
- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
6.3. Мемлекет функциялары
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.
Мәжбүрлеу функциясы әртүрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әрқалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға және бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екендігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы – келісімдік функциясы. Мемлекеттің саяси қатынастардың әртүрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.
Келісімдік функция – мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы – ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм қауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге қажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында – бұл мемлекеттің экономикалық қуаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін қамтамасыз етуі және т.б.
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына, оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар. Бұл тенденцияны ашық емес либералдық формада авторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.
Мемлекеттің төртінші функциясы – қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. «Милитаристік мемлекеттер», «полициялық мемлекеттер» деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.
Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғатын мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әртүрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді.
Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.
Оппозицияның міндеті – қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы мен шешілуіне ашық қатысу жолымен электораттың сеніміне ие болу. Қажетті демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-ақ саяси қатынастардың әртүрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай қамтамасыз етеді.
Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған, ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән деуге болады. Сондықтан тоталитарлық мемлекеттер қоғамдық өмірдің барлық салаларында толықтай ұйымдасқан бақылау жүргізетін мемлекеттік нормалар мен қағидалардың үстемдігімен, яғни қоғам өмірінің толықтай мемлекеттенуімен сипатталатын өте күшті милитарландырылған полициялық мемлекет болып саналады.
Мемлекет типтері мен ондағы қандай да бір функцияның басымдығы арасында органикалық байланыс бар. Мемлекет функциялары өз кезегінде мемлекеттік қызметтің таралу аймағын, мемлекеттік органдардың құрылымы мен биліктік өкілеттіктерін анықтайды.