Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
85000846-332a-11e3-9d7d-f6d299da70eeБілім беруд...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.3 Mб
Скачать
    1. Медиавизор

Медиавизор – мультимедиалық құрылғылардың бір орталыққа жинақталған кешені.

Медиавизордің ерекшелігі – мұнда компьютердің монитор экраны мен интерактивті тақта экранының қызметін бір ғана құрылғы (кері проекциялы сенсорлық экран) атқара алады.

Кері проекциялы сенсорлық экран дәрісханадағы жарық сәулесіне тәуелсіз жұмыс істейді, яғни, кескінді анық, дәл бере алады.

Сонымен қатар, сенсорлық экран:

  • интерактивті тақта экранында атқарылатын барлық іс-әрекеттерді орындайды (мысалы, интерактивті нұсқағыш, басқару қаламсабы, маркер, тіпті, саусақ көмегімен кескінге әртүрлі өзгерістер енгізуге, кескіннің қандай да бір бөліктерін оқшаулауға, ерекшелеуге болады);

  • компьютердегі қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды пайдалануды, сондай-ақ, ақпаратты файлға сақтауды, баспаға шығарып алуды жүзеге асырады.

М едиавизордың тікелей проекциялауды жүзеге асыратын интерактивті тақтадан артықшылығы – медиавизор алдында тұрған баяндамашының көлеңкесі экранға түспейді, тыңдаушылар экрандағы кескінді анық көре алады. Сонымен бірге, баяндамашының көзіне проекциялық сәуле әсер етпейді. Бұл оның дәрісханадағы тыңдаушылармен визуалды қарым-қатынаста болуына жағдай жасайды.

Медиавизор мынадай құрылғылардан жинақталған:

  • кері проекциялау экраны;

  • сенсорлық панель;

  • мультимедиалық проектор;

  • салқын ауа алмасу жүйесімен жабдықталған корпус;

  • бағдарламалық жабдық.

Қосымша құрылғылар:

  • компьютер;

  • DVD-ойнатқыш;

  • радиомикрофон;

  • дыбыс күшейткіш (динамик).

Бақылау сұрақтары:

  1. Медиавизор құрылғысы не үшін қолданылады?

  2. Кері проекциялы сенсорлық экран қандай жұмыс атқарады?

  3. Медиавизорды құраушы құралдарды атаңыз.

    1. Интер-Бим

Интер-Бим (eBeam) – кез келген тегіс бетті немесе қарапайым тақтаны интерактивті тақтаға айналдыратын, оқыту процесіне арналған құрылғы.

Компьютерге және мультимедиалық проекторға жалғанған Интер-Бим құрылғысы қарапайым тақтаға бекітіледі де, оны 2.4 х 1.2 өлшемді интер-активті тақтаға айналдырады. Бұл құрылғыда экрандық маркер (стилус) мен электрондық пернетақта пайдаланылады.

Д әрісханадағы оқушылардың назарын аудару үшін мәтіндік ақпаратқа немесе графикалық объектіге белгілеулер мен өзгерістер жасауға, оларды экрандық кадрлар тізбегі ретінде бөлек-бөлек сақтап қоюға болады.

Интер-Бим құрылғысының сипаттамасы:

  • жұмыс принципі инфрақызыл және ультракүлгін технологияға негізделген;

  • меню жүйесі пайдалануға өте қолайлы жасалған;

  • стилус құрылғысы комьпютердің тышқан құрылғысы қызметін атқара алады;

  • Windows 2000, Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істеуге арналған;

  • pdf, vector pdf, html, monochrome bmp, 24 bit color bmp, 256-color bmp, eps, jpg, tif, emf, ppt, pps типінде сақталған файлдармен жұмыс істей алады;

  • сабақ барысын avi форматындағы бейнефайлға сақтауды, оны кез келген компьютерде демонстрациялауды жүзеге асырады;

  • Интернет желісі арқылы бағдарламалық жабдық драйверін жаңарту мүмкіндігі қарастырылған;

  • Интер-Бим құрылғысының көлемі 14 см, салмағы 300 г.

Бақылау сұрақтары:

  1. Интер-Бим не үшін қолданылады?

  2. Интер-Бим сипаттамаларын атап беріңіз.

  3. Бұл құрылғының жұмыс ұстанымы қай технологияға негізделген?

    1. Интерактивті панель

Интерактивті панель – сымсыз электрондық қаламсап арқылы пайдаланушыға қолжазбалық мәтін немесе графикалық фигуралар салуға мүмкіндік беретін құрылғы. Панель бетіне мәлімет енгізу электромагниттік технологияға негізделген.

Интерактивті панель көмегімен дайындалған мәліметтер мен слайдтарды әртүрлі форматта сақтауға, қағазға басып шығаруға, электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыға жіберуге болады. Панель Windows жүйесінің кез келген қосымшасымен, Интернет желісімен, электрондық кестелермен, мәтіндік редакторлармен жұмыс жасай алады,

П анельді басқару және оны проекторға жалғау үшін енгізу-шығару порттары мен басқару батырмалары қолданылады.

Интерактивті панельдердің диагоналы 15 және 17 дюйм болып келеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Интерактивті панельдің сұйықкристалды панельден айырмашылығы қандай?

  2. Интерактивті панельді интерактивті проектор ретінде қолдануға бола ма?

  3. Интерактивті панельді оқытуда пайдалану мүмкіндіктері қандай?