Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

G-041.07.01.13-2007

2003,2005 ж. ЖМБС бойынша сабақтардың әдістемелік нұсқаулары(сарамандық, семинарлық, зетханалық сабақта)

01.08.2007ж

№01 тек

Бет 14 тен 14

МимСемей қаласының мемлекеттік медицина университеті

ФАКУЛЬТЕТ: ЕМДЕУ

КАФЕДРА: ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ №1

Клиникалық неврологияға кіріспе. Клиникалық неврологиядағы деонтологияның ерекшеліктері. Неврологиялық диагноз қоюдың негізгі принциптері. Нерв жүйесінің анатомиясы мен физиологиясына қысқаша шолу. Жалпы сезімталдық және оның зақымдануы.Сезімталдық бұзылу симптомдары мен синдромдары.Сезімталдық бұзылудың топикалық диагностикасы(нерв, түбір,жұлын және ми ).

Курс: 5

Құрастырған: ассистент Тусупбекова А.К

Семей қаласы, 2009ж

1.Тақырыбы: Клиникалық неврологияға кіріспе. Клиникалық неврологиядағы деонтологияның ерекшеліктері. Неврологиялық диагноз қоюдың негізгі принциптері. Нерв жүйесінің анатомиясы мен физиологиясына қысқаша шолу. Жалпы сезімталдық және оның зақымдануы.Сезімталдық бұзылу симптомдары мен синдромдары.Сезімталдық бұзылудың топикалық диагностикасы(нерв, түбір,жұлын және ми ).

2.Сабақтың ұзақтығы: 7,3

3.Тақырыптың өзектілігі: Неврологиялық диагноздың өзіндік ерекшеліктері бар. Ауруды тексерген кезде барлық симптомдарды анықтап, одан негізгі неврологиялық синдром құра білу қажет. Анықталған синдром нерв жүйесінің бірнеше деңгейіне тән болуы мүмкін, сондықтан қосымша белгілердің даму сатысын салыстыра отырып, зақымдану деңгейін анықтай білу неврологиялық диагноздың негізі болып табылады. Бұдан кейін басқа клиникалық пәндерден бұрыннан алған білім деңгейіне сүйене отырып аурудың себебін және дамуын анықтап клиникалық диагноз қоя білу қажет. Сезімталдықтың бұзылу синдромы әсіресе ауырсыну синдромдары жалпы медицинада өте жиі кездесетін симптом. Бұл симптомның неврологиялық ерекшеліктерін білу және оның дифференциялдық диагностикасын жүргізе білу жалпы медицинада диагноз қоюға қажет. Топикалық диагнозды қою үшін барлық тұрақты рефлекстерді және олардың тұйықталу деңгейін білу өте маңызды. Сонымен қатар, көптеген клиникалық патологиялық жағдайларда да рефлекстерді тексере білу, олардың өзгерістерін анықтай алу аурудың жағдайын анықтауға көмектеседі. Мысалы: естен тану синдромдарында рефлекстердің өзгеріске ұшырауына қарап комалардың сатысын анықтай аламыз. Емшек жасындағы және жаңа туған нәрестелердегі рефлекстерді тексере білу, олардың туу кезіндегі патологияларын анықтауға және даму сатыларын анықтауға қажет.

4.Сабақ мақсаты: Нерв жүйесінің анатомиясы және атқаратын қызметін қайталау. Терең және үстірт сезімталдық жолдарын білу, олардың зақымдану симптомдарын айыра білу. Сезімталдық тексеру тәсілдерін үйреніп дағдылану. Топикалық диагнозды анықтау үшін сенсорлық белгілерді қолдану. Сырқатнама жазу тәсілін үйрену.

Студенттер білуге тиіс:

  1. Үстірт және терең сезімталдық жүйесінің құрылысы

  2. Сезімталдық түрлері және жіктелуі

  3. Сезімталдық бұзылудың түрлері мен типтерін анықтау

  4. Ауырсынудың жіктелуі. Фантомдық ауырсыну. Каузалгия.

  5. Орталық (ми сыңары, ми бағаны, жұлын) және шеткі нерв жүйесінің қызметтік анатомиясы

  6. Рефлекторлық доға, оның функциональдық бөліктері

  7. Сегменттік аппарат пен сегментүсті жүйелерінің қарым-қатынасы

Студенттер істей алуға тиіс:

  1. Жұлынның артқы мүйізі зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  2. Алдыңғы сұр қоспа зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  3. Артқы баған зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  4. Бүйір баған зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  5. Жұлын көлденең жартылай зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  6. Жұлын көлденең толық зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  7. Ішкі капсула зақымданғандығы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  8. Төбе бөлік зақымданғандағы сезімталдық бұзылу түрін анықтау

  9. Жұлындық рефлекстерді тексеру тәсілі:

  • үш басты ет рефлексін тексеру, тұйықталуы

  • екі басты ет рефлексін тексеру, тұйықталуы

  • карпо-радиальдық рефлекстерді тексеру, тұйықталуы

  • тізе рефлексін тексеру, тұйықталуы

  • ахиллов рефлексін тексеру, тұйықталуы

  • құрсақ рефлекстері, тексеру, тұйықталуы