Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 5В0712 (Последний 23.11.113).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

4.3 Фрикциялык берілістердің түрлері

Фрикциялык берілістер өзара екі топка бөлінеді:

1. Беріліс саны тұрақты фрикциялык берілістер;

2. Беріліс санын үздіксіз және сатысыз реттейтін фрикциялык берілістер немесе вариаторлар

Беріліс саны тұракты фрикциялык берілістерге қарапайым конус дискілі фрикциялык беріліс те жатады (4.2-сурет).

Фрикциялык берілістердің беріліс саны:

(9.3)

9.2-сурег. Конусты фрикциялық беріліс

Екі айналмалы денені қысу күші томенде көрсетілгендей табылады:

(9.4)

Ғ - берілетін шеңберлі күш;

f =0,003 - сырғанау коэффициенті;

S=1,25-1,5 – бepілic күштерінің ілінісу қоры:

f=0,04-0,05 - үйкеліс беті майланған болаттан жасалган дискілер үшін;

f=0,15-0,20 - болатпен болат немесе шойын үйкелісінде.

4.3.1 Вариаторлар

Өндірісті автоматтандыруға байланысты жылдан-жылга вариаторлар техникада кеңінен колданылып келеді. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан жүмыс істеу принциптеріне байланысты 4.3.суретте көрсетілгендей жүйелеуге болады.

4.3-сурет, Вариаторлар схемасы.

Маңдайлы вариаторлар. Мандайлы вариаторларда екі түрлі беріліс саны кездеседі (9.4 сурет).

4.4-сурет. Мандайлы вариатор схемасы

Вариаторлардың негізгі корсеткіші - олардың реттеу диапазоны. Реттеу диапазоны жетектегі диск жылдамдығынын өзгеруін көрсетеді, яғни вариаторлардың реттеу диапазоны:

Теория түрғысынан алғанда екінші дискінің диаметрі өте кіші болса, D2 → 0 реттеу диапазоны шексіздікке жақындауы тиіс, бірақ практикада реттеу диапазоны D=3-4, себебі, оның азаюымен сырғанау көбейіп, соған байланысты көбірек тозады да, ПӘК төмендейді.

Мандайлы вариаторларда айналу жылдамдығы бір ғана нүктеде теңеледі, баска нүктелердін жылламдыктары әр түрлі болғандықтан, сырғанау пайда болады. Дегенмен, олар құрылымының өте қарапайымдылығынан бұрандалы престер және көптеген приборларда кеңінен колданылады.

5. Дәріс

Тақырыбы: Тісті берілістер

5.1 Жалпы түсінік

Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, жеңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30 35 болса, жону станоктарында 70 80 -ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30млн. дөңгелек дайындау керек.

Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады (4.1 сурет).

а - цилиндрлі тісті беріліс; б-іштей ілінісетін тісті беріліс;в-рейкалы тісті беріліс.

4.1 -сурет. Тісті берілістердің негізгі түрлері:

Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты:

1. осьтері өзара параллель орналасқан берілістер, оған цилиндрлік тісті беріліс жатады.

2. осьтері өзара қилысқан берілістер, оған конусты тісті берілістер жатады.

3. осьтері өзара айқасқан берілістер, оған червякті тісті берілістер жатады.

4. осьтері бір түзудің бойында орналасқан берілістер оған планетарлық берілістер жатады.

Екіншіден, тісті берілістер ілінісулеріне қарай екіге бөлінеді:

1. сырттай ілінісетін тісті берілістер

2. іштей ілінісетін тісті берілістер

Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша:

1. эвольвент профильді тісті берілістер

2. циклоид профиль тісті берілістер

3. профилі шеңбер доғасымен шектелген тісті берілістер, Новиков ілінісі

4. толқынды ілініс.

Тістердің орналасуына байланысты:

1. тік тістілер

2.қиғаш тістілер

3. шеврон тістілер

4. дөңгелек тістілер