Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

Сырқаттың өмір сүру ерекшеліктері туралы мағлұматтар

Сырқат адаммен әңгіме үстінде оның денсаулығы қай жаста қандай болғандығы, еңбек және тұрмыс жағдайлары, басқа адамдармен қарым-қатынасы, бұрынғы аурулары, көңіл-күйіне түскен ауыртпалықтар сияқты мағлұматтар неғүрлым толық болғаны жөн,

Сұхбат кезінде дөл осы ауруды анықтауға қажетті және қатысты жағдайларды тәпіштеп білген дұрыс. Мысалы, мидың кан тамырлары зақымданған адамның жұмыс жағдайын (жүмысының ауыр-жеңілдігін), тұтынатын тағамдарын, улану, инфекциялык жағдайлардың болу-болмауын, өмірдегі бастан кешкен қиыншылықтарын, жүйкесіне түскен ауыртпалықтарды біліп алу дәрігерге көп жеңілдік береді. Дәл осы сияқты, нерв жүйесі осының алдында инфекциялық дертке ұшыраған-ұшырамағандығы, алдын ала егуден өткен-өтпегендігі, тұрғылықты жеріндегі эпидемиологиялық жағдай, инфекциялық аурулармен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған-болмағандығы, эктопаразиттердін шағу мүмкіндігі, ауырар аддында эпидемиологиялық жағдайы нашар жерлерге барған-бармағандығы жөнінде сауалдар беріледі.

Дәрігерлік қызметті бастаған әрбір жас маман сырқатпен әңгімені жауап алу, сауалнама толтыру сияқты үстірт тәсілде жүргізуден аулақ болуы тиіс. Түрлі жағдайлардың патогендік мәнін нақтылай түсу үшін сырқат өмірі кезендері мен жағдайларын да нақтылап, дәлдеп сұраған жөн. Егер сырқат өз әңгімесінде қатты күйзеліске, ашу-ренішке бой алдырғанын, қиын жағдайларды бастан кешіргенін айтатын болса, сол жағдайлардың оған қалай әсер еткенін, сырқаттың өмірге көз-қарасын білу қажет. Кейбір адамдардың өмірінде кездескен қайғы-қасірет, ауыр жағдайлар оны езіп, өмірден түңілдіріп, берекесін кетіреді де, неврозға ұшыратады. Керісінше, кей адамдар қиыншылықтар нәтижесінде шынығып, пісіп-қатып алады. Әңгіменің соңында сырқаттың ата-анасы мен ағайын-туыстарының денсаулығы, отбасында немесе тегінде байқалған аурулар жөнінде мағлұмат жиналады. Бұл әңгімелерден дәрігер ауру себебінің тұқым қуалауға байланысты немесе байланысты емес екендігін біледі.

Сонымен, анамнез объективті зерттеудің алғашқы сатысы болып табылады. Сырқатпен әңгіме үстінде дәрігер оның бет құбылысына, сөз мәнеріне, қолы мен аяғының қимылына қарап отырып, сырқатың ақыл-ойы, ұғым шеңбері, темпераменті, мінез-құлқы жөнінде де біраз жайларға қанығады. Анамнез жинау үстінде дәрігер өзі де мейлінше ұстамды және сыпайы болып, болжам айтуға сақтық жасағаны жөн. Өйтпесе кейбір сырқаттар уайымшыл, сенгіш немесе сезіктенгіш келеді де, дәрігердің аузынан шыққан әрбір сөзді ақиқатқа балайды.

Қорыта келгенде, анамнез бойынша дәрігер белгілі дәрежеде мағлұмат алып, ой тұжырады. Жекелеген этиологиялық және пато-генетикалық факторлардың ауруға қаншалықты себеп болғандығын, сырқаттың жеке басының қасиет, ерекшеліктерін біледі. Мүның бәрі дәрігерге алда объектіні зерттеу барысында көмек беретін мағлұматтар болып табылады.

Объективті зерттеу мағлұматтары жалпы байқап-көру

Сырқаттың жағдайы (қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр, жаны қиналады).

Төсектегі жағдайы (ширақ, енжар, шарасыз, мәжбүр).

Дене құрылысы (қалыпты жағдайда, нормостеникалық, гиперстеникалық, астеникалық, пикникалық).

Терісі және кілегей қабықтары (түсі, бөріткендері, тыртықтары, витидиго, пигменттері, қанталауы, ісінуі).

Шашы, тырнақтары (жылтырақ, сынғыштығы, шашының ағаруы немесе түсуі).

Лимфатикалық түйіндер (үлкендігі, басып көргенде ауыратындығы, басқа тканьдермен тұтасуы).

Бас сүйегі (сыртқы кейпі, өлшемдері, тыртығының немесе сынық орнының бары-жоғы, перкуссия — тықылдатып көру нәтижелері).Омыртқасы (кейпі, тықылдатып көргендегі және күш түскендегі жағдайлары).

Буындары (деформациясы, қалай қимылдайтындығы, қимыл шамасы, агасилоздары).

Дизрафикалық жағдайы (бетінің екі жағының үйлесімділігі, таңдайының биіктігі, табанының, өкшесінің деформациясы, т.с.с.)-

Ішкі ағзалары (тыныс, жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, дәрет-жыныс, ішкі бездер, гепатоленал (бауыр-талақ) жүйелері.

7.Сабақ мазмұны. Студенттермен ұйымдастыру бөлігін өткізгеннен кейін, алғашқы білім деңгейін тексереміз.

- өз бетімен атқаратын жұмыс: студенттер бір-біріне тексеру тәсілдерін көрсетеді. Мысалы: ауырсынуды ине арқылы, ыстық-суықты, бұлшықет-буын сезімдерін тексереді. Бұдан кейін студенттер бөлінген ауруларға өздері курация жасайды, практикалық дағдыларды қайталайды.

Сезімталдықтың барлық түрін, ауырсынуға реакция түрлерін зерттеп, ғылыми терминдермен сипаттайды.

Сезімталдық бұзылудың вариантын және типін анықтайды, синдромдық диагноз құрып және соның негізінде топикалық диагнозды анықтауы қажет.

Әр-бір студент өзі тексерген ауруға оқытушының көмегімен талдау жасайды. Сезімталдық бұзылудың жиі және сирек кездесетін түрлері аталып өтеді. «Тексеру» тесттары арқылы қорытынды ,тексеру өтіледі. Оқытушы студенттердің сезімталдықты тексеру тәсілдерін игеруін және осы тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.

  • оқытушымен бірге атқаратын жұмыс: нерв жүйесінің анатомиясына және физиологиясына қысқаша шолу жасалады. Сезімталдықтың түрлері, жолдары туралы студенттер көрнекті құралдардың (плакаттар, муляждар) көмегімен баяндайды. Сезімталдық тақырыбына арналған «үйрену» тесттарына жауап жазылады. Алғашқы білім деңгейін тексергеннен кейін оқытушы «Сезімталдық» тақырыбына арналған ауруды тексеріп, тексеру тәсілдерін көрсетеді, практикалық дағдыларды талдайды.

Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау . Тақырып бойынша тест жазу, ситуациялық есептерді шығару, студенттердің науқастардағы сезімталдықты тексеру тәсілдерін жасауын бағалау.