Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Организация.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.49 Mб
Скачать

8. Практикалық сабақтар жоспары

1 практикалық сабақ тақырыбы

Курстың пәні мен міндеті (1 сағ.)

Жоспар:

1. Өндірістік кәсіпорындар - курстың нысаны. Пәннің мақсаты – кәсіпорынды өндірістік-экономикалық және ұйымдастыру жұмыстарының механизмдерін қарастыру болып табылады.

2. Курстың құрылымы, мазмұны және міндеттері.

3. Курстың басқа экономикалық пәндермен байланысы. Менеджерлер дайындаудағы курстың мәні.

4. Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихы.

5. Қазіргі жағдайда өндірісті ұйымдастыру

Негізгі әдебиет: 3, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 10, 13, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – студенттерге курстың пәні, әдісі мен міндеті туралы жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.

2 практикалық сабақ тақырыбы

Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы (1 сағ.)

Жоспар:

1. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы туралы түсінік, өндірістік құрылымды анықтаушы факторлар.

2. Өндіріс құрылымының түрлері.

3. Негізгі өндірістің құрылымы, оны құру қағидалары.

4. Цехтық құрылым. Өндіріс бригада. Кәсіпорын бөлімшелерін орналастыру қағидалары

Негізгі әдебиет: 2, 3, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 13, 15, 20, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты - өнеркәсіптік кәсіпорындардың ерекшеліктерін анықтау, кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымын, оларды құрудың ұйымдастырушылық түрлерін оқыту, және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік құры-лымын жетілдіру жолдарын анықтау. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен және нақты мысалдар келтірумен ұштастыру керек.

3 практикалық сабақ тақырыбы

Өндірістік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру (1 сағ.)

Жоспар

  1. Өндірістік үрдістің негізгі сипаттамасы және оның құрылымы.

  2. Негізгі және қосымша үрдістер.

  3. Өндірістік үрдістің негізгі қағидалары

Негізгі әдебиет: 1. 3, 4, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 18, 20, 24, 25, 26.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты - өндіріс үрдісін, оның құрылымын оқыту, өндірістік цикл ұғымын, оның ұзақтығын анықтау. Операцияларды үйлестіру әдістерін зерттей отырып, осылардың ішінен қайсысы нақты өндірісте тиімдірек екендігін анықтау, сондай-ақ кәсіпорынның бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін факторларды талдау.

4 практикалық сабақ тақырыбы

Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары (1 сағ.)

Жоспар:

1. Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау.

2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары, оның әр түрлері және экономикалық

тиімділігі.

3. Бағдарламалық басқару және станоктарды қолданатын өндірістік бөлімшелерді

ұйымдастыру ерекшеліктері.

4. Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары

Негізгі әдебиет: 1, 3, 4, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 18, 20, 24, 25, 26.

Әдістемелік нұсқау: Өндіріс түрі өндірістің техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен анықталады. Ол кең көлемді номенклатураға, өнім шығарылуының жүйелілігіне, тұрақтылығына және көлеміне байланысты болады. Өндіріс түрін сипаттайтын басты көрсеткішке операцияларды бекіту коэффициенті жатады. Ағындық өндірістің басты буыны ағындық линия болып саналады. Ағындық линияны жобалау үшін ағындық линияның тактісін, қарқынын, ырғақтылығын есептейді, жұмыс орындарының санын және конвейердің қадамын есептейді.

5 практикалық сабақ тақырыбы

Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру

(2 сағ.)

Жоспар:

  1. Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні. Оның негізгі міндеттері және жүзеге асыру кезеңдері.

  2. Конструкторлық дайындық, оның мазмұны және жүргізу тәртібі.

  3. Технологиялық дайындауды басқару. Технологиялық шешімдерді оптимизациялау және таңдау.

  4. Өндірісті экономикалық тұрғыдан ұйымдастыру.

