- •МимСемей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Семей қаласы, 2009ж
- •2.Сабақтың ұзақтығы: 7,3
- •5.Сабаққа дайындық сұрақтары
- •6.Ақпаратты-дидактикалық блок
- •Сезімталдықты тексеру әдістері
- •Ауыратындықты (ауырсынуды) анықтайтын нүктелер мен аймақтар
- •Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері
- •Сезім бұзылу түрлері
- •Сезім бұзылуының типтері
- •Захарьин-Гед ауырсыну аймақтары
- •Рефлекстер
- •Ішкі рефлекстер
- •Ауру туралы сырқаттың шағымы
- •Аурудың анамнезі
- •Сырқаттың өмір сүру ерекшеліктері туралы мағлұматтар
- •Объективті зерттеу мағлұматтары жалпы байқап-көру
5.Сабаққа дайындық сұрақтары
а) негізгі білім бойынша:
1.Орталық нерв (ми сыңары, бөліктері, ми бағаны, жұлын) және шеткі нерв жүйесінің .анатомиясы
Орталық нерв системасының (ми сыңары, бөліктері, ми бағаны, жұлын) және шеткі нерв жүйесінің қызметі
Симптом мен синдромның айырмашылығы, дамуы.
б)сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар
1. Үстірт және терең сезімталдық жүйесінің құрылысы, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
2. Сезімталдық түрлері және жіктелуі
3. Сезімталдық бұзылудың түрлері мен типтерін анықтау.
4. Ауырсынудың жіктелуі. Фантомдық ауырсыну. Каузалгия.
5. Сегменттік аппарат пен сегментүсті жүйелереніңің қарым-қатынасы
6. Патологиялық ошақтың орнласуын анықтау
7. Сезімталдық және рецепция түрлері
8. Үстірт сезімталдық жолы
9. Терең сезімталдық жолы
10. Үстірт және терең сезімталдық жолының айырмашылығы
11. Үстірт және терең сезімталдық жолының ұқсастығы
12. Қосымша тітіркенусіз пайда болатын сезімталдық бұзылу түрі
13. Нерв зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
14. Дистальдық бірнеше нерв зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
15. Жұлынның артқы мүйізі зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
16. Алдыңғы сұр қоспа зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
17. Бүйір баған зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
18. Жұлын көлденең толық зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
19. Жұлын көлденең жартылай зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
20. Ішкі капсула зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрі
6.Ақпаратты-дидактикалық блок
Нерв жүйесі органның және организмнің біртұтас қызмет атқаруын сыртқы ортамен байланысын анализаторлар арқылы жүзеге асырады.Жүйке жүйесінің анализаторлар арқылы қызмет атқаратынын орыстың атақты ғылымы И.П.Павлов анықтады. Анализатор сыртқы тітіркенудің энергиясын қабылдайды және орталық нерв жүйесі бөлігінен және өткізгіш жолдардан тұрады. Анализаторлар теріде, кілегей қабықта, сіңірде, еттерде, тамырларда, ішкі мүшелерде болатын рецепторлардан басталады.
Рецепторлардың құрлысы әр түрлі: нервтің бас шеті, Мейснер; Руффини денешіктері және т.б. Рецептордың құрлысының әр түрлілігіне сәйкес сезім қабылдаулары да әр түрлі келеді (жылы, ауырсыну, жанасы т.б.). Нервтің бос шеті-ауырсынуды, Краузе денешіктері суықты, Руффини денешіктері-жылуды, Мейснер-жанасуды қабылдайды. Бірақ бұлардың өзгешеліктері салыстырмалы, өйткені ауырсынуды нервтің бос шетімен ғана емес, Мейснер, Руффини т.б. қабылдайды. Анализаторлардың өткізгіш жолдары үш нейрондардан тұрады.
Шеткі нейрондардың сезім талшықтары әр түрлі. Оларды А, В және Г түрлеріне бөледі, А талшықтары қалың миелин қабықтарымен қапталған, олар бұлшық ет-буын және жанасу сезімдерін 1 секундта 50 метр жылдамдықпен өткізеді, В талшығы жұқа миелин қабықшасымен қапталған, ауырсыну және ыстық-суық сезімдерін секундына 10-14м жылдамдықпен өтеді. С талшықтарда миелин қабығы жоқ, олар жағымсыз ауырсыну сезімін секундына 0,7-1,3м жылдамдықпен өтеді. Анализаторлардың орталық нерв бөлігі ми қартысында орналасқан, ол бірыңғай нерв клеткаларынан тұрады және қабылдаған тітіркенуге анализ бен синтез жасайды.
Сезімнің клиникалық классификациясы
Барлық сезім жалпы және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалпы сезімнің экстрорецептивтік, проприорецептивтік, интерорецептивтік түрлері бар.
