
- •Білім берудегі мультимедиалық технологиялар
- •1 Бөлім. Мультимедиалық технологиялар – оқытудың
- •Мультимедиа негіздері
- •1.1.1 Ақпарат. Ақпарат ұғымы
- •Мультимедиа жөнінде түсінік
- •Сурет 1 - Мультимедианы құрайтын әртүрлi типтi ақпараттар
- •1.1.3 Гипермедиа (гиперорта) ұғымы
- •1.1.4 Виртуалды нақтылық (шындық)
- •1.1.5 Модель. Модельдеу.
- •Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде
- •Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту:
- •Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру:
- •1. Дидактикалық шарттар:
- •Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік
- •Сурет 3 - Мультимедианың оқытудағы сипаттамалары бойынша жiктелуi
- •Сурет 4 - Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi ақпаратты-коммуникативтiк қызметi
- •Сурет 5 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесiн жетiлдiрудiң моделi
- •Мультимедианы оқытуда қолданудың артықшылықтары
- •1.5 Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі
- •Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық
- •Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау
- •1.9 Медиатека, медиаорталық
- •1.10 Мультимедиалық технологияларды шет елдік білім
- •2 Бөлім. Мультимедианың техникалық құралдары
- •2.1 Интерактивті тақта
- •2.2 Интерактивті проектор
- •2.3 Мультимедиалық проектор
- •Медиавизор
- •Интер-Бим
- •2.8 Verdict дауыс беру жүйесі
- •2.9.6 Дискілер арасындағы айырмашылық
- •Тестілеу сұрақтары
- •Алгоритмдiк деңгей сұрақтары
- •A) Бағдарлама құру үшiн
- •Эвристикалық деңгей сұрақтары
- •Бастапқы деңгей сұрақтары
- •Алгоритмдiк деңгей сұрақтары
- •Эвристикалық деңгей сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •31. Яковлева т.А. Организация обучения математике с использо-ванием пакета „Математика-6”//Педагогическая информатика, 1994. -№3. -с.26-29.
- •35. Карпов п. Проекторы в учебном процессе//Техника, кино и телевидение, 1998. -№3. -с.52-54.
Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту:
жеке тұлғаның ойлау деңгейiн жоғарылату, оның бойында бiлiм қорын қалыптастыру мақсатында психологиялық-педагогикалық әрекеттер қарқынын арттыру;
қабылдау, есте сақтау секiлдi iс-әрекеттердi жүзеге асыру iскерлiгiн қалыптастыру және дамыту;
имитациялау, модельдеу процестерiн ұйымдастыру негiзiнде студенттер мен оқушылардың эксперименттi-зерттеушiлiк қызметтерді орындау ебдейлігін қалыптастыру.
Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру:
мультимедиалық технологиялардың мүмкiндiктерiн пайдалану есебiнен оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру;
түрлi пәндiк ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету;
мультимедиа-ресурстарды тиiмдi пайдалану негiзiнде ашық бiлiм беру идеясын дамыту.
Қазiргi таңда өзiндiк iс-әрекеттi қалыптастыруда мультимедиалық технологиялар:
микро және макроәлемдегі күрделi құбылыстар мен процестердi модельдеу арқылы оқытуды жүзеге асыруға;
әртүрлi физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтiк т.б. өте жылдам немесе жай өтетiн құбылыстарды кез келген уақытта оқып үйренуге мүмкiндiк беру мәселелерiн шешуге бағытталуы керек.
Осы ұстаным бойынша мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың мынадай алғышарттарын анықтауға болады: дидактикалық, психологиялық-педагогикалық, эргономикалық, техникалық.
1. Дидактикалық шарттар:
Сабақтың мазмұны мен формасына байланысты мультимедиалық технологияларды мүмкiндiктерiне қарай алдын ала дайындаудың, кешендеудiң перспективалы жоспарын жасау.
