
- •Білім берудегі мультимедиалық технологиялар
- •1 Бөлім. Мультимедиалық технологиялар – оқытудың
- •Мультимедиа негіздері
- •1.1.1 Ақпарат. Ақпарат ұғымы
- •Мультимедиа жөнінде түсінік
- •Сурет 1 - Мультимедианы құрайтын әртүрлi типтi ақпараттар
- •1.1.3 Гипермедиа (гиперорта) ұғымы
- •1.1.4 Виртуалды нақтылық (шындық)
- •1.1.5 Модель. Модельдеу.
- •Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде
- •Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту:
- •Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру:
- •1. Дидактикалық шарттар:
- •Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік
- •Сурет 3 - Мультимедианың оқытудағы сипаттамалары бойынша жiктелуi
- •Сурет 4 - Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi ақпаратты-коммуникативтiк қызметi
- •Сурет 5 - Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесiн жетiлдiрудiң моделi
- •Мультимедианы оқытуда қолданудың артықшылықтары
- •1.5 Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі
- •Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың бағдарламалық
- •Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау
- •1.9 Медиатека, медиаорталық
- •1.10 Мультимедиалық технологияларды шет елдік білім
- •2 Бөлім. Мультимедианың техникалық құралдары
- •2.1 Интерактивті тақта
- •2.2 Интерактивті проектор
- •2.3 Мультимедиалық проектор
- •Медиавизор
- •Интер-Бим
- •2.8 Verdict дауыс беру жүйесі
- •2.9.6 Дискілер арасындағы айырмашылық
- •Тестілеу сұрақтары
- •Алгоритмдiк деңгей сұрақтары
- •A) Бағдарлама құру үшiн
- •Эвристикалық деңгей сұрақтары
- •Бастапқы деңгей сұрақтары
- •Алгоритмдiк деңгей сұрақтары
- •Эвристикалық деңгей сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •31. Яковлева т.А. Организация обучения математике с использо-ванием пакета „Математика-6”//Педагогическая информатика, 1994. -№3. -с.26-29.
- •35. Карпов п. Проекторы в учебном процессе//Техника, кино и телевидение, 1998. -№3. -с.52-54.
2.9.6 Дискілер арасындағы айырмашылық
Компакт-дискінің қатты магниттік дискіден айырмашылығы
Компакт-дискінің қатты магниттік дискіден (винчестер) айырмашылығы, қатты магниттік дискі концентрлі жолдардан немесе бірнеше логикалық бөлікке бөлінген бір ғана спираль тәрізді жолдан тұрады. Сонымен қатар, магниттік дискілер мәлімет оқу кезінде тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады, ал, компкт-дискі ойық жолдардың түріне байланысты (сақина немесе спираль) тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады немесе тұрақты сызықтық жылдамдықты қамтамасыз ету үшін айнымалы бұрыштық жылдамдықпен айналады. Сол себептен де дискінің ішкі бөлігі жоғары айналу жылдамдығымен, ал, сыртқы бөлігі төменгі айналу жылдамдығымен оқылады. Осыған байланысты компакт-дискінің мәліметке тез арада қол жеткізу мүмкіндігі винчестерге қарағанда төмендеу болады.
Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы айырмашылық
Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы негізгі айырмашылық, егер сандық мәліметті компакт-дискіде мәліметтер арасында ойық жолдарды тастап кетіп жазылса, онда мәлімет оқу кезінде кейбір мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін, ал аудиокомпакт-дискіде дыбыстық мәлімет ойық жолдарды тастап кетіп жазылғанымен, оның дыбысты оқу кезінде кері әсері болмайды. Себебі, бұл жағдайда интерполяциялық ұстаным көмекке келеді. Интерполяция ұстанымы белгілі бір мәнге байланысты аралық мәндерді табуды жүзеге асырады. Айталық, аудиодискіге 10, 14, 20 мәндері жазылсын. Белгілі бір себептерге байланысты (дискі бетінің бүлінуі не ластануы әсерінен) екінші мән оқылмай қалса, сызықтық интерполяция 10 мен 20 мәндері үшін 15 мәнін береді [(10+20)/2]. Алынған мән бұрынғы мәнмен сәйкес келмегенімен (айырмашылық 1-ге тең), болмашы ғана өзгерген дыбыс адамға естілгенде байқалмай кетеді.
