
- •Саясаттану негіздері
- •1. Саясат және оның қоғамдағы орны
- •1 .1 Саясат құрылымы
- •1.2. Саясаттың адамның тіршілік әрекетінің негізгі сфераларында көрініс табуы.
- •2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметері
- •2.1 Саясаттану пәні ғылым ретінде
- •2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері
- •3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары
- •3.1. Парадигма ұғымы. Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды рөлі.
- •3.2. Теологиялық парадигма.
- •3.3.Натуралистік парадигма.
- •3.4.Әлеуметтік парадигма.
- •3.5. Рационалды-сыни парадигма.
- •3.6.Саяси ойлар тарихынан
- •4.2. Биліктің шығу тегі мен функциялары
- •4.3. Билік легитимділігі
- •5. Саяси жүйе мен саяси режимдер
- •5.1. Жүйелілік шынайылықтың мәнді сипаты
- •5.2.Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік
- •5.3. Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс
- •5.4. Саяси жүйе және саяси режимдер
- •1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
- •2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
- •3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
- •4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
- •5. Авторитарлық-әскери режим.
- •6. Тоталитаризм.
- •6. Мемлекет саяси институт ретінде
- •6.1. Мемлекет ұғымы
- •6.2. Мемлекеттер типологизациясы
- •6.3. Мемлекет функциялары
- •6.4. Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам
- •7. Саясат субъектілері
- •7.1. Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде. Саясат – субъект-субъектілік қатынастар әлемі
- •7.2. Әлеуметтік топтар саясат субъектілері ретінде
- •7.3. Саяси элита саяси қатынастардың субъектісі ретінде
- •7.4. Адам саясат әлемінде
- •7.5. Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар.
- •8. Саяси мәдениет
- •8.1.Саяси мәдениет ұғымы
- •8.2.Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
- •8.3.Саяси мәдениет және саяси практика
- •9. Да¹дарыстар мен ºаºты¹ыстар
- •9.1. Да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ысты саяси жа¹дайларды» генезисi.
- •9.2. Да¹дарыс ½¹ымы ж¸не оны» ¸леуметтiк мазм½ны.
- •10. ²Аза²стан республикасыны³ халы²аралы² ²атынастары мен сырт²ы саясаты
- •10.1. ²Азiргi халыºаралыº ºатынастар.
- •10.2. ²Азаºстан Республикасыны» сыртºы саясаты.
- •Республикасыны³ конституциясы
- •Жалпы ережелер
- •Адам ж°не азамат
- •Президент
- •Парламент
- •Констиуциялы² ке³ес
- •Соттар ж°не сот т´релiгi
- •VIII á´ëiì жергiлiктi мемлекеттiк бас²ару ж°не ´зiн-´зi бас²ару
- •²Орытынды ж°не ´тпелi ережелер
- •Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасы жұмыс бағдарламасы
- •1 Модуль. Саяси ¹ылымдарды» тарихы мен теориясыны» методологиялыº проблемалары
- •2 Таºырып. Саяси iлiмдердi» дамуы мен саясаттануды» iлiм ретiндегi ºалыптасуы - 4 са¹ат.
- •4 Таºырып. ²о¹амны» саяси ж¾йесi ж¸не саяси режимдер - 4 са¹ат.
- •5 Таºырып. Мемлекет саяси институт ретiнде - 4 са¹ат.
- •6 Таºырып. Саяси партиялар мен ºо¹амдыº-саяси ºоз¹алыстар, оларды» ºо¹амны» саяси ¼мiрiндегi р¼лi.
- •7 Таºырып. ²о¹амны» саяси м¸дениетi - 2 са¹ат.
- •8 Таºырып. ºо¹амда¹ы да¹дарысты ж¸не ºаºты¹ыстыº жа¹дайлар - 2 са¹ат.
- •9 Таºырып. Халыºаралыº ºатынас ж¸не сыртºы саясат - 4 са¹ат.
1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
Табиғи-тарихи дамудың негізінде барлығы осы баспалдақ арқылы өтті. Мұндай авторитарлық режимдер саяси тұйықтық пен оқшаулану жағдайында қалыптасып, қызмет етеді. Дәстүрлі авторитарлық режимді жабық қоғамға тән кесел - саяси оқшаулану жағдайына бейімделу деп есептеуге болады. Осы саяси жүйенің тұрақтылығын тұйықтық, сыртқы әсерлердің өте төмен деңгейі қамтамасыз етеді. Бұл режимдер пайда болудың әртүрлі негіздеріне ие және әртүрлі кезеңдерде өмір сүруі мүмкін.
Көптеген патриархалды-феодалдық, феодалдық мемлекеттердің үшін дамуының бастапқы кезеңдерін дәстүрлі саяси режим тән болды. Құқықтық мәдениет мүлдем болмады. Билік құрушы субъект өз ережелеріне сүйеніп басқарды, билік күшпен тартып алынды, кейіннен біртіндеп тақты мұраға қалдыру қалыптаса бастады. Мұндай режимдер салыстырмалы тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі олар модернизацияға жеңіл ұшырайды.
2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
Мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі мен қоғамдық сананы манипуляциялау мүмкіндігінің арқасында пайда болатын ерекше режим. Белгілі себептерге байланысты ол тоталитарлық режимге айналып кетуі мүмкін. Бұл режим фашистік Германияға, КСРО-ға, Қытайға, Солтүстік Кореяға, Кубаға тән және басты ағым ретінде социалистік жүйенің көптеген елдерінде болды.
Мұндай режимге мемлекеттің экономикалық рөлінің басымдылығы, адамдарды біріктіретін идеологияның күштілігі, өзгеше ойлауды қудалау, қоғамның жабықтығы тән.
3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
Бұл режимнің өзіне тән басты ерекшелігі - билік үшін өз арасында бір-бірімен күрес жүргізетін олигархиялық топтардың болуы.
Қоғам үшін ашықтықтың белгілі бір дәрежесі мен саяси бәсекелестіктің болуы тән. Саясат элитарлық әрекет деп танылып, саяси элита топтарының арасында ашық, заңдастырылған саяси күрес жүреді. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл, мәселен өнеркәсіптік және аграрлық экономикалық элиталардың арасындағы күрес болуы мүмкін. Мысалы, XVII ғ. Ағылшын революциясы 1688 ж. даңқты революция деген атауға ие болған оқиғамен аяқталды, соның нәтижесінде күресуші элитарлық топтар арасында келісімге қол жеткізілінді. Осы компромисс және одан кейінгі саяси процесс Англияда саяси консесуалдық мәдениетті қалыптастырып, Англияның саяси өмірінің ірге тасын қалады.
Ағылшын демократиясының көптеген ерекшеліктері өздерінің тамырын осы саяси дәстүрден алған.
Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимінде қатаң әлеуметтік қарсы тұру жоқ болғандықтан, бұл режим біртіндеп либералдық демократия режиміне өзгеруі мүмкін.
4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең маңызды саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағдарыстың таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау. Сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үндеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады.
Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады.