- •Сабақ№1. Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы
- •Сабақ№2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ№3. Украина халқының мәдениеті Қазақстанда.
- •Сабақ№4. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №5. Қазақстан мен Иранның мәдени, достық қатынасы өрби береді.
- •Сабақ №7. Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ №9. Қазақстан – Иран мәдени қарым–қатынастары
- •Сабақ №10. Қазақстан мен Кореяның арасындағы 8млрд–тық жоба.
- •Сабақ №11. Қазақстанның Франциямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №12. Қазақстанның Беларуссиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №13. Қазақстан мен ресей қарым-қатынастары
- •Сабақ№14.Қр мен Пәкістан қарым-қатынастары
- •Сабақ№15. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар
- •Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық
- •Сабақ №17. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас.
- •Сабақ№18. Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №19. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар
- •Сабақ №20. Қытай-қазақстан: өткені, бүгіні мен болашағы
- •Сабақ№21. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қарым-қатынастары
- •Сабақ№22. Қазақстанның Беларусиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №23. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас
- •Сабақ №24. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас
- •Сабақ№25. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саяси ынтымақтастығы.
- •Сабақ №26. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық қарым-қатынастары
- •Сабақ №27.Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы саяси қатынастар.
- •Сабақ №28. Қазақстанның Франциямен қарым – қатынасы
Сабақ №28. Қазақстанның Франциямен қарым – қатынасы
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстан Францияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып келеді. Қазақстан болса, Франциядан электр және электрондық бұйымдар және оның жабдықтарын, медициналық дәрі-дәрмек, автокөлік, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын алады. Осы тұста айта кетейік, Франция элиталық тауарлар ретінде шарап, теңіз өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарды жеткізеді. Екі елдің бірін-бірі инвестициялау көрсеткіші де жыл өткен сайын жақсарып келеді. Франция Экономика министрлігінің деректері бойынша, Франция Қазақстан Республикасының экономикасына жалпы көлемі 2,005 миллиард еуро көлемінде қаржы салды. Ал Қазақстанның Франция экономикасына бағыттаған инвестициясы 10 миллион еуроны құрайды. Оның 4 миллион еуросы 2008 жылы салынған. Қазіргі кезде Қазақстанда Францияның бірқатар компаниялары табысты жұмыс істеуде. Әсіресе, екі ел арасындағы ынтымақтастық отын-энергетика саласында жақсы жолға қойылған. Мысалы, қазіргі кезде 40-тан астам франциялық компания Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетика, көлік және қызмет көрсету салаларында жұмыс жасауда. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 25 кәсіпорын ойдағыдай қызмет атқаруда. Бұл кәсіпорындар негізінен сауда, көлік-логистикалық қызметтермен айналысып жүр. Қазіргі кезде екі мемлекет арасында коптеген жұмыстар атқарылуда. Жан-жақты мемлекетаралық қатынастарында алдағы уақытта қаржы-банк ынтымақтастығынан көп үміт күтуге болады. Бұған қазіргі кезде Қазақстанда “Сөсьетэ Жанэгэл”, “Натексис Банк Популг”, “БНП Пәғиба” және “Кәлион” банктерінің жұмыс істеуі нақты дәлел болады. Мемлекет басшыларының кездесуі мен жүргізген келіссөздерінде нақтыланғанындай, екі мемлекеттің экономикалық байланыстарын дамытуда Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалауға болады. Жалпы, 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аталған комиссия осы аралықта сегіз отырыс өткізген. Оларда Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын дамытуға қатысты көптеген мәселелер талқыланып жүр. Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы саладағы байланыстарын жандандыруға бағытталған үкіметаралық келісім жасалған. Осы қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер салаларындағы байланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта Алматыда “Альянс Фғаңсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл агенттіктің 139 елде филиалдары жұмыс істейді. Олар негізінен Франция үкіметінің франкофония және мәдени-гуманитарлық көмек көрсетіп,қолдауда. Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Қазақстанның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр.
Сұрақтар жауап беріңіздер.
