
- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
3.2. Теологиялық парадигма.
Теологиялық парадигма (гр.Teo–құдай, logos-ілім) саясаттың және оның проблемаларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Биліктің пайда болуын, билік өкілеттіктерінің мәні туралы, биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы, адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелерді діни ілімнің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді. Адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдар құдай берген деп қабылданады. Осы ретте теологиялық парадигма адамдардың жердегі өмірінің жетілмегендігін, оны жақсарту қажеттілігін ескереді. Бұған жетудің негізгі жолы - құдай жазып қойған тағдырға сену. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңдерінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті.
Мұнда билік табиғаттан тыс, ерекше абсолютті күш ретінде қарастырылады. Ол Құдіретті күштің құралы, сондықтан адам билікке бой ұсынып, көнбістік танытуы керек. Теологиялық парадигма билік етуші субъектінің билік құру құқығын орнықтыруға қызмет етті. Бұл үшін билік құрушы адамдардың (көсемдер, монархтар) құдайлық тегі туралы, олардың билік құруға деген шексіз құқығы туралы әртүрлі діни-мифологиялық конструкциялар пайдаланылады.
Теологиялық парадигма өзінің ортақ белгілерін (бірлесіп өмір сүрудің, биліктің, оның заңдары мен талаптарының табиғаттан тыс негізін мойындау, осы тұрғыда билік пен оның акцияларының легитимділігін түсіндіру) сақтағанымен, әрбір әлеуметтік-мәдени ортада өзгеріске түсіп отырады және тиісті өмірлік мазмұнға ие болады. Сондықтан да, теологиялық парадигма таза абстрактілі, догматтық, мифологиялық көзбояушылық емес, ол сондай-ақ өз уақытының саяси сұрауына жауап беруге ұмтылады.
Теологиялық парадигма, саяси өмірдің маңызды құбылысы ретінде билік үшін күрестен шет қалмайды, ол бұл күресті бейнелеп, идеологиялық тұрғыда негіздейді. Көрнекті христиан философы Аврелий Августин (б.з.354-430 жж.) адамдар қауымдастығының бір-біріне қарама-қарсы екі түрі: «құдай қаласы» және «жер қаласы» өмір сүреді деп есептеді. «Жер қаласы» - кемеліне жетпеген, адамдардың шынайы өмірі, ал «құдай қаласы» - Құдайды сүю мен іздеу, бірақ оның жерде тұрағы жоқ болғандықтан ол қаңғыбастық пен үйсіздікке душар болған. Осылай Әулие Августин адамдардың, нақты өмірі мен олардың саяси проблемаларының «жер қаласында» болатындығын атап көрсетті.
Дін мен шіркеудің саяси позициялары жеткілікті түрде берік болған Ортағасырлық Еуропада шіркеу билікті заңды деп тануды мойындау мәселесі туралы саяси жорамалмен қаруланды. Сондықтан да көптеген ақсүйек билеушілер үшін өздерінің билік өкілеттіктерінің шіркеу тарапынан қолдауға ие болуы мен танылуы биліктің сақталуының негізі болды. Фома Аквинскийдің (1225-1274 жж.) тиранға қарсы халықтың көтерілу құқығы туралы белгілі ережесі осылай пайда болды. Бұл ереже ортағасырлық барлық діни ересьтің өзегі болды.
Теологиялық парадигма өзінің идеялық формасы жағынан схоластикалық, догматталған жүйе болса да, шынайы өмір өзінің саяси проблемаларымен осы жүйеге еніп кетті, себебі ұлы теологтарға өз уақытының өзекті саяси сұрақтарына жауап беру қажет болды.
Саяси ойлардың тарихындағы теологиялық парадигманы қарастырғанда, біз өзіміздің жерлесіміз, ортағасырдың көрнекті философы Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фарабидің (850-950жж.) көзқарастарынан аттап кете алмаймыз. Теология туралы еңбектерінде ол дінді философияға бағындырды, өйткені философияның ықтималдық пен софистикалық тән теологиядан ерекшелігі оны дәлелденген ойлар деп санады. Ізгі қала туралы ілімінде ол жалпыланған формада, өз заманының саяси ойларының табыстарына сүйене отырып, қоғамдық істерді идеалды басқару туралы, дұрыс мемлекеттік құрылыс туралы түсініктерді берді.
Теологиялық парадигма жаңартушылық, тіпті модернистік тенденциялар да жат емес саяси мәдениеттің қабатын жасады.Сондықтан да, оны есептен шығарып тастауға болмайды.
Әрине, биліктің құдайдан берілгендігі, тарихи процесті тағдырдың жазмышы ретінде түсіну және бәрі құдай еркімен жүзеге асуы туралы идеялардың өзінің теориялық мәнін жоғалтқандығы сөзсіз. Бірақ біз идеялардың саяси салмағын қарастырғанда, оның қарабайырлығына, теориялық жарамсыздығына сүйенбеуіміз керек.
Идеялардың саяси салмағы оның бұқара халыққа ықпал ету дәрежесімен, оларды «саяси ерлік» жасауға тарту қабілеттілігімен анықталынады. Бұқара халық терең мазмұнды рефлексияға қабілетсіз болғандықтан идеяларды жан-жақты талдамайды. Идея бұқараны еліктіріп, өзінің қандай да бір аспектісі бойынша оған ұнап, саяси белсенділікке итермелейтіндіктен материалдық күшке айналады.
Мәселен, шығармашылық элитасы әлемдік мәдениетке баға жеткісіз үлес қосқан, философиялық рефлексияның ұлы үлгілерін жасаған неміс халқы нәсілшілдік пен ұлтшыл-социализмнің қарадүрсін идеяларымен саяси процеске қатыстырылды. Қазіргі күнде біз ислам дүниесінде бұқараның өмір сүру үлгісі ретіндегі ислам дінінің адамгершілік жағынан үстемдігі, батыс христиандық өркениеттің келеңсіз аспектілері оларға тән еместігі туралы идеяларды ұстанып отырғанын көріп отырмыз, ал бұл өз кезегінде лаңкестіктің ордасы болып табылатын діни фанатизм формасындағы қарам-қарсылықты тудыруда.
Әлеуметтік базасы люмпендендірілген бұқара халық болып табылатын солшыл радикализм де саяси құбылыс ретінде теологиялық парадигманы жаңғыртып, өзектендіреді. 60-шы жж. ортасында ұлт-азаттық қозғалыстардың өсуі кезеңінде Латын Америкасының көптеген елдерінде «азат ету теологиясы»деп аталатын идеология пайда болды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл идеология АҚШ-қа тәуелділіктен құтылу, өздерінің дербес даму жолын таңдау тәрізді саяси бағыт ұстанды.
Латын Америкасы елдерінде байқалған экономикадағы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты жетістіктер «азат ету теологиясы» идеологиясының пайдалы жақтарының іске асуымен түсіндіріледі. Өзінің құрылымы жағынан ол бұқараға жақын, түсінікті, оларды белсенді теріс іс-әрекеттерге итермелемейді, қоғамды кең тұрғыда реформалаудың идеологиялық базасы ретінде қызмет етті.
Тоталитарлық діни секталардың пайда болуы, өздерін мессия, адамзаттың жаңа құтқарушыларымыз деп жариялайтын адамдардың көптеп пайда болуы теологиялық парадигманы ескермеуге болмайтындығын, оның өз өзектілігін жоғалтпағандығын көрсетуде.