
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені
- •Мазмұны
- •Пәндерді оқу-әдістемемен қамтамасыз ету
- •«5В070200 – «Ақпараттық жүйе», мамандығы бойынша «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен силлабус
- •4. Оқу пәндерінің деректемелері
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •3. Пән бойынша глоссарий
- •4. Лекциялық сабақтардың тезистері
- •Дәріс 3. Тақырыбы: Өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары (проблемалық лекция)
- •2. Өндірісті ұйымдастыру әдісі және қағидалары
- •Дәріс 9. Тақырыбы: Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
- •2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
- •5. Ұсынылатын әдебиет:
- •7. Сөж, соөж өткізу жоспары
- •8. Практикалық сабақтар жоспары
- •9. Бақылау сұрақтары (аралық бақылау) Семестрлік тапсырма сұрақтары.
- •Емтихан сұрақтары:
- •10. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау
- •11.Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша
- •12.Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
Қосылған құн
салығын және акциздерді есептемегендегі
қолданылып жүрген баға есебінде сатудан
түскен аұшалай түсімдер (жұмыс, қызмет)
Өнімнің өзіндік
құны
Тауарлы өнімді сатудан түскен пайда (жұмыс, қызмет)
Басқадай өткізуден
алынған пайда
Өткізуден тыс
пайдалар, зияндар
Баланстық (жалпы
пайда)
Пайдаға салынатын
негізгі салықты есептемегендегі
шығарылып тасталатын табыс
Жеңілдік есебі
мен пайдаға
салынатын салық
Мөлшерлеме, %
Пайдаға салынатын
салықтың сомасы
Х =
Баланстық пайда
Салықтар және
басқа да міндетті төлемдер
-
-
Қорлану
Таза пайда
Тұтыну
Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қар-жы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындарға. Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
Жалпы пайда = жалпы табыс – өндіріс шығындары |
Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық шығындары |
Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс – оның шығындары |
Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістің анық шығындары |
Таза пайда =жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер |
Қалыпты пайда = капиталға нормативті қайтарым – кәсіпкерлік табыстың мөлшері |
Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда |
Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар |
Пайда
өндірісті ұлғайтудың көзі болып табылады;
ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды;
инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру.
3. Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның күзіретіне жатады.
Пайданы үлестірудің принциптері:
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;
салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек; кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі – тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жок. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
4. Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы.
Кәсіпорын қызметінің тиімділік деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шы-ғындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді
Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты). Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге болады:
,
мұнда:
өнім
көлемі;
Б – өнім өлшемінің бағасы; Қ – өзіндік құн;
- негізгі өндірістік қорлардың құны;
- айналмалы қаражаттың көлемі
Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.
1. Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде – өнімді сатудан алынған түсім; таза пайда жөнінде – өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
2. Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің құны арқы-лы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады. Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:
басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар; құнды қағаздардан түскен табыстар; алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілген-дігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төменде-тіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттырылады.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік, соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.
Әдебиет тізім
1. Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
2. Парамонов В.В.Экономика Казахстана: Алматы, Гылым, 2000
3. Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
4. Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
5. Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Тұжырымдар. Кәсіпорынның табыс көздері кеңейген сайын кәсіпорында өндіріс процессін өсіру мүмкіндіктері жоғарылайды.
ДӘРІС 14. ТАҚЫРЫБЫ: Өнімнің сапасы және оның бәсекеге жарамдылығы
Мақсат: Нарықтық жағдайда өнім сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастыру керек, сондықтан тауарлардың бәсекеге жарамдылығы көрсеткіштерін біліп түсіну міндетті.
Жоспар:
1. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі.
2 Тауарлардың бәсекеге жарамдылығы көрсеткіштері.
3 Стандарт және стандарттау ұғымы.
Негізгі ұғымдар тізбесі: сапа, сапа көрсеткіштері, тауарлар бәсекесі, кіруші бақылау, операциялық бақылау, шығушы бақылау, ағындық бақылау, қабылдауды бақылау, инспекциялық бақылау, жалпы бақылау, таңдамалы бақылау, стандарт, стандарттау.
1. Өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастыру керек. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талаптар өзара келісілуі қажет.
Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін» дайындау керек.
Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық шараларды қамти отырырп біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі.
Өнімді болжау және дайындау кезеңіне байланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы анықталады:
-өндірілетін өнімді дайындау;
-техникалық деңгейді бағалау;
-өнім өндіру;
-перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін анықтау.
Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау және өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жеткізу үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау және бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшасы өз мойнына алады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.
Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс. Бұл жүйесінің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет.
Сонымен қатар аталған мақсатқа жету үшін жаңа өнім түрлерін жасау және оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен ескірген өнім түрлерін өндірістен алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу және қолдану барысында сапасын жоғалтпау жұмыстары жүргізілуі керек.
Өнім сапасын басқару жүйесін тиімді пайдаланудың негізгі шарттарының біріне оны техникалық бақылауды ұтымды ұйымдастыру кіреді.
Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау операциялары және оның тізбектілігі, техникалық жабдықтау, жұмыс істеу режимдері, әдістер, бақылау операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып саналады, өндірістің технологиясымен бірге техникалық бақылау бөлімінің қатысуымен немесе олардың келісімімен дайындалады. Міндетті түрде бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.
Бақылау операцияларын орындаушыларға жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің шеңберлері (мастерлер) жатады.
Өнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
А) өндірістік үрдіске қатысты бақылау:
-кіруші бақылау- кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызылатынын айтады;
-операциялық бақылау- өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылауды айтады;
-шығушы бақылау- дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталмаған дайын бөліктерді бақылауды айтады.
