- •Білім берудегі мультимедиалық технологиялар
- •1 Бөлім. Мультимедиалық технологиялар – оқытудың
- •Мультимедиа негіздері
- •1.1.1 Ақпарат. Ақпарат ұғымы
- •Мультимедиа жөнінде түсінік
- •Сурет 1 - Мультимедианы құрайтын әртүрлi типтi ақпараттар
- •1.1.3 Гипермедиа (гиперорта) ұғымы
- •1.1.4 Виртуалды нақтылық (шындық)
- •1.1.5 Модель. Модельдеу.
- •Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде
- •Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту:
- •Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру:
- •1. Дидактикалық шарттар:
- •Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік
- •Сурет 3 - Мультимедианың оқытудағы сипаттамалары бойынша жiктелуi
- •Сурет 4 - Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi ақпаратты-коммуникативтiк қызметi
- •Сурет 5 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесiн жетiлдiрудiң моделi
- •Мультимедианы оқытуда қолданудың артықшылықтары
- •1.5 Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі
- •Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық
- •Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау
- •1.9 Медиатека, медиаорталық
- •1.10 Мультимедиалық технологияларды шет елдік білім
- •2 Бөлім. Мультимедианың техникалық құралдары
- •2.1 Интерактивті тақта
- •2.2 Интерактивті проектор
- •2.3 Мультимедиалық проектор
- •Медиавизор
- •Интер-Бим
- •2.8 Verdict дауыс беру жүйесі
- •2.9.6 Дискілер арасындағы айырмашылық
- •Тестілеу сұрақтары
- •Алгоритмдiк деңгей сұрақтары
- •A) Бағдарлама құру үшiн
- •Эвристикалық деңгей сұрақтары
- •Бастапқы деңгей сұрақтары
- •Алгоритмдiк деңгей сұрақтары
- •Эвристикалық деңгей сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •31. Яковлева т.А. Организация обучения математике с использо-ванием пакета „Математика-6”//Педагогическая информатика, 1994. -№3. -с.26-29.
- •35. Карпов п. Проекторы в учебном процессе//Техника, кино и телевидение, 1998. -№3. -с.52-54.
Сурет 1 - Мультимедианы құрайтын әртүрлi типтi ақпараттар
Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесiндегi инновациялық әдiстердi жүзеге асыратын бiрден бiр жаңа ақпараттық технология болып саналады.
Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi.
Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда „мультимедиа” сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде „мультимедиалық” сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек „мультимедиа” деп атауға болады.
Бақылау сұрақтары:
Мультимедиа, мультимедиалық технологиялар ұғымдарын қалай түсінесіз?
Мультимедиалық ақпарат түрлерін атаңыз.
Мультимедианың бағдарламалық құралдары не үшін қолданылады?
Мультимедиалық ресурстар дегеніміз не?
1.1.3 Гипермедиа (гиперорта) ұғымы
Көптеген шет елдiк зерттеушiлер мультимедиа және гипермедиа ұғымдарын бiр мағынада қарастырады. Мұнымен қатар, кейбiр ғалымдар мультимедиа ұғымын гипермедиа ұғымының құрамына кiргiзедi. Мысалы, И.Браун „гипермедиа - мультимедианың сызықты емес түрде ұсынылған жиынтығы” деген пiкiр айтады. Бiздiң пiкiрiмiзше, мультимедиа - пайдаланушыға әртүрлi типтi ақпараттарды бiрiктiрiп ұсыну технологиясы болса, гипермедиа - пайдаланушының түрлiше типтi ақпараттардың бiрiнен екiншiсiне оңай ауысуын жүзеге асыру технологиясы.
Мультимедиалық ақпарат түрлерiн (мәтiн, графика, анимация, дыбыс, бейнеақпарат т.б.) өзара байланыстыру нәтижесiнде гипермедиа
технологиясы пайда болды.
Оқу материалын дәстүрлi, яғни, сызықтық түрде ұсынуға қарағанда, гипермәтiндi немесе гипермедиалы түрде ұсыну тақырыпты ауқымды қамтуды жүзеге асырады.
Осыған байланысты, гиперсілтеме, гипермәтін түсініктеріне де тоқталайық.
Гиперсілтеме – компьютердегі пайдаланушының бір орындағы ақпараттан екінші орындағы ақпаратқа ауысуы үшін жасалатын сілтеме.
Гипермәтiн - әртүрлi мәтiндiк ақпараттардың бiрiнен кез келгенiне сызықтық емес формада ауысу технологиясы. Гипермәтiн ұғымын 1965 жылы американдық ғалым Т.Нельсон енгiзген. Оның айтуынша “гипермәтiн – сызықтық емес түрде байланысқан жазбалар”.
Гипермедиа (гиперорта) – компьютер экранына текстографиялық тораптарды ғана емес, анимация, графика, дыбыс, бейнеөнiмдердi де гипермәтiндiк жүйе ретiнде ұсынатын технология.
Гипермедиа белгiлi бiр тақырыптық ақпаратты бiр мезгiлде мәтiн, график, сурет, дыбыс, бейнеөнiм түрiнде байланыстыра алады. Гипермедиадағы басты ерекшелiк әртүрлi арналармен жүретiн ақпарат келiсiлген болуы керек, яғни, бiр арнадан қабылданған ақпарат басқа арнадағы ақпаратты қабылдау мүмкiндiгiн шектемей, керiсiнше, ұлғайту керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Гипермедиа, гиперсілтеме, гипермәтін түсініктерін талдап беріңіз.
2. Гипермедианың мультимедиадан айырмашылығы қандай?
3. Гипермедиа ұғымын басқаша қалай атауға болады?