  5. Техника мен технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру бойынша шаралардың экономикалық тиімділігі

Негізгі әдебиет: 1, 4, 6, 7.

Қосымша әдебиет: 13, 15, 18, 20.

Әдістемелік нұсқау: Өндірісті дайындау жаңа өнімдерді жасау мен шығарылатын өнім түрлерін жаңарту, жаңа технологияны жасау мен игеру, сондай-ақ қолданылған технологияны жетілдіру бойынша өзара байланысты шаралар кешенінен тұрады. Техникалық дайындықтың негізгі шарттарының бірі технологиялық үрдістердің ең дұрыс шешімдерін таңдау болып табылады. Осы шаралардың тиімділігін анықтау үшін ағымдық шығындарды қысқарту, капитал шығындарын, олардың өтелімділігін және салыстырмалы тиімділік коэффициентін өзгерту ескеріледі.

6 практикалық сабақ тақырыбы

Кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысын

ұйымдастыру (1 сағ.)

Жоспар:

1. Техникалық үдерісті қамтамасыз етудегі және өндірісті жетілдірудегі ғылымның рөлі.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру

Негізгі әдебиет: 3, 4, 7.

Қосымша әдебиет: 16, 19, 20.

Әдістемелік нұсқау: Дәріс мақсаты студенттерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.

7 практикалық сабақ тақырыбы

Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру (1 сағ.)

Жоспар:

1. Өнім сапасы мен оны анықтаушы факторлар.

2. Өнім сапасының көрсеткіштер жүйесі және оларды унификациялауды анықтайтын

әдістер.

3. Өнімді стандарттау, оның қағидалары.

4. Өнім сертификациясы және тұтынушылар құқығы.

5. Техникалық қаржылар сапаны бақылау құралдары.

6. Сапаны басқарудың жаңа стратегиясы. Сапаны басқарудың шетелдік тәжірибесі.

Негізгі әдебиет: 3, 4, 5.

Қосымша әдебиет: 13, 15, 16, 23.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – сапа ұғымын, сапа көрсеткіштерін анықтау. Саралау және кешенді әдістерді қолдану арқылы өнім сапасының деңгейін бағалау, мемлекеттік және халықаралық сапа стандарттарымен танысу маңызды болып саналады.

8 практикалық сабақ тақырыбы

Өндірістік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері (1 сағ.)

Жоспар:

1. «Өндірістік инфрақұрылым» туралы түсінік.

2. Өндіріске техникалық қызмет көрсетудің мазмұны мен мәні.

3. Өндіріске техникалық қызмет көрсетудің жай-күйі мен даму қарқыны

Негізгі әдебиет: 1, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 20, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – студенттерге кәсіпорынның қосымша шаруашылықтарының сипаттамасы және құрамы жөнінде жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен және нақты мысалдар келтірумен ұштастыру керек.

9 практикалық сабақ тақырыбы

Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру (1 сағ.)

1. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының атқаратын қызметтері мен құрылымы.

2. Құрал-саймандарды пайдалануды ұйымдастыру

Негізгі әдебиет: 1, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 20, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Өндірісті ұйымдастырудың және құрал-сайманды сатып алудың үлкен маңыздылығын, ерекшелегін және күрделілігін ескере отырып, барлық машина жасау зауыттарында құрал-сайман шаруашылығының қызметі ұйымдастырылады. Ол кәсіпорындарды құралдармен қамсыздандыруды жоспарлау мен қажеттіліктерін анықтау, жұмыс орындарын құралдармен жарақтандыру, оны ұтымды пайдалану мен қалпына келтіруді ұйымдастыру, технологиялық жарақтандыруды тиімді пайдалануды есептеу мен талдау міндеттерін шешеді.

10 практикалық сабақ тақырыбы

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру (1 сағ.)

Жоспар:

1. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістегі рөлі.

2. Жөндеу қызметінінің құрылымы және құрамы. Жөндеуді жоспарлы-ескерту жүйесі.

