Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану негіздері Оқулық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

234

БӘЙДІЛДЕНОВ Л.Ә.

Саясаттану негіздері

ОҚУЛЫҚ

Басуға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

Биекенов К.Ү. - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор

Иватова Л.М. – саяси ғылымдардың докторы, профессор

Оқулық саясаттану пәні оқытылатын жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарына, сонымен бірге саяси теориямен шұғылданатындардың барлығына арналған.

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз..............................................................................................................3 – 4

1. Саясат және оның қоғамдағы орны...........................................................5 - 13

1.1 Саясат құрылымы........................................................................................5 – 9

1.2 Саясаттың адамның тірлік әрекетінің

негізгі сферасында көрініс табуы..................................................................9 – 13

2. Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметі.................13 – 25

2.1 Саясат пәні ғылым ретінде.....................................................................14 – 20

2.2 Саясаттанудың ғылым ретіндегі әдістері..............................................20 – 23

2.3 Саясаттанудың ғылым ретіндегі функциялары....................................23 – 25

3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

3.1 Парадигма ұғымы.

Саяси ойлардың тарихындағы парадигманың концептуалды ролі...........25 - 27

3.2 Теологикалық парадигма........................................................................27 – 29

3.3 Натуралистік парадигма..........................................................................29 - 32

3.4 Әлеуметтік парадигма.............................................................................32 - 34

3.5 Рационалды-сыни парадигма.................................................................34 – 36

3.6 Саяси ойлар тарихынан..........................................................................36 – 42

4. Билік............................................................................................................42 - 56

4.1 Билік ұғымы..............................................................................................42 - 46

4.2 Биліктің шығу тегі мен функциялары....................................................46 - 54

4.3 Биліктің легитимділігі.............................................................................54 – 56

5. Саяси жүйе мен саяси режимдер.............................................................56 – 70

5.1 Жүйелік шынайылықтың мәнді сипаты................................................56 – 57

5.2 Қоғамның саяси жүйесі туралы түсінік.................................................57 - 59

5.3 Қоғамдағы саяси жүйе мен саяси процесс............................................59 - 62

5.4 Саяси жүйе және саяси режимдер..........................................................62 - 70

6. Мемлекет саяси институт ретінде...........................................................70 – 83

6.1 Мемлекет ұғымы.....................................................................................71 – 73

6.2 Мемлекет типологиясы...........................................................................73 - 78

6.3 Мемелекет функциялары........................................................................78 – 81

6.4 Мемлекеттік билік және азаматтық қоғам.............................................81 - 82

7. Саясат субъектілері.................................................................................84 – 101

7.1 Халық саяси процестің, саяси практиканың субъектісі ретінде.

Саясат субъект – субъектілік қатынастар әлемі.........................................84 – 86

7.2 Әлеуметтік топтар саясат субъектілер ретінде.....................................86 – 93

7.3 Саяси элита саяси қатынастар субъектісі ретінде..................................93 -95

7.4 Адам саяси әлемде...................................................................................95 – 99

7.5 Саясаттағы лидерлік, саяси партиялар................................................99 – 101

8. Саяси мәдениет.......................................................................................101 - 113

8.1 Саяси мәдениет ұғымы.......................................................................101 – 107

8.2 Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы................................107 - 109

8.3 Саяси мәдениет және саяси практика................................................110 - 113

9. Дағдарыстар мен қақтығыстар.............................................................113 – 127

9.1 Дағдарысты және қақтығысты саяси жағдайлардың генезисі.........114 - 117

9.2 Дағдарыс ұғымы және оның әлеуметтік мазмұны...........................117 – 121

9.3 Қақтығыс ұғымы..................................................................................121 – 123

9.4 Дағдарыстың және қақтығыстың саяси жағдайдағы

әрекеттер жүйелері. Консенсустің қажеттілігі.......................................123 – 127

10. Қазақстан Республикасының

халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты....................................127 - 138

10.1 Қазіргі халықаралық қатынастар..................................................... 127 - 134

10.2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты................................134 - 138

Әкем Әмірдің

жарқын бейнесіне арнаймын

АЛҒЫСӨЗ

Адам мен саясат бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Қоғамдық өмірдің саяси сферасы – күнделікті әрі ауқымды саяси қызметпен толтырылған үлкен әлем. Мұнда адам өзінің саяси құштарлығын көрсетіп шешуші, тіпті керек болған жағдайда – төтенше әрекеттерге баруға дайындалады және биліктің саясатын реттеу немесе оның құрамын өзгерту мақсатында оған ықпал ету үшін өзінің барлық саяси әлеуетін топтастырады.

