Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 5В0712 (Последний 23.11.113).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

5.2Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары

1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады. (100000 аттық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді.

2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі.

3. Тісті берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді

4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін =0,97 0,98).

Кемшіліктері

1. Дайындауы күрделі

2.Жұмыс кезінде шу көп болады.

3.Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттігі нашар.

Салыстырмалы қасиеттері

1. Қиғаш тістілер бір қалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады.

2.Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25÷30 процентке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын.

3. Конусты тісті берілістер қымбат. Конструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.

5.3. Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет

Тісті берілістердің геометриялық өлшемдерін есептеу және оларға тән кинематикалық байланыстар машина механизмдерінің теориясы пәнінде қарастырылады. осыған байланысты біз бұл жерде тек негізгі үғымдарды ғана айтып кетпекшіміз.

Тісті берілістің пішініне қойылатын бірінші талап, оның лездік беріліс саны түрақты болуы қажет. Екіншіден, оны дайындау технологиясы күрделі болмауы қажет. Осы екі талапқа эвольвента пішінді тісті ілініс сәйкес келеді (10.2, 10.3- суреттер).

dw1 және dw2 ілінісу кезіндегі алғашқы шсңберлер диаметрі, осы шеңберлер бірімен-бірі сырғанаусыз жанасып айналады деп есептейміз, бұлар бастапқы шеңбер деп аталады.

db1 = dw1 cos αw және db2 = dw2 cos αw – негізгі шеңберлер диаметрі, жанама NN түзу сызығы осы шеңберлерді сырғанаусыз домалағанда эвольвента пішіні пайда болады.

10.2-сурет. Сыртай ілінісетін тісті берілістердің негізгі өлшемдері.

10.3-сурст. Іштей ілінісетін тісті берілістердің негізі өлшемдері.

Эвольвента пішіні тістерді қарапайым түзу құралдармен кесіп дайындауға болады. Осы кесу кезінде түзу сызықты пішінді кескіш құралдың (рейка) орта сызығына сәйкес кслетін шеңберді немесе кескіш құрал кесу кезінде жылжитын шеңберді бөлгіш шеңбер деп, ал олардың диаметрін d1 және d2 -ны бөлгіш шеңбер диаметрі дейміз, түзетілмеген тісті берілістер үшін d1 = dw1 және d2 = dw2

мұндағы р – ілінісу қадамы;

da – тістің шығып тұратын бөлігін қамтитын шеңбердің диаметрі;

df -тіс шұңқырын (ойпат) қамтитын шеңбердің диаметрі;

т - ілініс модулі -негізгі параметр деп саналады. Ол ілінісу қадамына (р) тура пропорционал.

Ілінісу қадамы деп, қатар тұрған екі тістің бөгіш шеңберімен өлшенген аттас нүктелер ара қашықтығын айтады.

Ілінісудегі дөңгелектердің қадамы бір-біріне тең болуы керек. Қадам, шеңбердің ұзындығымен π арқылы байланысады, сондықтан шеңбер диаметрін есептеу өте колайсыз. Осыған орай ілінісулердің негізгі параметрі деп модулін санайды.

Модуль шамасы МЕСТ 9563-80 стандарты бойынша алынады.

10.1 -кесте

Тісті дөңгелектердің модулі МЕСТ 9563-80 стандарты бойынша (қысқаша)

Қатар

Модульдер шамасы, мм

1

1,0

1,25

1,5

2

2,5

3

4

5

2

1,125

1,375

1,75

2,25

2,75

3,5

4,5

5,5

1

6

8

10

12

16

20

25

32

2

7

9

11

14

18

22

28

36

Ескерту: мүмкіндігінше бірінші қатарды пайдаланған жөн.

Тісті кесудің екі әдісі бар: а) көшіріп алу әдісі және б) айналу (оралу) әдісі. (10.4-сурст).

а-көшіріп алу; б-айналу (оралу). 1-кескіш құрал; 2-дайындама.

10.4-сурет. Tic кесу әдістері

Көшіріп алу әдісі ойпат пішінді құралдармен: дискілі саусақ тәрізді фрезалармен орындалады. Бұл әдіс тіс кесетін станоктары жоқ жөндеу шеберханаларында қолданылады.

Негізгісі — айналу әдісі. Бұл әдіс тісті берілістердің дәлдікпен және жоғары өнімділікпен кесілуін қамтамасыз етеді. Tic кескіш аспабтың (рейканың) бастапқы профилі 10.5 суретте көрсетілген.

10.5-сурст. Tic кескіш аспабтың бастапқы профилі

h=т(2h'a +с - Δу) - тістің биіктігі;

hа =m(h'a+ x - Δу) - тістің бас жағының биіктігі;

hf =m (h'f - х + с)- тістің аяқ жағының биіктігі;

Δу – теңестіріп жылжыту коэффициенті;

h'a =1 - тістің биіктік коэффициент.

Түзетілмеген дөңгелектер үшін: h=2,25т; h'=т; h'' =1,25т. с=0,25т - тісті дөңгелектердің радиалдық саңылау коэффициенті. Тісті дөңгелектін негізгі ілінісу өлшемдері 10.2-кестеден берілген.

Түзетілмеген тісті дөңгелектердің негізгі өлшемдерін анықтау