
- •Даму жолдары (өз бетімен)
- •Пәннің мақсаты, басқа салалармен байланыстылығы.
- •Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Құрылым құрудың біріңғай жүйесі - ққбж.
- •1.4 Машина бөлшектерін беріктікке есептеу жолдары. Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу
- •2.1 Жалпы түсінік және айнымалы күштің түрлері
- •2.2 Беттік беріктік немесе жанасу (түйісу) беріктігі
- •3.1 Машина бөлшектерін стандарттау
- •3.2 Өзара ауыстырымдылық
- •3.3 Белшектер беттерінің өңдеу тазалығы
- •4.1 Берілістер туралы жалпы ұғымдар
- •4.2 Берілістердің негізгі көрсеткіштері
- •4.3 Фрикциялық берілістер және вариаторлар. Жалпы түсінік
- •4.3 Фрикциялык берілістердің түрлері
- •4.3.1 Вариаторлар
- •5.1 Жалпы түсінік
- •5.2Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •5.3. Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет
- •5.4. Tic профилін түзету
- •6.1 Есепке алынатын күш және жүк коэффициенті
- •6.2 Түзу тісті дөңгелектердің тістерін иілуге есептеу
- •Мұндағы d – бөлгіш шеңбердің диаметрі
- •6.3 Түзу тісті цилиндр дөңгелектерді жанасу беріктілігіне есептеу
- •7.1 Қиғаш және шевронды цилиндр тісті берілістерді есептеудің ерекшеліктері
- •7.2 Ілінісудегі күштер
- •7.3 Қиғаш тісті берілістерді есептеу
- •8.1 Жалпы түсінік, олардың сипаттамалары, пайдалану орны және жұмыс істеу ерекшеліктері
- •8.2 Конусты дөңгелектің геометриялық өлшемдері.
- •8.3 Конустық тісті берілістер беріктікке есептеу
- •9.1 Жалпы түсінік
- •10.1 Жалпы түсінік
- •10.2 Біліктердің материалдары және оларды өңдеу
- •10.3 Біліктерді беріктікке есептеу
- •11.1 Жалпы сиппатама
- •11.2 Сырғану мойынтіректері
- •11.3 Домалау мойынтіректерінің даму тарихынан қысқаша мәліметтер және жалпы түсінік
- •11.4 Келтірілген күшті анықтау.
- •15.1 Призмалы кілтекті қосылыстар
- •15.2 Призмалы кілтектердың түрлері
- •15.3 Сына тәрізді кілтекті қосылыстар
- •15.4 Фрикциялық кілтектер
- •15.5 Кілтектер жасалатын материалдар және олардың мүмкіндік кернеуі
- •15.6 Шлицті қосылыстар
- •15.7 Шлицті қосылыстың түрлері
- •15.8 Эвольвентті шлицті қосылыстар
- •15.9 Шлицті қосылыстарды есептеу
- •15.10 Пішінді (кілтексіз) қосылыс
4.2 Берілістердің негізгі көрсеткіштері
Барлық берілістердің негізгі корсеткіштері - олардың қуаты мен жылдамдық шамасы, беріліс саны және пайдалы эсер коэффициенті.
Механика теориясы курсынан белгілі,айнымалы бөлшектің сызықтық немесе шеңберлік жылдамдыгым олардың айналу осінен қашықтығына және бұрыштык жылдамдығына байланысты табуға болады:
D - айналмалы дененің диаметрі, п, ω – айналу, немесе бұрыштық жылдамдық. Осы сызыктық жылдамдық векторының бойымен шеңберге жанама (радиусқа перпендикуляр) эсер ететін күшті шеңберлік күш деп атаймыз. Олардың қуатпен және сызықтык жылдамдықпен байланысын төмендегіше өрнектеуге болады:
,
F-шеңберлік күш, Н;
v - сызықтық жылдамдық м/с.
Егер білікке әсер ететін күш моменті белгілі болса, онда шеңберлік күш:
.
Сондай-ақ көптеген жағдайларда есептеу кезінде қуат пен күш моментінің қатынасын білген жөн. Егер қуат киловатт олшемімен берілгенде былай жазуға болады
Р - қуат Вт олшемінде;
ω - бұрыштық жылдамдык, с -1
Т - айналдырушы момент, Н∙м.
Жоғарыда айтылған берілістердің негізті корсеткіштерінің бірі олардың беріліс саны. Берілістердің беріліс саны деп жетекші және жетектегі дененің айналу жылдамдықтарының қатынасын айтады.
и - берілістердің беріліс саны.
Берілістердің пайдалы әсер коэффициенті әдеттегідей пайдалы қуаттың жүмсалған қуатқа қатынасынан табылады.
.
Сатылы орналасқан бірнеше берілістердің жалпы пайдалы эсер коэффициенті олардың әрқайсысының пайдалы әсер коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең:
ηΣ - берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенту ηl, η2, η3,..., η n -жеке берілістердің пайдалы әсер коэффициенті, сондай-ақ берілістердің жалпы беріліс саны да осылай табылады:
иΣ = u1и2u3...un
иΣ - берілістің жалпы беріліс саны;
и1 и2 и3,..., иn - жеке берілістердің беріліс саны.
4.3 Фрикциялық берілістер және вариаторлар. Жалпы түсінік
Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін берілістерді фрикциялык берілістер дейміз. Қарапайым фрикциялық беріліс біріне-бірі кысылған екі дөңгелектен тұрады.
Фрикциялык берілістердің куаты, яғни бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты. (4.1-сурет)
Сондыктан айналмалы дөңгелектер бірімен-бірі белгілі күшпен қысылуы шарт, бұл көбінесе арнаулы серіппе аркылы жүзеге асырылады.
4.1-сурет.
Карапайым фрикциялық беріліс.
Фрикциялық берелістердің жұмыс істеу шартына байланысты, үйксліс күші беріліс күшінен көп нсмесе үйкеліс күшінен пайда болған момент есептегі берілген күш моментінен көп болуы тиіс.
Fүйк > F (9.1)
Бәрімізге белгілі үйкеліс күші:
Fүйк = Fқf (9.2)
Fқ – жанасу ауданына түсетін қысу күші; f - үйкеліс коэффициенті.
Үйкеліс коэффициентінің шамасы аздығынан, қысу күшінің шамасы есептегі күштен бірнеше есе артық болады. Мысалы, қүрғақ бетті болаттар үшін үйкеліс коэффициенті f =0,l жағдайда қысу күші пайдалы күштен он есе артық.
Осыған байланысты фрикциялық берілістерде біліктер мен тіректердің өлшемдері үлкен болады, сондықтан олар арқылы берілетін ең үлкен куат шамасы 10-30 ат күшінен аспайды.
Фрикциялық берілістердің артықшылықтары:
а) құрылымы қарапайым, теңселу денесінен тіс жасаудың қажеті жоқ;
б) қозғалыс бір қалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары жылдамдықпен айналатын механизмдерде және приборларда қолданылады.
в) айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді;
г) олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті белгілі бұрышпен беруге мүмкіндік туғызады.
Фрикциялық берілістердің кемшіліктері:
а) фрикциялық берілістерде мойынтірек пен білікке күш көп түседі;
б) фрикциялық берілістердің пайдалы әсер коэффициен- тінің шамасы аз (η=0,8-0,92). Фрикциялық берілістердің жұмыс істеуі кезінде сырғанау пайда болады. Сондықтан беріліс қатынасы тұрақсыз және фрикциялық дискілер бетінің тозуы бірқалыпты болмайды;
в) айналмалы денелердің қысылып тұруы қажет, сондықтан қосымша қысу жабдықтарын керек етеді.