- •МимСемей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Семей қаласы, 2009ж
- •2.Сабақтың ұзақтығы: 7,3
- •5.Сабаққа дайындық сұрақтары
- •6.Ақпаратты-дидактикалық блок
- •Сезімталдықты тексеру әдістері
- •Ауыратындықты (ауырсынуды) анықтайтын нүктелер мен аймақтар
- •Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері
- •Сезім бұзылу түрлері
- •Сезім бұзылуының типтері
- •Захарьин-Гед ауырсыну аймақтары
- •Рефлекстер
- •Ішкі рефлекстер
- •Ауру туралы сырқаттың шағымы
- •Аурудың анамнезі
- •Сырқаттың өмір сүру ерекшеліктері туралы мағлұматтар
- •Объективті зерттеу мағлұматтары жалпы байқап-көру
Захарьин-Гед ауырсыну аймақтары
Ішкі ағзалар ауруларына байланысты ауру синдромын дәлірек сипаттау үшін терідегі Захарьин-Гед ауырсыну аймақтарын анықтау қажет. Захарьин-Гед аймағында сырқат шағылысқан ауырсынуды сезінеді, ал дәрігер оны баса сипау арқылы тексере келе гиперестезия және ауыратын тұстарын табады. Ішкі ағзалардың жұлын сегменттері мен аймақтарына тікелей қатысы бар .
Жүрекке-жұлынның ІІІ-ІУ мойын және І-УІ кеуде, ұлтабарға ІІІ-ІУ мойын және УІ-ІХ кеуде, ішекке ІХ-ХІІ кеуде, бауыр мен өтке УІІ-Х кеуде, бүйрек пен зәр ағарға ХІ кеуде және ІУ сегізкөз, қуыққа ХІ кеуде және ІУ сегізкөз, жатырға Х кеуде мен ІІ бел және І-ІУ сегізкөз сегменттері сәйкес келеді.
Ыстық-суыз сезімі 40С және 20С су құйылған екі пробирканы терінің симметриялық бөліктеріне тигізу арқылы тексереді.
Бұлшық-ет буын сезімін тексеру-дәрігер көзі жұмулы аурудың буынын бүгіп, созып қимылға келтіреді. Қимылдатуды саусақтың, бақайдың буындарынан бастап жоғары үлкен буындарға көшеді және «қай саусақ, қай жақ қозғалады», деп сұрайды. Әдетте әр қимыл қозғалыс сезіледі. Егер ет буын сезімі жойылса дәрігер сезім жойылған деңгейді анықтайды. Сонымен қатар вибрациялық сезімді камертонның көмегімен, салмақ сезімі гирьлердің көмегімен анықтаймыз.
Сезімнің көмегімен түрлерін-орнын анықтау және екі өлшемді кеңістікті сезімді де анықтауға болады. Орнын анықтау үшін адамның денесіне мақтаны немесе үшкір инені тигізіп аламыз, сол орынды дәл тауып айтады және көзі жұмулы адамның денесіне әр түрлі фигуралар саламыз, ол терісіне салынған фигураларды немесе цифрларды ажыратады.
Сезім бұзылу түрлері
Ауырсыну-афференттік системаның зақымдану белгісі. Ауырсынудың зақымданған жерде, Захарьин-Гед аймағында, яғни рефлекторлық және каузалгиялық түрлері болады.
Парестезия-терінің жағымсыз тітіркені (тоңғандай, ысып кеткендей, құмырсқа жорғалағандай сезіну)
Анестезия-ештеңе сезбейді, сезімнің мүлде жоғалуы
Гипестезия-сезімнің төмендеуі, нашарлауы
Гиперпатия-тітіркенудің жағымсыз сезім тудыруы, жағымсыз ауыру
Гиперестезия-сезімнің, сезінудің жоғарлауы
Дизестезия-қалыптас тыс бұрмаланып сезілу, суық-ыстық болып т.б.
Полиестезия-иненің ұшы бірнеше ине болып сезіледі.
Алиохерия-дененің симметриялы қарама-қарсы жағында сезіну
Диссоциялық сезім бұзылу-дененің белгілі бір мөлшерінде сезімнің бір түрі сақталып, екінші түрі жоғалуы
Сезім бұзылуының типтері
Сезім бұзылуының типтері сезім жолдарының зақымдану деңгейіне байланысты. Сезім бұзылу типтері үшке бөлінеді:
шеттік
жұлындық
милық (церебральдық)
1.Шеттік тип – нерв, өрім, түбір және жұлындық түйіндер зақымданғанда пайда болады, мынандай варианттары бар:
2.Полиневротикалық-бірнеше нервтердің зақымдануынан пайда болады. Аяқ, қолдарда «перчатка» және «носки» түрінде барлық сезімдер нашарлайды немесе жойылады.
3.Плексустық синдром-өрім зақымданғанда байқалады, мысалы: иық өрімі зақымданса, қолда сезімталдықтың бар түрі жойылады.
4.Түбірлік-жұлынның артқы түбірі зақымданғанда пайда болады. Түбірлік синдромда денеде-көлденең, аяқ пен қолда-ұзына бойына жолақ болып сезім жоғалады және ауырады. Мысалы: бесінші бел түбірі зақымданғанда «лампас» түрінде сезім жоғалады және ауырсынады.
