Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану негіздері Оқулық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары

3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.

Парадигма – қазіргі таңдағы ғылым методологиясындағы негізгі ұғымдардың бірі. Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді және оларға тән ерекшеліктерді көрсетеді, білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды.

Ғылымның парадигмалық мәселесі ғылыми білімдердің өз дамуында салыстырмалы дербестікке ие екендігін бейнелейді, өйткені таным процесінде рационалды дәлелденген жүйе ретіндегі ғылыми дәстүр пайда болып дамиды. Осы дәстүр ғалымдардың ғылыми іс-әрекеттерінің базалық негізін құрып, оларға өздерінің дербес ғылыми инструментариін жасауға көмектеседі. Шынайы ғылыми тұрғыда дүниені қабылдаудың нәтижесінде ғылыми танымның осы сатысында дүниенің ғылыми бейнесі қалыптасады.

Өте тар мағынада, парадигма - ғылыми проблемалар мен оны зерттеу мәселесінің қойылуы мен қалыптасуының логикалық моделі.

Парадигма ұғымының құрылымы келесі қағидаларды қамтиды:

1. Ғалымдардың қазіргі бірлестігіне тән ғылыми принциптердің, сенімдердің, құндылықтардың жиынтығы, осының негізінде ғалымдар өздерінің зерттеу объектісінің ғылыми картинасын, яғни ғылым пәнін жасайды.

2. Ғылыми зерттеулер үшін қолданылатын «пәндік матрица»деп аталатын техникалық тәсілдер, ғылыми инструментарийлер жүйесі және мұны игеру мен пайдалану нәтижесінде бірін-бірі түсінетін ғалымдардың бірлестігі жасақталынады.

Ғылыми таным дамуының парадигмалық идеясын американ тарихшысы және философы Томас Сэмюэл Кун (1922 жылы туылған) өзінің «Ғылыми революцияның құрылымы» (1963 ж. жарық көрген, орыс тіліне 1977 ж. аударылды) атты еңбегінде негіздеді.

Ғылым дамуының парадигмалық сипаты туралы ілім ғылыми мектептер мен ғылыми зерттеулер бағыттарының өзгеруін, ғылыми білімдерді тереңдету мен нақтылауды есепке алуға мүмкіндік береді. Т.Кунның көзқарасы бойынша, ғылым дамуында бәсекелестік күрес пен үстемдік етуші ғылыми мектептер мен бағыттардың бір-бірін алмастыруы өтіп жатады. Ғылыми бәсекелестік нәтижесінде ғалымдар бірлестігін қанағаттандыратын ғылыми концепция жасаушы белгілі бір парадигма үстемдік құрғанда «бірқалыпты ғылым» деп аталатын даму кезеңі орнайды.

Алайда, ғылыми зерттеу көкжиегінің кеңеюі мен танымның құрылымдық тереңдеуінің нәтижесінде үстемдік құрушы парадигма қабылдай және түсіне алмайтын фактілердің жаңа жүйесі пайда болады. Парадигмалардың күресі басталып, осы күрестің нәтижесінде жаңа парадигма жеңіске жетеді де, қайтадан «бірқалыпты ғылымның» дәуірі келеді. Т.Кун бұл жағдайды ғылымдағы революция деп атады.

Т.Кунның ілімін қоғамдық ғылымдарға қолдану ғылымдардың теориялық та, идеологиялық та тапсырыс жасайтын және қандай да бір түрде ғылыми танымды шектейтін өз дәуірінің әлеуметтік - мәдени ерекшеліктерімен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Жаңа парадигманың жеңісі нәтижесінде ғалымдар бірлестігі объектіні зерттеуде дәйекті принциптердің, тәсілдердің жүйесін пайдаланады. Осылардың негізінде ғылымның категориялық-ұғымдық аппараты қалыптасады, заңдылықтары жете түсіндіріледі және белгіленеді, зерттеу әдістемесі жетілдіріліп, дамытылады. Аталған жүйеге ендірілген жаңа фактілер өзінің ғылыми түсінігін, маңызды бағасын алады. Ғылымның жеткілікті түрде қарқынды дамуы көпшілік мақұлдаған парадигманың бар болуымен қамтамасыз етіледі.Үстемдік етуші парадигма табысты ғылыми зерттеуде жүзеге аса отыра, білім беру процесінде де шешуші позицияларды жаулап алады және осының арқасында өз уақытының ғылыми-ағарту мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Дегенмен, қоғамдық ғылымдар сферасы мәдениеттің өте күрделі сферасы екенін ескеру қажет. Оған парадигмалылықтың жалпы теориясы белгілі бір талаптармен қолданылуы керек.

Қоғамда пайда болған қатынастардың айтарлықтай дәрежеде идеологияландырылғандығы белгілі жайт. Негізінде адамдардың шынайы мүдделері мен олардың қажеттіліктері жатқан идеология қоғамдық ғылымдарды шектеп, әлеуметтік мәселелердің маңызын көтереді. Сондықтан, қоғамдық ғылымда әлеуметтік практика жаңа парадигмаға апарар жолды ашып, ғылым дамуының жаңа салаларының пайда болуына мүмкіндік бергенімен, мұның сыртында әрдайым партизандық айқастар жүріп жатады және ескі парадигма әрдайым идеологиялық қуат ала отырып, өз позициясын бере қоймайды.

Сондықтан да, саясаттануға саяси нақтылықтың акцияларын әртүрлі образда түсіндіруге мүмкіндік беретін мультипарадигмалықтың тән болуы кездейсоқтық емес. Мультипарадигмалық өткен кезеңдердегі теориялық зерттеулердің өз маңызын жоғалтпайтындығын және қазіргі жағдайда саясат сферасында оны пайдаланудың мүмкін екендігін білдіреді.

Парадигмалар саяси ойлардың тарихында мейлінше көрнекті түрде жүзеге асқандықтан және өз уақытына сай саяси мәдениетті жасағандықтан ғалымдар саяси ойлардың теологиялық, натуралистік, әлеуметтік, рационалды-сыни парадигмалық сипаттарын бөліп көрсетті.