CD-R дискілері. Соңғы уақыттарда мәліметті қайталап жазуға мүмкіндік беретін компакт-дискілер (CD-R – Compact Disc Recordable) шыға бастады. Мұндай компакт-дискілерге пайдаланушы керекті мәліметтерді арнайы CD-R- дискіжүргізушілері арқылы жаза алады. Мұнда жарық шағылдырғыш қабат ретінде алюминий емес, лазерлік сәулені шағылдыру коэфициентін жоғарылату мақсатында алтын қолданылады.
CD-R-ге пайдаланушы мәлімет жазғаннан кейін ол қарапайым компакт-дискі есебінде болып қалады. Мәлімет ішкі жолдан бастап сыртқы жолға (яғни, диаметрі аз жолдан диаметрі көп жолға) қарай жазылады.
Photo CD және мультисессия дискілері. Пайдаланушының компакт-дискіге қажетті ақпаратты бір рет жазуға мүмкіндік алуы (CD-R дискілерінің пайда болуы), бірнеше қайтара ақпарат жазуға арналған компакт-дискілердің шығуына негіз болды. Ақпаратты бір рет жазу сессия (session) деп, ал, бірнеше мәрте қайталап жазу мультисессия (multi session) деп аталады. Мультисессияны жүргізуге мүмкіндік беретін компакт-дискілерге Kodak Photo CD және CD-ROM XA (extended Architecture) форматтары жатады.
Компакт-дискіге ақпарат жазуда мына жағдайды ескеру керек: әрбір сессия (ақпарат жазу) өзінің мазмұнынан тұрады. Сондықтан да сессия саны неғұрлым көп болса, соғұрлым компакт-дискінің ақпаратты жазып алу сиымдылығы аз болады.
Kodak Photo CD форматы 35 мм болатын пленкаға түсірілген 100 кадрлық суреттерді сақтауға арналған. Нығыздау алгоритмінің көмегімен әрбір 5 дана сурет 6 Мб өлшеммен бір файлға жинақталады. Сондықтан да сиымдылығы 650 Мб болатын компакт-дискіге шамамен 100 дана фотосурет сияды.
CD-ROM дискіжүргізушілері мен CD дискілерінің болашағы. CD-ROM дискілері сиымдылығы 650 Мб-тан жоғары толыққанды мультимедиалық ақпараттарды тарата алмайды. Сондықтан да CD-дискілерінің сиымдылығын үлкейту үшін алдымен оның мәліметті оқу жылдамдығын арттыру қажет. Компакт-дискінің қазіргі таңда жетілдірілген жаңа HD-CD (High Density CD) форматы қарастырылуда. HD-CD форматы компакт-дискінің техникалық мүмкіндігін төмендетпей, көлемін 5 есеге дейін арттыруды жүзеге асырады. Мұнда компакт-дискілердің сыртқы пішіні өзгермейді, бірақ, көршілес тректердің аралығы және жол ойықтарының өлшемі азаяды. Лазерлік сәулелердің толқын ұзындығы 780 нм-ден 635 нм-ге дейін азаяды.
Көрсетілген жаңа технология комбинациясы ақпарат сиымдылығын 3.7 Гб-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар екі қабаттан тұратын, әр қабатқа мәлімет жазу мүмкіндігі қарастырылған компакт-дискілерді шығару дамытылуда. Мұнда лазерлік сәулелер төменгі қабатта да және жоғарғы қабатта да фокусталады. Мұндай жүйелердің алғашқы вариантын 3М фирмасы жасап шығарды. Оған 7.8 Гб-қа дейін мәлімет жазуға болады.
CD-ROM дискіжүргізушілерінің жұмыс жылдамдығын арттыру екі лазерлік сәулелерді пайдалануға байланысты.
Caddy. Кейбір дискіжүргізушілер арнаулы кассетаға-контейнерге (Caddy) салынған компакт-дискімен ғана жұмыс істей алады. Мұндай дискіжүргізушілерде контейнерсіз, қарапайым компакт-дискімен жұмыс істеу мүмкін емес. Контейнерді пайдалану компакт-дискіні механикалық бүлінулерден сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
Аудиокомпакт-дискі мен сандық мәліметті компакт-дискінің арасындағы айырмашылық қандай?
Мультисессия дегеніміз не?
Интерполяция ұстанымы дегеніміз не?