- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
Дүниедегі барлық нәрсе белгілі бір жүйелілікке бағынып, өзара байланыстағы элементтердің жиынтығынан тұрады. Жүйеліліктің болуы аркылы құбылыстар бір-бірінен ажыратылады және тұтастық ретінде бір-бірімен өзара әрекетте болады. Жүйелілік – барлық құбылыстар мен заттардың жалпы ерекшелігі. Мысалы, біздің галактика жұлдыздар жүйесін қамтиды, күн және планеталар күн жүйесін құрайды, Жер планетасы өзінің серігімен, атмосферасымен және ондағы тіршілік иелерімен өмірді туындататын және онымен бірге қызмет ететін жүйе. Адамды қоса алғандағы кез-келген тіршілік иесі – биологиялық жүйе, жердегі адамдар қауымдастығы - әлеуметтік жүйе.
Жүйелілік әрқайсысының өз орны болатын және өзіне тиесілі белгілі бір функцияны атқаратын элементтердің тәртіптілігінің және өзара байланысының бар екендігін білдіреді, сондықтан да жүйеде элементтер мен олардың функциялары иерархияланған, яғни элементтер өз араларында басты, жанама, маңызды немесе аса маңызды емес секілді маңыздылық деңгейлері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік олардың функцияларына да тән.
Жүйедегі элементтердің жиынтығы - әртектілердің қарапайым қосындысы емес, өзара іштей байланыстағы тұтастық. Бұл тұтастық элементтегі немесе элементтердегі өзгерістердің басқа элементтерде және тұтастай жүйеде бой көрсетуін анықтайды. Жүйедегі өзгерістер (эволюциялар, катаклизмдер) құрылымдық-функционалдық өзгерістерге алып келеді.
Жүйенің қызмет етуі нақты процесс болып табылатындықтан, жүйелер ұйымдасу деңгейіне, элементтерінің тепе-теңдігіне, олардың функцияларына байланысты өзара ерекшеленеді; әрбір элементінің функциясының орындалуы нақты және сондықтан да тұтастай жүйе табысты қызмет ететін ұйымдасуы жоғары жүйелер бар; ұйымдасуы төмен жүйелер бар; апатты жағдайда тұрған тепе-теңдігі жоқ жүйелер де болады.
Жүйе ұйымдасқан тұтастық ретінде қоршаған ортамен өзара әрекетке түсе отырып, оның әсерлерін қабылдауға және оған тиісті түрде жауап қайтаруға мәжбүр. Және бұл реакция функционалды түрде ғана емес, құрылымдық түрде де көрінеді.
Жүйенің қалыпты жұмыс істеуі оның тұтастығы мен функционалдық тиімділігіне белгілі бір тұрақтылық береді. Бірақ бұл қалыпты жұмыс ырғағы салыстырмалы сипатта, ол қоршаған ортаның әсерлерінен бұзылуы мүмкін және солай болуы да тиіс. Сондықтан да, жүйе тұрақтылықтың, беріктіктің белгілі бір қорына ие болуы керек. Бұл қор жүйе және оның элементтерінің көпфункционалдығымен және жүйенің теріс әсерлерге жылдам реакцияларына, яғни ішкі құрылымдық және функционалдық қайта құрылуға, бейімделуге дайындығымен жасалынады.
Осы тұрғыда, ескере кетер жайт, физикалық, химиялық, биологиялық, антропологиялық, әлеуметтік жүйелердің әрқайсысы жоғарыда аталған ерекшеліктер бойынша өзіндік белгілерге ие, ал бұл белгілер олардың қызмет етуінің заңдылықтарында көрініс табады.
Жүйелілік болмыстың жалпы сипаттамасы болғандықтан, болмыс пен оның элементтерін зерттеу белгілі бір жүйелілік тәсілге негізделуі керек.
Шынайылықтың осы ерекшеліктерінің негізінде заттар мен құбылыстарды жүйелік тұтастық ретінде қарастыратын ғылыми зерттеудің жүйелік әдісі қалыптасып, дамиды. Бұл жағдайда танымдық әрекеттің нақты пайымдау, абстрактылы ойлау және практика тәрізді кезеңдері өзінің базалық негізімен құбылыстың тұтастығын, жүйелілігін сақтап қалады; нақты пайымдау – құбылысты тікелей тұтас қабылдау; анализ – тұтас затты құрамдас бөліктерге бөліп, оның құрылымдығын зерттеу; синтез – шығармашылық процесс ретінде практикада нақты қолдану мақсатында мазмұнды идеалды бейнені қайта құру. Практикалық әрекетпен қатар жүретін синтез арқылы ғана дүниені өзгертетін және білімді жетілдіретін шығармашылық процесс жүзеге асады.