Оқу материалдарына әдiстемелiк талдау жасау. Айталық, кейбiр пәндерге қатысты оқу материалдары бiрнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған. Мiне сол материалдарды жаңа мәлiметтермен үйлестiрудiң жолдарын қарастыру, пәнге қатысты негiзгi мәлiметтi қосымша мәлiметпен толықтыру. Мультимедиалық технологияларда ұсынылатын оқу материалдары көрнекiлiк ұстанымына негiзделген. Сондықтан да, оны оқытудың ажырамас бөлiгi деп қарастыруымыз қажет.
2. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:
|
|
|
|
3. Эргономикалық шарттар мынадай мәселелердi қарастырады:
|
|
4. Техникалық шарттар:
|
|
|
|
|
Ендi, үздiксiз бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру барысында мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде тиiмдi пайдаланудың тұжырымдамалық, психологиялық, педагогикалық, ақпараттық, эргономикалық, технологиялық және техникалық, ұйымдастырушылық аспектiлерiн қарастырайық.
Тұжырымдамалық аспектi:
ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау, тарату жүйесi ретiнде жаңа ақпараттық орта құру;
әртүрлi деңгейде (республика, аймақ, бiлiм беру мекемелерi) бiрiктiрiлген бiрыңғай оқу-ақпараттық орта құру т.б.
Мұндай оқу-ақпараттық ортаны құрайтын элементтерге мыналар жатады:
елiмiздiң және шет елдердiң ақпараттық ресурстарына қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық аппаратты-бағдарламалық жабдықтар;
компьютерлiк гипермедиа, мультимедиа жабдықтары;
виртуалды бiлiм берудi дамыту үшiн ақпараттандырудың инфрақұрылымдары т.б.
Психо-педагогикалық аспектiлер:
оқыту процесiнде мультимедиалық технологияларды пайдалану кезiнде бiлiмдi меңгеру мен интеллектуалдық деңгейдi қалыптас-
тырудың психологиялық механизмдерiн айқындау;
мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде пайдалануда оқытушының рөлi мен орнын анықтау;
мультимедиалық технологияларды өзiнiң кәсiби iс-әрекетiнде тиiмдi пайдалана бiлуi үшiн мұғалiм кадрларды қайта дайындау;
елiмiзде қашықтан оқытуды дамытудағы мультимедианың мүмкіндіктерін дамыту;
мультимедиалық оқулықтар жасаудың дидактикалық талаптарын анықтау.
Ақпараттық аспектi оқытудың дидактикалық және әдiстемелiк ұстанымдарына жауап бере алатын мультимедиалық құралдардың ақпараттық жабдықталуын айқындайды.
Эргономикалық аспектi:
мультимедиалық оқулықтарды құруда эргономикалық талаптарды ескеру;
әртүрлi жас дейгейiндегi пайдаланушылардың мультимедиалық технологиялармен жұмыс кезiндегi сақтауға тиiстi санитарлық-гигиеналық нормаларын анықтау.
Технологиялық және техникалық аспектiлер:
технологиялық қатаң талаптарды сақтау – оқыту процесiне арналған лицензиялы мультимедиалық оқулықтарды пайдалану;
оқыту мақсатына бағытталған аппараттық және бағдарламалық жабдықтармен білім беру жүйесін қамтамасыз ету;
бiлiм беру салаларында локалдық, аймақтық және республикалық желiлер құру.
Ұйымдастырушылық аспектi:
бiлiм беру мекемелерiнде электрондық кiтапханалар мен медиа орталықтар, медиатекалар құру;
мультимедиалық технологияларды пайдаланудың ұйымдастыру- шылық-құқықтық нормаларын анықтау т.б.
Бақылау сұрақтары:
Оқыту процесінде мультимедианы қолданудың қажеттілігі неде?
Мультимедиалық технологияларды оқыту процесіне енгізу қандай
мақсаттан туындайды?
Аталған технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың қандай
шарттары бар?
Мультимедианы білім беруде қолданудың психологиялық,
педагогикалық аспектілеріна атап көрсетіңіз.