Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

Сезімталдықты тексеру әдістері

Барлық сезімнің түрлері аурудың көзі жабық тұрғанда тексеріледі.

Жанасу сезімін тексеру үшін дәрігер мақтаны аурудың терісіне тигізеді. Әдеттегі жағдайда адам әр-бір жанасуды сезеді.

Ауырсыну сезімін тексеру үшін-дәрігер иненің ұшымен терінің симметриялық бөліктеріне салыстырмалы, жеңіл түрде инені сұққылайды. Ауру оған үшкір немесе үшкір емес деп жауап береді.

Денедегі ауыратын (алгиялық) тұстарды дәрігер бас бармағымен басып немесе ІІ-ІІІ саусақтардың ұшымен 10 секундтай түрткілеу арқылы анықтайды.

Ауыратындықты (ауырсынуды) анықтайтын нүктелер мен аймақтар

  1. Үшкіл нерв тармақтарының бетке шығатын нүктелері (валле нүктелері) тұстары;

  2. көз шарасы үстіндегі нүкте;

  3. көз шарасы астындағы нүкте ;

  4. иек асты нүкте;

2.Мойын, кеуде, бел және сегізкөз омыртқаларының қалқанды тармақтары (бұтақтары, өсінділері) тұсы

3. Омыртқаның екі жақ қаптарындағы нүктелер (омыртқалар ортасынан 1,5-2 см мойын тұсында, 2-3 см кеуде мен бел тұсында). Бел-сегізкөз аумағында омыртқаның екі жақ қаптарындағы нүктелер Гар нүктелері деп аталады.

4. Желке (қарақұс) нервтерінің нүктелері: төс-бұғана, еміздіктік бұлшық еттің еміздік тәрізді өсінді тұсы (үлкен желке нерв нүктесі); еміздік тәрізді өсінді мен екінші мойын омыртқаның қылқанды өсіндісінің ара орталығы (кіші қарақұс желке нерв нүктесі).

5. Эрба нүктесі (бұғана үстіндегі нүкте)-бұғанадан 2-3 см жоғары төс-бұғана емізіктік бұлшық еттің артқы тұсы.

6. Бөксе ортасындағы нүкте-үлкен ұршық пен шоңданай бұдырының ара орталығы.

7. Сан ортасындағы нүкте.

8. Валле нүктелері: бөксе бүктесіні, тақым шұңқыры; балтыр бұлшық етінің орта тұсы мен сыртқы толарсақтың артқы шеті.

9. Бехтерев нүктесі (табан бұлшық еті ортасы) табанның ортасына орналасқан.

Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері

Зақымданған жұлын түбірлері мен нерв бағандарын созғылау ауырсынудың пайда болуына немесе оның күшеюіне ықпал жасайды. Осыған байланысты ауырсыну белгілерін анықтау үшін созу әдістері пайдаланылады.

Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза).

Нери симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады

Ласег симптомына қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді.

Штрюмпель-Мацкевич симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді

Вассерман симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауырсыну білінеді