
- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
Саяси лидерлік жеке тұлғаның, саяси топтың бұқарамен өзара әрекетте болуымен байланысты ерекше функция. Лидерлік тұлғаны, саяси топтар осы мәртебеге лайық деп таныса ғана мүмкін болады. Ал лидер танылуы үшін лидерге тән қасиеттерді иеленіп, оларды көрсете алуы тиіс. Олардың ішіндегі ең бастысы - бұқараның барлық құрамдас бөліктерінің әрекеттерін біріктіру мақсатында оған ықпал ете алу қабілеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, егер лидер саясатты жобалап, жүзеге асырса да саяси лидерлік болуы мүмкін. Ол мақсаттарды жобалауды және оны адамдардың тіршілік әрекетінің негізіне айналдыруды қамтамасыз етуі керек. Сондықтан кез келген әлеуметтік лидердің саясаткер болуы шарт. Саясат – лидер қызметінің мәнді аспектісі. Макс Вебер лидерліктің келесідегідей түрлерін бөліп көрсетеді:
І. Дәстүрлі лидерлік. Әлеуметтік топтың тұлғаны лидер деп тануы қалыптасқан дәстүрдің негізінде өтеді. Негізгі өлшемдері:
а) тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, оның шыққан тегі, осы тұлғаны қалыптастырған кіші әлеуметтік ортаның беделділігі;
ә) өмірлік тәжірибесі мен лидерлік функцияны атқаруға ынтасының болуы:
б) әлеуметтік топтың тұлғаның лидерлік функцияларды атқару үшін қажетті қасиеттерін тануы, қолдауы және бағынуы.
ІІ. Харизматикалық лидерлік. Елден ерек, айрықша жеке қасиеттерінің арқасында тұлғаның ерекше құндылығын әлеуметтік топтың тануы. Харизманың қалыптасуы тұлғаның өмірі мен қызметін белгілі бір тұрғыда мифологияландырумен байланысты. Харизматикалық лидерлер адамдардың қалың бұқарасын тартатын ірі, түпкілікті қайта өзгерістердің қажеттілігі туындайтын әлеуметтік дағдарыстар кезеңінде пайда болады. Дін Адам-Құдай мәртебесін берген Иса пайғамбардың (егер осы тұлға шынымен өмір сүрген болса), Мұхаммед пайғамбардың харизматикалық лидерлер екендігі даусыз. Харизматикалық лидерлер қатарына Махатма Ганди, В.И.Ленин және басқа да саяси қайраткерлерді жатқызуға болады.
Харизматикалық лидерлердің ойлары мен сезімдері, қызметтері – ірі әлеуметтік қозғалыстардың белгісі болып саналатындықтан, де олардың ықпалы өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы сақталынады. Бірақ шынайы өмірде бұқараның әлеуметтік үміті ақталмайды, сондықтан уақыт өте келе харизматикалық лидер өз ықпалын жоғалта бастайды.
ІІІ. Ресми-бюрократиялық лидерлік. Ол бюрократиялық жүйеде болады және лауазымдық лидерлік болып табылады. Бюрократиялық жүйе қатаң иерархияланғандықтан,лидерлік функция осы жүйедегі жоғарғы эшелонның өкіліне беріледі. Мұндай лидерлік тұлғаның жүйе құндылықтарын берік ұстанушылығын, жүйедегі мінсіз жүріс-тұрысын, басқару тәжірибесін, жеке қасиеттерін, жүйе ішіндегі байланыстары мен қолдауын ескере отырып ішкі сұрыптау негізінде қалыптасады. Мұнда тұлғаның көрнектілігі мен таланты басты емес, функционалдық міндеттерді қатаң орындау, тәртіптілік, аппараттық жұмыс мәдениетін игеруі мейлінше құнды болып табылады.
Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.
Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.
Алайда, лидерлік функцияның типінен, оны жүзеге асыру тәсілінен тәуелсіз лидерлік:
а) ортақ мақсатқа жету жолында топ мүшелерін біріктіруді;
ә) осы топқа кіретін адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді;
б) топтық құндылықтардың қалыптасуы мен олардың жүйеленуіне ықпалын тигізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Саяси лидерлік – саясат сферасында жүзеге асатын әлеуметтік лидерліктің бір формасы. Саяси лидерлік тұлғадан кәсіби қызмет үшін қажетті қасиеттердің бар болуын талап етеді. Бұл қасиеттер әртүрлі болып келеді. Оларды жалпы түрде былай топтауға болады:
1. Салмақты саяси шешімдер қабылдауға қажетті дағдылардың, іскерлік пен білімнің болуы. Бұл үшін адамдардың мүдделерін білуі, оларды біріктіре әрі саясат сферасына икемдей алуы керек.
2. Мақсаттылықты, ерік пен ұйымдастырушылық талантты талап ететін шешімдерді жүзеге асыра білу қабілеттілігі.
Саяси лидердің функциясын тиімді түрде жеке индивид, тұлға емес, саяси партияға ұйымдасқан саяси топ атқара алуы мүмкін. Саяси партияның лидер ретіндегі басымдығының өзі сонда, ол мүшелері саясат сферасын өздерінің қызметі үшін таңдаған әлеуметтік-белсенді топтың саяси энергиясын өзінде біріктіреді. Саяси өмірдің тарихында партиялықтың дамуы саяси ынтымақтас топтардың пайда болуынан саяси партия тәрізді саяси ықпалды құрылымдардың құрылуына дейінгі жолдан өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында демократиялық қоғамның қажетті құрылымы көппартиялық саяси жүйені қалыптастыру процесі белсенді жүргізілуде. Біздің еліміздегі барлық саяси партиялар қызметтерін ҚР Конституциясының шеңберінде жүргізуге, парламенттік партиялар есебінде «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарды орындауға міндетті. Олардың негізгі міндеттері өкілетті органдарда сайлауға қатысу, осы негізде билік құрылымдары арқылы өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру. Бұл мәселенің іске асуымен партияның шынайы ықпалдылығы және саяси салмағы өлшенеді. Елімізде қазіргі уақытта тоғыз саяси партия жұмыс істейді: «ОТАН», Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттар партиясы, «Ауыл» партиясы, «Ақжол» партиясы, Руханият және Асар партиялары.
Қазіргі таңда елімізде көппартиялықты одан ары дамыту процесі жүргізілуде. Бизнес-элита өкілдерінің тобы 2002 ж. қаңтарында болашақта өз саяси партияларын құру туралы мәлімдемемен бірқатар саяси акциялар өткізді. Бірақ бұл партияның қаншалықты саяси маңызды болатындығын уақыт көрсете жатар. Саяси партияның қызмет етуі үшін оған әлеуметтік база мен саяси тенденцияны қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік-саяси дәліз қажет. Көптеген ресми мәлімделген партияларда мұндай дәліз атымен жоқ және олар лидердің жеке саяси мансабын қанағаттандыру негізінде пайда болғандықтан әлеуметтік-саяси негізі болмайды. Сондықтан шулы саяси декларациялардан кейін олар біртіндеп кері кете бастайды және ішкі тартыстардың әсерінен қирайды. Осындай партиялардың қызмет етуі тек ресми сипатта ғана қалады және «оларды халық танымайды» деп айтуға әбден болады.