- •Сабақ№1. Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы
- •Сабақ№2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ№3. Украина халқының мәдениеті Қазақстанда.
- •Сабақ№4. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №5. Қазақстан мен Иранның мәдени, достық қатынасы өрби береді.
- •Сабақ №7. Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ №9. Қазақстан – Иран мәдени қарым–қатынастары
- •Сабақ №10. Қазақстан мен Кореяның арасындағы 8млрд–тық жоба.
- •Сабақ №11. Қазақстанның Франциямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №12. Қазақстанның Беларуссиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №13. Қазақстан мен ресей қарым-қатынастары
- •Сабақ№14.Қр мен Пәкістан қарым-қатынастары
- •Сабақ№15. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар
- •Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық
- •Сабақ №17. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас.
- •Сабақ№18. Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №19. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар
- •Сабақ №20. Қытай-қазақстан: өткені, бүгіні мен болашағы
- •Сабақ№21. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қарым-қатынастары
- •Сабақ№22. Қазақстанның Беларусиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №23. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас
- •Сабақ №24. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас
- •Сабақ№25. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саяси ынтымақтастығы.
- •Сабақ №26. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық қарым-қатынастары
- •Сабақ №27.Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы саяси қатынастар.
- •Сабақ №28. Қазақстанның Франциямен қарым – қатынасы
Сабақ №19. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 қаңтарда орнатылды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Корея Республикасында 1995 және 2003 жылдары екі рет сапармен болды. 2004 жылы Президент Но Му Хён Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. 2006 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Корея Премьер-Министрі Хан Мён Сук Қазақстанға ресми сапар шекті. Оның қорытындысы бойынша 6 құжатқа қол қойылып, мұнай химиясы және ақпараттық технологиялар саласында екі жұмыс тобы құрылды.
2008 жылғы 13-15 мамырда Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар барысында тараптар бірнеше құжаттарға, оның ішінде «Жамбыл» кенорнын бірлесіп өңдеу бойынша құжаттарға қол қойды, Экономикалық саладағы ынымақтастық жөніндегі Іс-қимылдар жобасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен қатар, сапар кезінде «Қазақстан-Корея: ынтымақтастықтың жаңа келешегі» атты қазақстан-корей бизнес-форумы ұйымдастырылды. Парламентаралық ынтымақтастықты қосқандағы жоғары деңгейде делегациялар алмасуы белсенді өтуде. ҚР Парламенті палаталарының төрағалары мен Ұлттық Ассамблея спикерлері ұдайы сапар алмасуда. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің мүше-мемлекеттері басшыларының екінші саммиті барысында Сеул аталған форумның толыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. 2007 жылы екі жақты сауда айналымы – 843,3 млн. долл., экспорт – 217,4 млн. долл., импорт 625,9 млн. долл. құраған. 2008 жылдың қаңтар-мамыр аралығында бұл көрсеткіш 287,5 млн. долларына жетті (экспорт – 113,8 млн. долл., импорт – 173,7 млн. долл.). Қазақстанның импорт құрамында электроника, машина жасау саласы өнімдері мен құрал-жабдықтар басым.
2007 жылы Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 780,7 млн. доллар инвестиция салған. Жалпы инвестициялардың көлемі - 2,5 млрд. долл. өз кезегінде, Қазақстан Кореяға салған капиталдың сомасы 66,7 млн. долл. құрады. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 300-ден астам компания тіркелген.
Экономикалық өзара қарым-қатынастың дамуында сауда-экономикалық жэне ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқаруда. Оның соңғы отырысы 2007 жылғы 4-ші мамырда Астанада өтті. 2005 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша екі жақты келіссөздер сәтті аяқталды. Қазақстан мен Корея арасындағы энергетика жэне минералды ресурстар саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. ҚР-дағы кен орындарын зерттеу бойынша корей Консорциумының құрамына 6 компания кіреді.
2005 жылғы желтоқсанда Каннам университетінде Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық Әл-Фараби атындағы университетімен Қызылорда Мемлекеттік Қорқыт Ата атындағы университетінің қолғабысымен «Қазақстантану» бөлімі ашылды. Корея Республикасында Қазақстанның 2 мыңнан астам азаматы уақытша тұруда. Олардың көбісі шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс істейді. Кореяда қазақстандық 90-ға жуық студент дәріс алуда. Қазақстанның Сеулдегі Елшілігі 1996 жылы ашылды. Осы жылдың маусымынан бастап Қазақстанның Кореядағы Елшісі Д.Бердәлиев болып табылады. Оңтүстік Кореяның Алматыдағы Елшілігі 1993 жылы ашылды. Елші Ким Иль Су ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Сенім грамоталарын 2005 жылғы қыркүйекте тапсырды.
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1.Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар қай жылы орнатылды?
2.Н.Ә. Назарбаев Корея Республикасында 1995 және 2003 жылдары қанша рет ресми іс-сапармен болды?
3.2008 жылғы 13-15 мамырдағы сапарда қандай бизнес-форум уйымдастырылды?
4.2007 жылы екі жақты сауда айналымы неше миллион долларды құрады?
5.2006 жылғы қыркүйектегі ресми іс-сапардың нәтижелері?
Сөздікке назар аударыңыздар.
серіктестік – товарищество
дамыту – развивать
тараптар – стороны
талқылау – обсуждать
сапар барысында – в ходе поездки
ынтымақтастық – содружество
уағдаластық – договор
үкіметаралық – межправительственный
сала – отрасль
шағын және орта кәсіпорындар – малые и средние предприятия