Қазақстан Францияға қандай өнімдерін экспортқа шығарады?
Қазақстанда Францияның қандай банктері жұмыс істейді?
Алматыда қандай агенттік өкілдігі ашылды?
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналым 2008 жылы қанша ақша құрады?
Францияның элиталық тауарларына не жатады?
Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру саласы қалай дамуда?
Қазактанда қандай банктер жұмыс істейді?
Сөздікке назар аударыңыздар.
Тамақ өнімдері- пищевые продукции
Элиталық тауарлар- элитарные товары
Химия өнімдері- химические продукции
Табысты жұмыс- доходная работа
Ынтымақтастық-сотрудничество
Нақты дәлел-конкретные доводы
Тау-кен өндірісі- горная промышленность
Дәрі-дәрмек-медикаменты, лекарства
Талқылау-обсуждение
Шикізат –сырье
Сабақ №29 АҚШ-мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас.
Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. Мемлекеттер арасында шартты құқықты берік негіз құрылды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Екі ел басшыларының кездесуінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ғаламдық, қауіпсіздік, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, Ауғанстанды тұрақтандыру, сауда-экономикалық ынтымақтастық және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мәселелері талқыланды. Әңгіме кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ көкжиектерін талқылады. АҚШ Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі. Елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға күшейюде.
Тапсырма №1.Мәтінді оқып, танысыңыздар
Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.
Құқықты-правовой
Нығайту-укреплять
Көкжиек-горизонт
Талқылау-обсуждать
Нығайту-укреплять
Берік-прочный
Қол жеткізу-добиться
Кездесу-встреча
Тарату-распространять
Бағытталған-направлен
Күшею-усиливаться
Әскери-военный
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Қазақстан мен АҚШ арасында қандай қатынас орнатылған?
2.Екі мемлекет қандай салалар бойынша жұмыс істеуде?
3.Екі мемлекет басшылары қандай мәселелерді талқылады?
4.Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі
5.Екі ел арасындағы қандай байланыстар күшейюде?
6.Мемлекет арасында қандай негіз құрылды?
Сабақ №30 Қазақстан мен Пәкістанның қарым-қатынастары
Пәкістандағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1994 жылы 24 қарашада ресми түрде ашылды. 2003 жылы 8 желтоқсанда Исламбадта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Пәкістан Президенті Первез Мушаррафтың кездесуі өтті. Екі елдің басшысы экономика саласындағы өзара стратегиялық ынтымақтастықтың стратегиялық ынтымақтастықтың мәселелерін сарапқа салды. Бұдан бұрын да, сапар барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономика, банкаралық, білім беру және экология салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Қазақстаннан Пәкістанға негізінен химия өнеркәсібінің өнімдері, металл бұйымдары, өңделмеген мақта және тері бұйымдары импортталады. Қазақстанға дәрі-дәрмек өнімдері, хирургиялық жабдықтар мен препараттар, күріш, мақта, мата және киім, тоқыма бұйымдары, тері және тері өнімдері экспортталады. Пәкістан ресурстарға бай ел. Республикамыз арқылы Шанхай ынтымақтастығы ұйымына бақылаушы мәртебесіне ие болған бұл мемлекет екі еп арасындағы қарым-қатынастың дамуына ынтық.
Сөздікке назар аударыңыздар
Елшілік-посольство
Ресми-официальный
Сапар-поездка
Келісім-соглашение
Өнеркәсіп-предприятие
Ұйым-организация
Мәртебе-статус
Бақылаушы-наблюдатель
Бұйым-изделие
Тері-кожа
Даму-развитие
Сұрақтарға жауап беріңіздер
1.Пәкістанға Қазақстан Республикасының елшілігі қашан басталды?
2.Пәкістан Республикасының Президенті кім?
3.Екі елдің мемлекет басшылары қандай мәселелерді сарапқа салды?
4.Екі ел басшысы қандай құжаттарға қол қойды?
5.Пәкістаннан қандай бұйымдар импортталады?
6.Қазақстанға қандай бұйымдар экспортталады?
7.Пәкістан неге бай ел?
