіріс, ағындық сызық, өндірістік үрдістер, ұтымды ұйымдастыру, бір заттық ағындық сызықтар, көп заттық ағындық сызықтар, үздіксіз-ағындық сызықтар, синхрондалды (үйлестіріледі), үздікті-ағындық сызықтарада, еркін тактілі ағындар, регламенттелген тактілі ағындық сызықтар.
Өндірістік үрдістерді жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру, еңбек пен өндірісті ғылыми ұйымдастыру негізінде өндіріске кешенді ағындық әдістерді енгізу кез келген кәсіпорынның табысын арттыруға ықпалын тигізеді.
Ағындық өндірісте көп жағдайда өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын жүзеге асыру негізгі мақсат болып табылады. Мұнда әрбір мамандырылған жұмыс орнында белгілі бір операцияны орындау технологиялық үрдістің тәртібіне сәйкес бекітіледі, еңбек барлық орындарында қосарлы (параллельді) түрде орындалады.
Нарықтық экономика кезінде ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуімен қатар ол жұмысшылардың жұмыс уақытын толық пайдалану құралы ретінде қолданылады.. Өндірістің ағындық әдістері еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдетуге, әрбір жұмыс орнында жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы кәсіпорынның табысын молайтуға себебін тигізеді.
Өндірістің ағындық әдістерін кең түрде қолдану өнім өндіруді, оны құрайтын түйіндері мен бөліктерінің көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл бұйымдарға стандартты элементтер мен унифицирленген түйіндерді максималды түрде қолдануға, өндірісті мамандандыруды тереңдетуге көмектеседі.
2. Ағындық өндірістің негізін ағындық сызық құрайды. Онда өнімді (бұйымды) өңдеу немесе құрастыру бойынша өндірістік үрдіс жүзеге асады.
Ағындық сызық бірнеше белгі бойынша топталады. Өңделетін немесе құрастырылатын бұйымның санына қарай бір заттық немесе көп заттық ағындық сызықтар болып бөлінеді. Бір заттық ағындық сызықтарға ұзақ уақыт бір типті-размерлі бұйымды өңдеу немесе құрастыру жүктеледі және ол жаппай өндіріске тән болады, ал көп затты да – екі немесе одан да көп орындалады.Мұндай ағындық сызықтар (желілер) бұйымның бір түрі
бойынша жұмыс орындарын толық жүктеу жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады (сериялық өндірістің шарттарына сәйкес келеді).
Көп затты ағындық сызықтар (желілер) топтық және айнымалы-ағындық болып бөлінеді.Ағындық топтарда бірдей құрал-жабдықтарда жалпы технологиялық маршруты бар әр түрлі еңбек заттары өңделеді. Айнымалы-ағындық сызықтар ұқсас технологиялық маршруттары бар еңбек заттарын өңдеу үшін ұйымдастырылады. Мұндай сызықтардың экономикалық тиімділігі әр түрлі болып келетін еңбек заттарының әрқайсысын өңдеуге ағындарды қайта өңдеуге қажетті уақытқа тығыз байланысты болады.
Өндірістік үрдістің үздіксіз жүруіне байланысты бірзатты және көпзатты сызықтар үздіксіз-ағындық және үздікті ағындық сызықтар болып бөлінеді. Үздіксіз-ағындық сызықтарда барлық операциялар синхрондалды (үйлестіріледі), яғни орындалу уақыты бір-біріне тең немесе еселі (қалдықсыз бөліну арқылы) бөлінеді. Үздікті-ағындық сызықтарада технолигялық үрдістердің операциялары толық синхрондалмаған (үйлестірілмеген), яғни барлық операцияларда бірдей еңбек өнімділігі қалыптасады, демек еңбек заттары бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу кезінде келесі өңдеу жұмыстарын күтіп жатып қалуы мүмкін.
Ағындық өндірісті ұйымдастырудың ең жетілдірілген түріне үздіксіз-ағындық өндіріс жатады.