Экстрорецептивтік сезімді контактрецепторлар (ауырсыну, ыстық-суық, жанасу) және дистантрецепторлар (көру, есту, иіс сезу) арқылы қабылдаймыз. Проприорецептивтік сезімге: бұлшық-ет-буын сезімі, дірілдеу, басу, салмақ және кинестетикалық сезім жатады. Интерорецептивтік сезім ішкі мүшелер мен тамырдан келген импульстерді қабылдайды.
Күрделі сезімге жататындар: дискриминальдық сезім терідегі немесе кілегей қабықтағы екі бөлік нүктені сезу, екі өлшемді кеңістік сезім теріге салған суретті білу, стереогностикалық сезім-қолдағы затты ұстап білу т.б.
Үстірт және терең сезімталдық жолдары.
Сезім импульстарын ми қыртысына жеткізетін сезім жолдары үш нейроннан тұрады. Барлық сезім жолдарының І нейрондары жұлын түйіншіктерінде және У, ІХ, жұп ми нервтерінің арнаулы түйіншіктерінде жатады.
Нерв түйіндерінің клеткаларында, яғни нейрондарында өсінділер бар. Шеткі өсінділер-дендриттер шеткі нерв жүйесімен рецепторларға барады, ал орталық өсінді-аксон, артқы түбір арқылы жұлынға келеді. Жұлында сезім жолдары жоғары қарай әр қилы көтеріледі. Сезім жолдары үстірт сезімталдық жолы және терең сезімталдық жолдары болып екіге бөлінеді.
Ауырсыну, ыстық-суық сезу және жанасу сезім жолының бір бөлігі үстірт сезім жолын құрайды. Ол жол «трактус спинокортикалис» немесе жұлын-қыртыс жолы деп аталынады. Оның жұлыннан көру төмпешігіне дейінгі бөлігі спиноталамикус жолы, көру төмпешігі ми қыртысына дейінгі бөлігі трактус таламакортикалис деп аталынады.
Терең сезімталдық жолын бұлшық ет-буын сезім жолы, жанасу сезімнің екінші бір бөлігі, еттер мен буындардың, сіңірлерден келген талшықтар құрайды. Жұлынның артқы бағанында орналасқан бұл жол Голл және Бурдах жолдары деп аталынады.
Үстірт сезімталдық жолының бірінші нейроны жұлындық түйінде орналасады, одан кейін жол артқы түбір арқылы жұлынға кіреді. Үстірт сезім жолы талшықтары жұлынның артқы мүйізіне келеді, осы арады ІІ нейронның денесі жатады, оның орталық өсіндісі жұлындағы сұр заттың алдыңғы жағымен жұлынның қарама-қарсы жағындағы ақ затқа 1-2 сегмент жоғары көлденең қиылысып, бүйірлік бағанаға өтеді. Бұл жол ми бағаны арқылы жоғары өтіп көру төбешігі ядросында бітеді.
Терең сезімталдық жолының негізін бұлшық ет-буын сезім жолының талшықтары құрайды, ол жұлынға кіріп, артқы бағаналары арқылы жоғары көтеріледі. Бұл жолдар Голл мен Бурдах жолдары. Голл жолы дененің төменгі жағынан және қолдан келген импульсті жоғары қарай өткізеді. Ал Бурдах жолы аяқ пен дененің төменгі жағынан келген импульстарды өткізеді. Бұл жолдар өз жақтарымен жоғары көтеріліп, сопақша мидағы аттас Голл және Бурдах ядроларында аяқталады.
ІІ нейронның орталық өсінділері төменгі олиф мөлшерінде қарама-қарсы жаққа өтіп, үстірт сезім жолымен бірігіп ішкі ілмекті құрайды. Терең сезімталдық жолы осы арада үстірт сезімталдық жолымен бірігіп көру төмпешігінің бүйірлік ядросына кіреді. Бұнда жалпы сезім жолының ІІІ нейроны жатады. Оның орталық өсіндісі таламокортикалық жолын құрайды. Таламокортикалық жол ішкі капсуланың артқы бөлігі арқылы ми қыртысының төбе бөлігіндегі орталықтан кейінгі иірімге келіп аяқталады.
Осы арада барлық сезім жолдары аяқталады. Бір рет қарама-қарсы үлкен өткендіктен дененің жартысынан келген сезімталдық жолдары қарама-қарсы жақтағы үлкен ми сыңарымен байланысты. Орталықтан кейінгі иірімде адамның денесінің проекциясы керісінше аударылып проекцияланады, яғни аяқ, дененің төменгі бөлігі иірімнің жоғарғы жағында, бас жағы төменгі жағында орналасады.