5.Ганглионарлық-жұлындық түбір зақымданғанда пайда болады, сезімталдық әр түбір иннервация беретін аймаққа сәйкес жолақ түрінде жоғалады немесе төмендейді және осы аймақта герпестік бөртпелер шығады.
ІІ. Сезім бұзылудың жұлындық типі-жұлын зақымданғанда пайда болады және мынандай түрлерге бөлінеді:
Артқы мүйіздік сезім жоғалту-жұлынның артқы мүйізі зақымданғанда пайда болады. Бұл жағдайда тері сезімі сәйкес дерматомаларда жоғалып, бұлшық ет-буын сезімі сақталады. Бұнда да түбірлік сезім жоғалту сияқты денеде көлденең, аяқ-қолда ұзынша жолақ ретінде сезім жоғалады.
Ақ қоспа зақымданса комиссуралды сегментті сезім жоғалту пайда болады, онда тері сезім жолдарының қиылысқан жері зақымданады. аурудың денесінде симметриялық аймақтарда тері сезімі жоғалады, ал жанасу, бұлшық ет сезімі сақталады.
Сегменттік-егер артқы мүйіздер мойын және кеуде сегменттерінде бір жақта зақымданса теріде сезім жоғалту «жарты куратка» түрінде болады. Сегменттік иннервацияның деңгейін табу үшін, яғни зақымданған сегментке сәйкес келетін терідегі мынандай белгілерге қараймыз:
Желке, мойын терісінде сезімталдықтың төмендеуі І-ІІ мойын сегменттеріне (СI-II ) сәйкес келеді. Бұғана немесе иық үсті –ІУ мойын сегменті (СІУ ) қолдар С5-8 және Th-1 сегменттері, қолтық асты –ІІ кеуде сегменті, емшек тұсы –ІУ-У Th, кіндік тұсы –Х Th, аяқта –І-У бел және сегізкөздің І-ІІ сегменттері және сегізкөздың 3-5 сегменттері анагенитальдық аймаққа сәйкес келеді.
Жұлынның сегменттері мен омыртқа сандары мөлшерімен бір-біріне сәйкес келмейді, жұлын омыртқа өзегінен қысқа. Төменгі мойын және жоғарғы кеуде сегменттері бір омыртқа кеуде сегменттері екі омыртқа, бел сегменттері төменгі үш кеуде омыртқалардың деңгейіне жатады.
4.Өткізгіштік жұлын синдромы-жұлынның өткізгіш жолдары бүйірлік және артқы бағандары зақымданғанда пайда болады. Бұнда сезім зақымданған жерден төмен тұтас жоғалады.
5.Артқы бағандар зақымданса сол жерден төмен қарай бұлшық ет-буын және вибрациялық сезім жоғалады, ал тері сезімі сақталады. Бұлшық ет-буын сезімі жоғалғанда тепе-теңдік және координация бұзылады оны сенситивтік атаксия деп атайды. Сенситивтік атаксия адамның көзімен бақылауына тікелей байланысты. Егер қозғалысты көзбен қарап, бақылап отырып жасаса өзгеріс болмайды, ал көзді жұмып қозғалыс жасаса тепе-теңдік бұзылып, қозғалыс ретсіз болады.
Зақымданған аймақ бүйірлік бағанда болса тері сезімі қарама-қарсы жақта зақымдалған жерден төмен түгелдей жойылады. Өйткені тері сезім жолдары қиылысқаннан кейін қалыптасады. Сезім жоғалған жердің жоғарғы деңгейі зақымданған сегменттен 2-3 см жоғары тұрады, 2-3 сегмент жоғары қиғаштап қиылысады.
6.Броун-Секар синдромы-жұлынның көлденең жартысы зақымданғанда пайда болады. Зақымданған жерден төмен бұлшық ет-буын сезімі жоғалды қарсы жақта тері сезімі жойылады.
ІІІ.Сезімталдық бұзылудың милық типі-мидың әр түрлі бөліктері зақымданғанда пайда болады және бірнеше түрге бөлінеді.
1.Ми бағанының зақымдануы-әдетте дененің қарама-қарсы жартысында сезім жоғалады-гемианестезия (гипестерия). Сопақша ми зақымданғанда үшкіл нервтің ядросы зақымданады да гемианестезиямен қатар тері сезімі беттің жартысында зақымданған жақта жойылады. Бұл альтернациялық синдром деп аталады.
2.Көру төмпешігі зақымдану-барлық сезім дененің қарама-қарсы жағында жоғалады. Гиперпатия пайда болады, гипестезия сенситивтік атаксиямен қатар болады.
3.Ішкі капсулалық синдром-капсуланың артқы бөлігі зақымданғанда пайда болады, яғни қарама-қарсы жақта гемианестезия болады.
4.Сезімталдық бұзылудың ми қыртыстық синдромы-ми қыртысының төбе бөлігінің орталықтан кейінгі иірімі зақымданғанда пайда болады. Артқы орталық иірімнің түгелдей зақымдануы өте сирек кездеседі, көбіне оның бір бөлігі ғана зақымданады да соған сәйкес дененің қарама-қарсы бір бөлігінде қолда, аяқта т.б. сезім жоғалады. Артқы орталық иірімнің тітіркенуі дененің қарама-қарсы жағында әдетте тыс сезімдердің (қызу, ашу, жансыздану) ұстауына әкеліп соғады, ол гемипарестезия деп аталады.