Ағындық сызықтық жұмыс істеу тәртібіне – ағындық тактісі, яғни екі бұйымды құрастыру немесе екі бөлікті дайындау арасындағы уақытты айтады.Тактіні қолдау әдісіне байланысты ағындық сызықтар еркін және регламенттелген (уақыт тәртібін ұстау) тактілі ағындар болып екіге бөлінеді. Еркін тактілі ағындарда тактіні ағындық сызықтағы жұмысшылардың өздері қадағалап отырады. Регламенттелген тактілі ағындық сызықтарда ағын тактісі конвейерлердің көмегімен, дыбыстық және тағы басқа реттегіш құралдардың көмегімен жұмыс тәртібі ағын тактісімен үйлестіріліп отырады.
Ағындық өндірістің негізгі ерекшелігіне технологиялық операцияны автоматтандырудың жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар операцияаралық көлікке де байланысты болады. Бұл жерде қолданылатын тасымалдау құралдары тек қана бір жұмыс орнынан екінші орнына еңбек заттарын тасмыалдап қана қоймай, ағындық сызықтың қабылданаған жұмыс тактісін қолдау функциясын орындайды. Тасымалдау құралдарының түрін таңдау үшін бір қатар факторалрды ескеріп, экономикалық есептеулер жүргізілуі қажет. Олар келесілер:
-ағыныдқ сызықты ұйымдастыру түрлеру;
-еңбек заттарының конструкциялық үрдістерінің өзгешеліктері және т.б.
Ағындық өндірісте қолданылатын барлық тасымалдау құралдары білікті (проводные) және біліксіз болып екіге бөлінеді.
Ағындық өндірісте қолданылатын білікті масымалдау құралдарына транспортерлер мен конвейерлер жатады. Ал біліксіз тасымалдау құралдарына – скаттар (сырғымалар), көтеру-тасымалдау құралдары (көтергіш крандар және т.б.) жатады. Транспортер деп еңбек заттарын бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына тасымалдауды жеңілдететін және тездететін біліктік тасымалдау құралы. Конвейер деп еңбек заттарын бір операциядан екіншісіне тек жылжытумен ғана емес, сонымен қатар ағын тактісін регламенттейтін, бір операцияда бірнеше жұмыс орны болған жағдайда қосарлы (параллельді) жұмыс орындарына жұмысты бөліп тарататын тасымалдау құралын айтады.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар.
Ағындық өндірісте көп жағдайда өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын жүзеге асыру негізгі мақсат болып. Мұнда әрбір мамандырылған жұмыс орнында белгілі бір операцияны орындау технологиялық үрдістің тәртібіне сәйкес бекітіледі, еңбек барлық орындарында қосарлы (параллельді) түрде орындалады. Сондықтан, нарықтық экономика кезінде ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуіне байланысты оның қалыптасу негізін білу шарт.
ДӘРІС 5. ТАҚЫРЫБЫ: Өндірістің техникалық және технологиялық дайындығын ұйымдастыру
Мақсат: Кәсіпорын деңгейінде өндірістің техникалық және технологиялық дайындығын ұйымдастыру негіздерін біліп түсіну
Жоспары:
Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен кезеңдері
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Өндірісті ғылыми-технолоигялық дайындау
Негізгі ұғымдар тізбесі: Өндірісті техникалық дайындау, жаппай өндіріс, өндірісті техникалық жетілдіру, ұйымдастыру-экономикалық, технологиялық, өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау, лицензия, ноу-хау.
Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизациянған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығын айтады.
Өндірісті техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикаалық және әлеуметтік даму жоспарына сай анықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі.
Жаппай өндірістік кәсіпорындарда өндіретін өнімнің көптігі, ассортимент түрлерінің кеңдігі өндірісті техникалық дайындауды ұйымдастыруға көптеген шығын жұмсауды қажет етеді. Жаңа және модернизацияланған өнімдер өндіру кезінде өндірісті техникалық дайындаумен бірге жаңа құрал-жабдықтарды, инновациялық технологияны, материалдарды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін игеру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі
Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады:
-бірінші кезеңде жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжрибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарды дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. Осы кезеңде өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады;
-екінші кезеңде жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен тәжрибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады.
