Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

Рефлекстер

Рефлекс нерв жүйесі қызметінің негізі. Рефлекс дегеніміз организмнің сыртқы не ішкі тітіркендіруге нерв жүйесінің көмегімен берген жауабы. Барлық рефлекстерде рефлекторлық доға бар, олар нерв жүйесінің элементтерінен тұрады. Рефлекс доғасы бес бөліктен-рецептордан, сезгіш жолдан, орталық нерв учаскесінен, қимыл жолынан және жауап қайтаратын мүшеден тұрады. Көп жағдайда рефлекторлық доға күрделі болып келеді, эфференттік және афференттік жолдардан басқа бірнеше ендірме нейрондар болады.

Рефлекс доғасы нерв жүйесінде неғұрлым жоғары тұйықталса, солғұрлым күрделі келеді.

Мысалы: жөтелу рефлексті-тұйықталу орталығы сопақша ми, ал эфференттік нейрондары кеуденің, кеңсіріктің еттеріне көк етке т.б. барады.

Барлық рефлекстер жүре пайда болады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде пайда болады.

Тексеру тәсілдері және шартсыз рефлекстердің бұзылуы

Жұлындық шартсыз рефлекстер сыртқы және ішкі болып бөлінеді, сыртқы рефлекстер тері мен кілегей қабықтан, ішкі сіңірлерден және сүйек қабықтары маңынан пайда болады.

Тері рефлекстері

Құрсақ рефлекстері үшеу, оларды тудыру үшін құрсақтың терісін сызып тітіркендіреміз, жауап ретінде құрсақ еттері жиырылады:

1.жоғарғы құрсақ рефлексі-қабырға доғасынан төмен сызамыз;

2.ортаңы рефлекс-кіндік тұсынан көлденең сызамыз;

3.төменгі рефлекс-шап тұсынан көлденең сызамыз. Бұл рефлекстер доғасы жұлынның кеуде бөлігінде тұйықталады:

1.жоғарғы УІІ-УІІІ Th

2.ортаңғы ІХ-Х Th

3.төменгі ХІ-ХІІ Th

Табан рефлексі ішкі не сыртқы шетінен сызып тітіркендіргенде пайда болады, жауап ретінде бақайлар бүгіледі. Доғасы ІУ-У сегізкөз сегменттерінде тұйықталады. Кремастердің рефлекс санның терісін ішкі доғасы І-ІІ бел сегменттерінде тұйықталады.

Ішкі рефлекстер

Карпо-радиалдық рефлекс-біз тәрізді өскеннің үстінде балғамен ұрғанда, жауап ретінде қолдың басы ішке бұрылып, саусақтар бүгіледі. Доға У-УІІІ мойын, ThІ сегменттерінде тұйықталады.

Шынтақ бүгу рефлексі- білектің екі басты етінің сіңірінен ұрғанда шынтақ бүгіледі. Доғасы У-УІ мойын сегменттерінде тұйықталады.

Тізе рефлексі –тізе ұршығынан төмен ұрғанда санның төртбасты еті жиырылып тізе соғылады. Доғасы ІІ-УІ бел сегменттерінде тұйықталады.

Ахиллов рефлексі- ахилов сіңірінен ұрғанда балтырдың үшбасты еті жиырылып, табан бүгіледі. Доғасы І-ІІ сегізкөз сегменттерінде тұйықталады.

Рефлекстердің бұзылуы –рефлекстердің төмендеуі гипорефлексия, жоғалуы-арефлексия, жоғарылуы-гиперерефлексия, рефлекстердің бірдей болмауы анизорефлексия деп аталады. Сонымен қатар қалыпсыз табан рефлекстері пайда болады:

1.Бабинский рефлексі-табанды сыртқы жақ шетінен сызамыз

2.Оппенгейма-үлкен жіліншік сүйегінің қырын бас бармақпен басып төмен жүргіземіз.

3.Гордон-балтырдың еттерін уыстап қысамыз.

4.Шеффер-ахилл сіңірін қысамыз.

Бұл рефлекстер созу рефлекстері болып табылады, бәрінде жауап ретінде үлкен бақай алға созылып, қалғандары желпуіш тәрізді ашылады.

Бүгу рефлекстері ІІ-ІІІ-ІУ-У бақайлардың бүгілуімен жауап қайтарады. Олар мыналар: 1.Россолимо рефлексі ІІ-У бақайларын қолдың саусақтарымен қысқа ғана тітіркендіреміз.

Бетерев рефлексі балғамен ІУ бақайдың тұсынан аяқтың үстінен ұрамыз. З.Жуковский рефлексі керісінше табаннан ІУ бақай тұсынан ұрамыз.

Қалыпсыз рефлекске тізе ұршығы мен аяқ басы клонусы жатады. Клонус дегеніміз еттердің ұзақ жиырылуы. аяк басы клонусын оны шұғыл бүгіп тұрғызамыз. Тізе ұршығын шұғыл төмен итереміз.

Үстірт және терең рефлекстердің тұйықталу деңгейі:

Рефлекстер

Тұйықталу доғасы

Шынтақ бүккіш

С5-С6

Шынтақ жазғыш

С7-С8

Карпо-радиальды

С5-С8

Жоғарғы құрсақ

Д6-Д8

Ортаңғы құрсақ

Д9-Д10

Төменгі құрсақ

Д11-Д12

Тізе

L2-L4

Ахиллов

SI-S2

СЫРҚАТНАМА (АУРУ ТАРИХЫН) ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Сырқатнама дегеніміз тек "мәлімхат " қана емес, дәрігерлік ойдың мектебі болып табылады.С. Гиляровский

Сырқатнама (ауру тарихы) медициналық, ғылыми және заңдық маңызы бар дәрігерлік қызметтің маңызды құжаты болып табылады. Сондықтан студенттер, интерн өтушілер мен клиникадағы ординаторлар неврологиялық сырқатқа ұшыраған адамды зерттеуге машықтанумен бірге, сырқатнаманы дұрыс құрастыра білуі тиіс. Сырқатнама аурудың аса маңызды және ескерерлік белгілері, оның анамнезі, даму барысы, сырқаттың дене мүшесінің жүйелері мен ағзалары ерекшеліктері жөнінде толық мағлұмат береді. Сонымен қатар онда қосымша зерттеу нәтижелері мен диагноз қою барысы сараланып, емдеу тәсілдері сипатталады.

Нерв жүйесі ауырған адамды тексеру белгілі бір жүйемен сұрақ қоя отырып (сырқаттың аты-жөні, жасы, ұлты, білімі, негізгі кәсібі, отбасының жағдайы, мекен-жайы, ауруханаға түскен күні), әңгімелесуден басталады. Бұдан кейін сырқат адамнан дерттің қалай пайда болып, қалай өршігенін, қалай ауыратынын сұрап біледі. Әрине, адам қай жері қалай ауыратынын өз аузынан, өз түйсік-түсінігі бойынша айтып, баяндап бергені өте маңызды.