
- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
Саяси элита саясат сферасында барынша саяси белсенділік танытатын әлеуметтік топ. Саясат сферасындағы іс-әрекеттерін әрдайым жүзеге асыру нәтижесінде саяси элита кәсіби саясаткерлерге және олардың жақтаушыларына бөлінеді. Саяси элитаның өзіне тән ерекшеліктері:
1) әлеуметтік-саяси белсенділік:
2) саяси мәдениетінің жоғары деңгейі, саяси тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отыру;
3) саяси элита мүшелерінің әлеуметтік-саяси ынтымақтастығы.
Билік пен саясат сферасындағы іс-әрекеттің элитарлық сипатта болатындығы саяси ойлардың пайда болу кезеңінен бастау алған.
Ежелгі заман ойшылдары: Конфуций (б.з.д. 551-479 ж.ж), Демокрит (б.з.д.460-371 ж.ж), Платон (б.з.д. 427-347 ж.ж.) қоғамды осы қызмет үшін қажетті қасиеттерге ие адамдар басқарғанда ғана қоғам үшін игілікті болады деп ой түйген болатын.
Никколо Макиавелли (1469-1527) мемлекетті басқару үшін билеушіден қандай қасиеттер талап етілетіндігін көрсетті. Ол арыстан сияқты батыл, түлкі сияқты айлакер болуы міндетті.
Саяси элита теориясының негізін салушылар Вильфредо Парето (1848-1923) мен Гаэтано Моска (1858-1941) болды.
В.Паретоның көзқарасы бойынша, саяси элитаның пайда болуы қоғам өміріндегі идеологияның ерекше рөлімен байланысты. Оның пікірінше, идеология адамзат психикасының иррациональды негізіндегі тұғырға ие. Саяси элита өзінің шын мәніндегі мақсаттарын идеологияның көмегімен жасыра отырып бұқараны манипуляциялай алады, себебі адам өзгешелігі – ақылында емес, керісінше ақылды өзіне пайдалы мақсаттарға пайдалана білу қабілеттілігінде. Басқару типі басқаруда пайдаланылатын әдістерге, билікті жүзеге асыруға тәуелді, яғни бұл айлакерлік пен күш көрсету, алдау немесе тікелей мәжбүрлеу, немесе осы әдістердің комбинациясы болуы мүмкін.
Г.Моска адамдардың билік пен артықшылыққа ие үстем саяси тапқа және халықтың ұйымдаспаған көпшілігінің басқарылушы тапқа бөлінуін адамзаттың мәңгілік күйі деп есептеді. Ол «халық тәуелсіздігі», «халық билігі», «халық бостандығы» тәрізді ұғымдарды халықты манипуляциялау үшін пайдаланылатын саяси иллюзия деп есептеді. Билікті халықты басқару үшін халық беруі мүмкін, бірақ ол ешқашанда халықтың өзінің билігі бола алмайды.
Осы элита теориясының негізін салушының көзқарасы бойынша, саяси элита өз кезегінде, араларында қатаң саяси бәсекелестік жүретін билік құрушы және оппозициялық болып бөлінеді. Қазіргі демократиялық қоғамда бұл бәсекелестік күрес заңдастырылған, ол белгілі бір конституциялық-құқықтық шеңберде жүргізілуге және демократияның дамуы мен кемелденуінің себепкері болуға міндетті.
Саяси өмірдің қисынының өзі сонда, билік жүргізіп отырған саяси элита әлеуметтік мәртебеге, басқару артықшылықтарына ие болғандықтан билікті өз қолында сақтап қалғысы келеді. Сондықтан, билік жүргізуші элита биліктегі өз жағдайларын нығайту мен билікті өзінде сақтап қалуы үшін билікті өз мүдделерінде пайдалануға ұмтылады. Бірақ ұзақ уақыт бойы билік құру билік жүргізуші элита үшін де қауіпті, өйткені биліктің кемелденуі мен нығаюын жандандыратын саяси бәсекелестік жоғалып кетеді. Билік жүргізуші элитаның олигархиялануы жүреді – оның жоғарғы тармақтары негізгі бұқарадан қол үзіп кетеді, герантократиялық тенденция пайда болады. Сондықтан, В.Парето қоғамның табысты қызмет атқаруы үшін саяси элита заңды түрде ауысып тұруға міндетті деп есептейді.
Саяси элитаның маңызды рөлі оның лидерлік функцияны атқаруында жатыр. Өзінің әлеуметтік мәртебесі бойынша, шығармашылық әлеуетінің болуы арқылы, ол өзіне саяси бастаманы алуға, мақсатты қағидаларды жасақтауға және саяси процесті қажетті арнаға бағыттауға қабілетті.
Өркениет өмірінде саяси оқиғалар, процестер әрдайым әлсіз ұйымдасқан саяси бұқараны ертіп алдыңғы шепте табылатын саяси элитаның бастамасы бойынша шешіледі деп есептеуге болады. Әрине, саяси процестің халықтың қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес. Өйткені саяси элита - халықпен органикалық байланыста болатын, онымен белгілі дәрежеде барлық кемшіліктер мен жетістіктерді бөлісетін халықтың саяси белсенді бөлігі.
Ескі билік жүргізуші элита өз орнын еріксіз беруге мәжбүр болатын өтпелі кезеңде саяси элитаның рөлі мен мәні арта түседі. Яғни мұндай жағдайларда қандай саяси күштер, қандай топтар өздеріне саяси бастаманы алады және олар саяси элита функцияларын атқаруға қаншалықты дайын деген проблемалар туындайды. Әрине, саяси элитаның қоғамның әлеуметтік-құнды элементі болып табылатыны сөзсіз, сондықтан жаңа саяси элитаның қалыптасуында басқару құрылымдарының табысты қызмет етуі үшін қажетті сабақтастық сақталынуы керек.
КСРО-ның саяси элитасы – КОКП партократиясының әміршіл-әкімшіл жүйенің дамуының нәтижесінде қалыптасқандығы белгілі. Бұл басқару қызметінің тәжірибесін жетік меңгерген саяси бастамашыл әлеуметтік топ болды және осы топтан ТМД елдерін жаңа экономикалық және саяси құрылымдар жолына түсірген, яғни экономикалық реформаларды және қоғамдық өмірдің демократиялануын жүзеге асырған саяси элитаның өзегін құраған шағын топ бөлініп шықты.
Нәтижесінде ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да, түпкілікті өзгерістердің басталған процесін жалғастыруға қабілетті жаңа саяси элита біртіндеп қалыптаса бастады. Мұндағы ең басты проблема - осы элитаның алмасу процесін әлеуметтік ауыртпалықсыз жүргізу болып отыр.
Осы ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан жоғары лауазымдық орындарға қызметкерлер қабылдауда конкурстық сұрыптау өткізу, жас ерекшелігіне шек қою тәрізді бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Бұл басқару аппаратын у-шусыз жаңартуға, мансапқа деген құмарлықтың заңды, рационалды негізде көрінуіне мүмкіндік берді.