-үшінші кезеңде өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік-техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады. Жетілдірілген ағынның тиімділігі жұмыс істеп тұрған ағынның техника-экономикалық көрсеткіштерімен (еңбек өнімділігі, жиынтық расценка, өнімнің қор сыйымдылығы, өндірістік алаңның бір шаршы ауданын өнім алу және т.б.) салыстырылады. Егер қабылданған көрсеткіштер жүйесі бойынша бағалау нәтижесі берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз (минималды) шамасы қолданылады.
Өндірісті техникалық жетілдірудің әрбір кезеңінде орындалатын жұмыстар сипаттамасына қарай конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті конструкторлық дайындауда жаңа өнімнің конструкциясын жасау мен игеріген өнімнің конструкциясын жетілдіру қарастырылады.
Өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу кезеңінде жаңа технологиялық үрдістерді ұйымдастыру мен игерілген технологиялық үрдістерді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Ұйымдастыру-экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспаралу үшін мөлшерлер (нормалар) бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күші-не, материалдарға, құрал-жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.
Нарықтық экономикада жаңа өнім түрлерін өндіріске енгізу, оны дайындау және өнді-рісті техникалық дайындықтан өткізу жұмыстары өте жедел түрде жүргізілуі қажет. Ұтымды пайдаланылған уақыт, сұранымға сай өнімді тұтынушыларға дер кезде ұсыну кәсіпорынды табысқа кенелтеді. Кері жағдайда кәсіпорын шығындарын өтей алмай қалуы мүмкін.
Өндірісті дайындауға байланысты шараларға жұмсалатын шығындар неғұрлым аз болып, оның сапаға зиян тимеген жағдайда кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері жоғары болады. Сонымен қатар жаңадан жасалатын өнімнің техникалық деңгейі өндірістік үрдісте және оны пайдалану кезінде де отандық және шетелдік үлгілерден басым болса, патенттік-техникалық тұрғыда жоғары нәтиже береді.
2. Жаңалықтарды ашу, өнертапқыштардың, рационализаторлардың ұсыныстары, патенттер мен лицензиялар құқықтықактілер негізінде растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге асырылады.
Жаңалық ашуға тылмыс дүниедегі белгісіз болып келген объективті құбылыстар мен заңдылықтарды, қасиеттерді алғаш рет анықтау жатады, ал өнертапқыштық деп экономика, мәдениет, денсаулық сақтау немесе қорғаныс салаларындағы техникалық мәселені шешіп отырып, экономикалық тиімділік әкелетін жаңалық ашуды айтамыз. Бұл тиімділік тек сандық емсе, сапалық көрсеткіштермен де сипатталады
Рационализаторлық ұсыныстарға қолданыстағы техниканы жетілдіру жаңа өнім түрлерін таба білу, ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау, байқау және зерттеу, техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, басқару, жоспарлау және есеп жүргізу жөніндегі жаңалықтар жатады.
Өнертапқыштықтан рационализаторлық ұсыныстың айырмашылығы тәжірибеде қолданып жүрген шешімдердің негізінде берілген кәсіпорынға лайықтап табыс табуды қамтамасыз ету үшін табылған жаңалық түрін айтады.
Өнертапқытық және рационализаторлық ұсыныс үшін төленетін авторлық сыйақы, оны пайдалану кезінде бір жылдағы өнім немесе сату көлеміне келетін экономикалық тиімділіккі байланысты есептеледі.
Жаңалық ашқанды растайтын құжат авторлық куәлік деп аталады.