3. Ғылыми-зерттеу жұмыстар жүйесінің нормативтері.

4. Жөндеу аралығындағы мерзім, жөндеу циклы, жөндеу циклының құрылымы және оның

әдістері.

5. Негізгі және қосымша құрал-жабдықтарды жөндеудің жоспар-кестесін жасау және

бастапқы мәліметтер

Негізгі әдебиет: 1, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 20, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Жөндеу шаруашылығының басты міндеті – құрал-жабдықты жөндеуге ең аз шығындар жұмсай отырып, оны үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету. Бұл міндет құрал-жабдыққа ағымдық қызмет көрсетуді ұтымды ұйымдастыру арқылы, құрал-жабдықты уақтылы жоспарлы-ескертулік жөндеу арқылы, ескірген құралды жаңарту арқылы, жөндеу шаруашылығының ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін арттыру арқылы шешіледі.

11 практикалық сабақ тақырыбы

Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру (1 сағ.)

1. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі мен атқаратын міндеттері.

2. Кәсіпорын тұтынатын энергия түрлері.

3. Екінші энергоресурстар энергиямен қамтамасыз етуді ұйымдастыру нысандары.

4. Энергошаруашылықтың технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесі

Талқылау үшін тапсырмалар мен сұрақтар

Негізгі әдебиет: 1, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 20, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Энергетика шаруашылығы кәсіпорынның барлық бөлімшелерін осы қызметті ұстап тұруға ең аз шығындар кезінде қажетті энергиялық қызметтер түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етеді. Энергетика шаруашылығының міндеттері: энергияны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мен жоспарлау, энергетикалық құрал-жабдықтың дұрыс пайдаланылуын, оның техникалық қамсыздандырылуын және жөнделуін қадағалау, энергия ресурстарын үнемдеу бойынша шараларды жасау мен іске асыру болып табылады.

12 практикалық сабақ тақырыбы

Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру (1 сағ.)

Жоспар:

1. Кәсіпорын транспорты, өндірістік цехтардың жұмысын ұйымдастырудағы оның

атқаратын рөлі.

2. Көлік түрлері. Жүк айналымы және жүк ағындары.

3. Тасымалдау құралдарына қажеттілікті есептеу және таңдау

Негізгі әдебиет: 1, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 20, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Кәсіпорынның тасымалдау шаруашылығының міндеті – жүктерді кәсіпорынның ішінде де, сыртында да өндірістік үрдістің талаптарына сәйкес тасымалдау қызметін ұстап тұруға ең аз шығындармен барынша ұтымды орналастыруды іске асыру болып табылады. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.

13 практикалық сабақ тақырыбы

Қойма шаруашылығын ұйымдастыру (1 сағ.)

1. Қойма шаруашылығы, оның түрлері, міндеттері мен құрылымы

2. Қойма жұмыстарына есеп жүргізу, оны орналастыру және жарақтандыру

Негізгі әдебиет: 1, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 10, 12, 15, 25, 29.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – қойма шаруашылығының негізгі міндеттерін түсіндіру, қойма жұмысын дұрыс ұйымдастыру, қойма үй-жайларына қажеттілікті анықтау, қоймаларды орналастыру, оларды қажетті жарақтармен жабдықтау, қоймалық қызмет көрсету жүйесін анықтау мен оны ұтымды ұйымдастыру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.

14 практикалық сабақ тақырыбы

Жаңа техниканы игеру жұмыстарын ұйымдастыру (1 сағ.)

1. Жаңа техниканың тәжірибелік өндірістен ұйымдастыру.

2. Жаңа техника өндірісін игеру үрдісін ұйымдастыру.

3. Жаңа техника өндірісін игеру және дайындауда уақыт факторының экономикалық мәні.

4. Жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін жоспарлау және басқару

Негізгі әдебиет: 1, 4, 5, 6.

Қосымша әдебиет: 15, 20, 24, 29.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – студенттерге жаңа техникалық тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру туралы жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.