
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Мазмұны
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •«5В070200 – «Ақпараттық жүйе», мамандығы бойынша «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен силлабус
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •3. Пән бойынша глоссарий
- •4. Лекциялық сабақтардың тезистері
- •Дәріс 3. Тақырыбы: Өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары (проблемалық лекция)
- •2. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
- •Дәріс 9. Тақырыбы: Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
- •2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
- •5. Ұсынылатын әдебиет:
- •7. Сөж, соөж өткізу жоспары
- •8. Практикалық сабақтар жоспары
- •9. Бақылау сұрақтары (аралық бақылау) Семестрлік тапсырма сұрақтары.
- •Емтихан сұрақтары:
- •10. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •11.Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
- •12.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
7. Сөж, соөж өткізу жоспары
№1 СОӨЖ тақырыбы
Курстың пәні мен міндеті (2 сағ.)
1. Нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде өнеркәсіптік өндіріс жүйесінің алатын орны
мен рөлі.
2. Кәсіпорынды басқаруда шетелдің озық тәжірибесін пайдалану
Өткізу нысаны: рефераттарды талқылау, оппонирлеу, жазба жұмыстары.
Тапсырмалар:
Кәсіпорынның нарықтың қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы рөлі қандай?
Өндірісті ұйымдастыру мен басқару шетелдерде қалай іске асырылады?
Өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың мәнін ашып көрсетіңіз
Кәсіпорынның нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы орны.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – студенттерге курстың пәні, әдісі мен міндеті туралы жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.
Ұсынылатын әдебиет: 3,4, 5, 6, 10, 13, 24, 29.
№2 СОӨЖ тақырыбы
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы (2 сағ.)
1. Өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің құрылымы және оның негізгі өндіріс
қызметіндегі мәні.
2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын дамытудың негізгі тенденциялары және оны
жетілдіру жолдары
Өткізу нысаны: рефераттарды талқылау, оппонирлеу, жазба тапсырмалары.
Тапсырмалар:
Мерзімдік сипаттағы өндіріс түрін атаңыз.
Өзіңіздің аймақтағы немесе Қазақстан Республикасындағы ірі, орта және шағын кәсіпорындарға қандай мысалдар келтіре аласыз?
Сіздің пікіріңізше өнеркәсіптің қай саласының кәсіпорындары орта немесе шағын бола алмайды? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Шағын кәсіпорындардағы жұмыскерлердің саны ең көп дегенде қанша болуы қажет?
Қандай кәсіпорын тиімдірек болып саналады: арнайы ма, бірегей ме әлде аралас па? Ол неге тәуелді?
Өндірістік буынға не кіреді?
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы қай бөлімшенің құрамына кіреді?
Қандай жағдайларда кәсіпорынның заттық-технологиялық құрылымы оңтайлы болады?
Технологиялық құрылым ең тиімді болатын өнеркәсіп салаларын атап көрсетіңіз
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты - өнеркәсіптік кәсіпорындардың ерекшеліктерін анықтау, кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымын, оларды құрудың ұйымдастырушылық түрлерін оқыту, және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік құрылымын жетілдіру жолдарын анықтау. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен және нақты мысалдар келтірумен ұштастыру керек.
Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 5, 6, 13, 15, 20, 24, 29.
№3 СОӨЖ тақырыбы
Өндірістік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Негізгі үрдістердің фазалары.
2. Өндірістік үрдістерді ұйымдастыру қағидалары.
3. Өндірістік цикл.
4. Сызбаларды дайындау, өндірістік үрдістің ұзақтығын есептеу
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын жасау, есептер шығару, сызбаларды құрастыру.
Тапсырмалар:
Өндірісте үйлестіру, шоғырландыру мен мамандандыру қағидаларын іске асыруға мысал келтіріңіз.
Өндірістік цикл дегеніміз не, ол неден тұрады?