Лицензия дегеніміз – патенттелген жаңалық негізінде ұйымдастырылған технологиялық үрдісте өнім өндіру мен сату құқына белгілі бір төлем төлеу арқылы жүзеге асыруды айқындайтын құжат.
Шетелде лицензияны сату үлкен экономикалық мәні бар. Сондықтан да патенттік таза орындалған және ешқашан қайталанбайтын ірі жаңалықтарға беріледі.
НОУ-ХАУ – құқықты қорғау құжаттарымен патентпен қорғалмаған, толық немесе ішінара жарияланбаған ілім. Оған техникалық біліммен қатар өндірістік-экономикалық білімде жатады. Жарияланбағандықтан «ноу-хау» беру туралы шарттың тақырыбы құпия болады, ал патент берілгеннен кейін шарт патенттік лицензия шартына айналады.
3. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайндаудағы тиімділігін арттыруды және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтайды және өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп өндірісте өнім өндіру жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі-технологиялық шаралардың кешенін айтады.
Мөлшерлі-технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады.
Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар келесі сатылардан тұрады: -технологиялық үрдістерді енгізу;
-негізгі өнімнің сызбаларын, технолоигялық құрал-саймандарды, стандартқа сәйкес емес құрал-жабдықтарды, өнімнің сапасын бақылау және сынау;
-тасымалдау құралдарын орналастыру мен жіберу жұмыстарын дайындау және жетілдіру.
Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторларға тығыз байланысты. Оларға:
А) техникалық факторларға – типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру, технологиялық жабдықтардың стандартқа сай және унифицирленген құралдарын пайдалану, автоматтандырылған жобалау жүйесін қабылдау және т.б. жатады;
Б) экономикалық фактор - өндірісті технолоигялық жұмыстарының кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және т.б.;
В) ұйымдастыру фактор - өндірісті мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технолоигялық жабдықтардың сапасын аттестация-лау, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру және т.б.;
Г) әлеуметтік фактор – орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту және т.б., Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және талаптарға сәйкес орындау қажеттіліг пайда болады. Өндірісті конструкторлық дайындаудың сатылары келесі: техникалық тапсырма – бастапқы құжат болып саналады.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар.
Өндірісті техникалық дайындауға жаңа өнім түрін өндіру мен модернизациянған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығы деп танып, бұл поцесске көп мән беру абзал.
ДӘРІС 7. ТАҚЫРЫБЫ: Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамасыз етілуі
Мақсат: Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын, сонымен қатар кәсіпорын экономикасында алар орннын жетік түсіне білу.
Жоспар:
Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы
Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
Негізгі ұғымдар тізбесі: негізгі қор, құрам, құрылым, негізгі қорлар то-зуы, амортизация, амортизациялық жарна, бастапқы құн, қайта қалпына келтіру құны, қалдық құн.
1. Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).
Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.
Негізгі қорлардың сыныптамасы
Топтардың аттары |
Қолданылуы және қысқаша мінездемесі |
I. Ғимараттар |
өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.) |
II. Құрылыстар |
өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік-құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары, т.б.) |
III. Берілістік құрылғы |
энегияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйелері) |
IV. Машина мен құралдар 1. Күш машиналары мен құралдары |
(генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, турбиналар, т.б.) |
2. Жұмыс машиналары мен құралдар |
технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру тасымалдау механизмдері, т.б.) |
3. Өлшеу, реттеу прибор-лары мен құралдары, лабораториялық құралдар |
өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті құралдар |
4. Есептеу техникасы |
математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы |
5. Басқа да машиналар мен құралдар |
(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.) |
V. Құрал-сайман |
өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.) |
VI. Өндірістік түгендеме (инвентарь) |
өндірістік операцияларды орындауды жеділдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті құралдар (жұмыс столы, қорап т.б.) |
VII. Шаруашылық түгенде-ме (инвентарь) |
көбейту және қайта түсіру аппараттары (сейф, шкаф т.б.) |
Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге, қондыруға кеткен шығындардың жиынтығы.
