
- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.
Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.
Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көпқатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.
Саяси мәдениеттің аталмыш тарихи қабаттары өз уақытында барлық компоненттері бір-бірімен тығыз байланыстағы тұтастай жүйені көрсетті. Қандай да бір дәуірдің саяси мәдениетінің тұтастығы мен жүйелілігі оның ішкі құрылымдылығының, субмәдениетінің болуы проблемасын алып тастамайды, өйткені қызмет атқарып отырған саяси мәдениет – тірі, қарама-қайшылықты нақтылық .
Саяси мәдениеттің құрылымдануының маңызды жеткілікті түрде дамыған критериі – қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуіне негізделген субмәдениеттерге бөліну принципі. Адамзаттың саяси ойының тарихы қазіргі саяси шынайылықпен қатар әртүрлі әлеуметтік-таптық саяси тенденциялар туралы, өзінің қызметінің барысында осы тенденцияларды бейнелейтін саяси қатынастардың субъектілері туралы толықтай және мазмұнды түсініктер береді.
Таптарды, сословиелерді, әлеуметтік, этникалық , жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіптік және басқа да топтарды қамтитын саяси күштердің солардың негізінде саяси субмәдениеттерінің қалыптасуы жүретін мемлекетке, мемлекеттік билікке өз қатынастары, өз саяси принциптері, басымдықтары, әуестігі, өз саяси тәжірибесі болады. Бұл саяси субмәдениеттер сонымен қатар жеткілікті тұтас жүйе, ішкі жіктелушілік болып саналады.
Адамзаттың саяси практикасы еуропалық, азиялық, солтүстік американдық және басқа да аймақтардың, сондай-ақ жекелеген этникалық қауымдастықтардың ауқымында дамығандықтан, адамзаттың саяси мәдениетінің тиісті тұрғыда жіктелуі мен осы негізде субмәдениеттің бөлінуі мүмкін.
Функциональды критерий бойынша құрылымданудың негізінде біршама өзгешелеу принцип жатыр. Саяси мәдениеттің белгілі бір функцияларды атқаруына байланысты рефлексивті, институциональдық және практикалық компоненттері бөлініп шығады.
1. Рефлексивті. Адамзаттың ежелгі заманнан біздің күнімізге дейінгі барлық саяси өмірін рухани формада бейнеленуін, саяси қатынастар субъектілерінің өздерінің түпкілікті мүдделерін жүзеге асыру тәсілдері туралы түсініктері мен ойлары жайлы, олардың осы мүдделерді түсінуін, оны басқа әлеуметтік субъектілердің мүдделерімен салыстыра қарауды,оларды жүзеге асыру формаларын, әдістері мен құралдарын іздеуді қамтиды. Тұтастай алғанда бұл компонентті екі формада өмір сүретін «саяси сана» ұғымымен белгілеуге болады, яғни этникалық, таптық, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіптік және т.б. сияқты әртүрлі субэлементтерге бөлінетін қоғамдық саяси сана және жеке саяси жүріс-тұрыстың түрткілік негізі болатын индивидтің түсініктері мен ұғынуларын,оның саяси көзқарастарын (идеялары мен сезімдері) көрсететін индивидуальды саяси сана.
Саяси мәдениеттің рефлексивті компоненті саяси мәдениеттің институтталынуының алғышарттарын жасайды, өйткені саяси қажеттіліктерге барабар идеялардың,принциптердің,қызметтің ұйымдастыру формаларының, әдістері мен құралдарының қалыптасуы тиянақты саяси рефлексияны талап етеді.Ойсыздық,сынап көру және қателіктер әдістеріне саясатта жол берілмеуі керек, өйткені әңгіме адамзат бұқарасының мүдделері мен тағдыры туралы болып отыр.
2. Институционалдық. Саяси институттар, саяси рефлексияның нәтижелерін белгілі бір құрылымдық элементтерге аудару: идеялар мен принциптер, ұйымдастыру формалары, әдістері, саяси дәстүрлер, құндылықтар мен басымдықтар, саяси ықпал құралдары және басқалар. Саяси институттар – саяси мәдениеттің шынайылығы. Оларды жетілдіруге, жаңартуға болады. Олар субъектілердің саяси іс-әрекеттерінің процесінде қызмет етеді және өздерінің субъективті көріністері, субъективтілігі мен тіпті, тұлғалануы бар.
Саяси институттар өзара байланыстағы тұтастай саяси жүйені көрсетеді. Олардың өзара байланыстарының спецификасы саяси режимдердің ерекшеліктерін қалыптастырады,ал өзара байланыстың өзі саяси процестердің мазмұнын құрай отырып қоғам үшін конструктивті, сондай-ақ деструктивті тұрғыда көрінуі де мүмкін.
Саяси мәдениет өзінде саяси қажеттіліктердің,саяси қатынастар субъектілерінің мүдделерінің барлық көптүрлілігі мен қайшылықтарын қамти отырып, институциональды тұрғыда орнығады. Саяси институттар консервативтіліктен бастап жаңартылған экстремистік тармақтарға дейінгі саяси тенденцияларды қамтиды.
Тенденциялардың көптүрлілігі жеке идеологиямен, құндылықтармен, басымдықтармен белгілі мөлшерде дербес тұтастылықты құрай отырып, саяси мәдениеттің субмәдени элементтерін қалыптастырады. Сондықтан да, қоғамның маңызды әлеуметтік-саяси проблемасы саяси субмәдениеттің барлық элементтерінің өзара қатынасын қамтамасыз ету, саяси қатынастардың барлық субъектілерінің қызметін заңдастыру, қоғамдық организмде барлық саяси тенденциялардың көрінуіне жағдай жасау болып табылады.
Демократиялық саяси бәсекелестікті қамтамасыз ететін, саяси қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, қоғамның жаңаруына жағдай жасайтын және қоғам мен азаматтарды әлеуметтік күш көрсетудің әртүрлі формаларынан қорғайтын Конституция саяси мәдениеттің барлық элементтерінің табысты қызмет етуінің фундаментальды негізі бола алады. Сол себептен, қоғамның саяси мәдениетінің дамуының қол жеткен сатысы тікелей және барынша толықтай формасында мемлекеттің Конституциясында бекітілуі мүмкін деп есептеуге болады.
3. Практикалық. Саяси мәдениет барлық мәдениеттер сияқты адамзат қызметінің құралы. Себебі осы компонент саяси мәдениеттің фундаментальдық көрінісі, бұған осы тараудың келесі бөлімінде кеңінен тоқталамыз. Әдістемелік тұрғыда саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуында практика шешуші мәнге ие. Дәл осында идеялардың, теориялардың, принциптердің, қызметтің ұйымдастыру формаларының, әдістері мен құралдарының шынайы мазмұны толықтай ашылған. Практикалық процесте ғана саяси қатынастардың субъектісі барлық ережелердің істе көрінетінін түсіне бастайды, яғни қарапайым сөзбен айтар болсақ «жетіле» бастайды.
Рефлексия ойша қорытындылаудың тәсілі болуы мүмкін, институттар көбісіне ассоциативты тұрғыда қалыптасады, оларда шеттен алудың, еліктеудің элементтері болады. Саяси мәдениеттің барлық компонеттерін шынайы сынау, олардың мағынасын ашу тек практикада ғана мүмкін. Осында саяси мәдениеттің толығуы мен өсуі өтеді. Саяси практика саяси мәдениеттің дамуының, оның құрылымдық элементтерін істе сынаудың, онда жабық, жасырын түрде сақталынатын саяси мүмкіндіктерді анықтаудың базалық негізі ретінде көрінеді.