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты - өндіріс үрдісін, оның құрылымын оқыту, өндірістік цикл ұғымын, оның ұзақтығын анықтау. Операцияларды үйлестіру әдістерін зерттей отырып, осылардың ішінен қайсысы нақты өндірісте тиімдірек екендігін анықтау, сондай-ақ кәсіпорынның бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін факторларды талдау.
Ұсынылатын әдебиет: 1. 3, 4, 6, 15, 18, 20, 24, 25, 26
№4 СОӨЖ тақырыбы
Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары (2 сағ.)
1. Өндіріс түрлерінің техника-экономикалық сипаттамасы және жіктемесі.
2. Ағындық өндірістің түрлерінің параметрлерін есептеу
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын жасау, есептер шығару, сызбаларды құрастыру.
Тапсырмалар:
Ұйымдастырудың жеке дара әдісі қолданылатын өндіріске мысал келтіріңіз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Жеке өндіріске біліктілік деңгейі қандай жұмыскерлер талап етіледі? Неліктен? Мысал келтіріңіз
Ұсақ сериялы өндіріске тән бекіту коэффициентін және 10-ға тең болатын жұмыс орындарының санын біле отырып, өндірісте операциялардың ең көп және ең аз саны қандай болуы қажет?
Жаппай өндіріс кезінде операцияларды бекіту коэффициенті неге тең?
Сериялы және жаппай өндіріске мысал келтіріңіз
Автокөлік өндірісі қай өндіріс түріне жатады?
Әдістемелік нұсқау: Өндіріс түрі өндірістің техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен анықталады. Ол кең көлемді номенклатураға, өнім шығарылуының жүйелілігіне, тұрақтылығына және көлеміне байланысты болады. Өндіріс түрін сипаттайтын басты көрсеткішке операцияларды бекіту коэффициенті жатады. Ағындық өндірістің басты буыны ағындық линия болып саналады. Ағындық линияны жобалау үшін ағындық линияның тактісін, қарқынын, ырғақтылығын есептейді, жұмыс орындарының санын және конвейердің қадамын есептейді.
Ұсынылатынәдебиет: 1, 3, 4, 6, 15, 18, 20, 24, 25, 26.
№5 СОӨЖ тақырыбы
Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру
(4 сағ.)
1. Өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау, міндеттері, мазмұны және оны жүргізу
тәртібі.
2. Патенттер, лицензиялар, ''ноу-хау '' және олардың экономикалық тиімділігі
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазбаша тапсырмаларды орындау, есептерді шешу.
Тапсырмалар:
Іргелі зерттеуге мысал келтіріңіз. Онымен әдетте кім айналысады?
Мемлекеттік сынақтар қандай мақсатпен жүргізіледі?
Жаңа техниканы енгізу кезінде қандай қосымша тиімділік көрсеткіштері қолданылады?
Әдістемелік нұсқау: Өндірісті дайындау жаңа өнімдерді жасау мен шығарылатын өнім түрлерін жаңарту, жаңа технологияны жасау мен игеру, сондай-ақ қолданылған технологияны жетілдіру бойынша өзара байланысты шаралар кешенінен тұрады. Техникалық дайындықтың негізгі шарттарының бірі технологиялық үрдістердің ең дұрыс шешімдерін таңдау болып табылады. Осы шаралардың тиімділігін анықтау үшін ағымдық шығындарды қысқарту, капитал шығындарын, олардың өтелімділігін және салыстырмалы тиімділік коэффициентін өзгерту ескеріледі.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 6, 7, 13, 15, 18, 20.
№6 СОӨЖ тақырыбы
Кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысын
ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін талдау және болжау.
2. Инновациялақ қызметтің тиімділігі
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын жасау, есептер шешу.
Тапсырмалар:
1. Техникалық үдерісті қамтамасыз етудегі және өндірісті жетілдірудегі ғылымның рөлі
2. Ғылымның дамуы қандай ерекшеліктермен сипатталады?
