Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MO-Prof_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.13 Кб
Скачать

Сабақ №12. Қазақстанның Беларуссиямен қарым-қатынасы

Қазақстаннның кез келген халықаралық бастамашылығы тек республикаға ғана емес, ең алдымен оның азаматтарына да саяси және экономикалық тиімділік әкелетіндігін түсіну қажет. Әсіресе бұл бүгінгі күні республикамыз Ресей және Беларусиямен бірлесе отырып 2015 жылы Евразиялық экономикалық одақ құру бағытында интеграциялық жобаларды жүзеге асыру кезінде өзекті болып отыр. Сәйкес үрдістер едәуір ауыр өтуде және қазақстандық қауымдастықтардың ішкі және топтар арасындағы әр түрлі мағынадағы қайшылықтар туындатады. Осының бәрін, Қазақстан басшылығы алдағы уақыттағы республиканың сыртқы саяси бағытын белгілеуде екіжақты, сондай-ақ көп жақты әріптестік құру шегінде ескерілуі қажет.

Қазақстан Республикасы мен Белоруссия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 16 қыркүйегінен бастау алады.

Ведомствоның хабарлауынша, тараптар екіжақты өзекті мәселелерді, сондай-ақ екі мемлекеттің Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кедендік одақ және ТМД шеңберіндегі іс-қимылдарын талқылады.

Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жобасына қол қойылды.

Аталмыш іс-шараның барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Ордабаевтың және Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары А.Михневичтің басшылығымен екі делегациялардың келіссөздері болды.

22 қараша, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Аталған келісімге 2009 жылғы 10 маусымда Минскіде қол қойылған. Құжатқа сәйкес барлық қызмет тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сай жүзеге асырылады. Бұл ретте келісім шеңберінде екі ел төтенше жағдайлар мониторингімен оларды болжау туралы ақпарат алмасу саласында ынтымақтаса алады. Бұдан бөлек халықтың төтенше жағдайларда іс-әрекет жасауға дайындығын, оның ішінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі дайындықты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу көзделеді. Бұдан бөлек, құзіретті органдар арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қарастырылады.

Сөздікке назар аударыңыздар

экономикалық одақ - экономический союз

қайшылық – противоречие

аталмыш іс-шара - вышесказанное мероприятие

электрондық сауда-саттық - электронная торговля

төтенше жағдай - чрезвычайная ситуация

ынтымақтастықты нығайту – усиливать сотрудничество

қарқын – темп

ауқымды наразылық - масштабное недовольство

ұлттық заңнама - национальное законодательство

халықаралық қатынастар - Международные отношения

Сұрақтарға жауап беріңіздер

1.Қазақстан Республикасы мен Белоруссия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас қай жылы бастау алады?

2. Қазақстан және Беларусь немен алмаса алады?

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған қандай іс-шаралар жобасына қол қойылды?

4. Қазақстан электрондық саудаға қай жылға қарай қосылады деп жоспарлануда?

5. Беларусь Республикасының байланыс және ақпараттандыру министрінің орынбасары кім?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]