Қайта қалпына келтіру құны – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құны – негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны. Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.
Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері
негізгі өндірістік қорларды интенсивті қолдану көрсеткіштері
негізгі өндірістік қорларды интегральды қолдану көрсеткіштері
1 топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.
2 топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады:
Кинт = Bф/Ви
Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттерін көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарылымы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендігі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігініғ аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ққ = T/Ф
мұндағы Т – товар өнімінің көлемі
Ф – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны.
Қор қайтарымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.
Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат – саланың, цехтың, агрегаттың, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі).
Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттық өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.
2. Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу. Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу – жабдықтың техникалық прогреске байланысты ексіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.
Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады.
Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарынығ элементтін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.
Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз.
Ол пайыз арқылы беріледі: Н = (Ф1 – Фж) /(Ф1 х Т) х 100%
мұндағы Ф1 – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге
Фж – жойылған негізгі қорлардың құны, теңге
Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.
Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:
А = H x Ф,
мұндағы H - амортизация нормасы (%)
Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.
Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытына қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі; моральдық тозу; техникалық қайта құрудың жоспары
жабдықтардың балансы; модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
Қазақстан Президентінің «Салықтар» және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы 24 сәуір 1995 жылғы Жарлығы бойынша амортизацияға түсетін негізгі қорлардың амортизация нормалары төмендегідей топтар арқылы анықталған:
Топ но--мері |
Мүліктің атауы |
Амортизацияның пайыз бойынша шекті нормасы |
1. |
Компьютерлер, ақпараттарды өңдеу құралдары |
30 |
2. |
Құбыр жолдары, мұнай-газ жолдары, жабдықтар, пайдалы қазбаларды табуға және өңдеуге қажетті машиналар мен механизмдер |
25 |
3. |
Жолдарға қажетті техника: арнайы құрал-саймандар |
20 |
4. |
Жеңіл автомашиналар: такси, жүк автокөліктері, автобустар, арнайы көліктер мен автоприцептер, Өнеркәсіптің барлық салаларына қажетті машиналар мен жабдықтар. Офис мебелі |
15 |
5. |
Басқа топтарға кірмеген активтер |
10 |
6. |
Темір жол, теңіз және өзен тасымалдау құралдары. Күш машиналары мен жабдықтар, жылу-техникалық жабдық, турбиналық жабдық, электродвигательдер мен дизель-генератор, Электр жүйесі және байланыс құралдары |
8 |
7. |
Ғимараттар, құрылымдар |
7 |
3. Негізгі капитал (негізгі қорлар) бірнеше бағыттарда талданады.
1. Инфляцияны есепке алғандағы негізгі қорлардың нарық бағасындағы динамикасы. Бұл динамиканы тұрақты бағадағы шығарылған қніммен салыстырып, негізгі қорлардан қайтарым өсуде ме, жоқ па екендігін анықтауға болады.
2. Негізгі капиталдың құрылымын талдау: оның ішінде:
өндірістік (салалық) құрылымды, себебі ол негізгі қорлардың өндіріс (сала) бойынша бөлінуін көрсетеді;
технологиялық құрылымды, өйткені негізгі қорлардың активтік бөлігі (өнім шығаруға тікелей қатысатын жұмыс машиналары, жабдықтар) мен пассивтік бөлігінің (ғимараттар, салынымдар, т.б.) арақатынасын көрсетеді;
жастық құрылымын, негізгі қорларды қызмет ету уақытына байланысты сипаттайды. Машиналар мен жабдықтар бойынша Қазақстан өнеркәсібінде орташа қызмет ету уақыты – 25 жыл.