3. Ғылыми-зерттеу жұмысы қалай ұйымдастырылады?
4. Ғылыми зерттеулер қандай түрлерге бөлінеді?
5. Іргелі зерттеулер дегеніміз не?
6. Іздестіру зерттеулері ұғымын қалай түсінесіз?
7. Қолданбалы ғылыми зерттеулерге түсініктеме беріңіз
8. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар қалай ұйымдастырылады?
9. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар неше кезеңмен іске асырылады және олар
қандай?
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мақсаты студенттерге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.
Ұсынылатынәдебиет: 3, 4, 7, 16, 19, 20.
№7 СОӨЖ тақырыбы
Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттырудағы өнім сапасының ролі.
2. Стандарттау түрлері: кәсіпорын саны, ұлттық стандарттар, халықаралық стандарттар
ИСО-9000, 14000 стандарттары, сапа “ілгіші”
3. Қазақстан Республикасының “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” Заңы
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын жасау, есептер шешу.
Тапсырмалар:
Бұйымның тұтыну қасиеттерін көрсететін сапаның қызметтік көрсеткіштеріне мысал
келтіріңіз
Сапаның кешенді көрсеткіштерін есептеудің алгоритмі қандай?
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – сапа ұғымын, сапа көрсеткіштерін анықтау. Саралау және кешенді әдістерді қолдану арқылы өнім сапасының деңгейін бағалау, мемлекеттік және халықаралық сапа стандарттарымен танысу маңызды болып саналады.
Ұсынылатын әдебиет: 3, 4, 5, 13, 15, 16, 23.
№8 СОӨЖ тақырыбы
Өндірістік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері (2 сағ.)
1. Нарықтық экономика жағдайында қызмет көрсетуді дамыту қажеттілігі және қазіргі
жағдай.
2. Техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары.
3. Нарықтық экономикалық қатынастар дамыған елдерде өндірістік инфрақұрылымды
дамыту тенденциялары
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын жасау, есептер шешу.
Тапсырмалар:
1. Кәсіпорынның көмекші шаруашылығына сипаттама беріңіз
2. «Өндірістік инфрақұрылым» дегеніміз не?
3. Өндіріске техникалық қызмет көрсетуді дамыту тенденциялары
4. Өндіріске техникалық қызмет көрсету дегенді қалай түсінуге болады?
5. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады?
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – студенттерге кәсіпорынның қосымша шаруашылықтарының сипаттамасы және құрамы жөнінде жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен және нақты мысалдар келтірумен ұштастыру керек.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 5, 6, 15, 20, 24, 29.
№9 СОӨЖ тақырыбы
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Құрал-сайманның айналым қоры мен жұмсалуын есептеу.
2. Құрал-сайман шаруашылығының техника-экономикалық көрсеткіштері
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын орындау, есептерді шешу.
Тапсырмалар:
Сатып алынатын құрал-сайманның сапалық сипаттамасына талдау жүргізуден нені
көруге болады?
Құрал-сайманды ұтымды пайдаланудың негізгі бағыттарын атап шығыңыз
Кәсіпорынның құрал-сайман қызметтері әдетте қандай мәселелерге кез болады?
Әдістемелік нұсқау: Өндірісті ұйымдастырудың және құрал-сайманды сатып алудың үлкен маңыздылығын, ерекшелегін және күрделілігін ескере отырып, барлық машина жасау зауыттарында құрал-сайман шаруашылығының қызметі ұйымдастырылады. Ол кәсіпорындарды құралдармен қамсыздандыруды жоспарлау мен қажеттіліктерін анықтау, жұмыс орындарын құралдармен жарақтандыру, оны ұтымды пайдалану мен қалпына келтіруді ұйымдастыру, технологиялық жарақтандыруды тиімді пайдалануды есептеу мен талдау міндеттерін шешеді.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 5, 6, 15, 20, 24, 29.