Б) атқаратын міндетіне қарай бақылау:
-ағындық (ескерту) бақылау- өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтады;
- қабылдауды бақылау- іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшінжүргізілетін бақылауды айтады;
-инспекциялық бақылау- өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкерлердің жұмысын айтады.
В) объектіні қамту дәрежесіне байланысты бақылау:
-жалпы- дайындалатын өнім немесе объектілердің бәрін тексеруді айтады;
-таңдамалы- дайындалатын өнімнің немесе объектінің бір бөлігін тексеруді айтады.
Әдебиет тізім
1. Экономика и организация промышленного производства/под ред. Лисичкина А.В.-Минск, 1991
2. Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005.
3. Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
4. Мамыров М.К., Ихданов Ж. Қазақтан Республикасы жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу. Алматы. Экономика.1998ж.
5. Найденков В.И.Стратегическое планирование (конспект лекций)-М.:«Приор-издат».2004.
6. Гамарник Г.Н. Управление экономикой Казахстана: методология, подходы, пути реализации. Монография. -Алматы; Экономика, 2002.
Тұжырымдар. Өнім сапасын басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі.
ДӘРІС 15. ТАҚЫРЫБЫ: Шаруашылық қызметін бағалау көрсеткіштері және оларды талдау
Мақсат: Шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалауға қатысты көрсеткіштерді аналитикалық жұмыс жүргізу негіздерін біліп түсіну
Жоспар:
Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері
Салыстырмалы тиімділік
Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
Негізгі ұғымдар тізбесі: капитал сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, экономикалық тиімділік, салыстырмалы тиімділік, өндірістік іс-әрекеттің тиімділігі, өтімділік, қаржылық тұрақтылық, өндірістік іс-әрекеттің тиімділігі, өнімнің көлемі, кәсіпорынның еңбек сыйымдылығы
1. Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады.
Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады.
ЕО = УТ/А
Сонымен қатар экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Есый = Т/Q
мұндағы: Есый – еңбек сыйымдылығы
Т – еңбек саны
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі
Қоғамның еңбектің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы аныөталады:
Мсый = Ш/Q
мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығы
Ш – шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.
Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:
Ксый = К/ΔQ мұндағы: Ксый – өнімнің капитал сыйымдылығы
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі
ΔQ – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Тиімділік жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді. Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады. Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
өндірістік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдау мүмкіншіліктерін өлшейді;
өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелділік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімнің көлемі, кәсіпорынның кеңдігі, экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі, кәсіпорын беделі (репутация) және т.б.
Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:
негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;
кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздысы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.
Сату рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі пайда / өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100 пайыз). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін сипаттайды.
Активтер рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңі соңындағы активтер х 100 пайыз). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Негізгі капиталдың рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал – амортизация х 100 пайыз), кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Меншік капиталының рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100 пайыз). Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері: активтердің айналымдылығы (салу көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100 пайыз) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;
негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;
айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;
материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық айналым санын көрсетеді.
Өтімділік көрсеткіштері:
меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (меншікті капитал-ұзақмерзімді активтер). Кәсіпорынның меншік капиталының ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.
Ағымдық өтімділік коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.
тез өтімділік коэффициенті – АҚ+ДҚ / Ағ мінд. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден – өндіріс запастары алынып тасталады.
абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы – ұзақ мерзімді жоспардағы оның іс-әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік жоспарларда, мешіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен сипатталады.
Көрсеткіштері:
тәуелсіздік коэффициенті (меншік капиталы / активтер). Кәсіпорын жұмысына қажетті қаражаттардың жалпы көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз. Нормативтік жеткілікті деңгейі 0,5-0,6 Егер ол 1-ге жақын немесе тең болса, онда ол, кәсіпорын иелерінің өз кәсіпорының толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді;
қаржылық тәуелділік коэффициенті (тартылған капитал/активтер) – меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффициент. Бұл көрсеткіштің динамикада өсуі,
кәсіпорынды қаржыландыруға қарыз қаражаттары үлесінің көбейгенін көрсетеді. Нормативтік жеткілікті деңгейі 0,4-0,5.
меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктің айналым қаражаттары / меншіктік капитал). Меншіктік капиталдың қай бөлігі, ағымдық іс-әрекеттерді қаржыландыруға жұмсалатының көрсетеді.
ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті (ұзақ мерзімді міндеттемелер / негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер). Бұл коэффициент, негізгі
қаражаттар мен басқа да айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы қаржыландырылғандығын көрсетеді, яғни кәсіпорын иелеріне емес, сыртқы инвесторларға тиесілі.
тартылған және меншіктік қаражаттардың арақатынас коэффициенттері (тартылған капитал / меншіктік капитал). Бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағаламасын көрсетеді.
2. Кәсіпорынның іс-әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу
үшін, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны, күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығындардың арақатынастары жатады.
Үлестік күрделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне есептелген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелген күрделі қаржылардың көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік күрделі қаржылар азайту критерийлары арқылы өзара салыстырылады.
Әдебиет тізім
Фахутдинов Р.Организация производства - Москва.: Инфра-М, 1998.
Мухамбеков М.М. Экономика и организация предприятия. Астана издательство «Фолиант» 2005
Дубровский В.Ж., Чайкин В.И. «Экономика и управление предприятием (фирмой)» -Екатеринбург, 1995.
Окаев Н.К., Дюкова Е.Л. «Экономика промышленного предприятия в условиях рынка» -Алматы, 1994.
Гамарник Г.Н. Управление экономикой Казахстана: методология, подходы, пути реализации. Монография. -Алматы; Экономика, 2002.
Тұжырымдар. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алу қажет.