
- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
Адамдар өмірінде барлығы бірдей мемлекетке бағынышты бола бермейді. Адамзат өркениетін мемлекет жасаған жоқ, өркениет өзінің даму сатысында қоғамдық өмір тұрлаулығын қамтамасыз ететін саяси ұйым ретінде мемлекетті тудырды.
Мемлекеттік билікпен қатар адамдар қауымдастығында «азаматтық қоғам» деп аталатын ұйымдасқан құрылым өмір сүреді. «Азаматтық қоғам» - азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен өз еркімен әрекет етуінің формасы. Ол өзінің белгілі бір дербестігін сақтай отырып мемлекеттік билікпен өзара әрекетте болады, өйткені азаматтық қоғамның өмір сүруі мен қызмет етуінің әлеуметтік негізі мемлекетік билікке қарағанда әлдеқайда кең.
Адамдар қауымдастығы өркениеттік даму процесінде жеке басы ерікті, экономикалық тұрғыдан дербес, рухани кемелденген, әлеуметтік жауапкершілікті көтеретін, барлығының және әрқайсысының мүдделерін ескере отырып өзара келісім негізінде өз өмірлерінде пайда болған проблемаларды шешуге қабілетті азаматтар қауымдастығына айналады.
Азаматтық қоғам адамзаттың өз дамуында ұмтылатын қандай-да бір қол жетпес арман, мұрат емес. Ол шынайы түрде мемлекеттің ішінде қызмет етеді, адамзаттың тіршілік әрекетінің принциптері, ұйымдасқан құрылымдары, адамдар өміріндегі проблемаларды шешуге қолданылатын әдістер мен құралдары арқылы іске асады. Оның шынайылығының өлшемі қоғамның өркениеттілігінің дәрежесімен, оның жалпы мәдени, құқықтық, саяси, экономикалық даму деңгейімен, азаматтардың әлеуметтік проблемаларды мемлекеттің мәжбүрлеу күштерін пайдаланбай шеше білу қабілеттілігімен анықталынады.
Құқықтық теңдікке, салыстырмалы экономикалық дербестікке, әлеуметтік жауапкершілікке ие, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға қабілетті азамат, әлеуметтік субъект, азаматтық қоғамның қалыптасуының әлеуметтік-саяси өзегі болып табылады. Азаматтық қоғам, әлеуметтік проблемаларды мемлекеттік биліктің араласуынсыз шеше алатын адамдардың қабілеттілігі туралы алғашқы түсініктер Ежелгі Грекия мен Римнің демократиялық құрылымдарында пайда болған. Кейіннен, әрқилы елдердің әлеуметтік-мәдени дамуы мен азаматтықтың күшею өлшеміне байланысты олардың өмірінде азаматтық қоғам қалыптасып, дами бастады.
Сонымен, «азаматтық қоғам» түсінігі адамзат қауымдастығының дамуының ерекше деңгейін білдіреді, онда мемлекеттік билікпен қатар биліктің орталықсыздануы (децентрализация) мен өзін-өзі басқару тенденциясының дамуына мүмкіндік туғызатын мемлекеттік емес құрылымдар қызмет етеді. Алайда, демократиялық мемлекет жеке азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына кепілдік берсе де, өзінің биліктік қызметінде ресми құқықтық нормаларға сүйенетіндіктен, пайда болған әлеуметтік проблемалар шынайы бейнесін, өзіндік ерекшелігін, адамгершілік, адами өлшемдерін жоғалтып алады. Сондықтан да, адамзат өркениетінің даму процесінің саяси мәдениетінің маңызды элементі ретінде азаматтық қоғам құрылымдарын тудырып, дамытып отыр.
Ең алдымен, азаматтық қоғамның рухани негізінің субъект-субъектілік қатынастарда көрініс табатын негізгі жалпыадамзаттық адамгершілік нормалар (гуманизм, адалдық, моральдық ізгілік) екендігін ескере кетелік. Бұл пайда болған әлеуметтік проблемаларды барлығының және әрқайсысының мүделерін ескере отырып шешуге мүмкіндік береді.
Азаматтық қоғамда саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мүдделері мен көзқарастары жақын әрі бірмақсатты болатын азаматтар топтары қызмет ететін қоғамдық өмірдің ашық саласы ұйымдасқан түрде қалыптасып, дамиды. Мемлекеттік биліктің азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара байланысы, өзара іс-әрекеті қоғамның ең басты саяси проблемасы.
1. Азаматтық қоғам мемлекеттен тыс ерекше құрылым емес. Ол осы мемлекетті сапалы түрде сипаттайды, оның өркениеттілік деңгейін бейнелейді және қоғамдық өмірдің шынайы демократизмінде, яғни:
а) қоғамның саяси және идеологиялық плюрализмінде;
ә) саяси өмірдегі заңды оппозицияның, бәсекелестіктің болуында;
б) тұлғаның шынайы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін дамыған саяси мәдениетте;
в) өз құқықтары мен міндеттерін түсінетін, оларды жүзеге асыру үшін қажетті мүмкіндіктер мен қабілетке ие ерікті, дербес, әлеуметтік белсенді, азаматтық жауапкершілігі бар тұлғада көрініс табады.
2. Шынайы әлеуметтік-саяси жағдай мемлекеттік билік құрылымдарының азаматтық қоғаммен өзара әрекетінің негізінде пайда болады. Жоғары дамыған азаматтық қоғамның қызмет етуі мемлекеттік билік органдарымен қатар жүрмейді, ол олардың қалыптасуына, олардың жүзеге асырып отырған биліктік өкілеттіктерінің әдістерін, құралдарын таңдауға, саяси акциялардың сипатына және т.б. тікелей ықпалын тигізеді. Сондықтан да, әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде азаматтық қоғамы дамымаған елдерге антидемократиялық қайта құрылу қаупі төніп тұрады.
Азаматтық қоғамның дамымауы халықтың ерекше ділін қалыптастырады. Мәселен, самодержавиелік Ресейдегі азаматтық қоғамның әлсіздігі, 1917 ж. төңкерістен кейін елде ешқандай қарсылықсыз жеке басқа табыну режимінің орнығуына алып келді.
3. Тек демократиялық мемлекет қана азаматтардың саяси белсенділігін көтереді әрі қамтамасыз етеді және азаматтық қоғамның дамуына мүмкіндік береді. Қоғамдық өмірдің демократиялығы, азаматтық, саяси құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі, тұлғаның экономикалық және әлеуметтік құқықтарының шынайылығы азаматтық қоғамның іргелі сипаттары болып табылады. Тоталитарлық мемлекеттер үшін Азаматтық дербестік, еркін әлеуметтік-саяси қызмет жоққа шығарылатын саяси режим тән. Авторитарлық мемлекеттерде де осы құралдарға өте күшті мемлекеттік бақылау қойылады.
Биліктің легитимділігі мәселесі азаматтық қоғам үшін де ерекше саяси проблемалардың бірі. Егер де авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде билікке келу халықтың еркінсіз мүмкін болса, дамыған азаматтық қоғамда бұған жол берілмейді. Тек азаматтардың еркімен ғана билік құрушы субъект билік өкілеттіктеріне ие болады және жүзеге асыра алады. Сол себептен, азаматтық қоғамды дамыту биліктің халықтан шеттетілуін жою үшін қажет.