№10 СОӨЖ тақырыбы
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Жөндеудің түрлеріне сипаттама беру және оның жіктемесі, құрамы, жүргізу мерзімі,
қаржыландыру тәртібі мен оның көздері.
2. Жөндеуді орындауды ұйымдастыру, оны жүргізудің жылдамдатылған әдістері
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын орындау, есептерді шешу.
Тапсырмалар:
Жөндеудің қандай түрлерін білесіз? Әрбір түріне сипаттама беріңіз
Жоспарлы-ескертулік жөндеудің әдістерін тізіп шығып, суреттеңіз
Әдістемелік нұсқау: Жөндеу шаруашылығының басты міндеті – құрал-жабдықты жөндеуге ең аз шығындар жұмсай отырып, оны үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету. Бұл міндет құрал-жабдыққа ағымдық қызмет көрсетуді ұтымды ұйымдастыру арқылы, құрал-жабдықты уақтылы жоспарлы-ескертулік жөндеу арқылы, ескірген құралды жаңарту арқылы, жөндеу шаруашылығының ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін арттыру арқылы шешіледі.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 5, 6, 15, 20, 24, 29.
№11 СОӨЖ тақырыбы
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Энергияны жұмсаудың үлестік мөлшері және оны есептеу әдістемесі.
2. Энергетикалық баланстар, оның түрлері, құрылымы және жасау тәртібі.
3. Бір өнімге кеткен энергошығындарды азайту жолдары
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын орындау, есептерді шешу.
Тапсырмалар:
1. Энергияны жұмсаудың үлестік мөлшері дегеніміз не? Оны қалай есептейді?
2. Энергетикалық баланс ұғымы, оның қандай түрлері бар?
3. Энергетикалық баланстың құрылымына тоқталыңыз
4. Бір өнімге кеткен энергошығындарды қалай азайтуға болады? Оның қандай жолдары бар?
Әдістемелік нұсқау: Энергетика шаруашылығы кәсіпорынның барлық бөлімшелерін осы қызметті ұстап тұруға ең аз шығындар кезінде қажетті энергиялық қызметтер түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етеді. Энергетика шаруашылығының міндеттері: энергияны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мен жоспарлау, энергетикалық құрал-жабдықтың дұрыс пайдаланылуын, оның техникалық қамсыздандырылуын және жөнделуін қадағалау, энергия ресурстарын үнемдеу бойынша шараларды жасау мен іске асыру болып табылады.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 5, 6, 15, 20, 24, 29.
№12 СОӨЖ тақырыбы
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Тасымалдау шаруашылығының құрылымы.
2. Тасымалдау техникалық сызба.
3. Зауыттың ішкі транспорттық жұмыстарын жетілдірудің негізгі бағыттары
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын орындау, есептерді шешу.
Тапсырмалар:
Ішкізауыттық тасымалдауды ұтымды ұйымдастыру дегеніміз не?
Кәсіпорынның тасымалдау шаруашылығының қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарын атап көрсетіңіз
Әдістемелік нұсқау: Кәсіпорынның тасымалдау шаруашылығының міндеті – жүктерді кәсіпорынның ішінде де, сыртында да өндірістік үрдістің талаптарына сәйкес тасымалдау қызметін ұстап тұруға ең аз шығындармен барынша ұтымды орналастыруды іске асыру болып табылады. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 5, 6, 15, 20, 24, 29.
№13 СОӨЖ тақырыбы
Қойма шаруашылығын ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Ыдыс шаруашылығы.
2. Қойма орындарының аумағын есептеу
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын орындау, есептерді шешу.
Тапсырмалар:
1. Ыдыс шаруашылығы дегеніміз не?
2. Қойма орындарының аумағы қалай есептелінеді?
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – қойма шаруашылығының негізгі міндеттерін түсіндіру, қойма жұмысын дұрыс ұйымдастыру, қойма үй-жайларына қажеттілікті анықтау, қоймаларды орналастыру, оларды қажетті жарақтармен жабдықтау, қоймалық қызмет көрсету жүйесін анықтау мен оны ұтымды ұйымдастыру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 5, 6, 10, 12, 15, 25, 29.
№14 СОӨЖ тақырыбы
Жаңа техниканы игеру жұмыстарын ұйымдастыру (2 сағ.)
1. Жаңа техника өндірісін игеру сатысында техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру
динамикасы.
2. Жаңа техника өндірісін дайындау және игеруді жеделдету тиімділігі
Өткізу нысаны: тақырып бойынша жазба жұмыстарын орындау, есептерді шешу.
Тапсырмалар:
1. «Тәжірибелік өндіріс» ұғымы
2. Жаңа техниканың тәжірибелік өндірісі қалай ұйымдастырылады?
3. Тәжірибелік өндірістің міндеті қандай?
4. Өндірісті жаңа техниканы өнеркәсіптік игеруге ұйымдастырушылық дайындау
5. Ұйымдастырушылық дайындықты зауыттың қандай бөлімдері мен қызметтері іске
асырады?
6. Өндірісті игеруді ұйымдастыру кезеңдері
7. Жаңа техниканың өндірісін игеру барысында қандай мәселелер туындайды?
Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың басты мақсаты – студенттерге жаңа техникалық тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру туралы жалпы түсінік беру. Оқу материалын оқып-үйрену мен ой елегінен өткізуді тақырып мазмұнын түсіндірумен ұштастыру керек.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 5, 6, 15, 20, 24, 29.
СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Өндірісті ұйымдастыру іс әрекетінің мазмұны, оның негізгі міндеттері
Жұмыс орны - кәсіпорынның бастапқы құрылымдық звеносы. Жұмыс орындарының жіктемесі.
Кеңістіктегі кәсіпорынды ұйымдастыру.
Кәсіпорынның бас жоспары. Оған қойылатын талаптар, ұтымды варианттарды таңдау.
Уақыт бойынша өндірістік үрдісті жобалау.
Автоматты ағындық жүйенің экономикалық тиімділігі және оның жіктемесі, оны ұйымдастыру және қызмет көрсетуінің қағидалары.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің өнеркәсібіндегі икемді автоматтандырылған жүйелердің қазіргі тенденцияларының дамуы.
Өнімді автоматты түрде жобалау жүесі және оның тиімділігі.
Өндірістің әр түрі бойынша технологиялық дайындауды жүргізу ерекшеліктері.
Өндірісті ұйымдастыру-технологиялық дайындау.
Ұйымдастыру-экономикалық дайындық, оның мазмұны, міндеттері мен жүргізу тәртібі.
Өнім сапасының техникалық бақылауын ұйымдастыру. Бақылаудың түрлері мен обьектісі.
Бақылаудың статистикалық әдістері, оның және таңдамалы бақылау түрлері.
Энергиямен қамтамасыз ету сызбасы және бөлімшелердің құрылымы.
Техникалық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.
Табиғатты қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау.
Құрал-саймандарды пайдаланудағы техникалық бақылау.
Құрал-сайман шаруашылығын жоспарлау есептерін жүргізуде ақпараттық технологияны қолдану.
Техникалық жабдықтау шығындарын қысқарту жолдары.
Жөндеу шаруашылығының техника-экономикалық көрсеткіштері және оның тиімділігін жоғарылату жолдары.
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын жоспарлау. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңдері.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуші жұмысшыларды материалдық ынталандыру және еңбек ақыны ұйымдастыру.
Өнеркәсіптің әр түрлі саласында энергия шаруашылығын жоспарлауерекшілігі.
Энергияның әр түрінің толық өзіндік құнын жоспарлау.
Тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Тасымалдау шаруашылығы жұмыскерлерінің еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.
Тасымалдау шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.
Қойма жұмыстарын ұйымдастыру.
Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың шетел тәрбиесі.
30. Жаңа техника өндірістік игеруде өндірісті дайындауды ұйымдастыру