Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.02 Mб
Скачать

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»

Мақсаты мен міндеттері: А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру;

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе »оқулығы

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

« Кім жылдам» -ойыны аспанға ұшып бара жатқан шарларды ұстап қал. Берілген сөздерден мақал құр.

Білімдіге дүние жарық-

Білімсіздің күні кәріп- мақалды қалай түсінесіңдер?

Бүгінгі танысатын алғашқы бөлім «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп аталады.Неліктен бірінші бөлім білімге байланысты аталады?

2 .Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Жоғардағы күн сәулелеріне қандай сөздер жазар едің? Қандай түспен бояр едің, неліктен?

Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолдарына қандай оқулық ұстадыңдар? Неге Білім көзі «Әліппеде» дейді? Алғаш әліппені жазған кім?

А хмет Байтұрсынұлы(1873-1938)

ақын

ағартушы ғалым

Оқулық бойынша жұмыс 4-5 бет

4беттегі сұрақтарға жауап бер.

5 бет «Әліппенің атасы» мәтін

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • Сөздік жұмыс : жер аудару-адамды соттап, алыс жерге жіберу;

сөз мұрасы- ел ішіндегі сақталып қалған аңыз:

-тізбек бойынша оқу

-азат жолмен оқу

Дәптермен жұмыс: түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жаз. Олардың түстеріне мән бер.Он жаста тіркесі неге қара түспен боялған? Отбасында, әкесі, он жаста, Ерғазының, мұғалімдер мектебін, мұғалім, сөз мұрасын.

Сергіту сәті

  • Мәтінді тұтас, бірнеше рет оқып шығу

3. Жаңа білімді бекіту:

Теріп алған сөздеріңді тірек етіп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы толығрақ әңгімеле.

Сұрақтар: 1. А. Байтұрсынұлы кім?

2. Қандай газет шығарған?

3 Қандай оқулық жазған?

4. Тағы қандай шығармаларын білесің?

4. Үйге тапсырма: 5 бет мәтінді әңгімеле

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»

Мақсаты мен міндеттері: А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру;

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу, терең білім алуға тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе »оқулығы, құмырсқа суреті;

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: «Пікіплер ағашы» Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің айтып бер.

1.Ол кім? 4. Қандай оқулық жазған??

2.Қайда туған? 5. Қандай шығармаларын білесің?

3. Қандай қызмет атқарған? 6. Әкесінің аты кім?

2 .Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Күн сәулелеріне не жазар едің?

Бүгін А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен әрі қарай танысамыз «Оқуға шақыру»- өлеңін оқимыз.

Оқулық бойынша жұмыс 6-7 бет

6 бет «Оқуға шақыру» өлең

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • Сөздік жұмыс : іздеп тауып алалық- үйрену, оқу, із

  • -тізбек бойынша оқу

  • -азат жолмен оқу

  • Бөлімдерге бөліп оқу * Оқуға шақыру

* Еңбек іс-әрекеті

*Даналық Даналық- сөзін басқаша қалай айтуғаболады?

Өлеңдегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқы.

Оқуға, жұмыссыз, даналық, байқап, қаралық, даналық- өшпес жарық, кетпес байлық.

-өлеңді тұтас мәнерлеп оқуға дағдылану

Сергіту сәті

3. Жаңа білімді бекіту: Сызбаға зер сал. Өлеңге сүйеніп, сызбаны өз сөзімен түсіндір. Неліктен бұл сөздер құмырсқа түрінде көрсетілген?

іздену үйрену