3. Негізгі қорлардың жаңартылуын, шығуын және тозуын талдау:
Кжан = Фкір /Фс
Кш = Фж/Фб
Мұндағы Фкір, Фж – бір жыл ішінде кіргізілген және жойылған негізгі қорлардың құны, теңге
Кжан, Кш – жаңарту және шығу коэффициенттері
Фб, Фс – негізгі қорлардың жылдың басындағы және жылдың соңындағы құны, теңге
Негізгі капиталдың технологиялық деңгейі. Ол ішкі және сыртқы нарықтағы фирманың бас бәсекелестерімен салыстыру арқылы анықталады
Негізгі қорларды қолданудың тиімділігі әртүрлі коэффициенттермен анықталады:
негізгі қорларды уақыт өлшемінде қолданудың жеделдету коэффициентімен, оның ішінде жабдықтардың сменалық жұмысының коэффициентімен
өндірістік қуатты қолданудың коэффициентімен, яғни жабдықтың нақты қуатын құжаттағы қуатқа бөлу арқылы
қор қайтарымымен, формуласы J =Q/Ф, (теңге)
мұндағы Q – шығарылған өнімнің құны, теңге
Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық бағасы, теңге
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар.
Негізгі қорлар ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтар болғандықтан олардың моралды тозу деңгейіне көп мән беру қажет.
ДӘРІС 7-8. ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіпорындардың айналым капиталымен қамтамасыз етілуі
Мақсат: Айналым капиталының құрамы мен құрылымы, өндіріс процессінде алар орнын және оның қорлану көздерін біліп түсіну.
Жоспар;
1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы мен құрылымы
2. Айналым қорларының айналысы
3. Айналым қорларын қалыптастыру көздері
Негізгі ұғымдар тізбесі: айналым қорлары, айналым қорлар айналысы, өндірістік айналым қорлары, айналыс қорлары (фонды обращения), өндіріс қалдықтары (запастар). аяқталмаған өндіріс, оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер; болашақ кезеңдердің шығындары, дайын өнім, ақша құралдары, дебиторлық қарыз
1. Айналым қорлары – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысаның сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым қорларының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қорлары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қорларының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғаның, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Айналым қорлары екі бөлімнен тұрады:
өндірістік айналым қорлары;
айналыс қорлары (фонды обращения)
Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70% машина өндіру мен металл өндеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
өндіріс қалдықтары (запастар). Оларға – шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы (запастар), бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады;
аяқталмаған өндіріс, оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер;
болашақ кезеңдердің шығындары – жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.
Айналыс қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады.
Дайын өнім – техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім. Олар өндіріс процесс аяқталған соң, әрі қарай орап, қораптан сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті құжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.
Ақша құралдары – кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған қызметтері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.
Дебиторлық қарыз – заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастың қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген қарыздың сомасы.
Кәсіпорынның дебиторлық қарыздың болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.
Кәсіпорынның қаржылары айналым қорларын нормалау – кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажетсінудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылықтардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т.б. септігін тигізуге жағдай жасайды.
Бұл арада айналым қаражатының нормативін қолданылады. Айналым қаражатының нормативі – қаржы жоспарында белгіленетін ақшалай қаражаттың ең аз мөлшері. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар-материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құрау үшін қажет.
Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаты және қарызға берілген айналым қаражаты.
Меншікті айналым қаражат – кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұыймдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.
Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі.
Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қорларының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
2. Айналым қаражаттары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нітижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай – әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А – Қ ... Ө... Д – А1,
Мұнда А – шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ – өндіріс құралы;
Ө – өндіріс;
Д – дайын өнім;
А1 – өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол сатылған өнімнің көлемін (Рп) айналым қаражаттарының орташа қалдығына (СО) бөлу арқылы анықталады:
Ко = Рп/СО
Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:
ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;
өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
қолайлы конструкциялық материалды қолдану;
шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану және т.б.
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – өндіріс процесін үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.
3. Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдемдесу қорына аударым жарнасы;
ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
өндірістің маусымдылығы;
тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әр-келкілігі;
қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б.
Әдебиет тізім
Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар. Айналым қорларының мәні ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады, сондықтан айналым қорларының өндіріс процессінде, экономикада алар орны өте зор.