Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану негіздері Оқулық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

3.5. Рационалды-сыни парадигма.

Рационалды-сыни парадигма саясат әлемін өзінің ішкі заңдылықтарымен дамитын әлеуметтіліктің дербес сферасы ретінде зерттеумен байланысты. Ол саясаттың сыртқы, натуралистік негіздерге тәуелділігін елемейді, саясатты таза түрде ала отыра оның ішкі проблемаларын зерттейді. Сондықтан да, бұл парадигма бойынша саясатты өзінің ішкі жаратушылық мүмкіндіктері мен бастаулары бар құбылыс деп есептеуге болады. Бұл парадигма саясат әлемін зерттеуде әртүрлі тәсілдерді қолдануға және таңдалған аспектіге байланысты зерттеу акценттерін өзгерте отырып объектіні өзекті практикалық саяси міндеттермен тығыз байланыста зерттеуге мүмкіндік береді.

Рационалды-сыни парадигманың жүзеге асуында қазіргі саясаттанудың конфликт және консенсус сияқты орталық ұғымдары ерекше мәнге ие.

Саясат әлемі қақтығыстарға толы екендігі ежелден белгілі, дегенмен бұрынғы дәуірлер бұл қақтығыстардың (конфликтілердің) натуралистік, әлеуметтік, психологиялық және т.б. сыртқы бастауларын бөліп көрсетті. Сондықтан да, конфликтінің шешілуі саясат алаңынан тыс жатқан проблемаларға тікелей тәуелділікте қарастырылды. Саясаттың өз мүмкіндіктері, оның шығармашылық, реттеушілік функциялары ескерілмей қалды.

Өйткені әлеуметтік орта антагонизмге, қарсылық пен күреске, өзара күш көрсетуге толы дүние. Бұл жағдайда – сұхбаттасу, мүдделерді ескеру, саяси бәсекелестердің позицияларына құрметпен қараудан көрініс табатын мәселені таза саяси шешу мүмкін болмай қалды. Өзінің мәні мен мазмұны бойынша адамгершілікке жат қанды соғыстар мен революциялар – адамзат болмысының нақтылығы болғанымен, мұндай акциялардың нәтижесінде конфликтілер жойылып кетпеді, және өз кезегінде күш көрсету қайтадан жеңіске жетіп отырды.

Тарихи тәжірибе дамудың эволюциялық жолының ерекше құндылығын, жасампаздығын көрсетті. Пісіп-жетіліп келе жатқан конфликтілердің өз уақытында шешілуімен байланысты өркениеттің сақталуы мен дамуы үшін бірізділік аса жемісті мәнге ие болады, ал бұл қоғамдық организмге жазылмайтын жарақаттарды түсірмеуге, мүдделерді өзара ескеру негізінде мәселелерді шешуге, саяси процеске қатысушылардың барлығын белгілі бір дәрежеде қанағаттандыратын саяси шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді, ал нәтижесінде - әрбір адам бейбітшіліктің, келісімнің, қоғам тұтастығының сақталғанына және өз мүдделерінің ескерілгендігіне қуанатын болады.

Саяси мәдениеттің мәні саяси оқиғалардың ушығып кетпеуі үшін қажетті шараларды қолдана білу қабілетінде жатыр. Пісіп-жетілген конфликтілерді шешу үшін дер кезінде қоғамдық организм үшін залалсыз әдістерін табуға, олардың дамымауы үшін ұрығында жоюға, талас тудырмайтын, қарама-қайшылыққа соқтырмайтын, саяси проблемаларды өзара келісім негізінде, құқық шеңберінде, моральдық негізде шешуге мүмкіндік беретін амалдарды пайдалану, саясат өнерінің бар арсеналын қолдану қажет. Мұндай іс-әрекет үшін саяси-құқықтық ортаны конституцияның баптары мен ауқымы жасайды.

Демократиялық мемлекеттердің конституцияларының баптарында саяси әрекет үшін кең құқықтық кеңістік жасалған, статус-квоны қамтамасыз ететін терең тізбектелген жүйе қалыптасқан.

Рационалды-сыни парадигманың негізінде қазіргі саяси білімдердің бір саласы – конфликтология пайда болып даму үстінде.

Рационалды-сыни парадигманың екінші маңызды ұғымы консенсус болып табылады. Өзінің саяси мәні мен әлеуметтік мағынасы бойынша консенсус – қарсы жақтардың мүдделерінің түйісуі мен өзара келісімі негізінде қол жеткізілетін белгілі бір компромисс. Әрине істің бұлай шешілуінің белгілі бір сенімсіздігі, тұрақсыздығы болары анық. Бірақ мұның сиы бейбітшілік пен өзара келісім екендігі даусыз. Консенсус шынайылық бола отырып әлеуметтік өмірге әсерін тигізеді, өзінің идеологиясын, саяси құрылымын қалыптастырады, яғни қоғамдық өмірдің демократиялық құрылысының ажырамас бөлшегі болып табылатын консенсус мәдениетін жасақтайды. Консенсуста қарсы жақтардың қайсысы болса да өз мүдделерін сақтай және таныта отырып, өз мүдделерінде бейбітшілік пен келісім жағдайын пайдалана алады.

Саясаттанудың мультипарадигмалығы толық түрде саяси ойлар тарихында жүзеге асты. Сондықтан да бұл проблеманы ашу үшін адамзаттың саяси ойларының тарихына шағын саяси шолу жасап көрелік.