Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 5В0712 (Последний 23.11.113).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

3.3 Белшектер беттерінің өңдеу тазалығы

Машина бөлшектері өзінің аяққы пішіні мен қалпына келгенше әр түрлі өндеуден өтеді. Бөлшек бетінің тазалығы олардың сорңғы рет қандай білдекте өнделгеніне байланысты болады да, беттік тегістігіне қарай, оны анықтайтын бет бедерінің шамасына байланысты анықталады. Бет бедерінің шамасы белгілі кдшықтықта өлшенеді, ол қашықтық негізгі қашықтық болып алынады. Бет тегістігі және бедерлер шамасы, олардың өлшемдері МЕСТ 2789-73 бойынша шектелген және негізгі қашықтықта өлшенеді (1.17-сурет).

Ra - бет бедерлерінің орташа арифметикалық ауыткуы;

Rz - бет кедір-бұдырларының он нүктесі арқылы анықталған шама;

Rmax - бет кедір-бұдырларының ең үлкен шамасы;

S - бет бедерлерінің төбесі арқылы өлшенген орташа кадам;

Sm - opтa сызық бойынша алынған қадам;

tp - бет бедерлерінің салыстырмалы ширек ұзындығы база ретінде алынған үзындыкқа 1-ге байланысты төмендегідей процентпен көрсетеді: 10, 15, 20, 25, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90. Бет бедерлерінің орта сызығы база ретінде алынып.

3.3-сурет

Айтылған МЕСТ 2789-73 бойынша, егер бет бедерлерінің өлшемі 6-12 класқа сай келетін болса, онда Ra өлшемі көрсетіледі, ал егер 1-5 ке және 13 пен 14 класқа сәйкес болса, онда Rz өлшемі көрсетіледі (1.4-кесте). Мысалы, 0,63 және R 20.

Негізгі әдебиеттер : 217-20; 92-93; 99-104

Қосымша әдебиеттер : 20.214-225

Бақылау сұрақтар :

1. Тісті берілістердің дәлдігі және олардың берілістерге сапалы мінедремесі.

2. Механикалық берілістерінің түрі, қызметі, мінездемесі.

3. Тісті берілістерінің атқару қызметтері.

4. Дәріс

Тақырыбы: Механикалық жетектер мен берілістер

4.1 Берілістер туралы жалпы ұғымдар

Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтамыз. Олар көбінесе машиналардың двигателі мен жүмыс атқарушы тстіктерінің аралығында қолданылады. Берілістер төмендегі жағдайларда пайдалынады :

1. Машина двигательдерінің айналу жылдамдығы өте жоғары, ал іс жүзінде машина қызметі әр түрлі жылдамдықты козғалыспен байланысты.

2. Берілістер арқылы жылдамдық төмендейді, ал күш моментінің шамасы жоғарылайды.

3. Берілістер айналмалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс істейтін тетіктерінің жылдамдығын өзгерту үшін қажет.

Берілістер механикалық, электірлік, пневматикалық және гидравликалық болып бөлінеді.

Машина бөлшектері курсында тек қана айнымалы қозғалысты беретін механикалық берілістер қарастырылады және оларды бүдан былай жай берілістер деп атаймыз.

Біз қарастыратын берілістер жүмыс істеу негізіне байланысты, қозғалыс пен қуат айналмалы денелердің өзара тікелей жанасуы арқылы және оларды жалғастыратын үшінші иілгіш бөлшектің көмегімен берілетін болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа фрикциялық, тісті және червякті жатады. Осы аты аталған берілістерге тоқталудан бұрын олардың нсгізгі көрсеткіштерімен таныса кеткен жөн.