Саяси құштарлықтың осы әлемі саяси ғылымда тәртіпке келтіріліп, өзінің рационалды бейнеленуін табады. Саясаттану негіздеріне арналған біздің оқулығымыздың басты міндеті - өз оқырмандарымызды саясаттың осы жүйеленген, ғылыми дәлелденген әлеміне ендіру және қазақстан қоғамындағы саяси проблемалардың маңызды өзіндік ерекшеліктерін ашу.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі уақыттар аралығында тоталитаризмнен демократияға өтумен қатар, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму жолын таңдаудың күрделі процесін басынан өткеруде. Әлеуметтік-мәдени жүйені осы белсенді қайта өзгертудің процесіне елдің саяси элитасының – төзімділік және адалдық тәрізді моральдық қасиеттері елеулі ықпалын тигізді. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың ділімен анықталынады. Осы қасиеттердің арқасында Қазақстанның саяси элитасы ТМД-ның кейбір елдеріндегідей халық арасында өзара өшпенділік пен зорлық-зомбылық туғызған жауласушы топтарға бөлінген жоқ. Уақыт талабын түсіне отырып қоғамның жаңа әлеуметтік жолына қақтығыссыз және эксцессіз өтуін қамтамасыз етті. Қазақстандық қоғамның табысты дамуында оның баршаға танымал саяси лидері – Н.Ә.Назарбаев көрнекті рөл атқарды. Шешімділік пен байқампаздық, шыншылдық пен төзімділік сияқты оған тән қасиеттер қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен өзара келісімнің орнауына септігін тигізді.

Алайда, тәуелсіз Қазақстанның одан ары табысты демократиялық дамуы үшін жаңа әлеуметтік агенттер қажет болып отыр. Өз бостандығының деңгейін толықтай түсінетін және оны жеке мүддесімен қатар мемлекет және қоғам мүдделерін қорғауға пайдалана алатын белсенді азамат, демократ қана демократиялық қоғамдық құрылыстың нағыз өзегі бола алады. Демократиялық құрылымға шынайы өмірлік мағына беріп, оның қалыптасуы мен қызмет етуіне өзінің әлеуметтік энергиясын жұмсап, гуманистік, азаматтық мазмұнмен толтыруға тек сондай адам ғана қабілетті.

Осы проблеманы шешуде біздің өмірімізге демократиялық құрылымды ендіру мен азаматтардың демократиялық саяси мәдениетті игеруі маңызды мәнге ие болар еді. Бұл процестің күрделілігі мынадан көрінеді, біздің еліміз көптеген жылдар бойы қоғамды басқарудың тоталитарлық принциптеріне сүйеніп, ділімізде кейбір антидемократиялық қасиеттерді қалыптастырған тоталитаризм шеңберінде өмір сүрді. Осы саяси таңбаны сынау мен алып тастау үшін ел азаматтары адамның саналы бостандығы принципін бәрінен жоғары қоятын демократияның толыққанды жақтаушылары болуы тиіс.

Ұсынылып отырған оқулық саясаттану негіздерінен ҚМЭБИ-де, Т. Рысқұлов атындағы Экономикалық университетте, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәріс берген он екі жыл аралығында жинақталған тәжірибенің негізінде жазылды.

Оқулыққа қосымша ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдар кандидаты Гүлнара Насимова құрастырған саясаттану негіздерін оқытудың жұмыс бағдарламасы және автордың құрастыруындағы типтік бағдарлама беріліп отыр.

Автор осы оқулықтың мемлекеттік тілде басылып шығуына қол ұшын бергендердің барлығына алғыс айтады. Оқулық бойынша ескертулер мен ұсыныстарыңыз ризашылықпен қабылданып, ғылыми-оқытушылық қызметте ескерілетін болады.