Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 5В0712 (Последний 23.11.113).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.51 Mб
Скачать

Дәрістік сабақтар конспектілері

1. Дәріс

Тақырыбы: Машина бөлшектері туралы жалпы мағлұматтар.

    1. Даму жолдары (өз бетімен)

    1. Пәннің мақсаты, басқа салалармен байланыстылығы.

«Құрылымдау негіздері мен машина бөлшектері» пәнінде, өндірісте, халық шаруашылығында кеңінен таралған машина мен тетіктердің жалпы бөлшектерінің құрылымы мен есептеу жолдары және олардың құрылымын құру (конструирование) мәселелері карастырылады.

Бұл ілім болашақ мамандардың техниканы толық меңгеріп, адамзатқа керек заттарды өндіретін немесе тұрмысын жеңілдетін машина мен тетіктердің жаңа үлгісін жасауға баулыйды.

Бұл пән студентердің жалпы техникалық және жалпы инженерлік дайындықтарын жинақтап іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді. Сондықтан ол математика, физика, теориялық механика, материалдар кедергісі, металдар технологиясы, өзара ауыстырымдылық пен стандарт негіздерімен тығыз байланысты және осы аталған пәндерден алған білімге сүйенеді.

“Машина құрылымы мен бөлшектері” пәнін оқып бітірген студент төменгі мәселелерді біліп шығуы қажет.

1. Машина бөлшектерінің құрылымы мен жұмыс істеуі, қолдану орны.

2. Машина бөлшектерінің істен шығуы мен есептеу жолдары.

3. Машина бөлшектері мен тораптарының құрылымын жасау, есептеу жолдарын автоматтандыру негіздері.

Сондай-ақ, бұл пәнді толық оқып бітірген студент төменгі мәселелері шеше білуі қажет.

1 Беріген техникалық тапсырмаға сай машина тораптарын құрастыра білу.

2 Құрастыруға керекті әдибиетті, анықтамаларды, ГОСТ-ты, қалыптасқан құрылымдарды пайдалана білу.

3 Құрастыру жұмысын технология, экономика, стандарт, жөндеу жұмыстары, кауіпсіз жұмыс істеу, экология шарттарына сәйкес жүргізе білу.

4 Материалдарды таңдап, талғап орынды пайдалана білу.

5 Есептеу, сызу жұмыстардың құрастыру құжаттарының бірыңғай жүйесіне сәйкес орындау.

6 Есептеу, сызу жұмыстарын жүргізуде электронды-есептегіш машиналарын пайдалана білу, қарапайым бағдарламаны құрастырып, дайынын пайдалана білу.

Пәнді оқытуда ЭЕМ-ді пайдалана білу қажет, әсіресе курстық жобалау жұмысын жұргізуде керек. Сондай-ақ дәріс оқу кезінде машина бөлшектерін ықтималық әдіспен есептеу, олардың сенімді жұмыс мерзімін анықтау сияқты жаңа әдістерді пайдалану қажет.

    1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Құрылым құрудың біріңғай жүйесі - ққбж.

Машина бөлшектерінің құрылымына қойылатын талаптар:

1. Машина бөлшектері белгілі бір мөлшерде, қондыру орнына сәйкес етіп жасалынуы қажет және сол машинаның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.

2.Машина бөлшектері берік, қатаң, тозуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт сынбастан сенімді қызмет атқаруы қажет.

3.Машина бөлшектерін дайындау технологиясы оңай және арзан болуы керек.

4. Машина бөлшектерінің салмағы жеңіл болуы қажет.

5. Машина бөлшектері күтуге, майлауға және ауыстыруға икемді болуы шарт.

Сонымен қатар машина бөлшектері қауіпсіз жүмыс істеуі қажет, айналмалы, жылжымалы белшектерді жабық етіп жасаған жөн.

Машиналардың сенімділігі

Машинладың, сенімділігі деп, олардьң белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жүмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде машиналардың сенімді, берік болуына өте мән беріліп жүр. Себебі машиналар, агрегаттар, автоматтар неғурлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырыллған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істсуін талап етеді. Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтары автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан, қазір машина бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.

Машина мен олардың бөлшектерінің жұмыс істеу шартын анықтау үшін алдымен МЕСТ 27002-83-те берілген ұғымдармен танысқан жөн. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды төрт топқа бөліп қарастырған тиімді. Олар біріншіден есепке алушы зат, объект; екіншіден, сол объектінің жағдайлары, үшіншіден, олардың қасисттері мен ерекшеліктері және соларды анықтайтын көрсеткіштер.

1-топ. Объект, зат

  1. Бұйымдар, заттар – оларға түрлі машиналар немесе олардың бөлшектері, аспаптар, жабдықтар және т.б. заттар жатады.

  2. Бұйымдар элементі – машина бөлшектері, тетіктер және басқа зат бөлшектері.

3. Жөндеуге келетін бұйымдар істен шыққан жағдайда, қайтадан жұмыс істеу қалпына келтіруге болады. Бұған көптеген машиналар, автомобильдер станоктар, крандар және т.б. жатады.

4. Жөндеуге келмейтін бұйымдар – машиналар жұмыс істеп тұрған кезде оларды жөндеп қалпына келтіруге болмайды. Мысалы, электролампа, домалау мойынтіректері сондай-ақ тісті берілістер, біліктер және т.б. Тісті берілістер, біліктер, мойынтіректер жөндеуге келеді, бірақ ол үшін машинаны тоқтатып, айтылған бөлшектерді зауыдқа немесс шеберханаға жеткізу қажет.

2-топ. Жағдайлар мен окиғалар

  1. Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп, бұйымдардың, заттардың техникалық құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкестігін айтады.

  2. Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп, техникалық кұжатта келтірілген бір немесе бірнеше шарт орындалмаған жағдайды aйтады.

  3. Жұмыс істеу қабілеттілігі деп, машина мен механизмнің техникалық көрсеткіштеріне сай жұмыс атқара алуын айтады. Мысалы, жеңіл автомобильдің бір жері майысып немесе бояуы ұшып кеткен болса, ол оның жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын көрсетпейді тек жөнделмеген, қалыпқа келтірілмегенін ғана көрсетеді.

  4. Істен шығуы, бузылуы деп, жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайды түсінуіміз қажет.

3-топ. Қасиеттер мен ерекшеліктер

9. Сенімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмддердің өздеріне жүктелген міндетін, негізгі көрсеткіштерін сақтай отырып, белгілі бір мезгілде сақталу қасиетін айтамыз. Машина мен механизмдердің сенімділігі олардың тоқтап қалмай, ұзақ жұмыс атқарып өзінің көрсеткіштерін сақтап қалу ерекшеліктсрімен анықталады.

  1. Істен шықпау, бұзылмау деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің еріксіз бұзылмай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.

  2. Шыдамдылық, төзімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің керекті жөндеу жұмысын жүргізіп қажетті күтім жасап, уқытылы майлау арқасында тозығы жеткенше жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу касиетін айтады.

12. Жөндеуге ыңғайлылық – тозуды немесе тоқтап қалуды алдын ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетімен анықталады.

13. Сактауға ыңгайлылық деп, бір жерден екінші жерге ауыс- тыруда және белгілі мезгілде сақтау кезінде бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздерінің техникалық кұжатында көрсетілген көрссткіштерін сақтап қалу қасиетін айтады.